Қарабаева Ж. С. ТӘуелсіз қазақстан


ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ШЕЖІРЕСІ



бет2/2
Дата05.07.2016
өлшемі412.5 Kb.
#180051
1   2

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ШЕЖІРЕСІ
Тәуелсіз Қазақстан шежіресі: 1991 жыл

1 желтоқсан. Қазақстан Президентінің бірінші бүкілхалықтық сайлауы. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның Тұңғыш президенті мандатына ие болды.

Президент Казақстан тек Азиялық континентте шектеліп қалмай, Еуропа және Азия арасында парасатты баланс болуы қажеттігін атап өтті. Қазақстан Республикасының әлемнің барлық елдерімен экономикалық және саяси байланыстары болады.

16 желтоқсан. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жарияланды.

21 желтоқсан. Алматыда бұрынғы КСРО құрамына кірген он бір мемле-кет басшыларының саммиті өтті. Кездесу барысында ресми құжаттарға: 1991 жылғы 8 желтоқсанда Минск қаласында Беларусь Республикасы, Ресей федерациясы, Украина қол қойған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын кұру туралы Келісімнің Хаттамасына, Алматылық декларацияға, ТМД-ның координациялық институттары туралы Келісімге, ТМД елдері басшылары Кеңесінің БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдарда мүше болу туралы шешімдерге қолқойылды.
Тәуелсіз Қазақстан шежіресі: 1992 жыл

30 қаңтар. Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға мүше болды.

1-3 ақпан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Давостағы (Швейцария) Дүниежүзілік экономикалық форумның жұмысына қатысып, мемлекет және үкімет басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді.

18-20 ақпан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Австрияға жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Н.Ә. Назарбаев Федералды Президент Курт Вальдхайдпен және Францияның федералды канцлері Враницкимен кездесті.

21-22 ақпан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Үндістанға ресми сапары басталды. Сапар барысында Н.Ә. Назарбаев Үндістан Президенті Нарасвами Венкатараманмен, Премьер-министрі Нарасимха Раомен кездесті. Екі жақты ыңтымақтастық саласындағы бірқатар құжаттарға қол қойылды.

23-25 ақпан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Пәкістанға ресми сапары басталды. Мемлекет басшысы Пәкістан Президенті Гулам Исхак Ханмен және Пәкістан Премьер-министрі Н.Шарифпен кездесті.

2 наурыз. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүше болып қабылданды.

20 наурыз. Мәскеу қаласында Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Ресей Президенті Б.Н. Ельцинмен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында экономикалық, сыртқы саяси, ТМД-ның болашағы жөніндегі екі жақты қатынас мәселелері талқыланды.

29 сәуір. Түрік Республикасы Премьер-министрі Сулейман Демирел Алматыға ресми сапармен келді.

15 мамыр. ТМД-ның алты мемлекеті (Қазақстан, Ресей, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан) ұжымдық қауіпсіздік келісім-шартына қол қойды.

16 мамыр. ҚР Президенті Н. Назарбаев Қазақстан Республикасының Түрік Республикасындағы Елшілігін ашу туралы жарлыққа қол қойды.

18-20 мамыр. ҚР Президенті Н.Назарбаев АҚШ Президенті Джордж Буштың шақыруымен Америка Құрама Штаттарына алғашқы ресми сапар шекті. Бұл сапар қазақстан-америка қатынстарының негізін қалады, онда екі мемлекет басшылары «жаңа қатынастар» орнағанын жария етті.

22 мамыр. Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО-ға мүше болып қабылданды.

25 мамыр. Мәскеуде ҚР Президенті Н. Назарбаев және РФ Президенті Б. Ельцин Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында достық, ыңтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа, сонымен қатар, Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану тәртібі туралы келісімге қол қойды.

20 маусым. Қазақстан Республикасы Түрік мәдениеті мен өнері мәселелері жөніндегі бірлескен Комитетіне (ТЮРКСОИ) енді.

26 маусым. Қазақстанның Халықаралық Валюта қорына, Дүниежүзілік даму және қайта құру банкіне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық даму ассорциациясына мүше болу туралы заңдары қабылданды.

30 маусым. Қазақстан Дүниежүзілік Кеден Ұйымына кірді.

19 тамыз. Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше болды.

21 тамыз. Қазақстан Республикасы Халықаралық Азаматтық авиация (ІСАО) ұйымына енді.

28 қазан. ҚР Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында АӨСШК шақыру идеясын жариялады.


Тәуелсіз Қазақстан шежіресі: 1993 жыл

4 қаңтар. Ташкентте ортаазия мемлекет басшыларының кездесуі барысында, ҚР Президенті ұсынысымен тараптар Аралды қорғау халықаралық қорын құру туралы шешім қабылдады.

9 қаңтар. ҚР Президенті Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының Ресей Фередациясындағы уәкілетті өкілдігін (елшілік) ашу туралы, Қазақстан Республикасының Федеративті Германия Республикасындағы, Француз Республикасындағы, Иран Ислам Республикасындағы, сонымен қатар Әзербайжан Республикасындағы, Армения Республикасындағы, Беларусь Республикасындағы, Грузия Республикасындағы, Қырғызстан Республикасындағы, Түрікместандағы, Өзбекстан Республикасындағы, Украинадағы елшіліктерін ашу туралы жарлықтарға қол қойды.

19 қаңтар. ҚР Президенті Н. Назарбаев Алматыға ресми сапармен келген Армения Президенті Левон Тер-Петросянмен кездесті. Кездесу барысында екі жақты ыңтымақтастық мәселелері талқыланды.

29-31 қаңтар. ҚР Президенті Н. Назарбаев Швейцарияның Давос қаласында өткен Әлемдік экономикалық форумның жұмысына қатысты.

1-2 ақпан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ресми сапармен Бельгия Корольдігіне барды. Сапар барысында Бельгия Президенті Бодуэнмен, Премьер-министрі Жан-Люк Деанмен, сонымен қатар, НАТО-ның Бас хатшысы Манфред Вернермен кездесті.

2-3 ақпан. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Австрияға ресми сапары басталды. Федералды Канцлер Франц Враницпен келіссөз өткізді.

13-16 ақпан. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Египет Араб Республика-сына ресми сапары басталды. Сапар барысында ҚР Президенті Н.Назарбаев және Египет Президенті Хосни Мубарак арасында келіссөз жүргізілді.

22 ақпан. ҚР Президенті Н. Назарбаев Алматыға ресми сапармен келген Премьер-министр Леонид Кучма басқарған Украинаның делегациясын қабылдады.

26 ақпан. ҚР Президенті Н. Назарбаев Ресей Федерациясына ресми сапар шекті. Сапар барысында саяси, экономикалық және әскери мәселелер бойынша Ресей Президенті Б. Ельцинмен, Ресей Үкіметі басшысы В. Черно-мырдинмен келіссөздер жүргізді.

9-10 сәуір. Алматыға ресми сапармен Түрік Республикасының Прези-денті Тұрғыт Өзал келді.

14 сәуір. Президент Қазақстан Республикасының Венгрия Республика-сындағы, Бельгия Корольдігіндегі, Египет Араб Республикасындағы Елшілік-терін ашу туралы жарлықарға қол қойды.

26-27 сәуір. ҚР Президенті Н.Назарбаев Алматыға ресми сапармен келген Австрия Республикасының Федералды канцлері Франц Враницкиді қабылдады.

18-20 мамыр. Президент Н.Назарбаев Түрікменстанға ресми сапар шекті. Н.Назарбаев және С.Ниязов өзара тиімді негізде жаңа экономикалық қатынастар құру ниеттерін білдірді. Ел басшылар Каспий теңізінің экологиясы мен биоресурстарын сақтау мақсатында Каспиймен шекаралас елдермен ыңтамақтастықты жандандыру ұсынысынтарын атап өтті.

25 мамыр. Алматыға ресми сапармен Үндістан Республикасының Премьер-министрі Нарасимха Рао келді.

26 мамыр. Ел басшысы Өзбекстанға сапар шекті. Н.Назарбаев және И.Кәрімов арасында экономика мен мәдени салаларда ыңтымақтастық мәселелері талқыланды.

1 маусым. Ел басшысы Алматыға қысқа мерзімді жұмыс сапарымен келген Грузия Президенті Э.Шеварднадзені қабылдады.

5-7 маусым. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Стамбулда Экономикалық ыңтымақтастық ұймына (ЭЫҰ) қатысушы-мемлекеттер басшыларының екінші кездесуіне қатысты.

20-23 шілде. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Тайланд Корольдігіне ресми сапары болды. Н.Назарбаев Тайланд Корольдігінің Премьер-министрі Чуан Ликпаямен және Тайланд королі Пумипон Адульядетпен (Рама ІХ) кездесті.

28 шілде. ҚР Президенті Н.Назарбаев Алматыға қысқа мерзімді жұмыс сапарымен келген Өзбекстан Президенті И.Кәрімовпен кездесті.

30 шілде. ҚР Президенті Н.Назарбаев Алматыға ресми сапармен келген Болгария Президенті Желю Желевамен келіссөздер өткізді.

16-17 қыркүйек. Алматыға ресми сапармен Франция Президенті Франсуа Миттеран келді. Келіссөз барысында Н.Назарбаев және Ф.Миттеран саяси, экономикалық, мәдени, ғылыми және басқа да салаларда екі жақты ыңтымақтастықты бұдан әрі дамыту ниеттерін білдірді.

18-20 қазан. ҚР Президенті Н.Назарбаев Қытайға ресми сапары барысында ҚХР Төрағасы Цзян Цзэминьмен кездесті. Келіссөздердің нәтижесі – ҚР және ҚХР арасындағы достық қарым-қатынас негіздері туралы Бірлескен Декларацияға, әуе қатынастары туралы, тұрғындарға визаларды рәсімдеу тәртіптері туралы, халықаралық автокөлік қатынастары туралы, қызмет бабымен азаматтардың сапарлары туралы келісімдерге қол қойылды.

21-22 қазан. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Монғолияға ресми сапары болды. Келіссөз барысында Н.Назарбаев монғолдық әріптесі Пунсалмаагийн Очирбатамен кездесті.

24 қазан. ҚР Президенті Н.Назарбаев ресми сапармен келген АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Уоррен Кристоферді қабылдады. Кездесу барысында тараптар екі жақты қарым-қатынас және бірқатар халықаралық мәселерге тоқталды.
Тәуелсіз Қазақстан шежіресі: 1994 жыл

10-11 қаңтар. ҚР Президенті Н. Назарбаев Өзбекстанға ресми сапармен барды.

20 қаңтар. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Украинаға ресми сапар шекті. Сапар барысында Қазақстан мен Украина арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қойылды.

14 ақпан. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы бойынша Халықаралық Агентствоға (МАГАТЭ) кірді.

14 ақпан. Қазақстан ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылды.

13-18 ақпан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары болды. Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан және АҚШ Президенттері Демократиялық серіктестік хартиясына қол қойды.

16 ақпанда Нью-Йоркте Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың БҰҰ Бас Хатшысы Бутрос Б. Галимен кездесуі өтті. Осы кездесу барысында Елбасы БҰҰ Бас Ассамблеясына постконфронтациялық кезең бойынша арнайы сессиясын шақыруға ұсыныс жасады.

20-23 наурыз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Ұлыбританияға ресми сапары болды. Сапар барысында екі жақты ынтымақтастық негізін қалайтын құжаттарға қол қойылды.

12 сәуір. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Австралия генерал-губернаторы Уильям Джордж Хэйденмен кездесті.

21 сәуір. Президент Н.Ә. Назарбаев Алматы қаласында адам өлшемі мәселелеріне қатысты семинарына келген ұлттық азшылықтар ісі бойынша Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Жоғарғы комиссары Макс ван дер Стулды қабылдады.

25-28 сәуір. ҚХР Мемлекеттік кеңес Премьері Ли Пэннің Қазақстанға ресми сапары. Келіссөздер барысында Н.Ә. Назарбаев пен Ли Пэн қазақстан-қытай шекарасы жөнінде, Қытайдың Қазақстанға мемлекеттік несие беру және гуманитарлық көмек беру, халықаралық жүк және жолаушылар тасымалын дамыту және тағы да басқа келісімдерге қол қойды.

30 сәуір. Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекс-тан Республикасы арасында Біртұтас экономикалық кеңістік құру жөніндегі шартқа қол қойылды.

27 мамыр. Қазақстан НАТО-ның «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасына қосылды: БҮС рамалық құжатына қол қойылды. Қазақстан бұл бағдарламаның 19-мүше мемлекетіне айналды.

10 маусым. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев қысқа мерзімді жұмыс сапарымен келген Эстония Республикасының Президенті Леннарт Мериді қабылдады.

13 маусым. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматыға үкіметтік делегация басшысы ретінде келген Вьетнам Социалистік Республикасының Премьер-министрі Во Ван Киетіні қабылдады.

7-8 тамыз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ресми сапармен Эстонияға барды.

8-10 тамыз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Литваға ресми сапары болды.

10-11 тамыз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Украинаға ресми сапар шекті.

15 қыркүйек. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматыға сапармен келген Литва Премьер-министрі А.Шлежявичуспен кездесті.

17 қыркүйек. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматыға сапармен келген Украина Премьер-министрі В.Масолмен кездесті.

21-25 қыркүйек. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Италия Республикасына ресми сапары болды. Сапар барысында Президент Н.Ә. Назарбаев Италия Премьер-министрі С. Берлусконимен кездесті.

25-28 қыркүйек. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Сауд Арабиясына ресми сапармен барды. Н.Ә. Назарбаев Король Фахд Бин Абдель Азизбен, Тақ мұрагері Абдалла бин Абдель Азизбен, Қорғаныс және авиация министрі Принц Султан бин Абдель Азизбен кездесті.

16-17 қазан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Түркияға ресми сапар жасады.

1 желтоқсан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ресми сапармен келген Монғолия Президенті П.Жасрайды қабылдады.

4-8 желтоқсан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Венгрия Республикасына ресми сапармен барды. Н.Ә. Назарбаев Будапеште ЕҚЫҰ-ның қатысушы мемлекеттері және үкімет басшыларының жұмысына қатысты.

5 желтоқсан. Будапеште Ұлыбритания, Ресей және АҚШ басшылары Қазақстан Республикасына қауіпсіздік кепілдігін беру туралы меморандумға қол қойды. ҚР Президенті Лиссабондық хаттамаға қол қойды.

18 желтоқсан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматыға келген Латвия Президенті Гунтис Улманиспен кездесті.
Тәуелсіз Қазақстан шежіресі: 1995 жыл

20 қаңтар. Мәскеуде ҚР Президенті Н. Назарбаев пен РФ Президенті Б.Н. Ельциннің арасында келіссөздер өтті. Келіссөздерден кейін қазақстан-ресей ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету туралы декларацияға, Қазақстанда тұрақты тұрып жатқан Ресей Федерациясы азаматтарының және Ресей Федерациясында тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық мәртебесі туралы ҚР мен РФ арасындағы келісімге, сонымен қатар Ресейге тұрақты тұру үшін көшіп барған Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстанға тұрақты тұруға көшіп барған Ресей Федерациясы азаматтарының азаматтық алу тәртібін жеңілдету туралы ҚР және және РФ арасындағы келісімге қол қойылды.

23-24 қаңтар. ҚР Президенті Н. Назарбаев Брюссельге сапар шекті. Сапар барысында Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Брюссельде Президент Н. Назарбаев НАТО-ның Бас хатшысы В. Класспен кездесті.

24 қаңтар. Қазақстан Республикасының Бенилюкс елдеріндегі Елшілігінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

25-26 қаңтар. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевтың АҚШ-қа бірінші ресми сапары болды. Ол Вашингтонда АҚШ Вице-перзиденті А. Гормен, Президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Э. Лейкпен, мемлекеттік хатшының бірінші орынбасары Тарнофф, Қорғаныс министрі У. Перримен, Энергетика министрі О. Лиримен, АҚШ-тың ЖТМ жөніндегі саясатының аға үйлестірушісі Дж. Коллинзбен, ЮСИА директоры Дж. Даффимен, ЮСАИД басшысының орынбасары К. Ланкастермен кездесті. Сонымен қатар, Конгресстегі республикалық көпшілік өкілдерімен - сенаторлар М. Мак Конел және Р. Лугармен, ОПИК президенті Р. Харкинмен кездесті.

27-31 қаңтар. Президент Н. Назарбаев Давостағы (Швейцария) Дүние-жүзілік экономикалық форумның жұмысына қатысты. Мемлекет басшысы жиналғандардың назарына республикадағы мұнай кен орындарын бірлесіп игеру жобаларын табыс етті. Президент республиканың табиғи ресурстарға және жоғары білікті мамандарға ие бола отырып, энергоресурстарды Батыс пен Шығысқа жөнелту мәселелерін қарастырып жатқанын атап өтті.

8 ақпан. Қытай, ядролык клубтың мүшесі бола отыра, Қазақстанға қауіпсіздік кепілін берді.

3 наурыз. ҚР Президенті Н. Назарбаев Арал теңізін сақтау мәселелері бойынша Орталық Азия мемлекеттер басшыларының кеңесіне қатысу үшін Түрікменстанға сапар шекті.

4 желтоқсан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан Республика-сының Швейцария конфедерациясындағы Елшілігін ашу туралы» және «Женева қаласындағы БҰҰ бөлімшесі мен халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Өкілдігін ашу туралы» жарлықтары шықты.

5 желтоқсан. Қазақстан Республикасы мен Еуропа Одағы арасында сауда туралы келісімге қол қойылды.

12 желтоқсан. Конакриде (Гвинея) өткен ИКҰ мүше елдер сыртқы істер министрлерінің конференциясында Қазақстан Ислам конференциясы ұйымына кірді.

15 желтоқсан. Жамбылда Президенттер Н.Ә. Назарбаевтың, А.А. Ақаев-тың, И.А. Кәрімовтің қатысуымен Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының Мемлекетаралық Кеңесінің отырысы өтті. Отырыс соңында Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан арасында БҰҰ қамқоршылығымен Үш елдің бітімгершілік батальонын құру және қалыптастыру туралы келісімге қол қойылды.

26-27 желтоқсан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Израиль Мемлеке-тіне бірінші ресми сапары болды. Ол Израиль Президенті Э. Вейцманмен, Кнессет Төрағасы Ш. Вайспен, Премьер-министрі Ш.Переспен, Сыртқы істер министрі Э.Баракпен кездесіп, екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

27 желтоқсан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Палестинаға сапар шекті. Ол сапар барысында Палестина басшысы Я. Арафатпен кездесті.


Тәуелсіз Қазақстан шежіресі: 1996 жыл

17-18 қантар. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Баларусь Республикасына ресми сапар шекті.

19 ақпан. ҚР Сыртқы істер министрінің бұйрығымен ҚР Сыртқы істер министрлігінің алқасы құрылды. ҚР СІМ Алқасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы кеңестік орган болып табылады.

21 ақпан. Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Е.Примаков Қазақстанға сапармен келді. Ол ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевпен және Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевпен кездесті. Әңгіме барысында олар екі жақты ынтымақтастық, ТМД шеңберіндегі интеграциялық процесстерді және бір қатар халықаралық мәселелерді талқылады.

26 сәуір. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қытайға ресми сапармен барды. Қазақстан, Қырғызстан, ҚХР, Ресей және Тәжікстан басшылары Шекара аймағындағы әскери салалада сенімділікті нығайту туралы келісімге (Шанхайлық келісім) қол қойды.

27 сәуір. Алматыда Қазақстан Республикасының және Ресей Федерация-сының Президенттері Каспий бойынша Бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Құжатта Каспийдегі мұнайгаз кен орындарын игеру құқығы Қазақстанға берілген, ал Ресей бұл салада барынша жәрдемдеседі деп белгіленген.

11 мамыр. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Иран Ислам Республикасына ресми сапармен барды. Президенттер Каспий теңізі бойынша бірлескен мәлімдеме қабылдады.

25-29 мамыр. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Малайзияға ресми сапар шекті. Ол Малайзияның Жоғарғы басқарушысы Туанку Джафар Абдул Рахманмен және елдің Премьер-министрі Махатхир Мохамадпен кездесті.

13-15 маусым. ҚР Басшылығының шақыруы бойынша Ислам Даму Банкінің (ИДБ) президенті Ахмед Мухамед Али бастаған ИДБ-нің делегация-сы ресми сапармен келді.

24 маусым. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев БҰҰ Бас хатшысы Бутрос Галимен кездесті.

4-6 шілде. Қытай Халық Республикасының Төрағасы Цзян Цзэмин Қазақстанға алғашқы рет ресми сапармен келді. Ел басшылары бірлескен декларация қабылдады. Президенттер екі жақты ынтымақтастықты нығайту ниетін білдірді.

6 шілде. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматыға жұмыс сапарымен келген Қырғызстан Президенті А. Ақаевпен, Өзбекстан Президенті И.Кәрімовпен кездесті.

18-20 шілде. Қазақстанға Малайзияның Премьер-министрі Махатхир Мохамадтың ресми сапары болды.

23 тамыз. Алматыда Орта Азия Одағына қатысушы мемлекеттер басшыларының кездесуі болды. Кездесу барысында 1996-1998 жылдарға арналған Біртұтас экономикалық кеңістік құру бойынша іс-шара бағдар-ламасы бекітілді, қатысушы-мемлекеттер шекаралық аумақтарында арнайы экономикалық аймақ құру туралы шешім қабылданды.

10 қыркүйек. ҚР Үкіметі қаулысымен ҚР Сыртқы істер министрлігінің Жоғарғы дипломатиялық мектебі (Диломатиялық Академия) құрылды.

21 қазан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев түркі тілдес мемлекет басшыларының кездесуіне қатысу үшін Ташкентке сапармен барды.

28-30 қазан. Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Сардар Фарук Ахмед Хан Легаридің Қазақстанға алғашқы сапары өтті.

8 қараша. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматыға келген Жоғарғы Ханзада Уэльс Чарльзді қабылдады.

11-12 қараша. Түрікменстанда Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі жағалаудағы бес мемлекеттің сыртқы істер министрлерінің бірінші кеңесі өтті.

9-11 желтоқсан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ресми сапармен Үндіс-танға барды. Сапар барысында ол Үндістан Президенті Ш.Д. Шармамен, Вице-президенті К.Р. Нарайананмен Премьер-министр Х.Д. Деве Говдамен және Сыртқы істер министрі И.К. Гуджаралмен кездесті. Кездесу соңынан екі жақты бірқатар құжаттарға қол қойылды.

12-14 желтоқсан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Австралияға алғашқы ресми сапары орын алды. Сапар барысында Австралияның Генерал-губернаторы У.Хэйденмен және Премьер-министрі Дж.Хауардпен кездесті.
Тәуелсіз Қазақстан шежіресі: 1997 жыл

9-11 қаңтар. Бішкекте Қазақстан, Өзбекстан және Қырғыстан басшы-лары үш елдің Мемлекетаралық Кеңесі шеңберінде кездесті. Кездесу соңы-нан Үш елдің арасындаға мәңгілік достық туралы келісім шартқа қол қойылды.

14 қаңтар. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Экономикалық Ынтымақ-тастық Ұйымының (ЭЫҰ) Бас хатшысы О.Озарды қабылдады. Кездесу барысында құрылыс және телекоммуникациялық жүйелер мен көліктік қатынастарды жетілдіру салаларында Қазақстан мен ЭЫҰ-ның ынтымақ-тастығы мәселелері талқыланды.

30 қантар - 3 ақпан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Дүниежүзілік экономикалық форумның жұмысына қатысу үшін Давосқа (Швейцария) сапар шекті.

21-22 ақпан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев жұмыс сапарымен Қытай Халық Рсепубликасына барды. Сапар барысында Н.Ә. Назарбаев ҚХР Төрағасы Цзян Цзэминмен экономика, саяси және гуманитарлық салалардағы бірқатар мәселелерді талқылады.

27-28 ақпан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Түркменстан Президенті С.Н. Ниязовпен кездесті.

28 ақпан. Алматыда Арал теңізі мәселелеріне арналған ортаазия мемле-кет басшыларының саммиті өтті. Әнгіме Аралды қорғау халықаралық қоры төңігерінде өтті. Бес мемлекет басшысы Алматы декларациясына қол қойды.

7 наурыз. Қазақстанға Литва Республикасының Президенті А. Бразаус-кастың ресми сапары болды.

27-28 наурыз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Мәскеуде ТМД қатысушы мемлекет басшыларының саммитіне қатысты.

8-9 сәуір. Қазақстанға Қырғызстан Республикасының Президенті А. Акаевтің сапармен келді.

24 сәуір. Мәскеуде Ресей, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан басшылары кездесіп, Шекара аймағындағы қарулы күштерді қысқарту туралы келісімге қол қойды.

5-6 мамыр. Қазақстанға Италия Республикасының Президенті Оскар Луиджи Скальфароның ресми сапары болды.

10 мамыр. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматыға келген ГФР Федералдық Канцлері Г. Кольмен кездесті.

2 маусым. Қазақстанға Өзбекстан Республикасының Президенті И.А. Кәрімов ресми сапармен келді.

10 маусым. Қазақстанға ресми сапармен Әзербайжан Республикасының Президенті Г.Алиев келді.

23-26 маусым. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Нью-Йоркте өткен экология және орнықты даму жөніндегі БҰҰ Бас Ассамблеясының ХІХ арнайы сессиясына қатысу үшін АҚШ-қа аттанды.

24-25 шілде. Қырғызстанда Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның Мемлекетаралық Кеңесінің отырысы өтті. Тараптар БҰҰ қамқоршылығын-дағы Ортаазиялық батальонның әскери қызметкерлерінің мәртебесі туралы келісімге қол қойды.

4 тамыз. Қазақстан-қытай шекарасында Достық станциясы маңындағы бірінші шекара белгісінің ресми ашылуы өтті.

31 тамыз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Кувейт мемлекетіне ресми сапар шекті. Сапар барысында Кувейт Әмірі шейх Жабер Аль Ахмад Аль-Жабер Ас-Сабахпен, Кувейттің Сыртқы істер министрі шейх Саби Аль-Ахмад Аль-Жабер Ас-Сабахпен кездесіп, бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойды.

1-2 қыркүйек. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Бахрейнге ресми сапары орын алды. Н.Ә.Назарбаев Бахрейннің Әмірі шейх Иса бен Сальман Аль-Халифпен кездесті.

2-4 қыркүйек. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Оман Сұлтанатына ресми сапар шекті. Ол Оман Сұлтаны Кабуспен кездесіп, бірқатар құжаттарға қол қойды.

9-11 қыркүйек. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Түрік Республикасының Премьер-министрі Месут Йылмызбен кездесті.

16-18 қыркүйек. Қазақстанға Италияның Премьер-министрі Роман Проди сапармен келді. Ол Президент Н.Ә. Назарбаевпен кездесіп, ҚР Премьер министрімен келіссөздер жүргізді.

23 қыркүйек. Қазақстанға ресми сапармен Беларусь Республикасының Президенті А. Лукашенко келді.

24-26 қыркүйек. Қазақстанға ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Пэн келді. Тараптар Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республи-касы арасындағы қазақстан-қытай мемлекеттік шекара туралы қосымша келісімге, мұнай және газ саласындағы ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасын-дағы келісімге, Кен орындарын игеру және мұнай құбырлары жобалары туралы Бас келісімге қол қойылды.

14-15 қыркүйек. Қазақстанға ресми сапармен Украина Президенті Л.Кучма келді.

27 қазан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Испания Үкіметінің Төрағасы Хосе Мариа Азнарды қабылдады.

3 қараша. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Венгрия Республикасының Президенті Арпад Генцпен кездесті.

11 қараша. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Грузия Президенті Э.А. Шеварднадземен кездесті.

12 қараша. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының «Дипломатиялық қызметі туралы» Заңға қол қойды.

17-23 қараша. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен барды. Сапар барысында ол АҚШ Президенті Б. Клинтонмен, АҚШ Вице-Президенті А. Гормен, Президент Әкімшілігі өкілдерімен кездесті. Сапар соңынан ҚР мен АҚШ арасындағы экономика-лық серіктестік жөніндегі іс-қимыл бағдарламасына және бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылды.

24-26 қараша. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары өтті. Н.Ә. Назарбаев сапар барысында Германияның Федеративтік Президенті Р. Херцогпен, Канцлер Г. Кольмен, Сыртқы істер министрі К. Кинкелмен кездесті.

27-28 қараша. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Польша Республикасына ресми сапармен барды. Сапар барысында ол Польша Президенті А. Квась-невскимен кездесті.
Тәуелсіз Қазақстан шежіресі: 1998 жыл

30 қантар – 2 ақпан. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Давоста (Швейцария) өткен Дүниежүзілік экономикалық форумның жұмысына қатысты. Н.Ә. Назарбаев онда Каспий теңізінің көмірсутегі шикізатын игеру және тасымалдау мәселелері жөніндегі баяндама жасады.

13 ақпан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматыда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Испания королі Хуан Карлос І кездесті.

12 наурыз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Монғолияның Президенті Н.Багабандимен кездесті.

26 наурыз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Ташкентте өткен Орта Азия мемлекет басшылары саммитіне қатысты. Кездесу нәтижесінде Орта Азия экономикасына арналған арнайы бағдарлама туралы Ташкенттік декларация (СПЕКА) қабылданды.

9-10 сәуір. ҚР Президенті Ресейге жұмыс сапарымен барды. Ресей Президенті Б. Ельцинмен кездесу барысында тараптар Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары және Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі мәселелерін талқылады.

15 сәуір. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Бельгия Премьер-Министрі Ж.Л. Деанмен кездесті.

28-29 сәуір. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «4+N» саммитіне және ТМД мемлекет басшылары Кеңесінің отырысына қатысты. Н.Ә. Назарбаевтың «Қарапайым адамдарға қарай қарапайым он қадам» бағдарламасы талқыланып, қабылданды.

10-11 мамыр. Алматыда Экономикалық ынтымақтастық ұйымының V саммиті өтті. Саммит барысында аймақтағы көлік және коммуникация, ауыл шаруашылығы, экология және қоршаған ортаны қорғау салаларында ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Ұйымның Алматы Декларациясы қабылданды.

23 мамыр. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ресми сапармен Қатарға барды. Сапар барысында Қатар шейхі Хамад бен Халифа Аль Танимен кездесті.

24 мамыр. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды. Ол БАӘ Президенті шейх Заид бен Султан Аль-Нахаянмен кездесті.

9 маусым. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Астанада өткен түркітілдес мемлекет басшыларының саммитіне қатысты.

14-15 маусым. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Түрік Республикасына ресми сапармен барды. Сапар барысында Н.Ә. Назарбаев Түркия Президенті С. Демирельмен, Түркия Премьер-Министрі М. Йылмазбен кездесті.

3 шілде. Астанада Шанхай және Мәскеу келісіміне қатысушы бес мемлекет басшыларының кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар Шекара аймағындағы әскери саладағы сенімділікті нығайту туралы Шанхай және Шекара аймағындағы қарулы күштерді азайту туралы Мәскеу келісімдерінің орындалу барысын талқылады.

4 шілде. Астанада ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Цзянь Цзэминь қазақстан-қытай шекарасы туралы қосымша келісім шартқа қол қойды.

6 шілде. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Ресейге жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Н.Ә. Назарбаев Ресей Президенті Б. Ельцинмен және Премьер-Министр С. Кириенкомен кездесті.

20 қыркүйек. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ресми сапармен Румынияға барды. Сапар барысында Н.Ә. Назарбаев Румыния Президенті Э. Константи-нескумен кездесті.

22 қыркүйек. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Италияға ресми сапармен барды. Сапар барысында Италия Президенті О.Л. Скальфаромен және Министрлер Кеңесінің Төрағасы Р. Продимен кездесті.

28 қыркүйек. ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблея-сының 53-ші сессиясында сөз сөйледі. Қ. Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы К. Аннанмен, АҚШ Президентінің Каспий теңізінің энергоресурстарын игеру жөніндегі Кеңесшісі Р. Морнингстармен, Әзербайжанның Сыртқы істер министрі Т. Зулфугаровпен, Вьетнамның – Нгуен Манх Каммен, Иранның – К. Харразимен, Кипрдің – И. Касулидеспен, Кувейттің – С. Ас-Сабахпен, Сингапурдың – С. Жаякумармен, Филиппиннің – Л. Сиазанмен, Ауғанстан-ның Сыртқы істер вице-министрі – А. Абдулламен, Үндістанның Мемлекет-тік министрі – В. Раджемен кездесті.

12 қазан. Алматыға ресми сапармен Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельцин келді. Ол Н.Ә. Назарбаевпен кездесіп екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, бірқатар құжаттарға қол қойды.

29 қазан. Анкарада Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев, Әзербайжан - Г. Алиев, Грузия – Э. Шеварнадзе, Өзбекстан – И. Кәрімов, Түркия – С. Демирель Каспийлік және Орта-азиялық мұнайды әлемдік нарыққа «Восток-Запад» дәлізі арқылы тасымалдау туралы декларацияға қол қойды.

30 қазан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Өзбекстанға ресми сапармен барды. Сапар барысында Өзбекстан Президентімен кездесіп, бірқатар құжаттарға қол қойды.

16 қараша. БҰҰ Бас Ассамблеясының 53 сессиясында «Қазақстандағы Семей ядролық сынақ алаңы маңындағы тұрғындарға жәрдемдесу және экономикалық даму мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық» қарары қабылданды.

2 желтоқсан. Ослода өткен ЕҚЫҰ қатысушы-мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің кеңесі барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЕҚҰЫ арасында Алматыда ЕҚЫҰ Орталығын ашу туралы меморандумға және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЕҚЫҰ-ның Демократия және адам құқығы жөніндегі бюросы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

22 желтоқсан. Қазақстанға Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Е. Примаков ресми сапармен келді. Келіссөз барысында Атырау-Самара мұнай құбырын қайта құру туралы шешім қабылданды.
Тәуелсіз Қазақстан шежіресі: 1999 жыл

10 қаңтар. Қазақстан Республикасының Президенті болып 81,71 % дауыс алған Н.Ә.Назарбаев қайта сайланды.

28 қаңтар. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Давостағы Дүниежізілік экономикалық форумның жұмысына қатысты.

26 ақпан. Мәскеуде Кедендік Одаққа мүше мемлекет басшыларының кездесуі өтті. Кездесу нәтижесінде Кедендік Одақ және Біріккен экономика-лық кеңістік туралы келісім шаттарға қол қойылды.

2 сәуір. Мәскеуде ТМД мемлекет басшыларының кеңесі өтті, оған 12 ел басшысы қатысты. Отырыс барысында Ұжымдық Қауіпсіздік келісімін ұзарту (Өзбекстан, Әзербайжан, Грузиядан басқа) туралы хаттамаға, ТМД даму бағыттары туралы декларацияға, 1994 жылғы 15 сәуірде қабылданған Еркін сауда аймағын құру туралы Келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға, ТМД органдарының құрылымын реформалау және жетілдіру туралы шешімге қол қойылды.

8 сәуір. Ашхабадта Орта азия мемлекеттер басшыларының отырысы өтті. Оған Н. Назарбаев, А. Акаев, И. Каримов, Э. Рахмонов, С. Ниязов қатысты. Саммит нәтижесі бойынша Аралды құтқару Халықаралық қорының ережесі бекітілді.

16 сәуір. Алматыға жұмыс сапарымен Палестина Мемлекетінің Президенті Я. Арафат келді.

19 сәуір. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Астанаға ресми сапармен келген Чех Республикасының Премьер-министрі М. Земанды қабылдады.

21 сәуір. ҚР Президенті Н.Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қатар мемлекетінің Әмірі шейх Хамад бен Халифа Аль Танимен кездесті.

23 сәуір. НАТО-ның саммитіне қатысу үшін Н. Назарбаев Вашингтонға сапар шекті.

21 мамыр. Бакуде Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына қатысушы мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің мәжілісі өтті. Қазақстандық делегацияны Премьер-министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаев бастады.

4 маусым. Минскіде өткен ТМД мемлекеттері Үкімет басшыларының кеңесі өтті.

17 маусым. Бішкекте ОАЭҚ-ға қатысушы мемлекеттер премьер-министрлерінің кеңесі өтті. Оның барысында 1999 жылға арналған ОАЭҚ Мемлекетаралық Атқарушы комитетінің шығыс сметасы, Ортаазиялық ынтымақтастық және даму банкі қаржыландыратын инвестициялық жобалар тізімі бекітілді.

24 маусым. Бішкекте Қазақстан, Қырғыстан, Тәжікстан және Өзбекстан-ның мемлекетаралық Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

6 шілде. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Түрік Республикасының Президенті С. Демирельмен кездесті. Кездесу барысында екі жақты мәселелер талқыланды.

14 шілде. Астанаға ресми сапармен Молдова Президенті Петр Лучинский келді. Ол сапар барысында ҚР Президенті Н. Назарбаевпен кездесіп, бірқатар құжаттарға қол қойды.

24 тамыз. Бішкекте «Шанхай бестігі» мемлекет басшыларының саммиті өтті.

2 қыркүйек. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Астанаға ресми сапармен келген Армения Президенті Р. Кочерянмен кездесті. Сапар нәтижесінде экономикалық ынтымақтастық жөніндегі біріккен комиссия құру туралы келісімге қол қойылды.

14 қыркүйек. Алматыда Азиядағы Өзара ықпалдастық және сенiм шаралары жөнiндегi кеңеске қатысушы мемлекеттер сыртқы істер министр-лерінің бірінші кездесуі өтті. Кездесу барысында қатысушы мемлекеттердің өзара қатынасын айқындайтын принциптер туралы декларацияға қол қойылды.

15 қыркүйек. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Болгарияға бірінші мемлекеттік сапары болып өтті. Сапар барысында Н. Назарбаев Болгария Президенті П. Стояновпен кездесіп, бірқатар құжаттарға қол қойды.

17 қыркүйек. ҚР Президенті Н. Назарбаев Украинаға ресми сапармен барды. Сапар барысында Қазақстан мен Украина арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың ұзақ мерзімді бағдарламасы бекітілді және екі жақты қатынасты қамтитын екі келісім шартпен алты үкіметаралық келісімге қол қойылды.

23 қыркүйек. Қазақстанға Ресей Федерациясының Президенті В.Путин ресми сапармен келді.

4 қазан. ҚР Президенті Н.Назарбаев ЕҚҰЫ-ның төрағасы, Норвегия Сыртқы істер министрі К.Воллебекті қабылдады.

5 қазан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Иранға ресми сапар шекті. Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасының арасындағы өзара қарым-қатынас туралы декларацияға, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы, азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы, терроризм және ұйымдасқан қылмыстармен күресіде ынтымақтастық туралы келісім шарттарға және сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы қазақстан-иран үкімет аралық 5 хаттамаға қол қойды.

8 қазан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев АҚШ Президентінің Каспий аймағындағы энергетикалық мәселелер жөніндегі арнайы кеңесшісін қабылдады.

23 қазан. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Прагада Чехия Президенті В.Гавелмен кездесіп, В. Гавелді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

29 қазан. Қазақстан Республикасына Польша Президенті А. Квасьневс-кидің алғашқы ресми сапары басталды.

3 қараша. Қазақстанға ресми сапармен Беларусь Республикасының Президенті А. Лукашенко келді. А. Лукашенко Н. Назарбаевпен кездесіп, 1999-2008 жылдарға арналған ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастық туралы келісім шартқа және басқа да екі жақты құжаттарға қол қойды.

10 қараша. Қазақстан Республикасына ресми сапармен Румыния Президенті Эмиль Констатинеску келді.

18 қараша. ҚР Президенті Н.Назарбаев Стамбулда ЕҚЫҰ саммитінің жұмысына қатысты. Саммит барысында Жалпы еуропалық қауіпсіздік хартиясына қол қойылды. Сонымен қатар, Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия және Түрікменстан Президенттері Баку-Жейхан мұнай қыбырын қолдайтын Стамбул декларациясына қол қойды.

22 қараша. Астанада «Қазақстан-Еуропалық Кеңес» ынтымақтастық комитетінің бірінші отырысы өтті.

22 қараша. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Монғолияға ресми сапармен барды.

23 қараша. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды.

6 желтоқсан. Президент Н. Назарбаевтың Жапон сапары болды. Н. Назарбаев Жапон Премьер-Министрі К.Обучимен кездесті. Келіссөздерден кейін Н.Назарбаев пен К. Обучи достық, серіктестік және ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды – Қазақстан мен Жапонияның XXI ғасырда стратегиялық серіктестік туралы құжат.

15 желтоқсан БҰҰ және ЕЫҚҰ агентстволары мен бағдарламаларының жаңа офистерінің ашылу рәсімі өтті. Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов тұсаукесерде сөз сөйлеп, гуманитарлық саладағы, білім, денсаулық сақтау, азаматтық қоғамды дамыту мәселерін шешуде БҰҰ-ның Қазақстан үшін үлкен маңызын атап өтті. Осы әмбебап халықаралық форумның арқасында дүниежүзі Қазақстан проблемаларымен, оның ішінде Семей ядролық сынақ алаңына байланысты жайттармен танысты, оларды шешу жолдары қарастырыла бастады.

16-желтоқсан НАТО-ның Брюссельдегі штаб-пәтерінде ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы Е.Ыдырысов НАТО-ның евроатлантикалық серіктестік Кеңесінің сыртқы істер министрлері мәжілісінің жұмысына қатысты.

16 желтоқсан Президент Н.Назарбаев Нью-Йоркке сапары жолында қысқа мерзімге Мадридте тоқтады.

Испанияның королі Хуан Карлос I-мен және испан үкіметінің төрағасы Х.Ансармен кездесулері болды.

17-21 желтоқсан Президент Н. Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары болды.
Тәуелсіз Қазақстан шежіресі: 2000 жыл

19 қаңтар Мемлекет басшының Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары кезінде Н.Назарбаев шейх Зайед бин Султан аль-Нахаянмен кездесті. Екі мемлекет басшылары халықаралық және аймақтық саясатқа байланысты кең көлемді мәселер тізбегін қарастырды.

21 қаңтар Қызғыз республикасының Премьер-министрі А. Муралиев Қазақстанға жұмыс сапарымен келді. Мейман Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қ.К.Тоқаевтың қабылдауында болды.

25 қаңтар Президент Н.Назарбаев ТМД мемлекет басшыларының саммитіне қатысты. Шара шеңберінде Н. Назарбаев және Өзбек басшысы И. Каримов халықаралық лаңкестікке қарсы күресте күштерді біріктіру қажеттілігі, біртұтас үйлестіруші орталықтың құрылуы туралы ұсыныс жасады.

27 қаңтар ҚР Премьер-Министрі Қ.К.Тоқаев Давостағы XXX-шы мерейтой экономикалық форумына қатысып, «Кавказ бен Орталық Азияға көзқарас» баяндамасын жасады.

3 наурыз ҚР Перзиденті Израиль мемлекетіне ресми сапармен келді. Сапар шеңберінде Н.Назарбаев Израиль Премьер-министрімен келіссөз жүргізді.

10 наурыз Қазақстанға ресми сапармен Украинаның Премьер-министрі В. Ющенко келді. Мейман Перзидент Н. Назарбаев пен Премьер-министр Қ.К. Тоқаевтың қабылдауында болды.

29 наурыз Қазақстанның бастамасымен Астанада Шанхай бестігі мемлекеттерінің қорғаныс министрлерінің кездесуі болды, онда әскери ведомстволар басшылары Шанхай және Мәскеу келісімдерінің жүзеге асырылу сипатын, сонымен бірге аймақтағы жағдайды талқылады. Халықаралық лаңкестік, контрабанда және есірткі заттарына бірлесіп қарсы тұру және өзара қимылды тереңдету бойынша шаралардың бірлескен Жоспарын дамыту туралы шешім қабылданды.

7 сәуір ҚР Президентінің Әзербайжанға ресми сапары. Перзидент Н.Назарбаевтың Президент Гейдар Алиевпен кездесті, оның барысында екі жақты ынтымақтастық келешегі талқыланып, Каспий теніңізінің мәртебесіне қатысты ұстанымдардың ұқсастығы айтылды.

8 сәуір Бакуде түркі тілдес мемлекеттердің - Әзербайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Түркия Республикасы - IV саммиті өтті. Достық және өзара пайдалы ынтымақтастықты тереңдету туралы келісімге қол жеткізілді.

15 сәуір Қазақстанға жұмыс сапарымен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Мадлен Олбрайт келді. ҚР Президентімен кездесу барысында демократия-ның дамуы, экономикалық, атап айтқанда энергетикалық саладағы ынтымақ-тастық сияқты кең көлемді мәселелер бойынша екі жақты қатынастарды күшейту жолдары талқыланды. Қазақстан Перзиденті Каспий энергетикалық ресурстарды экспорттау үшін құбыр жолдарының көп вариантты бағыттар саясатын растады.

20 сәуір ҚР Президентінің Өзбекстанға жұмыс сапары. Н.Назарбаев пен Президент И.Каримовтің кездесуі барысында екі жақты сауда-экономикалық байланыс мәселелері талқыланды.

20 сәуір Ташкентте Президенттер Н. Назарбаев, Э. Рахмонов, А. Акаев және И. Каримов лаңкестік, саяси және діни экстремизм, трнасұлттық ұйымдасқан қылмыс және де тұрақтылық пен қауіпсіздіктің басқа да қауіптерімен күресуде бірлескен қимылдар туралы Шартқа қол қойды.

26 сәуір Давос қамқорлығымен Алматыда Еуразиялық экономикалық форум ашылды. Мемлекеттер басшылары еуразиялық аймақ дамуының мәселелерін, оның мүмкіндіктері мен қиындықтарын, инвесторларға тартымдылық және әлемдік аренадағы рөлі талқыланды. Бұл шарада әлемнің 37 елінен 500-дей саяси көшбасшы, алдыңғы қатарлы кәсіпкер және халықаралық сарапшылар қатысты.

27 сәуір Алматыда Орталық Азия мемлекеттірінің экономикалалары үшін арнайы БҰҰ Бағдарламасының (СПЕКА) тұсаукесері болды. Шараның басты мақсаты – Орталық Азия мемлекеттерінің Еуропа мен Азия экономикаларына интеграциясы және экономикалық дамуы қарқындарын жылдамдату үшін мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты күшейту.

10-11 мамыр Қазақстанға мемлекеттік сапармен Литва Республика-сының Президенті В. Адамкус келді. Мейман мемелекет басшысы Н.Назарбаевтың қабылдауында болды.

23 мамыр Минскіде Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы мемлекет басшыларының саммиті өтті. Онда Кеден одағының қатысушы мемлекеттер басшылары интеграциялық үрдістердің одан әрі дамуының негізгі бағыттары белгіленді.

13 маусым ҚР Президентінің Тәжікстан республикасына ресми сапары болды. Екі мемлекет басшылары екі жақты ынтымақтастық, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

19 маусым ҚР Президентінің Ресейге ресми сапары шеңберінде Н.А. Назарбаетың В.В. Путинмен кездесуі болды. Мемлекет басшылары Қа-зақстан Респуликасы және Ресей федерациясы арасында «Байқоңыр» кешені-нің қыметін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы бірлескен мәлімдемеге және меморандумға қол қойды.

26 маусым ҚР Президенті жұмыс сапарымен Бельгия және Брюссельдегі Еуропалық комиссияның штаб-пәтерінде болды. Елбасы ЕК президенті Р.Продимен кездесті.

27 маусым ҚР Президентінің Францияға ресми сапары. Француз басшысымен кездесу барысында екі жақты ынтымақтастық, сонымен қатар халықаралық және аймақтық мәселелердің кең көлемі талқыланды.

4 шілде ҚР Президенті Астанада НАТО-ның Бас хатшысы лорд Дж.Робертсонмен кездесті. Келіссөздерде ҚР мен НАТО арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту «Бейбітшілік үшін серіктестік» Бағдарламасын іске асыру жайттары қарастырылды.

5 шілде Душанбеде «Шанхай бестігі» қатысушы мемлекеттер басшы-ларының бесінші саммиті өтті. Форум жұмысына алғашқы рет Тәжікстан Президенті Э. Рахмоновтың шақыруымен Өзбекстан Президенті И. Каримов қатысты. Қабылданған Душанбе Декларациясында тараптардың «Шанхай бестігін» әртүрлі салалардағы көп жақты ынтымақтастықтың аймақтық кұрылымына айналдыру талпынысы расталды.

18 тамыз ҚР Президенті ТМД мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне Ялтаға келді. Саммит қатысушылары Орталық Азиядағы және Тәжікстанның таулы шекараларындағы жағдайды талқылады.

4 қыркүйек ҚР Президенті Лондонға сапар жасап, Еуропалық қайта құру және даму банкінің Президенті Ж. Лемьермен, BAE Systems аэроғарыш компаниясының директоры Дж. Вестонмен және Ұлыбританияның экс-премьері М.Тэтчермен кездесті.

6 қыркүйек Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 55-ші сессиясы шеңберінде мыңжылдық саммиті ашылып, Елбасы «Қауіпсіздік және ынтымақтастық – ғаламдық және аймақтық аспектілер» баядамасын жасады.

9 қазан Қазақстанға алғашқы ресми сапармен Ресей Федерациясының Президенті В.Путин келді.

10 қазан Астанада Кеден одағының қатысушы мемлекеттері басшылары Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықты (ЕурАзЭҚ) құру туралы Мәлімдеме және Шартқа қол қойды.

19 қазан Қазақстанға ресми сапармен Түркия Республикасының Президенті Ахмет Неджет Сезер келді. Кездесу барысында сауда-экономи-калық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

25 қазан ҚР Президентінің Данияға ресми сапары болды. Сапар шеңберінде Елбасы Дания Королевасы Маргарет II және Дания Премьер-министрі Поль Рамусеннмен кездесті.

30 қазан ҚР Президентінің Испанияға ресми сапары болды. Сапар кезінде біздің мемлекетіміздің басшысы Испанияның Үкімет Төрағасы Хосе Мария Азнармен және іскер топтармен кездесті.

6 қараша Президент Н.Ә. Назарбаев Пәкістан Ислам Республикасы атқарушы билігінің Басшысы Первез Мушарафпен кездесті. Кездесу барысында екі мемлекет басшылары екі жақты қатынастардың және Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы (ОЭС) шеңберінде аймақтық ынтымақтастықтың маңызды аспектілерін талқылады.

12 қараша Сырқы істер министрі Е. Ыдрысов Қатарда өткен Ислам Конференциясы Ұйымының IX Саммитіне қатысты. Шара шеңберінде СВМДА-ны шақыру туралы Қазақстан Президентінің бастамасын қолдады.

15-16 қараша ҚР Президентінің Ұлыбританияға ресми сапары болды. Мемлекет басшысы Ұлыбритания Королевасы Елизавета II және Премьер-Министр Тони Блэрдің қабылдауында болды.

18 қараша ҚР Президентінің Мәскеуге жұмыс сапары болды. Н.Ә. Назарбаевтың Ресей Федерациясының Президенті В. Путинмен кездесуі болды.

27 қараша Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысов Венада өткен ОБСЕ сыртқы істер министрлері Кеңесінің сегізінші отырысының жұмысына қатысты.

1 желтоқсан Минскіде ҚР Президенті қатысқан ТМД мемелекет басшыларының саммиті өтті.
Тәуелсіз Қазақстан шежіресі: 2001 жыл

5 қаңтар. Алматыда Орталық-Азия мемлекет басшыларының Экономикалық коғамдастығының бірінші саммиті өтті. Н.Ә.Назарбаевтың Еуразиялық кеңістікті қалыптастыруға байланысты жобасы қолдау тапты.

26 қаңтар. ҚР Премьер-Министрі Қ. Тоқаев Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумның 31-ші отырысына қатысты. Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры М. Мурмен кездесу барысында Қ. Тоқаев ДСҰ-ға мүше болу Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыт екендігін жеткізді.

20 ақпан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Куала-Лумпурде Малайзия Премьер-министрі М. Мохамадпен кездесті. Кездесу барысында тараптар екі жақты ынтымақтастық және халықаралық мәселелер аясында сөз қозғады.

28 ақпан. Еуропа Парламентінің шақыруымен ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов бастаған қазақстандық делегация Брюссельге аттанды. Сапар-дың мақсаты - Семей өңіріндегі ядролық сынақтардың салдарын жою мәселелеріне Еуропа Парламентін және еуропа қауымдастығының назарын аудару.

15-16 наурыз. Қазақстанға жұмыс сапарымен Экономикалық ынтымақ-тастық ұйымының Бас хатшысы А. Гавахи келді. Қонақты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев және Премьер-министр Қ. Тоқаев қабылдады.

2 сәуір. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Норвегия Корольдігіне ресми сапар шекті. Сапар барысында ол Норвегия Королі Харольді V мен және Үкімет басшысы И. Столгенбергпен кездесті.

3 сәуір. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Литва Республикасына ресми сапар шекті. Ол Литва Президенті В. Адамкуспен, Премьер-министрі Р. Паксаспен келіссөздер жүргізді.

23-25 мамыр. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Арменияға ресми сапармен аттанды. Сапар барысында ол Армения Президенті Р.Кочарянмен келіссөздер жүргізді.

7 маусым. ҚР Премьер-министрі Қ. Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Түркияның мемлекеттік министрі А. Чайды қабылдады.

11 маусым. ҚР Премьер-министрі Қ. Тоқаев Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Бас хатшысының орынбасары С. Кондо бастаған, аталған ұйымның делегациясын қабылдады.

13 маусым. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Ж. Лемьерді қабылдады. Кездесу барысында Қазақстандағы экономикалық реформалар, Қазақстан мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

14-15 маусым. Шанхайда «Шанхай бестігі» елдерінің алтыншы саммиті өтті. Саммит барысында, Өзбекстанның мүше болуына байланысты, ұйымды «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» ретінде қайта құру туралы шешім қабылданды.

5 шілде. Қазақстанға ресми сапармен Түрікменстан Президенті С. Ниязов келді. Қонақты ел басшысы Н.Ә.Назарбаев қабылдады. Тараптар бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойды, соның ішінде қазақстан-түрікмен мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау процесі туралы келісім шартқа қол қойылды.

16 шілде. ҚР Президенті ресми сапармен Грек Республикасына барды. Сапар барысында ол Греция Президенті К.Стефанопулоспен кездесті.

18 шілде. ҚР Президенті ресми сапармен Хорватия Республикасына барды. Сапар барысында Н.Ә. Назарбаев Хорватия Президенті С.Месичпен кездесті.

24 шілде. ҚР Президенті ресми сапармен Қырғызстанға барды. Сапар барысында екі мемлекет басшылары екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

2 тамыз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Сочиде өткен ТМД мемлекет басшыларының ресми емес кездесуіне қатысты.

5 қыркүйек. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға жеке сапармен келген Испания Королі Хуан Карлос І қабылдады.

11 қыркүйек. АҚШ-та террористік актілер орын алды. Қазақстан ғаламдық қауіпсіздікке атсалысу үшін Ирактағы халықаралық коалиция күштеріне қосылды. Американдық тараптың сұрауы бойынша Иракқа инженерлік-саперлік отряд жіберілді.

14 қыркүйек. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Чжу Жунцзимен кездесті.

13-14 қыркүйек. Алматыда Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер үкіметтері басшыларының отырысы өтті.

14 қыркүйек. Н.Ә. Назарбаев Ресейдің Үкімет Төрағасы М. Касьяновпен кездесті. Кездесу барысында Каспий мұнайқұбыры консорциумы жобасын бастау және Каспий теңізінің шекарасын делимитациялау жөніндегі келіссөз процессі туралы сөз қозғалды.

22-25 қыркүйек. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың шақыруымен Рим Папасы Иоанн Павел ІІ мемлекеттік сапармен келді.

26 қыркүйек. Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Украина Президенті Л. Кучмамен кездесті.

26 қыркүйек. Н.Ә. Назарбаев АҚШ Президенті Дж.Бушпен телефон арқылы сұхбаттасты.

1 қазан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ресми сапармен Германия Федеративті Республикасына келді.

4 қазан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев қысқа мерзімді жұмыс сапарымен Түркияға барды.

14 қараша. Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Словакия Республикасының Президенті Р. Шустермен кездесті.

16 қараша. Өзбекстан Президенті И. Каримовтың Қазақстанға ресми сапары кезінде Қазақстан-өзбекстан мемлекеттік шекарасы туралы келісім шартқа қол қойды.

29 қараша. Қазақстан мен Әзербайжан арасында Каспий теңізінің бөлу туралы келісім шартқа қол қойылды.

17 желтоқсан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев жұмыс сапарымен Испанияға аттанды.

18-21 желтоқсан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев жұмыс сапарымен АҚШ-қа барды. Екі мемлекет басшысы ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестікті нығайту туралы мәлімдемеге қол қойды.

22 желтоқсан. Н.Ә. Назарбаев Лондонға сапар шекті. Сапар барысында ол көптеген мемлекеттік және қоғам қайраткерлерімен, соның ішінде Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-министрі М. Тэтчермен кездесті.


Тәуелсіз Қазақстан шежіресі: 2002 жыл

22 қаңтар. Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық экономикалық қауымдастық-тың Бас хатшысы Г. Рапотамен кездесуі барысында ЕврАзЭҚ қызметіне байланысты бірқатар стратегиялық мәселелер талқыланды.

11-14 ақпан. ҚР Президентінің Үндістанға ресми сапары. Елбасы Үндістан Республикасының Президенті Кочерил Раман Нараянмен, Премьер-министр А.Б. Ваджпаимен кездесті. Сапар шеңберінде ҚР Президенті Дели Абай атындағы көшенің ашылу салтанатына қатысты.

28 ақпан. Алматыда Орталық Азия мемлекеттерінің басшыларымен «Орталық-Азиялық ынтымақтастық» ұйымының құрылуы туралы Шартқа қол қойылды.

7 наурыз. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

7 сәуір. Алматыда Н.Ә. Назарбаевтың Дүниежүзілік Банк президенті Дж.Вулльфенсонмен кездесуі болды.

8 сәуір. Н.Ә. Назарбаев Украина Премьер-министрі А. Кинахпен кездесті.

9 сәуір. Алматыда Н.Ә. Назарбаев Экономикалық ынтымақтастық ұйымының директоры А. Гавахимен кездесті.

19 сәуір. Астанада Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанға ресми сапармен келген Хорватия президенті С. Месичпен кездесуі болды.

28 сәуір. Н.Ә. Назарбаев АҚШ Қорғаныс министрі Д. Рамсфельдті қабылдады. Екі жақ халықаралық лаңкестікке қарсы күресудегі ынтымақтас-тық мәселелерін талқылады.

13 мамыр. Мәскеуде Н.Ә. Назарбаев пен В.В. Путиннің кездесуі болды. Қазақстан мен Ресей арасында Каспий теңізінің солтүстік бөлігін бөлу турлы келісімге қол қойылды.

22-23 мамыр. ҚР Президенті ресми сапармен Словенияда болып, осы елдің Президенті М. Кучанмен кездесті.

24-25 мамыр. ҚР Президенті ресми сапармен Польшаға барды. Н.Ә. Назарбаев поляк Президенті А. Квасневскиймен кездесті. Сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

4 маусым. Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (СВМДА) бірінші саммитінің ашылуы болды.

3 қыркүйек. ҚР Президенті Оңтүстік Африка Республикасында өткен тұрақты даму бойынша БҰҰ саммитінің жұмысына қатысты.

9 қыркүйек. Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Өзбекстан Президенті И.Каримовты қабылдады.

23 қыркүйек. Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Словенияның Президенті М.Кучанды қабылдады.

5-6 қазан. Орталық-Азиялық ынтымақтастық ұйымының мемлекет басшыларының төртінші кездесуіне және Аралды құтқару халықаралық қорының отырысына қатысты.

17 қазан. Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға сапармен келген БҰҰ Бас Хатшысы К. Аннанмен кездесті. Аталған оқиға елдің саяси өмірінің көрнекті оқиғасы және Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығы дамуының маңызды кезеңі болды.

27 қараша. ҚР Президентінің Нидерланд Корольдігіне ресми сапары болды. Н.Ә. Назарбаев Королева Беатрикс және Премьер-министр Я. Петермен кездесті.

29 қараша. Брюссельде ҚР Президентінің Еурокомиссия Президенті Р. Продимен және ортақ сыртқы саясат пен қорғаныс саясатының мәселелері бойынша ЕО-ның Жоғарғы төрағасы Х. Соланамен кездесулері болды.

23 желтоқсан. Қазақстан Республикасы Президентінің Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары болды. Келіссөздер нәтижесінде Н.Ә. Назарбаев пен Цзян Цзэминь бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойды, оның ішінде Қытай мен Қазақстан арасындағы достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шарт.

27 желтоқсан. Астанада «Орталық Азия Ынтымақтастық» ұйымының қатысушы мемлекеттері басшыларының төртінші кездесуі болды.

Тәуелсіз Қазақстан шежіресі: 2003 жыл

20 қаңтар ҚР Президенті ресми сапармен Швейцария Конфедерация-сына келді. Швейцария Конфедерациясының Федералды Президенті П. Кушпенмен кездесіп, екі жақты мәселелер талқыланды.

23 қаңтар Н.Ә. Назарбаев Давостағы 33-ші Дүниежүзілік экономикалық форумның жұмысына қатысты.

4 ақпан ҚР Президенті ресми сапармен Италия Республикасына барды. Н.Ә. Назарбаев Италия Президенті Карло Адзелио Чампи және Италия министрлер Кеңесінің төрағасы С. Берлусконимен келіссөздер өткізді.

6 ақпан Ватиканда ҚР Президенті Папа Иоанн Павел II-мен кездесті. Аудиенция барысында екі жақ бүкіл дүниежүзілік діндер мен конфессиялар басшылары құрылтайының шақырылуы айтылды.

22-23 ақпан Н.Ә. Назарбаев Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина-ның төртжақты кездесуіне қатысты.

14 наурыз Н.Ә. Назарбаев ЕурАзЭҚ Бас хатшысы Г. Рапотамен кездесті.

23 сәуір ҚР Президенті Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас Хатшысы Франческо Франжиалиді қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мен дүниежүзінде туристік бизнестің жағдайы талқыланды.

6 мамыр Н.Ә. Назарбаев Дүниежүзілік Ислам Лигасының Бас Хатшысы доктор Абдалла Бен Абдельмухсин Аль-Түркимен кездесті. Екі жақ Қазақстанда Әлемдік діндердің құрылтайын өткізу мәселесін талқылады.

17 мамыр Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ватиканның мемлекеттік хатшысы кардинал Анджело Соданоны қабылдады. Ватикан мемелекеттік хатшысы Елбасына Папа Иоанн Павел II-нің сәлемін жеткізді.

22 мамыр ҚР Президентінің Түрік мемлекеті басшысының шақыруымен Түркияға ресми сапары болды. Сапар нәтижесінде бірқатар екі жақты келісімдерге қол қойылды.

28 мамыр ҚР Президенті Мәскеуде өткен ШЫҰ мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысты.

30 мамыр Н.Ә. Назарбаев Иракқа соғыстан кейінгі қайта құру үшін қазақстандық бейбітшілік әскерді жіберу туралы мәселені қарастыру өтінішін Парламентке жоладады.

3 маусым Астанада ҚР Президенті Қазақстанға ресми сапармен келген ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаомен кездесті. Келіссөздер нәтижесінде 2003-2008 жж. Қазақстан-қытай ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.

13 маусым ҚР Президентінің Қазақстан Республикасының Гонконгтегі консульствосының ашылуы туралы Жарлыққа қол қойылды.

23-27 маусым ҚР Президентінің Канадаға ресми сапары болды. Н.Ә. Назарбаев генерал-губернатор, елдің Жоғарғы Бас қолбасшысы Эдреан Кларксон ханыммен және Канаданың Пермьер-министрі Жан Кретьенмен кездесті.

28 маусым ҚР Президентінің Францияға қысқа мерзімді жұмыс сапары болды. Президент Н.Ә. Назарбаевтың Президент Ж. Ширакпен келіссөздері болды.

5 шілде. Алматыда Орталық-Азиялық Ынтымақтастық ұйымының «ОЦАС» саммиті өтті.

9 қыркүйек Қазақстанға ресми сапармен Румыния президенті Ион Илиеску келді.

23 қыркүйек Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндердің бірінші Құрылтайының ашылу салтанаты болды.

24 қазан Алматыда Н.Ә. Назарбаев Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының директоры Йонг Вук Лимен кездесті.

6 қараша ҚР Президентінің Сингапурге мемлекеттік сапары болды. Оның барысында Сингапур президенті Селлапан Рама Натан және Премьер-министр Го Чок Тонгпен кездесулері орын алды.

11-12 қараша ҚР Президентінің Филиппинге мемлекеттік сапары болды.

13 қараша Н.Ә. Назарбаев Кореяға ресми сапарының шеңберінде осы елдің Президенті Но Му Хенмен кездесті.

8 желтоқсан Н.Ә. Назарбаев екі күндік ресми сапармен Пәкістан Ислам Республикасына барды.

22 желтоқсан Н.Ә. Назарбаев Монғолияның Ұлы Мемлекеттік Хурал Төрағасы Санжбэгз Томор-Очир бастаған делегацияны қабылдады.

25 желтоқсан Астанада Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қырғызстан Президенті А. Ақаевпен келіссөздері болды.


Тәуелсіз Қазақстан шежіресі: 2004 жыл

9-10 қаңтар. Қазақстанға реси сапармен Ресей Федерациясының Президенті В. Путин келді. Сапар шеңберінде Қазақстандағы Ресей жылының салтанатты ашылуы болды.

8-22 қаңтар. Н.Ә. Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары болды.

28 қаңтар. Мемлекет басшысы астаналық резиденциясында Испания Корльдігінің ғылым және жаңа технологиялвр министрі Хуан Коста Климетті қабылдады.

30 қаңтар. Елбасы Қазақстан Республикасына ресми сапармен келген Чех Республикасының Вице-премьері – сыртқы істер министрі Цыил Свободаны қабылдады.

5 ақпан. Президент Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің басшысы Джек Строны қабылдады.

10 ақпан. ҚР Президенті Ресей Федерациясыеың Қауіпсіздік кеңесінің Хатшысын қабылдады.

13 ақпан. ҚР Президенті Франция сенаторы Эмери Монтескьюді қабылдады.

1-2 наурыз. Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Алиев Қазақстанға ресми сапармен келді.

2-5 наурыз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Сауд Арабия Корольдігіне ресми сапары болды.

6 сәуір. Президент Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымының (ОБСЕ) төрағасы – Болгария Республикасының Сыртқы істер министрі Соломон Пассимен кездесті.

15-16 сәуір. Өтпелі Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Хамид Карзай Қазақстанға ресми сапармен келді.

17-19 сәуір. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына жұмыс сапары болды.

20 сәуір. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ресей Федерациясына жұмыс сапары болды.

16-19 мамыр. ҚР Президентінің Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары болып, оның шеңберінде Атасу-Алашанькоу мұнай құбырының құрылысы туралы Келісімге қол қойылды.

21-23 мамыр. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Испанияға жұмыс сапары болды.

25-26 мамыр. Норвегия Корольдігінің Премьер-министрі Кьелла Магне Бондевиктің Қазақстан Республикасына ресми сапары болды.

28-29 мамыр. Астанада «Орталық Азия Ынтымақтастық» ұйымына мүше Мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысы болды.

1-3 маусым. Эстония Республикасының Президенті Арнольд Рюйтель ресми сапармен Қазақстанға келді.

16-17 маусым. Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүше Мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысы өтті.

28-29 маусым. ҚР Президенті Стамбулда өткен НАТО/СЕАП Солтүсті-катлантикалық альянстың мүше мемлекеттері Саммитінің жұмысына қатысты.

29 маусым-1 шілде. ҚР Президентінің Татарстан Республикасына сапары болды.

1-2 шілде. ҚР Президентінің Башкортостан Республикасына сапары болды.

2-3 шілде. ҚР Президентінің Ресей Федерациясына сапары болды.

2 тамыз. ҚР Президенті АҚШ Орталық басшылық қолбасшысы генерал Джон Абизаидті қабылдады.

13-19 тамыз. ҚР Президентінің Грек Республикасына жұмыс сапары болып, оның шеңберінде Мемлекет басшысы Олимпиада-2004 салтанатты ашылуына қатысты.

26 тамыз. Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаев Дүниежүзілік Сауда Ұйымының Бас директоры Супачай Паничпакдиді қабылдады.

1-5 қыркүйек. Испания королі Хуан Карлос I Қазақстанға жұмыс сапарымен келді.

8-10 қыркүйек. Чех республикасының Президенті Вацлав Клаус Қазақстанға ресми сапармен келді.

9-11 қыркүйек. ҚР Президентінің Австрия Республикасына ресми сапары болды.

15 қыркүйек Біртұтас Экономикалық Кеңістік мүше мемлекеттер Басшылары Кеңесінің отырысы болды.

16 қыркүйек Мемлекет басшысы ТМД елдері басшыларының саммитіне қатысты.

19-20 қыркүйек Корея Республикасының Президенті Но Му Хен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.

24-25 қыркүйек ҚР Президенті ҚХР-дың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданына жұмыс сапарымен барды.

7-9 қазан Латвия Республикасының Президенті Вайра Вике-Фрейберг Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.

8 қазан Президент Н.Ә. Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Фрадковпен кездесті.

15 қазан Башқұртстан Республикасының Президенті Муртаза Рахимовтың Қазақстанға сапары болды.

17-18 қазан Душанбеде ҚР Президентінің қатысуымен «Орталық Азия Ынтымақтастық» ұйымына мүше мемелекеттер Басшылары Кеңесінің отырысы өтті.

19 қазан Елбасы НАТО Бас Хатшысы Яаап де Хооп Схефферді қабылдады.

5-26 қазан ҚР Президенті Швеция Корольдігінде ресми сапармен болды.

27-28 қазан Татарстан Республикасының Президенті М. Шаймиевтің Қазақстан Республикасына сапары болды.

1 қараша Елбасы Азия Даму Банкінің Президенті Тадао Чинноны қабылдады.


Тәуелсіз Қазақстан шежіресі: 2005 жыл

12 қаңтар. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматыда Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ресей Президенті В. Путинмен кездесті.

17-18 қаңтар. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Ресейге ресми сапары шегінде Қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасын делимитациялау туралы шартына қол қойылды.

27 қаңтар. Алматыда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Контртеррористік комитетінің 4-ші арнайы отырысы өтті.

4 ақпан. ҚР Премьер-министрі Д. Ахметов Ресейдің өнеркәсіп және энергетика министрі В.Христенконы қабылдады.

17 ақпан. ҚР Премьер-министрі Д. Ахметов Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Үндістан делегациясын қабылдады.

24 ақпан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының атқарушы хатшысы Чжан Дэгуанды қабылдады.

24 ақпан. ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев ҚХР Сыртқы істер министрі Ли Чжаосинмен кездесті.

25 ақпан. Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер Сыртқы істер министрлері Кеңесінің отырысы өтті.

10 наурыз. ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев НАТО Бас хатшысы-ның Орталық Азия және Кавказ бойынша арнайы өкілі Р.Симмонсонмен кездесті.

11 наурыз. ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев НАТО Парламенттік Ассамблеясының делегациясын қабылдады.

15 наурыз. ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев Женевада өткен БҰҰ адам құқығы жөніндегі комиссиясының 61-ші сессиясының жұмысына қатысты.

17 наурыз. ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев БҰҰ Бөлімшесі басшылығының шақыруымен Женевада өткен Қарусыздандыру конференциясына қатысты.

18 наурыз. Минскіде өткен ТМД мүше мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті. Оған ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаев қатысты. Отырыс барысында ТМД органдарын реформалау және жетілдіру туралы шешім қабылданды.

30 наурыз – 1 сәуір. Қазақстанға мемлекеттік сапармен Грузия Прези-денті М. Саакашвили келді. Қонақты Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев қабылдады.

5-6 сәуір. Қазақстанға ЕҚЫҰ Төрағасы – Болгария Республикасының Сыртқы істер министрі Соломон Пасси келді.

6 сәуір. Мәскеуде Каспий теңізі жағалауындағы мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті.

22 сәуір. Алматыға Қырғызстан Президентінің, Премьер-министрінің міндетін атқарушы Қ. Бакиев жұмыс сапарымен келді. Оны Елбасы Н.Ә. Назарбаев қабылдады.

23 сәуір. Мәскеуде Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оған ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев қатысты.

26-28 сәуір. Шанхайда БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған Экономикалық және Әлеуметтік Комиссиясының 60-шы сессиясы өтті. Оған ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев қатысты.

18-19 мамыр. Қазақстанға ресми сапармен Беларусь Республикасының Президенті А. Лукашенко келді.

19 мамыр. Таиландқа жұмыс сапары барысында ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев Таиланд Корольдігінің Премьер-министрі Таксин Шинаватрамен кездесті.

24 мамыр. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Бірқатар құжаттарға, соның ішінде Стратегия-лық серіктестік және одақтас қатынастар туралы келісімге қол қойылды.

26-27 мамыр. Қазақстанға ресми сапармен Түркия Премьер-министрі Р. Эрдоган келді.

30-31 мамыр. Қазақстанға ресми сапармен Украина Президенті В. Ющенко келді.

2 маусым. ҚР Премьер-министрі Д. Ахметов Грузияға жұмыс сапарымен барды.

13-16 маусым. ҚР Премьер-министрі Д. Ахметов Жапонияға ресми сапармен барды.

6 маусым. Мемлекет басшысы Қазақстанға жеке сапармен келген Абу-Даби Тақ мұрагері шейх Мухаммед бен Заид Аль-Нахаянды қабылдады.

21 маусым. Мәскеуде ҚР Президентінің қатысуымен ЕурАзЭҚ қатысушы мемлекеттер басшыларының Мемлекетаралық кеңесінің отырысы өтті.

3 шілде. Қазақстанға ресим сапармен ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао келді. Қонақты Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев қабылдады.

5 шілде. Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесінің 10-шы отырысы өтті. Отырыс барысында Пәкстанға, Иранға және Үндістанға ШЫҰ жанындағы бақылаушы мәртебесі берілді.

27 қыркүйек. Душанбеде «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымына қатысушы мемлекеттер Премьер-министрлері Кеңесінің бірінші отырысы өтті.

2-4 қазан. ҚР Президенті Грузияға ресми сапармен келді. Сапар барысында ол Грузия Президенті М. Саакашвилимен және Грузия Парламенті Төрайымы Н. Бурджанадземен кездесті.

6 қазан. Санкт-Петербургте «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымына қатысушы мемлекеттер басшыларының саммитінде бұл ұйымның ЕурАзЭҚ-мен бірігуі туралы шешім қабылданды. Іс-шараға ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев қатысты.

13 қазан. Астанаға Қырғызстанның Премьер-министрі Ф.Кулов жұмыс сапарымен келді. Ол ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевпен, Премьер-министрі Д. Ахметовпен, Парламент Сенатының Төрағасы Н. Әбіқаевпен кездесті.

17-18 қараша. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Украинаға ресми сапармен аттанды. Сапар барысында ол Украина Президенті В. Ющенкомен кездесті.

2-4 желтоқсан. Қазақстан және Ресей Президенттері Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын делимитациялау туралы шартты бекіту туралы сәйкес заңдарға қол қойды.
Тәуелсіз Қазақстан шежіресі: 2006 жыл

25 қаңтарда ҚР Президенті Н. Назарбаев Санкт-Петербургте өткен Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықтың мемлекетаралық Кеңесінің кезектен тыс отырысына қатысты. Отырыстың негізгі нәтижесі – Өзбекстан-ның Еуразиялық Экономикалық Қауымдыстыққа қосылуы туралы құжаттар-ға қол қою. Қазақстан Президенті Еуразиялық Экономикалық Қауымдыстық-тың экономикалық комиссиясын құруды ұсынды.

25 қаңтарда Санкт-Петербургте өткен Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықтың Мемлекетаралық Кеңесіне қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті В. Путин атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы қазақстандық-ресей ынтымақтастығын дамыту туралы бірлескен Мәлімдемені қабылдады.

Сонымен бірге мемлекет басшылары 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Су асты қорын пайда-лануға дербес құқықтарды орындау мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін бөлу туралы Келісімнің 2002 жылғы 13 мамырдағы Хаттама-сына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттамаға қол қойды.

20 наурызда. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев мемлекеттік сапармен Өзбекстанға барды. ҚР Президенті Н. Назарбаев пен ӨР Президенті И.Каримов екі жақты қатынастардың бір қатар мәселелері, Орталық Азия өңіріндегі жағдай, және де маңызды халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты. Сапардың қорытындысы бойынша Бірлескен Мәлімдеме қабылданды.

31 наурыз – 1 сәуір кезеңінде ҚР сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевтың Ауғанстан Ислам Республикасына жұмыс сапары болды. Сапар шеңберінде Ауғанстан Президенті Х. Карзаймен және сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Х.Резаймен кездесті.

Ауған мемлекетінің басшысына Қазақстанның АИР-мен достық және өзара тиімді байланыстарды одан әрі нығайтуға құжат әзір болғаны туралы ҚР Президентінің Жолдауы мен Х. Карзайды АӨСШК-тің екінші саммитіне қатысуға шақыруы табыс етілді.

3-5 сәуірде Мемлекет басшысы ресми сапармен Ресей Федерациясына барды. Кездесу шеңберінде Елбасы ресейлік әріптесі В. Путинмен сауда-кономикалық, энергетикалық және мәдени ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

11-13 сәуірде ҚР сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевтың Қытай Халық республикасына сапары болды. Сапар шеңберінде ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Вэнь Цзябао, Мемлекет Кеңесінің мүшесі Тань Цзясюан және Сыртқы істер министрі Ли Чжаосинмен келіссөздер жүргізілді.

4-5 мамырда Тәжікстан Республикасының Президенті Э. Рахмоновтың Қазақстан Республикасына ресми сапары болды. Сапар қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдемеге және бір қатар екіжақты келісімдерге қол қойылды.

5-6 мамырда Америка Құрама Штаттарының Вице-президенті Ричард Чейнидің Қазақстанға ресми сапары болды. Өткізілген келіссөздер шеңберін-де тараптар энергетика, инновациялық және сауда-экономикалық ынтымақ-тастық саласындағы екі жақты қатынастардың келешегін талқылап, халықа-ралық саясаттың өзекті мәселелері, Орталық Азия мен Каспий теңізі бассейініндегі жағдай бойынша пікір алмасты.

АҚШ Вице-Президенті американдық тараптың Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кірудегі ынтасына қолдау көрсетуге дайын екендігін атап өтті.

Сапар шеңберінде бір қатар екі жақты құжаттарға қол қойылды.

6-7 маусымда ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевтың Иранға сапары болды. Сапар барысында Иран Ислам Республикасының Президенті М. Ахмадинеджад және сыртқы істер министрі М. Моттакимен келіссөздер өтті.

15 маусымда Шанхай қаласында Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың қатысуымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше-мемлекеттер басшыларының мерекелік саммиті өтті.

17 маусымда Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің (АӨСШК) екінші саммиті өтті.

25-27 маусымда Малайзияның Жоғары билеушісінің шақыруымен ҚР Президенті Н. Назарбаевтың осы елге мемлекеттік сапары болды.

Сапар шеңберінде Мемлекет басшысы король Янг ди-Пертуан Агонг XI-мен, Премьер-Министр Абдулла Ахмад Бадауимен кездесулері өткізді.

4-5 шілдеде Қырғыз Республикасының Президенті Қ. Бакиев Қазақ-станда ресми сапармен болды. Сапар нәтижесінде екі жақты қатынастардың маңызды мәселелері бойынша уағдаластыққа қол жеткізіліп, 11 екі жақты құжатқа қол қойылды.

5-7 шілдеде ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевтың АҚШ-қа сапары өтті. Сапар шеңберінде АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы К. Райс, Прези-денттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі С. Хедли, АҚШ-тың сауда өкілі С. Шваб және де басқа АҚШ-тың жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесулер болды.

11 шілдеде ҚР Президенті Н. Назарбаев мемлекеттік сапармен Хорватияда болды. Хорватияның Президенті Стьепан Месич, Премьер-Министрі Иво Санадермен кездесулер өтті. Сапар шеңберінде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін хорват жағының қолдайтыны туралы Бірлескен Мәлімдеме қабылданды.

17 шілдеде ҚР Президенті Санкт-Петербург қаласында өткен «Үлкен Сегіздік тобының» мемлекет және үкімет басшыларының кездесуіне қатыс-ты. Бұл форумға Н. Назарбаев ТМД-ның төрағасы ретінде қатысу үшін шақырылды. Аталған шара шеңберінде Қазақстан Президенті «сегіздік тобы» мемлекет және үкімет басшыларының жұмыс отырысында сөз сөйледі. АҚШ-тың Президенті Джордж Буш, ҚХР-ның Төрағасы Ху Цзиньтао, Францияның Президенті Жак Ширак, ГФР-ның Канцлері Ангела Меркель, Индияның Премьер-Министрі Манмохан Сингхпен екі жақты кездесулер өтті.

17-18 шілдеде ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Латвияға мемлекеттік сапары өтті. Латвияның Президенті Вайра Вике-Фрейбергамен және Премьер-Министрі Айгарс Калвитиспен кездесулер болды. Сапар шеңберінде сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық, денсаулық сақтау, мәдениет, білім, туризм мен спорт салаларындағы ынтымақтастық жөніндегі бір қатар екі жақты құжаттарға қол қойылды.

24 шілдеде ҚР Премьер-Министрі Д. Ахметовтың Болгарияға сапары өтті. Сапар барысында бір қатар екі жақты құжаттарға қол қойылды.

27 шілдеде Қазақстан Президенті, ТМД басшылары Кеңесінің Төрағасы Н.Назарбаев Мәскеуде өткен ТМД-ның бейресми саммитіне қатысты. Жиында сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті ТМД институтын реформалау жөнінде әзірленген бағдарлама Достастық мүшелерінің қарауына жіберілгенін айтты. Аталған бағдарлама келешек интеграцияның бес негізгі бағытын көздейді.

28 тамызда Жапонияның Премьер-министрі Дзюнъитиро Коидзуми ресми сапармен Қазақстанда болды.

30-31 тамызда ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевтың Түркменстанға сапары өтті. Қазақстан Республикасы сыртқы саяси ведомствосының басшысы Түркменстан Президенті С. Ниязов пен Сыртқы істер министрі Р. Мередовтың қабылдауында болды.

Қазақстан-түркмен шекарасын делимитациялау және демаркациялау процесі жөніндегі Шарттың ратификациясы туралы грамоталармен алмасу жөніндегі хаттамаға қол қойылды.

1-4 қыркүйекте Астанада Орталық Азия мемлекттері Басшыларының бей ресми саммиті өтіп, оның барысында өңірлік ынтымақтастың маңызды мәселелері талқыланды.

4 қыркүйекте Өзбекстан Республикасының Президенті И. Каримовтың Қазақстанға мемлекеттік сапары өтті. Сапар қорытындысы бойынша 9 екі жақты құжатқа қол қойылды.

8 қыркүйекте Семей қаласында Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түрікменстанның Сыртқы істер министрлері деңгейінде «Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аумақ құру туралы» Шартқа қол қойылды.

Қол қою рәсіміне БҰҰ, МАГАТЭ, халықаралық қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстанда аккредитацияланған дипломатиялық миссиялардың басшылары қатысты.

12-13 қыркүйекте ҚР Президенті Н.Назарбаевтың төрағалығымен Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II Съезі өтті.

Аталған шараға Еуропа, Америка, Азия, Африка және Таяу Шығыстың 26 елінен 25 діни жетекші мен 14 құрметті қонақ қатысты. Қатысушалырдың саны 160 адамнан асты.

16-24 қыркүйекте ҚР Сырқы істер министрі Қ. Тоқаевтың АҚШ-қа сапары өтті. Сапар кезінде сыртқы саяси ведомствосының басшысы АҚШ-тың ресми жоғары лауазымды тұлғалармен кездесулер өткізіп, БҰҰ Бас Ассамблеясының 61-ші сессиясының жұмысына қатысты.

26-29 қыркүйекте ҚР Президенті Н.Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары өтті. Сапар шеңберінде АҚШ Президенті Дж.Бушпен, АҚШ Конгресі палаталарының өкілдерімен, басты министрліктер мен ведомстволардың, ірі энергетикалық компаниялардың басшыларымен, көрнекті қоғам және діни қайраткерлерімен кездесулер болды.

3 қазанда Орал қаласында Қазақстан мен Ресейдің Президенттері Н. Назарбаев пен В. Путиннің қатысуымен екі елдің шекаралас аймақтарының форумы өтті. Оның барысында екі жақ шекарада көлік өткізетін бекеттерді бірлесе салу туралы келісім, шекаралас аймақ тұрғындарының ары-бері қатынасын жеңілдету туралы келісім, Қазақстанның даму банкі мен Ресейдің «Внешэконом банкінің» өзара ынтымақтастық пен шекаралас жатқан аймақтардың арасындағы сауда-экономикалық байланысын қолдау жөніндегі іс-қимылдар бағдарламасына және тағы бір қатар құжаттарға қол қойылды.

3 қазанда ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевтың Брюссельдегі Еуропалық одақтың құрылымдарына алғаш ресми сапары болды. Сапар шеңберінде Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы ЕО жоғары лауазымды тұлғаларымен келіссөздер өткізді.

4 қазанда Брюссель қаласында ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев НАТО Бас Хатшысы Я. де Хооп Схеффермен кездесті. Сұхбат барысында екі тарап жоғары саяси деңгейдегі диалогтың одан әрі дамуының және қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың нығаюының маңыздылығын атап өтті.

16 қазанда ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев бастаған қазақстандық делегация Минск қаласында өткен ТМД қатысушы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысып, онда Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің төрағасы болып сайланды.

25-26 қазанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Д. Ахметов жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына барды.

Сапар шеңберінде ҚР Үкіметі басшысының РФ Үкіметінің Төрағасы М. Фрадковпен келіссөзі өткізіліп, экономикалық даму және сауда министрі Г. Грефпен, білім және ғылым министрі А. Фурсенкомен, атом энергиясы бойынша Федералды агенттіктің басшысы С. Кириенкомен, Федералды ғарыш агенттігінің басшысы А. Перминовпен екіжақты кездесулері өтті.

27 қазанда ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының басшылығымен келіссөздер өткізу үшін сапар шегіп, ЕҚЫҰ тұрақты кеңесінің арнайы отырысында еліміздің бұл ұйымға төрағалығының басымдықтарына арналған баяндамасымен сөз сөйледі.

3 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев жұмыс сапарымен Өзбекстан Республикасында болып, Президент И. Каримовпен кездесті. Тәшкенде екі мемлекет басшыларының бастамашылы-ғымен Мемлекетаралық үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы болып өтті.

6-7 қарашада Армения Республикасының Президенті Р. Кочарян ресми сапармен Қазақстанда болды. Сапар шеңберінде экономикалық және консулдық салалардағы құжаттарға қол қойылды, сонымен қатар Қазақстан мен Арменияның іскер топтары өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өткізілді.

7-8 қарашада Египет Президенті Х. Мүбарактың Қазақстанға ресми сапары болып өтті. Президент Н. Назарбаевпен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер кезінде екі ел басшылары сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда екіжақты ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін, сондай-ақ өзекті халықаралық мәселелерді, соның ішінде Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы ахуалды талқылады.

12-13 қарашада Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевтың Монғолияға ресми сапары болып өтті. Қазақстан сыртқы істер ведомствосының басшысы Монғолия Президенті Н. Энхбаярдың қабылдауында болып, Монғолия Премьер-Министрі М. Энхболдпен және Сыртқы істер министрі Н. Энхболдпен кездесулер өткізді.

17 қарашада Президент Н.Назарбаев Анталья қаласында (Түркия) өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының VIII саммитіне қатысты. Саммит барысында «Анталья декларациясына» қол қойылды.

20-22 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев-тың Ұлыбританияға ресми сапары болды. Сапар барысында Елизавета II Королевасы, Премьер-Министр Т. Блэйрмен және Британияның саяси және іскер топтарының танымал өкілдерімен кездесулер өтті.

28 қарашада Президент Н. Назарбаев Минскіде өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесінің мәжілісіне қатысты.

29-30 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Иордания Хашимит Корольдігіне ресми сапар шекті. Сапар барысында Н. Назарбаев Иордания Королі Абдалла ІІ-мен кездесті. Қазақстан мен Иордания басшылары шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өткізіп, екіжақты қарым-қатынастардың кешенді мәселелерін, Қазақстан мен Иордания арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды жандан-дырудың жолдарын талқылады. Сондай-ақ тараптар бірқатар өзекті өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты.
Тәуелсіз Қазақстан шежіресі: 2007 жыл

29-31 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Германия Федеративтік Республикасына ресми сапар шегіп, оның барысында ГФР Канцлері А.Меркельмен, Бундестаг төрағасы Н. Ламмертпен, ГФР Федералдық Президенті Х. Келлермен, ГФР экс-Канцлері Г. Шредермен, экс-Президенті Р. фон Вайцзекермен, Германияның қоғамдық-саяси және іскер топтары өкілдерімен кездесулері болып өтті. Сонымен бірге ҚР Cыртқы істер министрі М. Тәжиннің ГФР Федералдық сыртқы істер министрі Ф.В. Штайнмайермен келіссөздері өтті.

Президент Н. Назарбаевтың Федералдық канцлер А. Меркельмен кездесуі кезінде екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтудың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Тараптар жаһандық және аймақтық саясат, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, еуропалық энергетикалық тұрақтылық, БҰҰ-ны реформалаудың негізгі мәселелері бойынша ұстанымдарының ұқсастығын атап өтті.

Сапар аясында Берлинде Н. Назарбаевтың неміс тіліндегі «Еуразия жүрегінде» кітабының таныстырылымы болып өтіп, оған Германияның қоғамдық-саяси топтар өкілдері, ГФР-да «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жүрген қазақстандық студенттері мен Қазақстан-Герман қоғамының мүшелері қатысты.


Тәуелсіз Қазақстан шежіресі: 2008 жыл

5 қаңтар Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республика-сының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Вадим Павлович Зверьков Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

7 қаңтар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Рождество мейрамы қарсаңында православиелік қазақстандықтарды осы мерекемен құттықтады.

7 қаңтар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдағы қысқа мерзімді демалысының барысында ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның арнайы өкілі, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің мүшесі Тан Цзясюаньді қабылдады.

11 қаңтар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында орын алған апат кезінде қаза болған және зардап шеккен шахтерлердің отбасыларына көңіл айту жеделхатын жолдады.

29 қаңтар Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республика-сының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Оман Сұлтанды-ғындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

30 қаңтар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімовпен телефон арқылы сөйлесті.

30 қаңтар Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының форумы болып өтті.

23 наурыз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Пекин олимпиа-дасына лицензия ойнатылған Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының екінші Азиялық олимпиадалық іріктеу турнирін тамашалады.

27 наурыз Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республика-сының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Майнұра Саветқызы Мырзамадиева Қазақстан Республикасының Норвегия Корольді-гіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

1 сәуір Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Кувейт Әмірі Әкімшілігінің басшысы шейх Насер Сабах Әл-Ахмад Әл-Жабер Ас-Сабахты қабылдады. Шейх Насер Ас-Сабах Президентке Кувейт мемлекеті Әмірінің, сондай-ақ мұрагер ханзада мен осы елдің Премьер-Министрінің сәлемін жеткізді.

5 желтоқсан Мемлекет басшысы Ұлттық қордан 2009 жылдың республикалық бюджетіне қосымша қаржы бағыттауды көздейтін «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын 2007-2009 жылдарға арналған кепілден-дірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгеріс енгізу туралы» Заңға қол қойды.


Тәуелсіз Қазақстан шежіресі: 2009 жыл

6 қаңтар Алматыда Президент Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет пен Ұлттық банктің 2008 жылғы жұмысының негізгі қорытындылары туралы есебін және елдің 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері туралы мәліметін тыңдады.

6 қаңтар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы «Ақпараттық технологиялар паркінде» болып, «Ғылым мен инновация» көрмесінің экспонаттарымен танысты.

9 қаңтарАлматыда Президент Нұрсұлтан Назарбаев жаңа №178 орта мектептің құрылысы барысымен танысты.

Мұнда сондай-ақ Мемлекет басшысына «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Алматы қаласында салынатын жаңа мектептердің макеттері таныстырылды.

9 қаңтар Президент Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында Астана және Алматы митрополиті Мефодийді қабылдады.

12 қаңтар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бірінші интеллектуалдық мектебін ашты.

14 қаңтар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Орталық қолбасшылығының қолбасшысы Дэвид Петрэусті қабылдады.

Кездесу барысында өңірлік қауіпсіздік, лаңкестікпен күрес мәселелері, Ирактағы және Ауғанстандағы ахуал талқыланды.

15 қаңтар Мемлекет басшысы Үкіметтің экономикалық блогы және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басшыларының қатысуымен кеңес өткізіп, онда дағдарысқа қарсы бағдарламаның орындалу барысы туралы есепті тыңдады. Президент бағдарламаны іске асыруды жеделдету, атап айтқанда шағын және орта бизнесті қолдауға, несие беру және тұрғын үй секторын дамытуға және басқа да басым бағыттарға қаражат бөлу міндетін алға қойды.

16 қаңтар Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

20 қаңтар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Франция Парламен-тінің сенаторы, «Франция-Қазақстан» парламенттік достық тобының төраға-сы Эмери де Монтескьюді қабылдады.

22 қаңтар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Григорий Марченконы қабылдады.

Кездесу барысында Ұлттық Банктің макроэкономикалық және ақша-несие саясатының келешек бағыттары талқыланды.

Президент Ұлттық Банк басшылығының алдына әлемдік дағдарыстың Қазақстанның қаржы жүйесіне тигізетін кері әсерін алдын алуға бағытталған нақты міндеттер жүктеді.

24 қаңтарҚазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Үндістан Республикасына Мемлекеттік сапары басталды.

Үндістан Президентінің «Раштрапати Бхаван» сарайына келісімен Мемлекет басшысы «Раджгат» Махатма Ганди мемориалына гүлтәж қойды. Ондағы Құрметті қонақтар кітабына Нұрсұлтан Назарбаев «Оның озбырлық көрсетпеу және бейбіт қатар өмір сүру туралы ескірмейтін идеясы барша адамзаттың жүрегінде мәңгі жаңғырып тұрады. Бұл қағиданы Қазақстан да әрдайым қолдап, жүзеге асырып келеді», деп қолтаңба қалдырды.

Содан кейін Мемлекет басшысы Үндістан Президенті Пратибха Деви-сингпен және Сыртқы істер министрі Пранаб Мукхерджимен келіссөздер жүргізді. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан мен Үндістан арасында бірқатар құжаттарға, атап айтқанда Бірлескен Декларацияға, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі жөніндегі хаттамаға, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы мен Үндістанның ONGC Mittal Energy Ltd. компаниясы арасындағы келісімге, «ҚазАтомӨнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы мен Үндістанның Nuclear Power Corporation of India Ltd. Корпо-рациясы арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

25 қаңтар Бүгін Мемлекет басшысы әлемдегі ең үлкен «Акшардам» индуистік храмы мен ұлы моғолдық билеуші Хумаюнның кесенесінде болып, бұл елде көптеген ғасырлар бойы орын алып келе жатқан конфессияаралық бейбітшілікке лайықты баға берді.

26 қаңтар Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үндістанның ұлттық мерекесі – Республика күніне орай Делиде өткен салтанатты рәсімге қатысты.

Үндістан бұл мерекені осымен 60-шы рет атап өтуде. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аталған салтанатқа Құрметті қонақ ретінде қатысушы он екінші шет мемлекеттің басшысы болып отыр. Елбасының құрметіне 21 дүркін артиллерия салюты атылды.

Түстен кейін Қазақстан мен Үндістан президенттерінің Мемлекеттік сапар аясындағы соңғы кездесуі болып, онда мемлекет басшылары екі ел арасындағы экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық әріптестікті арттыруға деген өзара ниеттерін тағы бір қуаттады.

Сапар қорытындысына арналған брифингте Нұрсұлтан Назарбаев оның нәтижесіне қанағаттанғандық сезім білдірді және барлық алға қойған мақсаттарға қол жеткенін атап өтті. Ол сондай-ақ Қазақстанның сыртқы саясатында азиялық бағыттың басымдыққа ие екендігін атап көрсетті.

27 қаңтар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Респуб-ликасы Ұлттық қорын басқару кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізді.

28 қаңтар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу және бүкіл Русьтің Патриархы Кирилге оның Орыс Православие шіркеуінің дінбасы болып сайлануына байланысты құттықтау жолдады.

28 қаңтар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысу үшін Давос қаласына (Швейцария) келді.

Бірніші күні Президент Давос форумының ашылуына орай өткен пленарлық мәжіліске қатысты.

Дүниежүзілік экономикалық форум қызметі халықаралық ынтымақтас-тықты дамытуға бағытталған халықаралық үкіметтік емес ұйым болып табылады.

Негізгі тақырыбы – «Дағдарыстан кейінгі әлемді қалыптастыру» болып табылатын биылғы форум қатысушы мемлекеттер мен үкімет басшыларының «рекордтық» санымен ерекшеленіп отыр. Оған 40-тан астам әлемдік лидерлер, олардың қатарында ГФР-дің Федералдық канцлері А. Меркель, Израиль Президенті Ш. Перес, Ресей Премьер-министрі В. Путин, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Вэнь Цзябао, Түркия Премьер-министрі Р. Эрдоған және басқалар қатысуда. Форумға қатысушылардың жалпы саны 2,5 мың адамнан асады.

29 қаңтар Бүкіләлемдік экономикалық форум аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Йорк герцогы Эндрюмен әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания корольдік отбасы мүшесінің Біріккен Корольдік пен Қазақстан Республикасы арасында достық қарым-қатынастарды орнатудағы үлкен ролін атап өтті.

Израиль Мемлекетінің Президенті Шимон Переспен кездесуде Қазақстан басшысы еліміздің екіжақты экономикалық ынтымақтастықты және әлемдік саясаттың маңызды проблемаларын шешу жөніндегі өзара ықпалдастықты жандандыруға мүдделі екендігін атап көрсетті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Түркия Премьер-министрі Реджеп Эрдоғанмен бейресми кездесу өткізді. Әңгіме барысында екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамыту мәселесіне айрықша мән берілді.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық Қайта құру және Даму банкінің президенті Томас Мировты қабылдады. Кездесуде Еуропалық банктің Қазақстанда жүзеге асыратын инвестициялық жобаларының перспективасы талқыланды.

2 ақпан «Российская газета» басылымының 2009 жылғы 2 ақпандағы санында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Дағдарыстан шығу кілті» атты мақаласы жарияланды, онда Мемлекет басшысының әлемдік экономикалық дағдарысты еңсеру жөніндегі ұсыныстары атап көрсетілген.

3 ақпан Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Германия Федеративтік Республикасында болды. Сапар бағдарламасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан – Германия іскер топтарының бизнес форумына қатысуымен басталды. Екі елдің іскер топ өкілдерінің алдында сөз сөйлеген Президент екіжақты қарым-қатынастар дәйекті қарқынмен дамып отырғанын атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанның неміс бизнесімен, атап айтқанда өңдеуші өнеркәсіп, машина жасау, ауыл шаруашылығы және тағам өнеркәсібі салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екендігін атап көрсетті. Содан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Германияның көрнекті саяси қайраткері, бұрынғы Канцлері Ганс Дитрих Геншермен кездесті.

16 наурыз Мемлекет басшысы ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне келді.

2010 жыл ең маңызды тарихи оқиғасы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға Төрағалық болуы.



Әдебиеттер

  1. Берденова К.Ә. Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономикалық даму негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1998.

  2. Берденова К.Ә. Қазақ қоғамындағы әкімшілік-шаруашылық жүйелердің эволюциясы. Алматы,1999.

  3. Күзембайұлы А., Әбіл Е. Қазақстан Республикасының тарихы. Астана. 2001.


Мазмұны


КСРО-ның ыдырауы және егеменді тәуелсіз мемлекеттердің орнығуы…...................................................................................……....

4

Қазіргі Қазақстанның дамуындағы жаңа экономикалық тенденциялар….......................................................................………….

5

Жаңа саяси партиялар мен қозғалыстардың құрылуы. .......................

7

Қазақстан Республикасының ішкі саясаты: экономикалық, қоғамдық – саяси, рухани дамуы...............................................................................

7

Қазақстанның қазіргі кезеңдегі сыртқы саясаты…....................….…...

10

Тәуелсіз Қазақстанның шежіресі............................................................

14

12.05.11. басуға қол қойылды

Колемі і есепті-баспа табағы

Формат 60х84 1/16. 100 дана.

ҚММУ – баспаханасында басып шығарылды

Қарағанлы қаласы, Гоголь кошесі, 40






Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет