54
XIX – XX ҒҒ. ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУЫ
Дәрілік заттардың органикалық синтезі
ХІХ ғ. басына дейін барлық дәрілік және басқа да химиялық
қосылыстарды өсімдік, жануар және минералды шикізаттардан дайындады.
Алайда, осы ғасырдың бірінші жартысында органикалық химияның
синтетикалық дамуы белгілі болды.
Органикалық химияның бастауы Либих, Велер, Дюма, Перкин, Кнорр
және басқа да ғалымдардың есімдерімен байланысты.
Юстус Либих (1803-1873) Дармштадта дүниеге келген. Химия
саласындағы экспериментальды зерттеулер мен бақылауларға жастайынан әуес
болды. Ол өзінің зерттеулерін әкесінің дәріханалық дүңгіршігінде жасап көрді.
Содан соң, дәріханада практикант болып жүріп, Либих әуелі Боннадағы, содан
кейін Эрлангендегі университетке түсті. Ол 19 жасында Парижге кетті,
Гумбольдттың нұсқауымен Гей-Люссактың зертханасына қабылданып, сонда
фульминаттардың (күркіреуік қышқылдың тұздары) бірнеше зерттеулерін
орындады. Гумбольдттың табанды әрекет етуінің нәтижесінде, Либих 24
жасында Гиссендегі кафедрада оқып, 28 жылдан кейін Мюнхенге (Бавария)
ауысып кетті. Сол жақта өмірінің соңғы күніне дейін болды. Гиссенде Либих
зерттеу зертханасының негізін салды, ол әлемдік атаққа ие болды.
Либихтің ғылыми қызметінің алғашқы кезеңі органикалық химия
саласына арналды. 1831 ж. Либихтің (француз фармацевті Э. Субейранмен
бірлесе) ашқан хлоралгидрат және хлороформ фармация үшін үлкен жаңалық
болды. 1832 ж. Либих Велермен бірлесе отырып, қатарлардың айналымы
кезінде: бензойлы қышқыл - бензоилхлорид - бензоилсульфид сол бір топ
(С
6
Н
5
СО-) еш өзгеріссіз бір қосылыстан басқасына ауыса алатынын анықтады.
Бұл топ бензоил деген атауға ие болды. "Эфир және олардың қосылыстарының
конституциясы туралы" мақалада (1834) Либих этил радикалдарының бар
екенін көрсетті, спирт- этилхлорид - азот қышқылының эфирі- бензойлы
қышқылдың эфирі қатарлары еш өзгеріссіз ауысады. Бұл жұмыстар радикалдар
теориясының тұрақталуына негіз болды.
Либих (1835) сірке альдегидін ашты. Бензальдегидтен және
цианосутектен миндаль қышқылын алды. 1837 ж. Велермен бірлесе отырып,
қант және синильді қышқылмен, бензальдегидтегі ащы миндаль майынан
амигдалиннің ыдырауын жүзеге асырды.
Либих өте керемет оқыту қасиетіне ие еді және мектептерді ашуға көп
көмегі тиді. Көптеген атақты химиктерді Э. Франкланд, Г. Фелинг, К.
Фрезениус, А.Гофман, А. Кекуле, Я. Фольгард, А. Вюрц сияқты білімдерін
55
қалыптастырды. Либихтің оқушыларының арасында орыс химиктері олардың
алғашқысы А.А. Воскресенский. Гиссен мектебін Н.Н. Зинин да оқып
тәмандады. Либихте Мәскеу университетінің профессоры Н.Э. Лясковский, ірі
химик-технолог және агрохимик П.А. Иленьков оқыды. Жарылғыш заттар
химиясының саласында Либихпен Л.Н. Шишков және А.А. Фадеев
қызметтес болды.
Либихпен достық қарым-қатынаста қызметтес болған тағы бір көрнекті
химик Фридрих Велер (1800-1882). Ол өз жұмысын бензоил радикалдарының
классикалық зерттеулерінен бастады.
Ф. Велер Эшерсгеймде Франкфурт-на-Майне жақын жерде дүниеге келді.
Марбургте медицинаны зерттеп, химиямен айналысып циан туындыларына
тәжірибе жүргізді. 1823 ж. Велер Гейдельберг университетінің медициналық
факультетін тәмандады, содан соң Берцелиустағы Стокгольм университетінде
химия бойынша мамандандырылды. 1825-1831 ж.ж. Берлиндегі Техникалық
мектепте жұмыс жасады. 1831-1835 ж.ж. - Касселдегі Техникалық мектепте
профессор, ал 1836 ж. Геттингенск университетінде жұмыс атқарды.
1824 ж. Велер бейорганикалық заттардан табиғи органикалық заттардың
алғашқы синтезі болып саналған, жануарлардың организміндегі алмасу
өнімдері ретінде белгілі мочевинаны алды.
Либих секілді Велерде мектептерді құрып, көптеген оқушыларын
қалдырды. Айта кетсек, Р. Фиттиг, А.Гейтер, Г. Гюбнер, И.Л.В. Кнорр, Г.
Кольбе және басқалар. Велер бірнеше басылымы бар "Органикалық химияның
қысқаша оқулығы" (1840) шығарды.
Химик-органик Жан Батист Дюма (1800-1884). Жас кезінде Женева
қаласындағы дәріханада жұмыс жасай жүріп бір мезгілде университетте оқыды.
1821 ж. Гумбольдттың нұсқауымен Дюма Политехникалық мектептің Тенар
препараторы болып тағайындалды, 1832 ж. Сорбонндағы Гей-Люссакқа химия
профессоры ретінде қабылданып және бұл кафедрада 1868 ж. дейін қызмет
етті. Луи Наполеонның досы Дюма министр болды, ал содан соң Наполеон ІІІ
кеңесшілерінің бірі болды. Францияның жоғары оқуының бас инспекторы
және Париж қаласының кеңес президенті ретінде үлкен саяси белсенділігін
көрсетті. 1870 ж. кейін Дюма өзің академиялық қызметтерге арнады (1868 ж.
Париж ғылым академиясының секретары болып тағайындалды).
Дюманың жұмыстары органикалық химияға жатады. Ол 1827 ж. күрделі
эфирлер қатары мен ацетон құрамын анықтады. П. Буллемен бірлесе отырып,
эфирдің, шарап спиртінің және этиленнің құрамында этериннің бірдей
радикалдары құрайтынын анықтады. О. Лоранмен бірлесе отырып, таскөмір
шайырынан антраценді ашты, ментол мен камфараның құрамын анықтады.
56
1835 ж. Э.М. Пелиго мен Дюма бірігіп, этил спиртінің қасиеттері мен құрамын
метил спиртінің қасиеттері мен құрамымен салыстырып зерттеу жүргізді.
Бояғыштар синтезі. ХVIII ғ. аяғында Франция мен Англияда жарық
беретін газдың өндірісі мұнай және ағашпен, тас көмірді айырып шығару
өнімдерін жан-жақты үйренуге әкелді. Сол уақытта герман химигі Август
Вильгельм Гофман (1812-1892) Ұлыбританияда болып, таскөмір қарамайынан
(ауасыз таскөмірді қыздыру кезінде түзілетін қою қара сұйықтық) алынатын
химиялық затты зерттеді. Ғалым таскөмір шайырынан анилин мен хинолинді
бөліп алды. 1843 ж. ол Н.Н. Зинин өңдеп шығарған анилинді алу әдісімен
танысып, содан бері өзінің зерттеулерін бояғыштар синтезі мен оның негізін
зерттеуге арнады. Гофманды "бензид", Зининді "анилин", Фрицше мен Рунгті
"кианол" деп химиялық теңестірді. 1858 ж. ол фуксинді (анилинді қызыл)
синтездеді және оның құрамын анықтап, содан кейін басқа да розанилинді
бояғыштардың құрамын зерттеп, розанилин синтезінің жолын тапты.
Германиядағы ғылыми зертханаларда ғалымдар табиғи бояғыштар
синтездерін жүзеге асыру бойынша жұмыстарды да атқарды. Осындай белгілі
ғалымдардың бірі Адольф Байер (1835-1917) 1867 ж. зерттеу жоспарын өңдеп
шығарды, нәтижесінде ол индиго (қара-көк бояу) синтезіне әкелді (ертеректе
индигоны Оңтүстік Азия мен Қиыр Шығыста орналасқан ірі плантацияда
өсетін индигосы бар өсімдіктерден алатын).
1868 ж. Байердің оқушысы Карл Гребе (1841-1927) К.Т. Либерман және Г.
Каромен бірлесе отырып, марен тамырынан алынатын, басқа да маңызды
табиғи бояғыш -ализаринді синтездеді.
Людвиг Кнорр (1859-1921) хининнің қызу түсіретін қасиетіне негізделе
отырып, хинолинді қосылысты алу кезінде, өте маңызды қызу түсіретін
препараттардың бірі- антипиринді ашты.
Мюнхен, Эрланген, Вюрцбург және Берлин университетінің профессоры Эмиль
Герман Фишер (1852-1919) 1903 ж. диэтилбарбитурлы қышқылды (1864 ж. А.
Байер барбитурлы қышқылды ашты) - алғашқы ұйықтататын дәрі веронал
(соңғы кездегі атауы барбитал) синтездеді. βα
Неміс химигі Рихард Вильштетер (1872-1942) (1907-1910 ж.ж.
А.Штолмен бірігіп) кристаллды хлорофиллді зерттеп, оның бөлек
фрагменттерінің құрылымы мен хлорофилл А формуласын тапты. Басқа екі
неміс химигі - Генрих Отто Виланд (1877-1957) және Адольф Виндаус (1876-
1959) стероидтар мен олардың туыстас қосылыстарының құрылымын
анықтады. Отта Валлах (1847-1931) терпендердің құрылымын анықтады, ал
оның отандасы Ганс Фишер (1881-1945) қанның боялатын заты - гемнің
құрылымын зерттеді.
57
Ағылшын химигі Роберт Робинсон (1886-1975) алкалоидтардың жүйелік
зерттеуін жүргізді. Морфин (1925) және стрихниннің (1946) құрылымын
анықтау бойынша жұмысы оған көптеген табыс әкелді.Робинсонның соңғы
жұмысы американдық химик Роберт Бернс Вудвордтың (1917-1979) жұмысына
негізделді. 1954 ж. стрихнинді синтездеді.
Карл Август Фолкерс (1906 ж. туылған) 1948 ж. Э. Симспен бірігіп
алғашқы рет В
12
айырып алып, В
12
дәруменін толық зерттеді. Швейцарлық
химик-органик және биохимик, Фармацевтикалық институттың 1946-1960 ж.ж.
директоры Тадеуш Рейхштейн (1897-1996) және Э.Л. Хестон (1898-1975) С
дәруменін синтездеді. 1933 ж. Рейхштейн сорбиттен С дәруменін алып,
өндірістің өнеркәсіптік әдісін құрды. 1933 ж. П. Каррерге тәуелсіз Рихард Кун
(1900-1967) α- және β- каротин изомерлерінің құрылымын анықтады, ал 1937 ж.
олардың синтезінің әдісін ұсынды. Рихард Кун жұмыртқаның ақуызынан және
сүттің сарысуынан В
2
(рибофлавин) дәруменінің кристалдарын айырып, кейін
рибофлавин-5-фосфатты синтездеді. 1936 ж.ол ашытқыдан В
6
(аденин)
дәруменін айырып, бастапқыда оның қарапайым, кейіннен құрылымдық
формуласын ұсынды.
Достарыңызбен бөлісу: |