Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы


ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНДЕГІ ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУЫ



Pdf көрінісі
бет7/45
Дата02.01.2022
өлшемі1.88 Mb.
#454097
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45
Фармация тарихы

ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНДЕГІ ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУЫ 
 
ЕЖЕЛГІ  ТАПТЫҚ ҚОҒАМ ТАРИХЫ 
Ежелгі таптық қоғам тарихы үш сатыда қарастырылады: 
Бірінші саты  –  таптық қоғам  дамуы  мен  мемлекет  құрылуы,  б.д.д.  IV  ғ. 
аяғы мен III мыңжылдықтың аяғына дейін. 
Екінші  саты  –  ежелгі  қоғамның  өркендеу  кезеңі,  құл  иеленушіліктің 
жоғарғы  дамуы  –  темірдің  таралуынан  б.д.д.  II  және  I  мыңжылдықтан  бастап, 
б.д.д. I мыңжылдықты түгелдей қамтыды. 
Үшінші  саты  –  ежелгі  қоғамның  құлдырауы  феодализмнің  пайда 
болуынан – б.д.д.  I мыңжылдықтың бес ғасырындай кезеңді алады. 
Ежелгі  әлем  туралы  тарихи  дереккөздер  өте  көп.  Бірақ  бұл  дереккөздер  толық 
емес және бұл ежелгі тарихты нақтылы білуге қиындық тудырады. 
Ежелгі  Месопотамияның  тарихы  б.д.д.  III  мыңжылдықтың  басынан  және  сол 
уақыттың түпнұсқа сөздері ғасырдың ауысуына дейін көрсетілді (б.д.д. I ғ. – б.д 
I  ғ.),  оларды  табылған  тақталарда  және  балшықтан  жасап  жазылған  заттардан 
белгілі  болды.    Сонымен  қатар  тастарда  және  металдарда  аса  қиын  сына 
жазбалар  табылған  (клинопись).  Осындай  тастардағы  сына  жазулар 
ескерткіштерінің  саны  көп  –  ондаған  және  жүздеген  мың,  олар  Ежелгі 
Месопотамиялық  қоғам  туралы  толық  түсінікті  көрсеткіш  береді.  Б.д.д.  II 
мыңжылдықта Кіші Азияда Хеттск өркениетінің даму кезеңі туралы мәлеметтер 
1  патшалық  мұрағатымен  жетті,  одан  медицинада  сиқырлы  салт  жоралары 
қолданатыны белгілі болды. 
Б.д.д.  II  мыңжылдықтың  жартысы  мен  I  мыңжылдықта  Алдыңғы  Азия 
басқа  материалдаға  жазуға  толығымен  көшті  -  пергамен,  папирус  және 
балшықтан  жасалған  заттарға  сиямен  жазуға  (остраки).  Папирус  пен  пергамен 
уақыт өткен соң жойылып кеткен, ал жазылған жазбалар өшіріліп қалған. 
Бізге жеткен танымал Мысыр папирустары кейінірек заманның дәлелдемелері  
( б.д.д. II, I мыңжылдық – б.д. I мыңжылдығы); остраки өте азғана жеткен. 
Ежелгі  Палестина  тарихы  нарративті  деректерден  танымал.  Иудейстік  және 
християндық діннің қасиетті жазбалары - Библия сақталынған. Библия б.д.д XII 
ғ-дан-  II  ғ-да  құрастырылған.  Оған  адамзаттың  және  әлемнің  жаратылысы 
туралы  мифологиялық  және  аңызға  айналған  әңгімелері  кіреді,  Палестинаның 
айналасында  тұрған  және  Палестинада  тұратын  халықтар  туралы  мәлеметтер 
кіреді. Өлі теңіздің жанында ( б.д.д. II ғ. –II ғ.) тұрған халық туралы жазбалары 
табылған.  
Ежелгі Индияның дамуы туралы тасқа  жазған патшалық жазбалар  жетті 
(б.д.д. III ғ. ерте емес).  


 
11 
Қытайдың ескі тарихы нарративті деректерге негізделеді. Қытайда тарихи 
әдебиеттер  көркейді,  олар  б.д.д.  I  мыңжылдықтың  екінші  жартысына  жатады. 
Философиялық, ғылыми, экономикалық танымал трактаттары. Қола ыдыстарда, 
қойлардың жауырында, тасбақаны қолданып  жазылған жазбалар сақталынған. 
Ежелгі  Грецияның  тарихының  кезеңдерін  туралы  бізге  жеткен  жазбалар 
бойынша,  археологиялық  ескерткіштер  арқылы  білуге  болады  (б.д.д.  II 
мыңжылдықтың  екінші  жартысына).  Бізге  б.д.д  VIII  гасырдың  шығармалары 
жетті, сонымен қатар Гомер жазған поэмалары «Илиада» мен «Одиссея». 
Ежелгі  Греция  мен  Римнің  туындылары  жетпеді  (оларды  бұзылатын 
материалдарға  жазылған).  Ғылыми  тарихи  сындардың  негізін  қалаушы 
Фикидидтің  шығармасы  әлемге  белгілі  (шамамен  460-396  жж.  б.д.д).  Осы 
шығармалар б.д. басында Египетте жазылған папирус арқылы белгілі болған.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет