Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет20/45
Дата02.01.2022
өлшемі1.88 Mb.
#454097
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45
Фармация тарихы

Салерно мектебі 
 
ІХ  ғ.  Италияда  Салерно  қаласында  медициналық  мектебі  емдеу  өнерін 
оқытумен  және  ауруларды  емдеумен  белгілі  болды.  Антик  медицинасының 
қазынасын  ұқыпты  сақтап,  оны  әрі  қарай  дамытқан  медициналық  мектебі, 
айтарлықтай,  Civitas  Hippocratica  (Гиппократ  қауымы)  деп  аталды.  Салерно 
мектебінің  тарихы  екі  кезеңнен  тұрады:  гректік,  ХІІ  ғ.  дейін,  және  грек-
арабтық,  ХІІ  ғ.  ортасынан  басталады.  1076  жылы  Салерно  қаласын  кресшідер 
Сурет.11 Орта ғасырда дәріхана 
жабдықтары 


 
47 
басып  алды,  мектеп  әскери  госпиталь  мен  қарулы  күштерге  жіберетін  
дәрігерлерді дайындайтын болды. Сол себептен сабақ беру мен қоса медицина 
әдістерін унификациялау мезгілі туды.  
ХІ ғ. басында Салерно мектебінде алғашқы «Антидотарий» дәрілік заттар 
энциклопедиясы  құрастырылуы  басталды.  Кітапқа  мектепте  пайдаланатын 
барлық дәрілік заттар еңгізілді.  Қолданып жүрген рецептер мен дәрілер қайта 
қаралды, жинақталынды. 
1140  жылы  мектеп  ректорының  «Николай  антидотариясы»  атты  кітабы 
шықты.  Кітапта  60  рецептуралық  жазбалар  кірді,  дәрілік  заттардың  құрамы, 
ингредиеттердің  қасиеттері,  емдік  әсері,  қолдану  әдістері  жазылды.  Бұл  тізім 
үнемі кеңейтіліп тұрды және толықтырылды. 
Шын  мәнінде,  бұл  алғашқы  фармакопея  болды.  Онда  заттар  массасын 
(гран,  скрупул,  драхма,  унция)  салмақ  бірлігінде  берілді:  бір  ұнтақтың  бір 
реттік  мөлшері  –  20  гран  (немесе  1  скрупул);  тәуліктік    мөлшер–  3  скрупул 
(немесе  1  драхма);  апталық    мөлшер  –  8  драхма  (немесе  1  унция).  Бұл 
мөлшерлерге дейін дәрілерді көздеп өлшеді -  бір уыс, шымшым және т.б.  
Мектеп  бітіргендер  мамандықтың  төрт  деңгейін  меңгерді:  1  деңгейі  – 
лиценцзиат,  ұсақ  операцияларды  және  таңуды  өндеу,  дәрілік  түрлерді 
дайындау,  науқастарды  күту  жұмыстарына  рұқсат  беріледі;  2  деңгейі  – 
бакалавр  (жетекші),  басқа  оқушыларды  оқытуға  рұқсаты  бар;    3  деңгейі  – 
магистр  (ұстаз),  ғылымды  меңгерген,  білімдерін  басқаларға  жеткізе  алатын 
тұлғалар;  4  деңгейі  –  доктор  (ғалым),  өзгеше  жеке  теория  дамытқан  немесе 
жалпы  база  теориясына  негізделіп  тәжірибелік  тұжырым  жасайтын  тұлға. 
Алдағы дәрігерлердің тәжірибелік жұмыстары Үкімет бақылауында болды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет