Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы


Отандық фармацияның дамуына үлес қосқан қайраткерлер



Pdf көрінісі
бет41/45
Дата02.01.2022
өлшемі1.88 Mb.
#454097
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Фармация тарихы

Отандық фармацияның дамуына үлес қосқан қайраткерлер 
 
Ресейде  Қазан  төңкерісінің  жеңіп  шығуы  елімізде  түбегейлi  өзгерістен 
енгізді,  соның  ішінде  медицина  саласында  да  өзгерістер  еңгізілді.  Денсаулық 
сақтау  жүйесін  басқару  үшін  Денсаулық  сақтау  министрлігі,  дәріхана  жүйесін 
ұйымдастырды.  Халықтың  денсаулығын  сақтауға  бағытталған  мемлекеттік 
медициналық  шаралар  қабылданды.  Адамның  еңбек  пен  тұрмыс  жағдайын 
жақсарта  беретін,  аурудың  алдын  алуға  қолайлы  жағдайлар  туғызылды. 
Бұларды  іске  асыруға  және  мемлекет  өркендеуіне  үлес  қосқан  халық 
комиссарлары,  сонымен  қатар,  медициналық  және  фармацевтикалық  салада 
еңбек жасаған қайраткерлер. 
 
Шомбалов Мәжит Мұхамедқалиұлы 
        1873 жылы Батыс-Қазақстан облысының аумағындағы Казталовск уезінде 
Шомбалов  дүниеге  келді.  Мәжит  Мұхаметжанұлы  өзінің  автобиографиясында 
оның  әкесі  жай  ғана  малшылықпен,  жер  игерумен  айналысатын  ноғай-қазақ 
елінен  шыққанын  баяндайды.  Пролетариат  диктатураларының  кезінде 
Шомбалов  айлакерлік  жасады,  өйткені  ол  кезде  тек  «соқамен»  жұмыс 


 
93 
жасайтындар  ғана  бірдеңе  жасай  алатын.  Шомбалов  оның арғы атасы  Нияз  би 
1801  жылы  Орал  мен  Волга  өзендерінің  арасында  өмір  сүрген  Бөкей 
хандығының  ханы  Бөкейдің  кеңесшісі  екенін  жасырды.  Нияз  бидің  ұлы 
Шомбал өзінің еліне өте абыройлы, беделді басқарушы болды. Жәңгір ханның 
тұсында  ол  12  бидің  кеңесіне  кіріп,  1841  жылы  Ордада  ашылған  Бөкей 
хандығының  әкімшілік  орталығында  білімді  оқыған  билеушілердің  қатарында 
болды.  Қазақстанда  ең  алғаш  рет  мектепті,  дәріхананы,  мал-дәрігерлік  емдеу 
мекемесін, шешек егетін пункт ашты.  
        1895  жылы  Шомбалов  Императорлық  Казан  университетінің  медицина 
факультетіне  түсті.  ХХ  ғасырдың  басында  Бөкей  ордасының  барлық 
тұрғындарының  елді-мекендерінде  фельдшерлік  пункттер  қызмет  көрсеткен. 
Сонымен  қатар,  әрбір  медициналық  қызметкерлерге  көлемі  үлкен  мекендер 
тіркеліп  қойылды,  сол  себепті  олар  кез-келген  уақытта,  жылдың  қандай  да 
болмасын  мерзімінде  барып-келуге  тура  келді.  Сол  жылдары  медициналық 
қызметкерлердің  басты іс-әрекеттері індеттің алдын-алу және олармен күресу, 
табиғи  оба  көздерін  анықтауға  бағытталған.  Эпидемиолог  И.И.  Мечниковтың 
жетекшілігімен  экспедиция  жұмысына  қатысқаны  үшін  Шомбалов  Мәжит  екі 
мәрте Астрахань медициналық қоғамының медалімен марапатталды.  
        Революцияға  дейін    Астрахан  губерниясының  құрамына  Бөкей  ордасы 
кірді.  1923  жылы    Мәжит  Шомбалов  денсаулық  сақтау  комиссариатының 
орынбасары  болып  тағайындалды.  Бұл  елімізге  өте  ауыр  жылдар  еді.  Қазақ 
орталық    орындаушы  комитетінің  орынбасарының  төрағасы  Бөкейханова  мен 
халық  комиссариатының  денсаулық  сақтау  төрағасы  Шамованың  Ленинге 
жазған  радиограммадағы  жазбасында:  «Республика  тұрғындары  сифилистен, 
өкпе  ауруынан,  жаппай  шешектен,  қырқұлақ  және  басқа  да  инфекциялық 
аурулардан  қырылып  жатыр.  Жеке  тазалық  үшін  қажет  жай  ғана  құралдарда 
түгелімен  жоқ,  нәресте  өлімі  80%  жоғарылады.  Тіпті,  республика  астанасында 
тек қана екі жер жұмыс жасайды, рецепт бойынша дәрілерді төртінші күні ғана 
алуға  болды.  Соңғы  бес  жылда  шешекке  берілетін  екпе  жасалған  жоқ, 
патшалық  үкіметі  кезінде  жасаған  бактериологиялық  және  оба  дертіне  қарсы 
станциялар  түгелімен  жойылды.  Медициналық  қызметкерлер  амалсыз, 
аянышты  өмір  сүріп  жатыр.  Дәрігер  жай  ғана  адами  жағдайда  жұмыс  жасай 
алмайды,  аш  күйінде  Мәскеу  губерниясының  жарты  ауданына  әзер  қызмет 
көрсетеді». 
          Осындай  қиын  жағдайда  халық  комиссариатының  денсаулық  сақтау 
ұйымында  Шомбалов  өз  қызметін  бастады.  Көптеген  нәрселер  жасалды. 
Алматыда,  Семейде;  Оралда медициналық оқу  орындарының  ұйымдарында  да 
көптеген жұмыстар жасалынып жатты. Кадр мәселесін шешу үшін Саратовтан, 
Астраханнан;  Казаннан  тұрақты  жұмысқа  жоғары  дәрежелі  мамандар 


 
94 
шақырылды.  Амбулаторияларды,  өкпе  дертіне  қарсы  диспансерлер,  сүзекпен 
ауыратын науқастарға ауруханалар ашыла бастады.  
 
Рысқұлов Тұрар Рысқұлұлы 
      
Рысқұлов  Тұрар  Рысқұлұлы  1894  жылы  Жетісу  губерниясы,  Верный 
уезінің Жоғарғы Талғар облысында дүниеге келген. 
      
Әкесі  Рысқұл  1905-1906  жылғы  төңкеріс  кезінде  патшаның  дала  өкімін 
өлтірген  үшін,  қамауға  алынды.  1907  жылы  ол  Қырғызбаев  деген  бөтен 
фамилиямен  Пішпек  қаласындағы  орысша  бастауыш  мектепке  түсті. 
1916жылғы қазақтардың патшаға қарсы көтерілісіне қатысқаны үшін тұтқынға 
алынды.  Ұлы  Қазан  төңкерісі  күндерінде    Рысқұлов  жас  революционерлердің 
қатарында  тарихи  күрестерге  белсене  қатысады.  Азамат  соғысы  кездерінде 
және  социалистік    құрылысты      Түркістанда  және  Қазақстанда  қалауда, 
коммунистік  партияның негізін  қалауда    оның қызметі  орасан  зор.  1917  жылы 
Мерке 
ауданында 
«Қырғыз 
жастары» 
атты 
революциялық 
одақ 
ұйымдастырады, ол жергілікті солдат депутаттары кеңесімен тығыз байланыста 
болады.  1919  жылы  ол  большевиктік  ұйымдардың  басшысы  және  Алматы 
уездік кеңесінің төрағасы болды. Тұрар Рысқұлов Орталық атқару комитетінің 
мүшесі    және  Түркістан  автономиялық  Республикасының  денсаулық  сақтау 
ісінің халық комиссары етіп сайланды. 
      
1921  жылдан  1922  жылға  дейін  РСФСР  халық  шаруашылық  кеңесі 
төрағасының орынбасары болып сайланды. 
     
Қазақ  өлкелік  комитетінде  бөлім  меңгерушісі  және  өлкелік  «Еңбекші 
қазақ» газетінің редакторы болады. 
     
1926  жылы  ол  РСФСР  халық  шаруашылығы  Кеңесі  төрағасының 
орынбасары болып тағайындалады. Бұл қызметте ол 11жыл істейді. Рысқұловқа 
партия үлкен сенім көрсетті. Сөйтіп ол ХII, ХV, ХVI, ХVII съездердегі делегат 
болып  бірнеше  рет,  ВЦИК-ке  және  РСФСР  Жоғарғы  Кеңесіне  депутат  болып 
сайланады. 
      
1930  жылдары  көптеген  көрнекті  партия  қайраткерлері  әділетсіз 
сталиндік репрессияға ұшырады. Рысқұлов Тұрар Рысқұлов 1938 жылы қайтыс 
болды. 
 
Аспандияров Санжар Жафарұлы 
Қазақстан Денсаулық сақтау ісінің алғашқы ұйымдастырушыларының бірі. 
      
Санжар  Аспандияровтың  1889  жылғы  Ташкентте  тілмаш  отбасында 
дүниеге келді. Орта білім алғаннан кейін  Санжар 1907 жылы Петербург әскери 
медициналық академиясына түсіп, оны 1912 жылы аяқтады. 


 
95 
      
1917 жылы Қызыл Армия қатарына кірді. 1919 жылы коммунистік партия 
қатарына қабылданды. 1919 жылы С.Ж.Аспандияров Түркістан өлкесінің халық 
комиссары,  ал  1920  жылы  Түркістан  АССР-нің  жер  және  су  шаруашылығы 
халық комиссары және ұлттар халық комиссариатының коллегия мүшесі болып 
сайланды.  1920-1924  жылдары  ВКП(б)Орта  Азиялық  бюросының    мүшесі 
болды.  1925  жылдан  С.Ж.Аспандияров  РСФСР-дің  Бүкілодақтық  Орталық 
атқару  комитеті  секретарының  орынбасары,  Ұлттар  халық  комиссариаты 
төралқасының  мүшесі болып жұмыс істейді. 
     
С.Ж.Аспандияров  әкімшілік  және  практикалық  жұмыстармен  қатар 
ғылым  жұмысымен  айналысты.  1927-1928  жылдары  ол  Москва  мемлекеттік 
университетінде  профессор  бола  жүріп,  Н.Нариманов  атындағы  шығыстану 
институтының ректоры да болды. 
     
1926  жылы  Санжар  Жафарұлы  Аспандияров  Қазақстандағы  тұңғыш 
жоғарғы  оқу  орны    педагогикалық  институттың  бірінші  ректоры,  одан  кейін 
Қазақ мемлекеттік университетінің тұңғыш ректоры болды. 
     
Ол  Қазақ    медицина  институтының  алғашқы  ұйымдастырушыларының 
бірі және оның алғашқы директоры. 
     
1930  жылы  С.Аспандияров  Қазақ  ССР  Денсаулық  сақтау  халық 
комиссары,  КСРО  Ғылым  академиясының  Қазақстан  жөніндегі  ұйымдастыру 
бюросының орынбасары болды. 
     
1928  жылы  мен  1939  жылдар  аралығында  ол  ВКП(б)  Қазақ  өлкелік 
комитетінің мүшесі және Қазақ орталық атқару комитеті төралқасының мүшесі 
болды. 
Профессор  Аспандияровтың  көп  жылғы  еңбегінің  нәтижесі  1935  жылы 
«Қазақстан  тарихы»  жарық  көріп,  осы уақытқа  дейін  өзінің  ғылыми    маңызын 
жоймаған монография болып табылады.      
        Қызметте  тез  өсуі,  жоғарғы  дәрежедегі    орындарда  болуы  Санжар 
Аспандияровтың  ерекше  қабілеттілігінің  еңбекқорлығы  мен  біліктілігінің 
белгісі.  Денсаулық  сақтау  жүйесінің  өсуіне,  Қазақстан  медицинаның    жан-
жақты  дамуына  көп  үлес  қосқан.  Дәріхана  ісін  дамытуға  тигізген  әсері  мол. 
С.Аспандияров 1937 жылы «халық жауы»деп айыпталып, қаза тапты. 
 
ҚАЗМЕДТОРГ-тың алғашқы бастығы 
        Б.Әбдірахманов  1892  жылы  кедей  шаруа  отбасында  дүниеге  келген.      
Б.Әбдірахманов  жас  кезінен  материалдық  тапшылықты  да,  патша  режимінің 
қыспағында  көрді.  1914  жылы  Воронеждегі  фельдшерлік  мектепті  бітіріп 
шықты. 
        Б.Әбдірахманов  чума,  оба,  шешек  сияқты  қатерлі  аурулардың  қарсы 
күрес жұмыстарына үзбей қатынасып отырды. 


 
96 
         Б.Әбдірахманов 1920 жылы Коммунистік партияның қатарына өтті. 
         1925  жылы  партия  Б.Әбдірахмановты  жауапты  учаскелердің  бірі-
Республикада  дәріхана  ұйымдастырып,  халықты  дәрімен  қамтамасыз  ету 
жұмысына  жіберілді.  Орта  Азия  республикалары  мен  Қазақстанның шекарасы 
анықталып    бөлінгеннен  кейін  Ташкент  қаласында  «Казгосмедторг»  құрылып, 
оны  Б.Әбдірахманов  басқарды.  Бұл  мекеменің  алдында  дәріхана  жүйесін, 
емдеу-профилактика мекемелерін қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ететін 
үлкен  міндет  қойылды.  Қиыншылық  жағдайларда  жүргізілетін  қажырлы 
шаралар  нәтижесінде,  1927  жылдың  өзінде-ақ  републикадағы  дәріхана  саны 
127-ге жетті. Бейсенғали Әбдірахманов  1930 жылы Республикалық Денсаулық 
сақтау халық комиссары болды. 
        Бейсенғали  Әбдірахманов  Қазақстан  денсаулық  ісін  ұйымдастыруға 
қажырлы еңбек жұмсады.   
 
Тұңғыш фармацевт қазақ 
        Қуанышбай  Махмұдұлы  Өмекенов  кедей  шаруаның  отбасынан  шыққан, 
13 жасынан өз бетінше өмір сүруге мәжбүр болды. 
         Қ.М.Өмекенов  1925  жылы  Ташкенттегі  фармацевтика  техникумына 
студент  болып  алынды.  Одан  1928  жылы  Қазақстанда  фармацевтикалық 
тұңғыш білім алған маман болып шықты. 
         Қ.М.Өмекенов  оқудың  алғашқы  жылдарынан  бастап-ақ  қоғамдық  өмірге 
ынтыға  араласты.    Ол  кәсіподақтардың    басшы  органдарына  бірнеше  рет 
сайланды, қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы болып  істеді. Ал 1932 
жылдан 1934 жылға дейін ол еңбекшілер депутаттарының  Қызылорда қалалық 
және аудандық  Кеңестерінің депутаты болды. 
         Қ.М.Өмекенов 1936 жылдан бері Алматыда, №4, 6 және 8 дәріханаларды 
басқарды,  ал  1962  жылдан  бастап  бүгінге  дейін    Астанадағы  ең  ірі 
дәріханалардың бірі- №46 дәріхананы басқарды.       
        Қ.М.Өмекенов  Алматы  қаласындағы  дәріхана  мекемелеріне  бірнеше  рет 
партия  ұйымдарының  хатшысы  болып  сайланды.  Ол  еңбекшілер  депутаттары 
Фрунзе аудандық Кеңесіне үш рет депутат болып сайланды. 
        Қуанышбай  Махмұдұлы  Өмекенов  үздік  дәріхана  қызметкерлерінің 
қатарына кірді. 
 
Субханбердин Сәлкен Хасенұлы 
         Субханбердин  Сәлкен  Хасенұлы  1914  жылы  Павлодар  облысы  Баянауыл 
ауданында дүниеге келген. 


 
97 
        1933  жылы  Семейдегі  өлкелік  фармацевтикалық  техникумын  бітіріп, 
техникумның  жанында  жұмысқа  қалдырылды.  Әуелі  оқу  бөлімінің 
меңгерушісі, сонан соң 1935-1938 жылдары директор болды. 
         1938-1941  жылдары  Алматы  қаласындағы  №1  дәріхананы  басқарды,  
Алматы облыстық дәріхана басқармасының басқарушысы болды. 
         1941-1945  жылдары  Алматы  және  Талдықорған  облыстарының  Сарқанд, 
Октябрь, Гвардия аудандық атқару комитеттерінің төрағасы болып істеді. 
         1945-1948  жылдары  Жамбыл  облыстық  денсаулық  сақтау  бөлімінің 
меңгерушісі  болды.  1948  жылы  тамызда  Қазақ  Бас  дәріхана  басқармасына 
басшы  болды.    Денсаулық  сақтау  министрлігі  алқасының  мүшесі  болып 
тағайындалды. 
          И.М.Сеченов  атындағы  Ленин  ордені  №1  Москва  Медициналық 
институтын бітірген. 
          1966  жылы  қазақ  ұлтының  алғашқылардың  бірі  болып  диссертация 
қорғады.  1968  жылы  доцент  ғылымы  атағын  алды.  Алматы  дәрігерлер 
мамандығын 
жетілдіру 
институты 
фармацевтикалық 
кафедрасының 
меңгерушісі болып жұмыс істеді.   
          Екі  рет  «Құрмет  белгісі»  орденімен  және  бас  медальмен  марапатталды, 
бірнеше рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің мадақтама алды. Оған «Қазақ КСР-
нің  еңбегі  сіңген  фармацевті»  атағы  берілді,  КСРО  денсаулық  сақтау  ісінің 
үздігі дәрежесі. 
          70  ғылыми  еңбектің,  13  кітап  пен  монографияның  авторы  болып 
табылады.  Орталық,  республикалық  газет  беттерінде  медицина  және 
фармацевтика тақырыптарына арналған 300-ден астам мақаласы жарияланды. 
        Субханбердин 
қазақ 
тілінде  көптеген  пьесалар  жазды,  олар 
республикалық, облыстық және халықтық театрларда қойылды. 
        Ол  КСРО  жазушылары  мен  журналисттер  одақтарының  мүшесі, 
«Здравоохранения  Казахстана»  журналы  мен  КСРО  денсаулық  сақтау 
министрлігі «Фармация» журналы редакциялық алқасының мүшесі болды. 
         Бірнеше  рет  облыстық,  аудандық,  қалалық  партия,  кеңес  органдарына 
сайланды. 
Айтбакин Әміре Дұрманұлы 
      
Әміре Дұрманұлы Айтбакин алғашқы қазақтардың бірі-дәрігер болды. Ол 
1860 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келді.  
Омбы  қаласында  бітірген  соң  ол  Қарқаралы  қаласына  келіп,  біршама 
уақыт  бойы  Қарқаралы  уездік  бастығы  басқармасында  бастықтың 
аудармашысы  болып  жұмыс  істеді.  1889  жылы  Томск  университетінің 
медициналық  факультетіне  оқуға  түседі.  1895  жылы  Томск  университетін 
бітіріп, дәрігер атағын алды. 


 
98 
        Өзінің  дәрігерлік  қызметі  үшін  Ә.Д.Айтбакин  Шығыс  Қазақстан 
облысының  Қатон-Қарағай  селосына  сапар  шегіп,  онда  1895  жылы 
университетті  бітірген  соң  келді.  Катон-Қарағайда  оның  тікелей  қатысымен 
алғашқы  амбулатория  ұйымдастырылды,  оның  штатында  тек  бір  ғана  дәрігер, 
Ә.Д.Айтбакиннің өзі және бір фельдшер болды. 
        Амбулаторияның  жанында  сондай-ақ  шағын  дәріхана  ұйымдастырылып, 
оған  да  өзі  басшылық    жасады.  Дәрі-дәрмектерді  Өскемен  мен  Семей 
қалаларынан  алып  тұрды,  ал  кейбір  емдік  препараттардың  көпшілігін 
Ә.Д.Айтбакиннің  өзі  және  оның  көмекшісі  фельдшер  И.Базаров  әзірлейтін. 
Дәрігер  және  дәріхана  басшысы  ретінде  Әміре  Дұрманұлы  Айтбакин  үлкен 
ауданға қызмет көрсетті, халыққа абыройлы қызмет етті. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет