Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы


Нарықтық экономика жағдайындағы отандық фармацияның



Pdf көрінісі
бет40/45
Дата02.01.2022
өлшемі1.88 Mb.
#454097
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Фармация тарихы

Нарықтық экономика жағдайындағы отандық фармацияның 
дамуы 
      
Соңғы  жылдарда  фармацияның  белсенді  дамуы  үшін  мемлекетте 
тәуелсіздік жылдарында не істелгенін еске түсіру керек. 
      
Тәуелсіздік  алғаннан  кейін  республиканың  фармация  мәселелеріне 
арналған  ереже  құқықтық  құжаттың  Қазақстан  Республикасының  Министрлер 
Кабинетінде  05.08.1992  жылдан  бастап  №  657  "Нарықтық  қатынастарға  өту 
жағдайында  денсаулық  сақтауды  шыңдаудың  жедел  шаралары"  Қаулысы 
қабылданды. Бұл Қаулының негізінде Денсаулық сақтау министрлігінде дәрілік 
зат сапасын бақылау Басқармасы құрылды. Бұл Қаулымен "Фармация" холдингі 
құрылды.  Сондықтан  қазіргі  Қазақстан  Республикасының  фармацевтикалық 
экономикасы 1992 жылдан бастап құрыла бастады деген негіз бар. 
        Осы  жылы  "ҚР  фармацевтикалық  өндірісті  дамыту  туралы"  18.11.1993 
жылғы № 1149  Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің Қаулысы 
бойынша  фармацевтикалық  өндірісті  дамыту  Концепциясы  қабылданды  және 
Денсаулық  Министрлігі  ғылым  мен  жаңа  технологиялар  Министрлігімен 
бірлесе  фармацевтикалық  өндірісті  дамыту  туралы  мемлекеттік  бағдарламаны 
іске асыруға кірісті. Ол үшін Денсаулық Министрлігінде 1994 жылдың басында 
фармацевтикалық  және  медициналық  өндіріс  Басқармасы  құрылды  және  оған 
дәрімен қамтамасыз етудің барлық міндеттері жүктелді.  
      
Қайта құрылған Денсаулық Сақтау министрлігінің Басқармасы дәрілік зат 
айналымындағы  тәртіпті  түзетуден  бастады.  Нәтижесінде  Қазақстан 
Республикасының  Министрлер  Кабинетінде  18.04.1994  жылы  №  398 
Медициналық  және  емдік-  профилактикалық  тамақтану  өнімдерінің, 
фармацевтика  өнімдерінің  сапасын,  сертификациясы  мен  стандартизациясын 
қадағалайтын  біртұтас  мемлекеттік  жүйе  туралы"  Қаулысы  қабылданды.  Осы 
Қаулы  негізінде  Денсаулық  Министрлігінде  саудаға  түсетін  медикаменттердің 
міндетті  тіркелуі  жүретін  мемлекеттік  "Медстандарт"  Мемлекеттік  ғылыми-
өндірістік орталық құрылды. 
        1995  жылы  30  тамызда  қабылданған  Қазақстан  Республикасының 
Конституциясының 29 бабында  былай делінген: "ҚР азаматтары денсаулығын 
қорғауға  құқылы"  және    "Қазақстан  Республикасының    азаматтары  заңмен 
белгіленген  тегін  кепілдендірілген  медициналық  көмек  алуға  құқылы".  Бұл 
конституциялық  нормалар  ҚР  Президентінің    23.11.1995  жылғы  №  2655 
"Дәрілік  заттар  туралы"  және  ҚР  19.05.1997  жылғы  "Азаматтардың 


 
92 
денсаулығын  қорғау  туралы"  заңында  жүзеге  асырылды.  Дәрілік  айналым 
заңдары 35, 36, 48 баптарында баяндалған. 
         Жоғарыда  айтылған  нормативті-  құқықтық  құжаттар  шығу  нәтижесінде 
отандық  өндірушілердің  жұмысы  арта  түсті.  Қазақстан  тәуелсіздік  алған 
жылдарында  фармацевтикалық  өнімінің    көлемі  бойынша  алғаш  рет  кеңестік 
кезеңдегі  деңгейге  -  9  млн.  АҚШ  долларына  жетті.  Осы  кезде  қазақстандық 
фармацевтикалық  өнімдерді  көтерме  бағамен  импортқа  шығару  көлемі  күрт 
өсті.  Сонымен  қатар  17.11.1997  жылғы  №1591  "Дәрі-дәрмек  дәрілік  зат 
орталығы республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы" Үкімет Қаулысы 
"Медстандартқа" өзгертілді.  
        1999  жылы  отандық  фармацевтикалық  өнеркәсіптің  дамуына  оң  әсер 
еткен    "ҚР  Президентінің  бұйрықтарына  заң  күші  бар  өзгертулер  енгізу 
туралы",  "Бюджетке  міндетті  төлемдер  мен  салықтар  туралы"    31.03.1999 
жылғы  №356-13  Қазақстан  Республикасының  заңы  шықты.  Бұл  заң  бойынша 
дәрілік заттардың, медициналық өнімдері мен техникасының импортына салық 
төлеу қысқартылды. 
      
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  10.01.2002  жылғы  №22  Қаулысы 
бойынша  Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  Сақтау  Министрлігінің 
ведомоствасы 
болып 
табылатын 
фармация, 
фармацевтикалық 
және 
медициналық өнеркәсіп Комитеті қүрылды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет