Қарабаев Ш. Қ., ә.ғ. к., Т. Р. атындағы Қазэу жалпыға Ортақ Еңбек қоғамын қалыптастырудың әлеуметтік-мәдени негіздері



жүктеу 125.67 Kb.
Дата04.07.2016
өлшемі125.67 Kb.
Қарабаев Ш. Қ., ә.ғ.к., Т.Р. атындағы ҚазЭУ
Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамын қалыптастырудың

әлеуметтік-мәдени негіздері
Мәдениет қоршаған ортаға бейімделу амалын білдіреді. Ол адамдардың өзі жасаған өмір сүру және өзін-өзі жүзеге асыру ортасы, әлеуметтік өзара әре-кет мінез-құлқын реттеудің көзі екенін көрсетеді. Мәдениетті игеру барысында адам өзін танып жетілдіреді, өйткені ол адамдардың шығармашылық қызметін-де жасалынатын материалды және рухани құндылықтардың жиынтығын меңге-реді. Мәдениет адамдардың өз ортасында өмір сүруге көмектесетін, басқа қауымдастықтармен әрекеттестікте өз қоғамының тұтастығы мен бірлігін сақ-тайтын адам әрекеттестігінің маңызды тетігі болып танылады. Сондықтан мәдениетті әлеуметтік мәдениет деп атайды. Қоғамда қалыптасқан мәдени құн-дылықтар жүйесіәлеуметтік өмірдің мазмұнын, адамдардың мінез-құлқын анықтайды.Коғамның мәдениеті оның даму негіздеріне әсер етеді, экономи-каның, саясаттың, құқықтың әлеуметтік-мәдени негізі болып табылады.

Бүгінгі қалыптасып жатқан азаматтық қоғам дамыған экономикалық, саяси, құқықтық және мәдени қатынастарға негізделеді. Азаматтық қоғамның дамуы, ең бірінші, адамның еркіндігі мен бостандығын қамтамасыз ететін на-рық экономиканы және жеке меншіктің болуын қажет етеді. Азаматтық қоғам-дытолыққанды дамытушы тұлға тек қана еркін, ізгілендірілген әлеуметтік-еңбектік қатынастар жағдайында қалыптасады. Қазақстанда нарық экономи-касының қалыптасу қиындықтары еңбектің рухани-құлықтық құндылықта-рының жойылуының негізін қалады. Гуманистік мәдени дәстүрге сай еңбек экономикалық мақсаттармен қатар адамның жан-жақты дамуын, рухани-ізгілікті жетілуін анықтайды.Азаматтық қоғамның мақсаты азаматтық ізгілік-терді қалыптастыру арқылы мемлекет пен жекеліктердің арасындағы айырма-шылықтарды азайту және шиеленісті төмендету болып табылады.

Капиталистік нарық қатынастары қалыптасуының бастапқы кезден осы күнге дейін оның артықшылықтары мен теріс жақтары туралы ғылыми тұжы-рымдамалар жасалынып келеді. Жеке меншіктің зияндығы, нарық экономи-касының адам мен табиғат үшін қауіптілігі Т. Мор, А. Фергюссон, К. Маркс т. б. дәлелдеп берді. А.Фергюсон жеке меншік өзімшілдікпен арам пайда табуға ынталандырады деген. К.Маркс капиталистік қоғамда жұмысшы өз еңбегінің нәтижесін иелене алмауы еңбектен жатсынуды тудыратынын көрсетеді. Дж. Кейнс нарық экономикасы жұмыссыздықты шешуге қабілетсіз деп тұжырым-дайды. К.Поланьи нарық тетігінің стихиялы әрекет етуі адам мен табиғи мәнді жәйттердің құлдырауы мен қирауының себебі болатынын дәлелдейді.

Марксизм көрсеткендей, нарық қатынастарына негізделетін меншіктік қо-ғам әлеуметтік-мәдени ақиқат шындық ретінде патриархалдық, бауырмалдық қатынастарды қиратып, адамдар арасында жалаң мүдде, тас бауырлық ақшалай қатынастан басқа байланысқа орын қалдырмаған. Капиталистік өндірісте еңбек адамының барлық дене күшін қанаушылықпен сығып алып, барынша пайда табуды көздейді.Бұл жағдай еңбектің мәжбүрлік күштеудің орындалуын анық-тайды, яғни адам өндіру қызметін құндылық деп атқармайды, оған күн көріс керек болған сон, ақша үшін ғана жұмысқа жегіледі.Ықтиярсыздықпен жаса-лынатын ауыр еңбек әлдебір сыртқы күш ретінде жұмысшыны өзін құрбан-дыққа әкелуге, өзін-өзіазаптауға душар етеді, тасбауырлығын, ізгілікті сезім-нен айырылуын күшейтеді.

Маркс жұмысшының еңбектен жатсынуының себебін – әлеуметтік субъек-тілердің антагонистік таптық жағдайында «жат ерік-жігердің қалыптасуымен байланыстырады. Жатсыну адамдардың ізгілендірусіздігінің себебі болады. Жұмысшыкапиталистік өндірісте өз еңбегінің өнімінен жатсынады, игілігін көрмейді. Өйткені еңбек жемісін меншік иесі иеленіп, жұмысшыға күн көрістің төменгі деңгейін ғана қамтамасыз етеді. Жатсынудың салдарынан адамдар өздерінің адами әлеуетінен айырылады. Олар алып өндіріс құрылғысының бұрандасына айналады, біржақты дамуға мәжбүрленеді.

ХХ ғасырда нарық өркениетітехнологиялық жетістіктері мен дамушы елдердің арзан шикізатын пайдаланып, молшылық қоғамын жасай алды. Деген-мен, ақшаны материалды игіліктерді пір тұтатын қоғам рухани-құлықтық құн-дылықтарды елемеуге жол беріп қойды. Қаналушы еңбекші де, қанаушы үстем тап өкілдері де байлыққа, затқа, мүлікке табынушылығы «шын құндылықтар-дың орнын озбырлықпен басып алды, ал нарық қоғамдық өмірдің өзіне тиесілі емес салаларын да билеп алды» (Дж.Сорос).

Капиталистік қоғамдық өндірістің түпкі мақсаты капитал жасау болып табылады. Сондықтан үстем таптың барлық әрекеттері халықтың тұтынушы-лық санасын қалыптастыру арқылы қоғамдық тұрақтылықты орнықтыруға бағытталады. Әйтсе де материалдық игіліктерді шексіз тұтынудың зияны бар-ған сайын күшейіп барады. Қарқынды даму табиғатты жойып, адамның жүйке-сіне ауыр жүк салып тоздырады, басқа ауруларды асқындырады. Себебі нарық экономикасы рухани қанағаттану қажеттігін мойындамайды, тіпті оның қас жауына айналады. Сөйтіп шексіз тұтынушылық мүддесі өмір сүруді жанталаса бәсекелесу мен әбігершілікке айналдырған. К.Лоренцтің тұжырымдауынша, «табиғи қажеттілік емес, тек қана ... бізді жүрек ауыруына және өзіне ие бола алмайтын ашушандыққа бой ұруға әкелетін ырғақпен жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Осыдан батыс өркениетінің жанталаса қимылдайтын әбігершілігінің қан-шалықты ақылсыздық екені көрініп тұр» [1]. Бұны соңғы ширек ғасырдан аса уақыт молшылық қоғамының теріс жағы болатын келеңсіз құбылыстардың күшеюі дәлелдейді.

Еңбек бөлінісі капиталистік қоғамда жекеліктердің мүдделерін қарама-қарсы қойып, олардың арасында төзімсіздікке, қайшылықтар мен жанжалда-суға, үстемдік пен қанаушылыққа негізделген қарым-қатынастарды қалыптас-тырады. Әр жұмысшы дайын болатын еңбек өніміне өзінің болмашы ғана үле-сін қосады. Тар мамандану адамның тіршілік әрекетін ізгілендірусіздендіреді, яғни ізгілікті қарым-қатынас негіздерінен айырады. Еңбек бөлінісі жалпы эко-номиканы дамытқанымен, адамдарды біржақты қалыптастыратын алып өндіріс құрылғысының бір бұрандасының әрекеттерін ғана орындатады. Өйткені тас-қынды-ағынды өндіріс үдерісі жеке қимылдарды, үлкен жұмыстың бір бөлігін күні бойы, апталап, айлап, жылдар бойы қайталап атқарудан басқа амалды қал-дырмайды. Ал бұның салдары ақыл-ойдың кемтарлыққа, жүйкесін тоздыруға, ынталылығын тұншықтыруға, шығармашылық қабілетін жоюға әкеледі.

Еңбек бөлінісі адамның әлеуетін жетілдіруге шектеу қоюмен бірге, еңбек-шілерді өзі тұратын қауымдасудан жасанды түрде бөліп тастайды. Бұл орга-никалық ынтымақтастықты нығайтумен қатар (Дюркгейм), қауымдастықтың қарым-қатынастарын әлсіретіп, «жалған» ұжымдасуы орын алады [2]. Маркстің пайымы бойынша, еңбекті адамдардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін түрде ұйымдастыру керек. Ал жатсынған адам өзінің ізгілікті әлеуетін жүзеге асыра алмайтын күй кешетін болады. Адамның еркіндіктен айырылуы, біреуге бағынуы оны жеке меншіктен айыруға, өз еңбегінің нәтижесінен жатсынуға әкеледі. Өз қызметінен бөтенсінген адам басқа адамнан да, ұжымнан да бөтен-сіне бастайды.

Кеңес Одағы кезінде бұқара халықты жаппай еңбекке жұмылдыру, құлшы-нысын шексіз қанау кең тараған ақиқат шындық. Еңбек өнімділігі негізінен ауыр дене еңбегін үдемелі қарқындылығын арттыру арқылы жүзеге асырылды. Социалістік қоғамда еңбектің мазмұнын байытуға және басқаруды демократия-ландыруға жасалған талпыныстардың нәтижесі төмен болды.

Қазақстандағы өндірістегі жатсынуды еңсеру, ізгілікті қатынастарды қа-лыптастыру әлеуметтік қатынастардың объективті және субъективті негіздерін өзгертуді қажет етеді. Еңбек адамның қабілеттерін дамытатын түрде және демократиялық теңдік пен әділеттілік жағдайларын қамтамасыз етуі қажет. Еңбек адамды жан-жақты қанағаттандыруы, қуаныш сыйлауы тиіс.

Сөйтіп, әлеуметтік-еңбектік құбылыстар өндірістік-технологиялық және ұйымдық өзгерістердің болмай қоймайтын салдары болып табылады. Жұмыс-шы өмірінің сапа тұжырымдамасы адам өміріндегі еңбектің рөлін ұғынуға негізделеді. Еңбек адамды жан-жақты қанағаттандыруы, жұмыстың қажыт-пауы, жалықтырмауы және топастындырмауы кәсіпті дұрыс таңдаумен және еңбекті ізгілікті талаптарға сай ұйымдастырумен байланысты. Мектептерде кәсіби бағдарлаудың және еңбектің ұйымдастырылуы еңбекті ізгілендіру талап-тарына сай келмеуі оқу орындары мен қызмет орындарындағы қарым-қаты-настардың қайшылығын тереңдетеді.

Орта мектептерде кәсіби бағдарлаудың, біріншіден, оқушының еңбекті құрметтеуін қалыптастыру және екіншіден, қай кәсіпке бейімділігі басым еке-нін анықтау маңызды. Бұл жұмысқа психологтар мен әлеуметтанушылар қатыс-тырылуы тиіс. Болашақта әр мамандыққа қабылдаудан бұрын кәсіби бейім-ділігін анықтап алудың қатал талабы қойылуы тиіс болады. Әр оқушының өз қабілеттері мен бейімділігіне сай оқу таңдауын отбасы мен мектеп қабырға-сында қалыптастыруға мән берілуі керек. Бүгінгі кәсіби бағдарлау жағдайы қоғамның әлеуетін, қаржысын ысырапқа ұшыратумен тең. Әзірше мектеп бітірушілер көпшіліктің біржақты пікіріне сүйеніп, беделі мен айлығы жоғары деген мамандықтарды немесе ақысы төмен кездейсоқ оқуды таңдап, кейін оны жан-тәнімен оқуға көңілі де, ерік-жігері де жетпей уақыт та, қаржы да ысырап болып жатыр.Жалпы жоғары оқу бітірушілердің жартысына жуығы өз маман-дығы бойынша жұмыс істемейді.

Қоғамдық қатынастардың негізі дұрыс жолға қойылмай өскелең ұрпақ бұрынғыдай масылдық, тамыр-таныстық пиғылдың ықпалында қала бермек. Білім мен еңбектің шынайы бәсекелесуін орнықтыру биліктің, басқарушылар-дың қиянаттық жасауына жол берілмейтін тәртіпке қол жеткізуді қажет етеді. Яғни адал еңбекті бағалайтын заңдарды орындату басты шарт. Әлеуметтік-еңбектік қатынастарды реттейтін заңдарды, жұмыс берушіні білім мен еңбегін әділетті бағалайтын талаптарды орындату амалдарын жасамай жастардыадал еңбекке жұмылдыру,масылдықтан арылту ұрандардың нәтижесі тиімсіз бол-мақ. Әлеуметтік жаңғырту талаптарын толыққанды іске асыру әділетсіз, тамыр-таныстықпен қызметтің өрлеуі, тұрмыс жағдайын жақсарту, салықтан құтылу сияқты келеңсіздіктерге жол берілмеуді қажет етеді. Бұл мәдени-құлықтық қатынастардың жетілуімен байланысты.

Қоғамның әлеуметтік-мәдени жағымды, әділетті жағдайы қалыптасқанда еңбекті қадірлеу, бағалау жүзеге асырылғанда әркім өзінің сүйген ісімен айна-лысу талаптары да орындалатын болады. Өз ісін сүйген адамның, өз еңбегіне, бейнетіне қарай зейнетін көретініне сенімі артқан сайын адам өз ісіне беріліп, одан рухани ләззат тауып өмір сүреді. «Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле» деген қағиданы орнықтыру мәдени құндылық ретінде өскелең ұрпаққа үлгі болады. Ал бүгінгі әсер ететін түпкі себеп батыстың теріс қалыптасқан нарық экономикасы. Шексіз табысты мақсат қою – бұл батыста қалыптасқан әлеуметтік дерт, қоғамдық дамудың ауытқуы. Әуелде батыс нарық экономи-касы протестанттық өнеге-ғибрат бойынша қалаыптасқан. Бұл діни көзқарас бойынша адам өз мамандығыныңбейімділігіне бой ұруы, еңбекті қадірлеу, қасиет тұтуы тиіс. Протестанттық өнеге-ғибрат үнемшілдік, парасаттылық пен қатал тәртіп негізінде ақша жинап, жиналған капиталды өндірісті дамытуға жұмсауға тәрбиелеген. Ал молшылық қоғамы осы талаптарға кереғар тұты-нушылық психологияны қалыптастырып, батыс экономикасын соңғы кезеңде дағдарысқа әкелді. Үстем таптың пайымдауынша, әлеуметтік молшылық тұрақ-тылықтың кепілі болып табылады. Батыста жаңадан басталған толқулар бұны жоққа шығарады. Бұл нарық экономикасының табиғатынан туындаған.

К.Поланьи тұжырымдамасы бойынша, нарық жүйесінің келеңсіздіктерінен қорғау үшін ол түптің түбінде өзін-өзі реттеуін тоқтатуы керек. Бұны орындау мақсатында нарықтың іргелі мәнді жәйттерін – еңбекті, жерді және ақшаны нарық қатынастарынан шығару қажет. Себебі адамдар жер мен еңбекті табиғи құндылық ретінде қабылдап, олардың тауарға айналуына қарсы тұрады. Басқа жағынан, бұл объектілер мемлекеттің реттеушілік араласуы арқылы ғана нарықтың еркін айналымына енуге қабілетті болады. Мемлекеттің қолдауынсыз ақша, жер мен еңбек қатынастары іске асырылуы мүмкін емес.

Дж. Гэлбрейт пайымдағандай, мемлекет барған сайын монополиялардың торына тартылып барады: «Қоғам мен корпорациялардың мүдделері қайшы келеді. Қоғам өзінің мүдделерін нығайтуда тек қана мемлекетке сенім арта ала-ды. Мемлекет болса елеулі шамада корпорациялардың билігінің астында»[4]. Дегенмен монополиялар мен мемлекеттің халықты материалды игілігін қамта-масыз ету саясаты ХХ ғасырдың екінші жартысында батыс адамының даралық қасиеттерінен айырылуға, әлеуметтік-сыншылдық қабілетін жойып, ойлаудың бірөлшемділік күйін, тұтынушылық психологиясын қалыптастыруы дүниета-нымдық көзқарасын материалдық молшылық түсінігімен ауыстырды. Мемле-кет монополиялардың шексіз үстемдігінің орнына қоғамдық игіліктердің үстем-дігін орнатпай, адамның рухани азғындауы тереңдей береді.

Материалды игіліктерді тұтыну ықпалында тәрбиеленген, тәжірибесі жоқ жастар табыстан бұрын өмірдің мәні еңбектің құндылық ретінде дамытушы мазмұнын, шығармашылық әлеуетін игеру арқылы жүзеге асырылуы маңызды екенін білмейді. Отбасы мен мектеп бермеген білім салдарынан сүймеген, қол-дан келмейтін іске ұрынудың соңы реніш, кейіске айналатынын уақыт енші-сінде екенін жастардың көпшілігі сезбейді. Ал халықтық дәстүрге, дінге, тәр-биеге сүйенуқате қадамнан сақтандырар еді. Өйткені «сүйген істің түбі - кеніш, сүймеген істің түбі – реніш».

Қазақстанда өтпелі кезеңнін тәжірибесі нарық экономикасының енгізілуі-нен туындаған теріс құбылыстарды қорытуға мүмкіндік берді. Әсіресе еңбек-тің қоғамда алатын орны еленбей келгені 2012 жылы бұл мәселеге жаңа көзқа-расты қалыптастыруды қажет етті. Елбасы өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» және «Қазақ-стан -2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» мақа-лаларында әлеуметтік жаңғырту саясатының негізін шынайы өндірістік еңбекті қалыптастыру мәселесімен байланыстырады.Бұл елімізде әлеуметтік жаңғыр-туына жасайтын аса маңызды бетбұрысты білдіреді. Бұл бәсекеге қабілетті қазақстандықтарды қалыптастыру үрдісін тереңдетуге бағытталады.

Елбасы қойған мәселенің өзегін адам еңбегін бағалау және оның жемісін тиімді пайдалана алуын қамтамасыз етуі жөнінде ойы құрады. Сондықтан әлеу-меттік жаңғырту саясатын шынайы өндірістік еңбекті ұйымдастыру негізінде жүргізу ұсынылды. Өйткені тарихи тәжірибе көрсеткендей, дамыған елдерде де, Қазақстан, Ресей т. б. посткеңестік елдерде де еңбек саласындағы келеңсіз-діктер экономикалық дағдарыстың, жұмыссыздықтың, қылмыстың, әлеуметтік масылдықтың туындауының себебі болды. Дамыған елдерде тұтынушылық, молшылық қоғамын құру мақсаты адамның қалыптасуына теріс ықпалы басым болды. Елбасының мақаласында айтылғандай: «Тұтынудың бұл идеологиясы бүлдіруші болғанына бүгін бүкіл әлем ерекше көз жеткізіп отыр. Ол әлемнің дамыған елдерінде жаппай әлеуметтік масылдық туындатты және жаһандық дағдарыстың басты себептерінің бірі болып табылады» [3] делінген.

Осыдан шығатын талаптар жаңа әлеуметтік мәдениетті және әлеуметтік басқарудың жаңа тұрпатын жасауды қажет етеді. Еркіндігі шектеулі кеңсе қыз-меткері ұзақ уақыт қызметінің қарапайым, дербесшешімдер іздеуге ынталан-дырмайтын талаптарды ғана орындауға бейімделген адам күрделі мәселелер-дің шешімін шығармашылық тұрғыдан амалын іздеуге психологиялық кедергі пайда болады. Көнерген білімі, жетілдірілмей қалған біліктілігі, бұйрықты орындауға машықтанған қызметкер, Р. Мертонның пайымдауынша, түптің түбінде дербес шешім қабылдау қабілетінен айырылады. Үнемі ережелер мен басшылық нұсқауларға сүйену кеңсешілдерді тұсаулап тастайды, одан ауытқу еркіндігінен, жасампаздық ойдан айырады және тіпті өз ісін жетік білмейтін болады. Бұны Р.Мертон «қабілетсіздікке үйрету» деп атаған.

Кез келген қызметкер өзі атқаратын еңбектің мағынасыздығын, мәнсіздігін сезінетін көңіл күй кешуі мүмкін. Өйткені адам өз еңбегінің нәтижесін, пайда-лылығын анық білмесе немесе зияндылығын білсе жатсыну көңіл күй пайда болады. Жатсынуды еңбекке қатынас нысанын мағынасыздық, дәрменсіздік, үмітсіздік пе жатырқаушылық әлеуметтік көңіл күй сипаттайды. Өз қызметін адал атқаратын қызметкер ұжымды басқарушының немесе өндіріс орынның иесінің қиянаттығына қарсы тұруға дәрменсіз екенін сезіну барған сайын еңбек-тен жатсындырады. Қоғамдағы әділетсіздік қатынастар, сыбайлас жемқорлық, көзбояушылық қызметкердің жұмысын сапалы, шығармашылық тұрғыдан ізденіс жасауға қолбайлау б. т. Бұл жоғары білім беретін оқытушыларға да қатысты. Жоғары білім алуға дайындығы жеткіліксіз студенттер басым болып, оқытушы олардың үлгірімін тиісінше төмен бағалауы оның еңбегін де төмен бағалауы салдарынан көзбояушылыққа мәжбүрлеу кең таралған құбылыс. Сол сияқты жақсы көрсеткішті қамтамасыз етуге мәжбүрленген дәрігер, полицей, салық инспекторы адал еңбектен жатсынады, еңбектің қадірін түсіреді.

Әлеуметтік жаңғырту үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдар-ламасы негізінде іске асырылуы бұл әлеуметтің сапалы деңгейінің заман тала-бына сай болуын қажет етеді. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру әр адамның өз орнында кәсіби міндетін ақаусыз, жоғары азаматтық жауапкершілікпен атқаруды талап етеді. Әр азаматтың қоғамдық құндылық ретінде кәсіби жоғары деңгейде еңбекке саналы араласуы болашақта «инновациялық экономиканың басты қозғаушы күші – креативті таптың туындауы мен дамуын қамтамасыз» етуді көздейді.Бұл кәсіптік-техникалық және инженерлік білімнің өзектілігін арттырады. Техникалық және кәсіптік біліммен қамтылу жағынан Қазақстан жастары 17%-дан асса, Оңтүстік Корея мен Жаңа Зеландияда -45%, Бельгия мен Эстонияда -34%, Ресейде - 33%, Жапонияда - 30%. Сондықтан әлі кемінде бұл салаға қаржыны жұмсауды еке есеге ұлғайту керек.

Бүгінгі оқу үдерісі шектеулі тәжірибемен ұштастынын ескеріп, өндіріс орындары осы міндетті орындау және жас мамандарды еңбек өтілін талап етпей қабылдауын заңдастыру өзекті мәселеге айналды. Тәжірибелік жұмысты оқу-мен ұштастырмай, оның қыр-сырын теориялық негіздермен байланыстырмай мамандарды даярлаудың сапасы төмен болатыны жауыр болған әңгіме. Сонымен қатар, еңбек өнімділігін арттырудың басқа қорлары ретінде еңбекті ұйымдастыру тиімділігі, еңбек тәртібін, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек шығындарын үнемдеу, электр қуатын үнемдеу және тиімді пайдалану бүгінгі қойылатын маңызды талаптар.Қазақстандық жұмыскер жылына 17 мың дол-ларға өнім шығарса, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 90 мың доллар. Еңбек өнімділігі өндеуші кәсіпорындарда 2010 жылы 45 мың доллар құрады, сон-дықтан басқа салаларда бұл көрсеткіш 9 мың доллардан аспайды. Біздерде жұмыс уақтысы 9-10 сағат болғанымен, дамыған елдердің 5-7 сағатта өнді-ретіннен 5-6 есе төмен. Озық технологияларды оңтайлы пайдалану бұл елдерде аптасына 26-30 сағат еңбек етуге мүмкіндік береді.Бір жыл колемінде орташа 1330 сағат. ХЕҰ-ның дәлелдеуінше 36-40 сағаттан артық аптасына еңбек ету денсаулыққа, көңіл-күйге теріс әсер етеді. Қысқа мерзімде өнімде еңбек етуді дағдыландыру қажет. Ал бос уақыттың артуы жеке дамуға арналуы тиіс. Еңбек өнімділігі деп еңбек қорларын тиімді пайдалануды айтады.

Осы аталғанның бәрі жаңа мәдениетті және әлеуметтік басқарудың жаңа тұрпатын жасауды қажет етеді. Шынайы ізгілікті әлеуметтік қатынастар негі-зінде құрылған қоғамда ғана адам әлеуметтік қолайлы жағдайды сезетін бола-ды. Ол үшін саяси-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың лайықты қалыптастырылуы керек. Жаңа әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан ұйымдастырылған қоғамның мақсаты адамның мүдделерін ең басты құндылық ретінде бағалап, еңбек жағдайларын, оның мазмұнын барынша ізгілендіруі және мекемелер мен ұйымдағы қарым-қатынастарды теңқұқылы негізде қалып-тастыруды іске асыру болып табылады.Жұмыс уақтысын тиімді пайдалану оның қатал өлшемін және оған сәйкес кесімді еңбекақысын төлеуді анықтауы қажет. Бұл үдемелі индустриялық-ииновациялық даму бағдарламасын барынша тиімді жүзеге асыруда әр адамның саналы еңбекке қатысуын қамтамасыз етуіне негіз болады. Мұның бәрі ізгілікті, бәсекеге қабілетті еңбек қоғамын қалыптас-тыруға жасалатын маңызды қадамдары болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Кара-Мурза С. Евроцентризм –эдипов комплекс интеллигенции. М., 2002. С.46.



2. Маркс К. Избранные произведения. М., 2000. С. 230.

3. Назарбаев Н.А. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам //Егемен Қазақстан, 10 шілде 2012 ж.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет