Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы


  АНТИК ДӘУІРІНДЕГІ ДӘРІТАНУ



Pdf көрінісі
бет13/45
Дата02.01.2022
өлшемі1.88 Mb.
#454097
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45
Фармация тарихы

 


 
25 
АНТИК ДӘУІРІНДЕГІ ДӘРІТАНУ 
 
Ежелгі Грекия медицинасы 
 
Антик  дәуірінде  ежелгі  Грекия  мәдениетінің  әлемдік  өркениетте  алатын 
орны ерекше. Б.д.д. VIII-VI ғ.ғ. – б.д.д. аралықта Эгейден бастау алған Ұлы грек 
жаулап алушылары Сицилианы және Оңтүстік Италияны, сондай-ақ Қара теңіз 
жағалауын  қамтиды.  Ал  Александр  Македонскийдің  жорықтарынынан  кейін 
б.д.д. IV ғасырында Эллиндік мемлекет құрылды.  
Б.д.д. V- Ivғғ. ежелгі Грекия құлдық қоғамының 
дамуының биігіне жетті. Басқа елдермен теңіз арқылы 
халықаралық  саудалық  алмасу  ұлғайып,  қалаларды 
үлкейітті,  тауарлық  шаруашылық  дамуына  жағдай 
жасады.  Ұсақ  құлиеленушілік 
іріледі.  Рулық 
құрылыстың  (Гомерлік  кезең)  түпкілікті  ыдырауына 
байланысты көне полис- құлиеленушілік  
құрылыстың  саяси-әлеуметтік  формасы-  мемлекет-
қалалар  қалыптаса  бастады.  Әр  полюске  қаланың  өз 
жерімен  қатар,  оны  қоршаған  егістік  жерлер  де 
кіретін  болды.  Қаланың  дербестігі    мен  тәуелсіздігін 
еркін адамзаттар жасағы қамтамасыз етті. Антикалық 
дәуірде    ірі  қалалар  дамыды  –  Афины,  Спарта, 
Коринф, Аргос, Фивы және т.б.  
Ежелгі  Грекия  өркениетінің  даму  туралы 
адамзат  Гомердің  «Илиада»  мен  «Одиссея»  дастандарынан  білген  болатын. 
Гомердің дастанында құдайдың бейнелерін, грек мифологиясын табуға болады. 
Бұл шығармалар антик заманнан қалған  медицина туралы жалғыз ғана көздері. 
Көне  дәуірде  медицинаның  дамуы  басқа  ғылымдармен  қатар  дамыған,  олар 
«философия» деген бір жалпы ұғымға біріктірілген.  
Ежелгі  Грекия  ойылшыдары  табиғи  зерттеуші  мен  дәрігерлікті  қатар 
атқарған  және  де  өздері  дәрілерді  дайындаған.  Олардың  бірі  Демокрит  (б.д.д. 
470-357).  Өмірінің  быраз  бөлігін  саяхаттаумен  өткізген,  Египетте  болған. 
Демокрит әр-жақты болған. Әйгілі  философ, математик болған, медицинаға да 
көңіл бөлген.  
Өз жұмысында: «Адамдар намаз оқып құдайдан денсаулық тілейді», ал өз 
қолдарында  барлық  құралдар  бар  екенін  білмейді,-  деп  жазған.  «Диакосмос» 
шығармасында  өмірдің  материалдық  негізі  көрсетілген.  Материяның  негізі  -
бөлінбейтін  атом  жойылмайды,  бөлінбейді  деген  теориясы  ғалымдардың 
Сурет.5 Асклепий мен 
Гигейя 


 
26 
арасында  кеңінен  таралды.  Кейіндеу  алхимик  осы  теорияны  зерттеулерінде 
қолданған. 
Грекия  ғалымдардың    дамыуна  әйгілі  философ  Эпикур  (б.д.д.  341-270) 
ықпалын тігізген. Оның оқуының негізінде әлемдік шексіздік және и үздіксіздік 
материясы  сипатталған.  Тит  Лукреция  Кара  поэмасында  «De  rerun  naturа» 
(«Заттар  табиғаты  туралы»)  материя  туралы  түсінік  берілген,  оған  сол  кездегі 
Эпикур философиясының ықпалында болғанын көрсетеді. 
Ежелгі  Грекиядағы  материалистикалық  мектепке  қарсы  идеалистикалық 
мектеп  тұрды.  Оның  өкілдері  Пифагор  (б.д.д.  VIғ.),  оның  оқуын  философ 
Платон  (б.д.д.  IVғ.),  жалғастырды.  Олар  ақсүйектер  өкілдеріне  жатты,  олар 
табиғатты нақты зерттеу мүмкүндігін мойындамаған, керісінше әлем құбылысы 
мистикалық  сандарға  бағдарлы  (Пифагор),  «Мәңгі  бақи  ой»  (Платон)  деп 
санаған. Туындаған гипотезалар саны өте үлкен болды, себебі тәжірибе арқылы 
тексеру әдістері жоқ болды. Бұл көп гипотезалар философияда әлемді түсінудің 
философиялық  типінің  көптүрлігі  болды.  Бұл  көптүрлік    және  гипотезалар 
туындаудың  жоғарғы  деңгейі  Антикалық  философияны  кейінгі  уақыт  пен 
ұрпаққа философиялық ойлау мектебі ретінде жасады. Ежелгі Грекия мәдениеті 
жалпы әлемдік мәдениетінің дамуына үлкен ықпалын тигізді. «Гректер мәнгілік 
біздің  мұғалімдеріміз  болып  қалады»,  -  деп  К.Маркс  өз  шығармаларында  атап 
өткен. 
Грекия  топырағында    құдайлар  мен  халық қаһармандары  жайында  талай 
тамаша  хиқаялар  дүниеге  келді.  Гомердің  «Илиада»  мен  «Одиссея» 
дастандарынан  ежелгі  дәрігерлік  өнерінің  даму  туралы  пікір  түйюге  болады. 
Бұл  шығармаларында  батырларға  жараланғанда  хирургиялық  көмек 
көрсетілген  және  «емдік  сусындар»  берілген.  Хирургтер  өз  мамандығын 
жетілдіру  үшін  әскермен  жорыққа  шығып,  жараланғандарды  емдеумен 
айналасуы  қажет  еді.  Адамдарды  шіркеулердің  арнайы  бөлмелерде 
«асклепейондарда»  абыздар  емдеген.  Ақсұйектерді  «ятрейяда»  -  дәрігерлер 
үйінде орналасқан емханасында емдеген.  
«Асклепейон»  сөзі  даңқы  шыққан  дәрігер  Асклепийдің  есімімен 
байланысты.  Асклепий  алғашқы  емдеу  ісінің  құдайы  деп  аталды.  Ол  Троян 
соғысы (б.д.д ХІІ ғ.) кезінде өмір сүрген, оның ұлдары Махаон мен Подалирий 
«айтулы  екеуіде  дәрігерлер,  Асклепийдың  ақылды  балалары»  деп  Гомер 
«Илиадада» атап кеткен. Асклепийдің ұлдары мен қыздары медицинаның әр бір 
саласын  бейнелеген:  хирургияны  (Махаон),    ішкі  ауруларды  емдеуді 
(Подалирий),  сиқыршылық  емдеуді  (Телесфор),  дәрілермен  емдеу  (Панацея), 
профилактикалық  медицинаны  (Гигия).  Аңыз  бойынша,  Асклепий  адамдарды 
жағар  майлармен  ысқылап,  сергіткіш  сусындарын  беріп,  өлең  айтып  емдеген. 


 
27 
Асклепийдың  музыкамен  емдеуі,  әр  түрлі  әуендер  адамның  көңілін  көтереді, 
денсаулыған жақсартады деп есептеген. 
Ежелгі  Грекияда  құл  иеленушілік  дамыған,  сонымен  қатар  колониялар 
өсіп  дамыған,  сауда,  халықаралық  байланыс  дамыған.  Эпидемиялар  болып 
тұрған, Грекия жерінің кеңдігі, сол себептен  әскерлердің саны да үлкейді және 
дәрігерлердің саны да өсті. Грекияда дәрігерлік кадрлар дайындауға мектептер 
ашылды,  оның  ішінде  танымал  мектептер  Кротон  қаласында,  Киндос  пен  Кос 
аралдарында орналасты.  
Кротон  медициналық  мектебінің  қалаушысы  ұлы  философ  және 
математик  Пифагор  (б.д.д.  571-497жж.),  ерте  грек  философтарының    ішінде 
айқын дарынды тұлғаларының бірі. Пифагор туған жері Самос аралы. 40 жасқа 
толғанда  Пифагор  Самос  аралынан    кетіп,  Кротонға  орналасты.  Математик 
ретінде  өлшеу  геометриядан  терең  із  қалдырды.  Пифагор  мектебі  дұрыс 
көпбұрыш және көп қырлы бұрыштар туралы ілімді жетілдірді.  
Пифагордың  айналасына  оның  «философиясын»  жақтаушылар  жиналды, 
олар  бірлесіп  «Пифагорейлік  одақ»  құрды,  көбінесе  олардың  қатарына 
ақсүйектер өкілдері кірді. «Алтын өлең» моралды-этикалық ережелер жинағын 
шығарды, ерекше өмір сүруін қалыптастырды.  
Бұдан  басқа,  медицинамен  айналысты,  медициналық  жүйелердің  ішінен 
шіркеулік  (храм)  медицинаны  колдады.  Ол  шіркеулік  медицина  ережелері 
бойынша  емдеуді  діни  өлеңдерімен,  тазарту  рәсімдерімен,  діни  билерімен 
сүйемелдеумен  жасады.  Дәрілерді  қолданбады,  себебі  тек  ғана  құдайға  сенуді 
қолдады.  Әйтсе  де,  салқын  компрестерді  және  теңіз  орамжапырақты 
пайдалануға ұсынды.  
Кротон  медициналық  мектебінің  зерттеулері  натурфилософия  іліміне 
негізделген.  Олар  адамзат  санасының  философиялық  дамуының  және  өзіндік 
құбылысын  зерттеді.  Ол  Шығыстан  (Ежелгі  Қытай,  Үнді,  Египет)  Грекияға 
астрономиялық,  математикалық  және  басқа  білімдердің  ауысу  негізінде 
салынды.  Ежелгі  Қытай  мен  Үнді  натурфологиясына:  адам  ағзасының 
ауруларының  себебін  табиғат  өзгерісімен  байланыстыру,  адам  табиғатының 
сырын ашу нәтижесінде негізі салынды. 
Книд  медициналық  мектебі  Книдос  және  Иония  қалаларында 
қалыптасты.  Книд  мектебі  сол  кездегі  гректік  тәжірибелік  медицинасы 
жетістіктеріне  негізделді.  Дәлелдейтін  құжаттардың  бірі  «Ішкі  азабы» 
(«Гиппократ  жинағы»).  Трактаттан  бөлек  сиптомкешендерді  анықтауды  және 
олардың  ішінде  жеке  симптомдардың  пайда  болуын,  ағзаға  олардың  маңызын 
(диагностика  бастамасы)  білуге  болады.  Осы  білімдерге  негізделіп  батыл 
хирургиялық араласулар жасалынды.  


 
28 
Книд мектебінің өкілдері медицинаға бірнеше жаңа дәрілерді ұсынды: әк 
(күйдіргіш),  балшық  (басқа  және  кеудеге  апликациялары),  сарымсақ,  пияз, 
жалбыз, ақжелкен. 
Кос  медициналық  мектебі  Косе  қаласында  қалыптасты.  Кос  мектебі 
әсіресе  хирургия  саласында,  айтарлықтай  тәжірибелік  хирургия  жетістіктерін 
зерттеумен  сипатталады.  Оның  ішінде  –жалпы  хирургтік  техникасы,  аяқ-қол 
хирургиясы саласында– кос мектебі үлкен табысқа жетті.  
«Дәрігер  кабинеті»  («Гиппократ  жинағы»)  трактатында  жарықтандыру 
сұрақтары,  операциялық  столдың  қасында  хирургтің  қалай  отырып  тұруы, 
сынықты  қалай  орамдауды  және  тағы  басқа  сұрақтар  қаралған.  Гиппократтың 
медицинаға  сінірген  маңызды  еңбегінің  бірі  -  «науқастың  төсек-орнында 
бақылау» жеке әдісі. 
Грекия  медицинасының  ерекшелігі  дін  ықпалына  аз  деңгейде  тәуелді 
болғаны.  Құдайлар  бейнесінің  адамға  жақындатылғаны  сошалықты,  олардың 
бойынан  тек  адамға  ғана  тән,    «жақсы»  және  «жаман»  қасиеттерді  молынан 
табуға  болады.  Осы  ұғымды  біз  сол  кезде  әйгілі  дәрігер  Гиппократтың 
жұмыстарында  дәлелін  табамыз.  Гиппократ  бойынша  ауру  –  ағзаның 
тіршілігінің өзгеруі құдайдың «жаман рухы» емес, ал материалдық субстраттың 
өзгеруіне байланыс деп есептеген. Бұл  оқу ежелгі грекиядағы медицинасының 
идеалистік  оқуға  қарсы  тұрған.  Аурудың  себебін  табу  үшін,  ағзаның 
өзгерістерін  байқау,  оны  талдау,  түсіну  және  барлық  процестерді  біріктіріп, 
тұтас  түсінуде  болған.  Гиппократ  гуморалды  теорияны  ұсынған:  ағзаның 
тіршілігін ол төрт сөлмен байланыстырған: қан, сілекей (флегма), сары өт және 
қара  өті.  Бұл  сөлдердің  қалыптасуында  табиғаттың  4  негізгі  бастауларына 
көзделген: жылу, салқындық, құрғақтық, ылғалдық. Олар ағзада 4 темперамент 
түзілуіне  себеп:  сары  өт  –  холерикалық,  қан  –  сангвиникалық,  сілекей  – 
флегматикалық,  қара  өт  –  меланхоликалық.  Олардың  ағзадағы  сандық 
өзгерістері  адамды  ауруға  алып  келеді.  Сол  себептен  дәрі-дәрмектерге 
қойылған  талаптарының  бірі,  дәрілердің  сол  сұйықтықтардың  біріне  әсер 
тигізу.  
Гиппократ бойынша, егерде сілекейге әсер ететін дәрі берілсе, онда адам 
сілекеймен құсады деп жазған өз шығармаларында. Егерде өтке әсер ететін дәрі 
болса,  онда  науқас  өт  құсады  деген.  Адам  ағзасында  сұйықтықтардың  түріне 
байланысты, 4 негізгі темперамент көрсетілген.  Қаны көптеу – сангвиник, сары 
өті  көптеу  –  холерик,  сілекейі  артық  –  флегматиктер,  қара  өті  артық  – 
меланхоликтер.  Адамның  сөлдері  ағзадада  табиғат  құбылыстарына  (климат, 
атмосфераға) байланысты өзгереді.  
Гиппократ  шығармасында  берілген  мәліметтер  бойынша  сол  кездегі 
фитотерапия туралы білуге болады. Ежелгі гректік дәрігерлер жай және күрделі 


 
29 
дәрілерді  дайындаған.  Әрбір  дәрігерде  өсімдік  қоры  болған,  олар  арнайы 
бөлмелерде  сақталынған.  Ол  бөлмелер  грек  тілінде  «apotheca»  деп  аталған, 
осыдан «аптека» деп аталып кеткен. 
 
              Сурет. 6   Гиппократ,   Асклепиад,   Клавдий Гален  
Аптекада  (дәріханада)  құлдар  дәрігер  көмегімен  ауруларға  дәрілерді 
дайындады.  Гиппократ  өз  шығармасында  дәрілерді  дайындау  құралдарын, 
тәсілдерін сипаттаған. Гректер  су айдауды білген, өсімдіктің сөлін бөліп алуды 
білген.  Әрбір  дәріні  Гиппократ  жан-жақты  сипаттаған,  алынған  мөлшерлерін, 
тәсілін,  дәрілік  түрді  сипаттаған,  оларды  қалай  қабылдауын  жазған.  Ежелгі 
гректік  дәрігерлер  қолданған  дәрілік  түрлер:  бал,  майлар,  өсімдік  сөлдері, 
шарап.    Ұнтақ  түрінде  өсімдік  жануарлар,  минералды  тектес  дәрілер  белгілі 
болған.  Оларды  сыртқа,  ішке  қолданған.  Квасцы  (ашутас),  мыс  оксиды, 
қорғасын  оксиды,  кирказон  қолданған.  Ішке  қолдануға  –  қатты  дәрілік  түр  – 
кішкене  шелпектер  қолданған.  Шелпектер  кейіннен  көп  елдердің 
фармакопеясына  еңгізілді.  Гиппократ  еңбегінде  ерітінділер,  тұнба,  қайнатпа, 
өсімдік  жиынтықтары,  емдік  сорпалар  мен  ботқалар  сипатталған.  Арпа 
қайнатпасына бал, шарап қосылған дәріні - «кикеон» деп аталған «Меликрат» - 
суға  ерітілген  бал,  «оксимель»  -  су  мен  сірке  суына  бал  қосылған. 
Өсімдіктерден  қайнатпаларды  суға,  шарапқа,  ешкі  сүтіне  бұқтырған.    Ежелгі 
грек  дәрігерлері  сұйық  дәрілік  түрлерді  дайындауда  келесі  тәсілдерді 
қолданған:  майдалау,  еріту,  тұндыру,  қайнату,  сүзгіден  өткізу.  Жұмсақ  дәрілік 
түрлер  –  жағар  майлар,  желімдер  қолданған.  Ішуге  пилюлялар,  ботқалар, 
шелпектер қолданған. 
 Эллиндік  дәуір  кезеңі  Александр  Македонскийдің  Шығысқа  жорығы 
және  эллиндік  мемлекеттер  жүйесінің  пайда  болуымен  байланыстырады. 
Ежелгі Грекияда ірі эллинистік орталығының бірі Александрия  қаласы болды.  
Александрия    маңызды  сауда  жолдарының  қиылысында  орналасты.    Оңтүстік 
Еуропа,  Шығыс  елдері,  Африканың  жерорта  теңіз  жағасындағы  елдерді 
арасында байланыс ңығайды, сауда кеңейді. Жаңа жерге гректер жаппай көше 
бастады,  Александрияда  қолөнер  дамыды,  әлеуметтік,  экономикалық  және 
мәдени орталығы құрылды. Александрияда 300 жыл бойы  Птолемейлер әулеті 


 
30 
патшалық  құрыды.  Птолемейлер  патшалығында  қалада  екі  үлкен  кітапхана 
құрылды,  онда  600  мыңнан  астам  орам  қағаздар  сақталынды,  Аристотель  мен 
Теофраст шығармаларымен толтырылды. Александрияда Мусейон академиясы 
ашылды,  оны  университет  деп  атауға  болатын.  Мусейон  жанынан 
обсерватория,  анатомиялық  муражай,  ботаникалық  баубақша  орналасты. 
Осында  әр  түрлі  елдерден  әйгілі  ғалымдар  шақырылды.  Ғалымдар  сый-
құрметке  бөленді,  олар  молшылықта  тұрды,  ғалымдардың  өздік  қабілетін 
дамытуға барлық жағдай жасалынды.  
Медицина  саласында  әйгілі  дәрігерлер  Герофил  мен  Эрасистрат 
анатомиялық  зерттелер  жүргізді.  Птолемейлер  әулеті    қылмыскерлердің 
мәйіттерін  зерттеуге  рұқсат  берді.  Ауруларды  емдеуге  олар  Шығыс 
медицинасында  танымал  дәрілерді  қолданды.  Герофил  науқастарды  емдеуге 
күрделі  құрамында  бірнеше  ингредиеттер  бар  рецептерді  пайданаланды  (ол 
полифармация негізін қалаушы болып есептелінеді).  
Герофил  мен  Эрасистраттан  кейін  александриялық  медицинаға  үлес 
қосқан  Герофил  шәкірті  Филин  Косский.  Ол  «эмпириктердің»  дәрігерлік 
мектебін  ашты.  Олар  медицина  саласында  тәжірибе  арқылы,  жаңа  әдістермен, 
белсенді  дәрілік  заттармен  ауруды  жеңуге  мақсаттар  қойған.  Эмпиризм 
көзқарасын  қолдаған  Гераклеит  өз  шығармаларында  «Сыртқы  және  ішкі 
дәрілер  туралы»,  «Емдәм  туралы»,  «Дәрілерді  дайындау  және  зерттеу»  осы 
зерттеулердің нәтижелерін жариялады. 
Медициналық  ғылымына  қатысы  жоқ  билеушілердің  зерттеулерін  айта 
кету жөн.  Аттал III патшасы  Пергамоннан улы өсімдіктердің (меңдуана, омега 
және  т.б.)  өсінділерін  уға  қарсы  дәрі  табу  үшін  қылмыскерлерге  беріп, 
өсімдіктердің қасиеттерін зерттеді. Никомед Вифиниядан осылайша зерттеулер 
жүргізді.  Зерттеулерді  әрі  қарай  дамытқан  Митридат  VI  Евпатор.  Ол 
зерттеулерді  басқа  адамдарға  да  жүргізді,  өзіне  де  жасады.  Ол  уға  қарсы  дәрі 
құрамын тапты, бірнеше жүздеген жылдар өте оған «Mithridaticum» аты берілді. 
Бұл  препарат  54  заттан  тұратын,  Митридат  VI  жазбаларында  зерттеулер 
қорытындыларын, дәрілердің әсерін жазған.  
Ежелгі Грекияда химия дамуына тоқтай келсек, басқа елдердей химияның  
тәжірибелік  саласы  дамыды  деуге  болады.  Гректер  темір,  мыс,  қалайы,  күміс 
және алтын металдардың алуын білген. Жезді, сынапты қолданған. Минералды 
текті  емдік  заттарды  қолданды:  күкіртті,  мыс  сульфатын,  негізгі  темір 
карбонатын, қорғасын тұздарын.  
Эллиндік  тарихы  соңғы  кезеңі:    Эллиндік  жүйедегі  дағдарыс  және  оның 
батысында  Рим  тарапынан,  ал  шығысында  Парфия  тарапынан  жаулап  алынуы 
(б.д.д.ІІ  ғ.  ортасы-  б.д.д.  І  ғ.).  Ежелгі  Грекия  тарихы  б.д.д  І  ғ.  аяқталады. 
Грекияның орнына Рим тарихы басталады. 


 
31 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет