Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы


І ПЕТР РЕФОРМАСЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ РЕСЕЙДЕГІ



Pdf көрінісі
бет29/45
Дата02.01.2022
өлшемі1.88 Mb.
#454097
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45
Фармация тарихы

І ПЕТР РЕФОРМАСЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ РЕСЕЙДЕГІ  
ФАРМАЦИЯ 
 
ХVIII  ғ.  Ресей  реформаларының 
барлығы 
 
І 
Петрдің 
белсенді 
қатысуымен орын алды. І Петр ұлттық 
мәдениет,  өндірісті  дамуда,  армияны 
күшейтуде,  жаңа  мануфактураларды 
тұрғызу,  мемлекеттік  аппаратты  қайта 
құру,  әскери  және  сауда  теңіз  флот 
құру  және  басқа  жүйелерде  реформа 
жүргізен.  
1703ж. бастап жаңа Ресей  
астанасын 
Санкт-Петербургті 
тұрғызуын  бастады.  Патша  медицина 
саласында  да  көптеген  өзгерістер 
еңгізді. 
1706  жылы  Мәскеуде  әскери  госпиталь  ұйымдастырды, 
маңынын 
хирургиялық училище және анатомиялық театр құрды. Сонымен қатар алғашқы 
госпитальдық  дәріхана  ашылды.  Христиан  Әйхлер  бірінші  аптекарь  болып 
тағайындалды. 
1716  ж.  Киевте  гарнизонды  дәріхана  ашылды.  Теңіз  госпиталь  маңында  
да дәріхана ашылды. 
1701 ж. 27 қазанында патша үкімі бойынша «зелейные лавки» жойылды. 
Ал  1701  ж.  27  қарашада  Иоганн  Готфрид  Грегориусқа  жеке  дәріхана  ашуға 
алғашқы  мадақтама  берілді.  Грегориус  Аптекарлық  бұйрықта  аптекарь  болып 
қызмет атқарған, ол  аптекарь лауазымын шет елде алған.  
Екінші  мадақтама  1701  ж.  28  желтоқсанда  медицина  ғылымына  Даниил 
Алексеевич Гурчинге берілді. Дәріхана  ашудың алдында патша дәріханасында 
қызмет атқарған. 
Сурет.14 Миниатюра.XVI ғасыр  Дәрі 
қабылдау кезі 


 
64 
Мәскеуде үшінші дәріхананы ашуға рұқсатты 1703 ж. Гавриил Саульс, ол 
дәріханалық  өнерге  Голландияда  оқыған.  Төртінші  мадақтаманы  Иессин 
Арникельге  1707  ж.  берілді.  Бесінші  дәріхананың  иесі  Алексей  Меркулов 
болды.  1712  ж.  алтыншы  дәріхана  ашылды,  оның  иесі  Авраам  Рут.  1712  ж. 
жетінші  дәріхананы  Гавриил  Бышевский  ашты.  Сегізінші  дәріхананы  ашуға 
рұқсатты  1713  ж.  Альберт  Зандер  алды.  ХVІІІ  ғ.  бойы  Мәскеуде  осы  сегіз 
дәріхана  ғана  жұмыс  істеп  тұрды.  Тек  ған  1784  жылы  жаңа  дәріхана  ашылуға 
өкімет рұқсат берді.  
  ХVІІІ  ғ.  басында  Ресей  мемлекетінің  басқа  қаларында  да  дәріханалар 
ашылды:  1704  ж.  Петрбургте,  1707ж.  Лубныда,  Киевте  1715  ж.,  Астраханьда 
1721ж. т.б.  
Петербургте 1714 жылы І Петрдің бұйрығымен баубақшасы салынған, ол 
қазыналы  дәріханаларды  дәрілік  өсімдіктермен  қамтамассыз  етіп  отырған.  Ал 
1735  жылдан  бастап  баубақшада  медициналық  мектеп  оқушылары  ботаника 
мен  фармакогнозияны  оқыды.  Баубақшаның  алғашқы  директоры,  медицина 
докторы,  ботаника  және  Ресей  ғылым  академиясының  жаратылыс  тарихының 
профессоры, Иоганн Георг Сигизбек басқарды (1686-1755).  
1765 жылы Петербург баубақшасы меңгерушісі қызметін Карл Липийдің 
шәкірті, Иоганн Перт Фальк (1727-1774) атқарды. 
1798  жылы  медико-хирургиялық  академияның  ашылуына  байланысты, 
баубақша  «ботаникалық  бақ»  болып  өзгерді.  Қазіргі  кезде,  Ресей  Ғылым 
Академиясының Ботаникалық институты. 
Мәскеудегі  Ботаникалық  бақтың  орнында,  І  Петр  кезінде,  1717  жылы 
дәріханалық  бақ  ұйымдастырылған.  1724  жылы  дәріханалық  бақша  жаңа 
мекенге көшірілді де, XVIII ғасырдың аяғына қарай 11 ғимараты болды. Оның 
ішінде,  зертхана,  гүлзар,  кептіргіш  сарай  т.б..  Бақта  жеміс  ағаштары, 
жүйектерде  жалбыз,  түймедақ,  ревень,  шалфей,  жусан,  цикорий,  марена  т.б. 
өсірілді. Жиналған емдік өсімдіктер, кептіріліп, Петербург және Мәскеудегі бас 
дәріханаларға жіберіліп отырған, ал ол жерден, дала дәріханаларына бөлінген. 
Украинада әрбір кішкене дәріхананың өзге дәріханалық бақшасы болған. 
Лубенск ботаникалық бағында да дәрілік шөптердің көптеген түрлері өсірілген. 
Лубенск  ботаникалық  бағында  Қытайдан  әкелінген  ревень  тұқымы,  қызыл 
қызылша  өсірілді.  Лубнада  жыл  сайын,  астана  дәріханаларына  арналып, 
солтүстікте  өспейтін  емдік  өсімдіктер  дайындалып  отырған.  Қазына  үшін 
өсімдіктерді өсіруден жабайы өсімдіктерді дайындау тиімдірек деп, 1852 жылы 
Лубна бағы жойылды. 
І Петр отандық жабайы флораны зерттеу жұмыстарын қолдады. Ресейдің 
түрлі  аудандарының  флорасын  зерттеуге  экспедициялар  құрылды.  1702 
жылдың  15  ақпанында  І  Петр  Сібірден  әкелінген  дәрілік  өсімдіктерді 


 
65 
пайдалануға  үкім  жасады.  Сібірде  дайындалатын  тамырлар,  шөптер,  гүлдер, 
мускустар  және  т.б.  император  дәріханасына  «бағасы  көрсетіліп  жіберілсін», 
деп  бүйырған.  1721  жылы  император,  емдік  өсімдіктерді  Ресейдің  барлық 
губернияларынан  жинауға  бүйырды,  жиналған  өсімдіктерді  сыртқы  нарыққа 
жіберілуіне мүмкіндік туды.  
Бас дәріханадан армияға жіберіліп отырған «дәрілік заттардың» тізімінен, 
сол  уақытта  пайдаланған  емдік  заттар  түрлерін  білуге  болады.  Дәрілік  тізімде  
160  емдік  арақтар,  эссенциялар,  экстракттар,  микстуралар,  ұнтақтар,  майлар, 
жақпа  майлар,  жапсырмалар  еңгізілген.  Сонымен  қатар,  терпентин,  шпан 
мушкалары,  мүсәтір,  күкірт,  камфара,  мия  тамырының  шырыны,  іш  айдайтын 
кашкілер,  опий,  жусан  эссенциясы,  терпентин,  ялапа  шайыры,  сірке,  бұғының 
мүйізі,  ашутас,  күшән,  фосфор  т.б.  дәрілер.  Госпитальдағы  солдаттарды  емдеу 
үшін және жаңа астананың құрылысына қатысатын «жұмыс адамдарына» тегін 
берілген. Басқа адамдарға дәрілерді ақыға берген. 
1725  ж.  І  Петр  Ресейде  Ғылыми  Академия  ашты.  Патша  Академияға 
әйгілі  ғалымдарды  шақырды:  математиктер  Леонард  Әйлер  (1707-1783)  мен 
Христиан  Гольдбах  (1690-1764),  физик  Георг  Вольфранг  Крафт  (1701-1754), 
тарихшы Герард Фридрих Миллер (1705-1783). 
І  Петр  реформалары  Ресей  елінің  барлық    салаларын    дамытты,  соның  
ішінде медицина мен фармацияның дамуына күшті әсерін тигізді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет