Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет10/45
Дата02.01.2022
өлшемі1.88 Mb.
#454097
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
Фармация тарихы

Хирургияның дамуы 
Үндістан  мемлекетінің  медицинасының  айтарлықтай  жетістіктерінің  бірі 
хирургия  саласында  болды,  осы  салада  көптеген  Ежелгі  елдерден  озғаны 
белгілі.  Сушрут  хирургияны  «барлық  медициналық  ғылымдарының  ішінде 
алғашқы  да    ең  жақсысы,  аспан  туындысының  асылы  және  даңқы  дұрыс 
көздері»  деп  атаған.  Сушрут  еңбегінде  300  операцияларды,  120  астам 
хирургиялық  құралдарды  және  650  астам  дәрілік  заттарды  сипаттаған. 
Хирургиялық  операциялар  ампутация,  лапоратомия,  офтальмологиялық  және 
құлақ, мұрын, ерін кемістерін жабуға болатын операциялар, акушерлік әдістер 
мен  қан  ағызу  сипатталған.  Анатомияның  дамуын  Сушрут  еңбегінде 
көрсетілген  300-  ден  астам  сүйектердің,  500  бұлшықеттер,  700-ден  аса 
тамырлар мен  100-ге жуық буындар сипатталуынан анықтауға болады.  
Хирургияның  дамуына  ықпал  тигізген  жағдай,  ол  өлген  адамды  сойып 
зерттеуге  рұқсат  берілгендігі.  Металдық  скальпель  буындар  мен  байламдарды 


 
20 
кесіп  кетеді  деп,  дәрігерлер  ағаштан  жасалған  пышақпен  ағзаны  сойып 
зерттеген.  Үндістан  хирургтері  тіндерді  зығыр  жіптерімен,  жылқы  қылымен, 
сіңірмен  тігуін  білген;  күлмен,  салқынмен  және  қысып  таңғышпен  қан 
тоқтаткан;  сынықтарды  емдеу  кезінде  созу,  түзету  шаларын  жасаған  және 
емдеуге  қозғалыссыз  таңғыштар,  бамбуктен  жасалған  шиналар  қолданған; 
күйік  жараларын,  ойық  жараны,  ісіктерді  арнайы  әдістермен  емдеген;  опий, 
меңдуана,  гашиш,  шараптар  арқылы  операцияларды  жансыздандырумен 
жасаған.  
Диета,  массаж,  су  процедуралары,  күнге  қыздырылу,  емдік  гимнастика 
туралы    кітапта  арнайы  бөлімдері  бар.  Емдік  өсімдіктер  сипатталған:  лимон, 
женьшень,  шәй,  аконит,  пияз,  мандрагора,  бадан,  жусан,  опий.  Емдеу 
практикасында,  сонымен  қатар  олар  минералды  заттар  мен  олардың  тұздарын 
да  қолданған.  Олардың  арасында  мысалы,  мышьяк,  темір,  мыс,  препараттары, 
олармен  жараларды  күйдірген,  көз  ауруларын  емдеген.  Темір  мен  мышьякты 
қан  көп  кеткенде  қолданған.  Жараның  бетін  емдеуге  құрамында  қорғасын, 
күкірт, сурьма, мырыш, аммоний тұздары бар жағылмалар пайдаланған.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет