Арақашықтықтарды өлшеу


Қашықтықты болат лентамен өлшеу



бет2/3
Дата18.09.2023
өлшемі0.81 Mb.
#477848
1   2   3
Лекция 12 Арақаш өлшеу

Қашықтықты болат лентамен өлшеу

Қашықтықты өлшеу екі адамның ісі. Оның бірі - артқы, екіншісі - алдыңғы өлшеуші болады. Өлшеу алдында бір шпилька артқы өлшеушіде, қалған бесеуі алдыңғы өлшеушіде болады. Артқы өлшеуші шпильканы бастапқы нүктедегі ағаш қазықшаның ортасына ұстап, оған лентаның штрихын түйістіреді және алдыңғы серігін бағыттайды. Алдыңғы өлшеуші лентаның екінші ұшын тартып, ілгегі арқылы 5 шпильканың біреуін жерге бекітеді және бекіткеннен кейін «болды» деп команда береді. Сол команда бойынша артқы өлшеуші өз шпилькасын жерден алады. Ал алдыңғы өлшеуші сол жерге қадап кетеді. Бұдан әрі артқы өлшеуші қашан алдыңғының жерге кіргізіп кеткен шпилькасына жеткенше екеуі лентаны алып, қадалар бойымен ілгері қарай жүреді.


Шпилькалар лентаны тек жер бетінде орнату үшін ғана емес, өлшенген сызықтың ұзындығын анықтау үшін де қажет. Мысалы, артқы өлшеушінің қолында 3 шпилька, ал өзінің тұрған нүктесінде бір шпилька орнатулы болса, онда сол нүктеге дейін 60 м қашықтық өлшенгені. Демек, артқы өлшеушінің қолында шпилка қанша болса, сонша рет 20 метрлік лента жерге салынғаны.
Егер қашықтық 100 метрден артық болса, алдыңғы өлшеушінің қолындағы шпилькалар таусылып, артқыда 6 шпилька жиналады. Ондай жағдайда артқы өлшеуші алдыңғы серігіне 5 шпильканы санап береді және ол берісті журналына жазып қояды. Демек, 5 шпилька бір рет беріледі деген белгі 100 метрлік қашықтық өлшенеді деген сөз.
Ақырғы нүктеге келгенде лентаға толмайтын кесінді қалады. Бұл қалдықтың ұзындығын сол лента арқылы сантиметрлік дәлдікпен өлшейді.
Өлшенген қашықтықтың жалпы ұзындығы мына формуламен анықталады:
Д=nl+q (12.3)

мұндағы, n - тұтас салынған лента саны немесе шпилька саны;


l - лентаның ұзындығы;
q - қалдықтың ұзындығы.
Өлшеудің дәлдігі жердің рельефіне байланысты үш категорияға бөлінеді:
І - өлшеуге қолайлы, жеңіл, жері тегіс, топырағы қатты;
ІІ - орташа-топырағы бос, шабындық,
ІІІ- өлшеуге лайықсыз, сазды, құмды, шеңгелді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет