Қарабас ауылдық округi әкiмiнiң 2012 жылғы бірінші жартыжылдығының округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі ауыл шаруашылығы



жүктеу 36.82 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі36.82 Kb.
Қарабас ауылдық округi әкiмiнiң 2012 жылғы бірінші жартыжылдығының округтің әлеуметтік-экономикалық

дамуы туралы ЕСЕБІ


Ауыл шаруашылығы

Қазақстан Республикасы Президенті Н.А.Назарбаев 2012 жылғы Жолдауда агроөнеркәсіп кешенінің дамуына үлкен назар бөліп отыр, осы салада Қарабас ауылдық округінде мал басы санының өскені байқалды.

Мысалы ірі қара мал-120, жылқы -92 басқа, өскен.

Ауылдық округ бойынша 2012 жылғы, 2011 жылдын бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 833,5 центнер ет, 515 центнер сүт , 11,5 центнер қой жүнi, 20150 данаға- жұмыртқаға көбейді.

Округтегі шаруа қожалықтарының есебінде: ІҚМ-591 бас, жылқы-209 бас, ҰМ -486 бас.

Округ бойынша 2012 жылы бидай- 370 га, күнбағыс- 2287,2 га, картоп-35 га, көп жылғы шөп- 1023,6 га егілді.

2012 жылы округ бойынша 10900 тонна шөп жинау жоспарланды.

Қатан мал азығын дайындауға үлкен көмек көрсеткен шаруа қожалықтары: « Қалижан», « Тасик», «Алдонгар», «Бекзат», «Дастан», «Сер-Бер», « Бірлік-2», «Динара».

Округтің шару қожалықтары «Қалижан» екі асыл тұқымды бұқа,

« Алдонгар» бір бұқа бар. «Калижан» шару қожалығы жазғы уақытқа, жеке меншік табынға бір бұқа берді. Округте жеке меншік малдарды бағу ұйымдастырылды, казіргі уақытта округ бойынша 8 табын, 18 бақташы жұмыс жасауда.



Шағын бизнес

Өндіріс ауылының жеке кәсіпкері К.Ақкожин, наубайхана ашу үшін, 2 млн теңге несие алып кіші наубайхана ашып, күніне 500 дана нан, тоқаштар, торттар шығарады. Қарабас ауылында жеке кәсіпкер С.К.Жумадилов өз қаражатымен ветеринарлық емдеу пункті және ҰҚМ ұрықтандыру пунктін ашты.

Жеке кәсіпкер Т.Ж. Алиев 2,5 млн. теңге кредит, 1 млн теңге өз қаражатын қосып тауық фермасын ашып, казіргі кезде тұрғындарға жұмыртқа сатуда. 2012 жылы округ бойынша бір проект қызыз өндіретін ашуға, екі проект ірі қара мал өсіруге тапсырылды.

Ауылдық округте бүгiнгi таңда 60 -шаруа қожалығы, 20- сауда орны, 1- жағар жанар май стансасы, 2 - кафе, 2 - ағаш өңдеу цехы, 3 май прессы тiркелiп, жұмыс жасауда.

Округ бойынша 523 үй мен 18 мекемеге телефон желiсi тартылды.
Салық жинау

2012 жылы округ бойынша салық жинау 72 пайызға орындалды. : жер салығы -75 пайыз, мүлік салығы - 143 пайыз, көлік салығы - 68 пайыз, бір күндік салық - 5612 теңгені құрады.



Жұмыспен қамту

Еңбекпен қамту орталығында 6 адам тiркелген. Қоғамдық ақылы жұмысқа 6 адам тартылды.

2012 жылы округ бойынша 7 жаңа жұмыс орын ашылып, 78 адам уақытша жұмысқа орналасты, 1 адам жергілікті қаражат есебінен хатшы-референт маманының оқуында.

Денсаулық сақтау

Жолдауда аналар мен балаларды әлеуметтiк қорғауда үлкен көнiл бөлiнген. Бірінші жартыжылдықта ауылдық округте 13 бала дүниеге келдi. 9 адам қайтыс болды, 39 адам округке келді, 33 адам есептен шықты.



Әлеуметтік қорғау

Сонымен қатар ауылдық округ әкiмдiгi зейнеткерлер мен жалғыз тұратындарға және тұрмысы төмен отбасыларға үлкен көнiл бөлiнеді.

Сондай-ақ округтегi мүмкiндiгi шектеулi балаларға да үлкен көңiл бөлiнуде. Окургте он сегіз жалғыз тұратын зейнеткерлерге көмек көрсететін үш әлеуметтік қызметкерлер бар. Әлеуметтік қызметкер жұмасына екі рет зейнеткерлерге барып, керекті көмегін көрсетеді. Округтің тұрмысы төмен отбасылар саны -14, барлығы 62- адамды құрайды.

Жергілiктi қаражат есебiнен 4 азаматқа 37,3 мың теңге және республикалық бюджеттен 5- балаға 8,3 мың теңге жәрдемақысы төленді.



Мәдениет және спорт

Округте Наурыз Мейрамы, Масленица Қарабас және Өндіріс ауылдарында тұрақты өткізіліп тұрады.

Жеңіс күні, Конституция күні, Тауелсіздік күні, – Қарабас және Өндіріс ауылдарында митингілер өтеді.

Қарабас ауылында « Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атта мемлекеттік бағдарлама бойынша ауылдың тазалығы,балалар саябағының тазалау жұмыстары өткізілді. Бағдарлама бойынша 13 ауыл жастары және 12 оқушы қатысты. Осы жұмыстарды атқарған үшін ауыл жастарына 210340 теңге жұмсалса, оқушыларға 97080 теңге жұмсалды.

1 маусым «Балаларды қорғау күнін» өткізуге Қарабас және Өндіріс орта мектептерінде мерекелік концерт ұсынылды.

Өндіріс аулындағы «Болашақ» спорт мектебінің оқушылары еркін күрес, қазақша күрестен аудан, облыс чемпиондары, сондай-ақ түрлі турнирдардың чемпиондары.

2012 жылы Өндіріс ауылында « Ел бағы » атты алма бағы, «Түлектердің саябағы» ашылды. « Ел бағы» алма бағында 50 алма ағашы , Өндіріс ауылынан шыққан беделді азаматтардың атынан отырғызылды, жыл сайын мектепте түлектерінің кездесулері өткізіледі, олар да ағаштар отырғызады.


Білім беру

Президент Жолдауындағы білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, округтегі мектептер сапалы білім беруге көніл аудару керек. Округ аумағында 2 орта мектеп орналасқан. Онда барлығы 299 оқушы тәлiм-тәрбие алуда. Оқушылардың дұрыс бiлiм алуына мектептерде барлық жағдай жасалынған. Бiрыңғай ұлттық тестiлеу 2012 жылы қанағаттандыралық жағдайда өттi, Қарабас орта мектебінде орташа 67,2 балл, Өндіріс орта мектебінде орташа 65 балл.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына арналған Жолдауындағы мiндеттердi орындай отырып, бiз халықтың тұрмыс деңгейiнiң жоғарлауына, жаңадан жұмыс орындарын ашуға жұмыс жасауымыз қажет.

Ауылдық округ кәсiпкерлерiне, шаруа қожалығы басшыларына өздерiне тиесiлi жерлерiн үнемдi пайдаланып, шикiзатты өндеу жұмыстарына бет бұруларын, шаруа қожалықтарының басшылары өз малдарын шаруа қожалықтарына есепке қоюды сұраймыз, себебі үкіметтен шаруа қожалықтарының дамып өркендеуіне көмек көрсету үшін субсидия бөлінеді.



Ұсақ шаруа қожалықтарының бiрiгiп, iрi шаруашылық құрып алдағы уақытта бiрлесiп жұмыс жасаса деген ниеттемiз.

25.06.2012 жыл


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет