«Қарабұта орта мектебі» кмм «Бәрімізде мақсат бір!» тренинг (Ұбт – ға психологиялық дайындық) Мақсаты



бет4/4
Дата06.02.2023
өлшемі28.95 Kb.
#469208
1   2   3   4
ұбт

«Дыбыстық гимнастика»
Нұсқау: Психологтың нұсқауы бойынша берілген әріптерді хормен қайталау. Психолог айтылған әріптердің адам ағзасы үшін маңыздылығын түсіндіреді.
А – дыбысы, барлық ағзаның жұмысын жақсартады
Е – дыбысы, қалқанша безінің жұмысын күшейтеді
И –ми, көз, құлақ, мұрынның жұмысын жақсартады
О –жүрек және өкпенің жұмысын белсендіреді
Х- барлық ағзамыздың тазаруына көмектеседі
Ха – ха – көңіл күйді көтереді.
Топпен әлеуметтік-психологиялық тренингтің бүр нұсқасы ұсынылып отыр. Топтың әлеуметтік спецификасына байланысты, жетекшінің тәжірибесіне, топтың әлеуметтік-психологиялық жағдайына байланысты жаттығуларға толықтырулар мен өзгерістер енгізіп отыруға болады.
«Менің өмірім» тренингі.
1-жаттығу.
Жаттығу мақсаты: топтағы қатысушылардың бір-бірімен тез танысыуна жағдай жасау, топтың жұмысымен таныстыру, топтық әдет ғұрыптарды қалыптастыру, ойын түрінде қарым қатынасқа түсу, топтығы қатысушылардың жеке екрекшеліктеріне көңіл бөлу.
Жаттығу мазмұны.
Танысу.
Барлық қатысушылар бір шеңбер болып жайғасады. Жүргізуші парақ және қаламсап таратады. Әрбір қатысушы парақтың жоғарғы жағына өзінің есімін жазап, парақты екіге сызып бөледі. Солжағына «+», оңжағына «-» деген таңба қояды. Сол жағына не ұнайтынын ретімен жазып шығады (табиғатта, адамдарда, өзінде), ал оң жағына өзін қоршаған ортада ұнамайтындарын ретімен жазып шығады («жаңбырлы күзді жаман көрем», «Өтірікшілерді қаным сүймейді және т.с.). Сосын барлығы жазғандарын дауыстап оқып шығады.

Жаттығу мақсат: Өзінің өмірін талдау, өзінің өмірлік құндылықтарымен армандарын санасыздандыру, болашаққа бағдарын табу.


Міндет: өзінің ақиқат өмірінің құндылықтарын білу, өзінің өмірлік жолын сезіну өзінің мықты және әлсіз жақтарын көру, өз болашағының өзгерісін қалыптастыру.
Жоспар:
1. Амандасу
2. Белсенділік
3. «Ертегі» жаттығу
4. «Менің өмірлік жолым» жаттығу
5. Ойын «Арман вокзалы»
Жұмыс барысы:
1. Амандасу.
Мақсат: Топ мүшелерімен танысу (егер топ мүшелері таныс емес болса), бір-біреуін жақсы тану (егер топ әрқайсысын жақсы білсе). Амандасу презентация арқылы өткізіледі, бір- бірімен жұп араласады. Топ жұпқа бөлінеді, 10 минут бір-біріне сұрақтар қояды. Олардың алдында сұрақ арқылы көптеген ақпарат алу міндеті тұр.
2. Белсенділік.
Мақсат: Сенімді жағдай жасау. Топты ерекше икемдеуге және тренингтің басқа тақырыбын дайындатуға үйрету.
«Крокодил».
Басында белсенді ойынды өткіземіз. Топ екі командаға бөлінеді, өзіне есім қояды. Әрбір командаға жаттығулар беріледі.
1. Әр командадан бір адам шығады, ол әрине жест, мимика арқылы, бір бейне көрсету керек;
2. Команданың бірнеше мүшесі бір сөйлемді бейнелейді немесе команданың барлық мүшелері бір фразаны бейнелейді. Бұл ойындағы негізгі міндет – сол фразаны шешу.
Рефлексия:
1. Сөзді бейнелегенде жеңіл болды ма? Қалай?
2. Сөзді шешкенде жеңіл болды ма? Неге?
«Шебер».
Әрбір топтағы мүше өзінің талаптары мен икемділігін айтады, бұл осы фразадан бастайды «Мен керемет шебер…» 2-3рет айналады.
Рефлексия:
1. Топтың мүшелерін таныдыңдар ма? Кім талантты еді? Таңғалдыңыз ба?

2. Қандай сезіммен сіз өзіңіздің талаптарынызды айттыңыз және неге?


«Әткеншек».
Топ екіге бөлінеді, сосын екі шеңбер ішкі және сыртқы деп тұрады. Дөңгелектер қасында тұрған адамның алдына қарайды. Тапсырма беріледі: «Қазір мен сендерге мини рөлдерді беремін, сіздерге оны тезірек көрсету керек». Қол соққанда ішкі дөңгелек сағаттың жүруіне қарай жылжиды, содан кейін басқа тапсырма беремін.
Тапсырма:
1. Сіз жақсы білетін адам бірақ оны көптен бері кездескен жоқсыз, бұл кездесуге сіз өте қуаныштысыз.
2. Сіздің алдыңызда бейтаныс бір сүйкімді жас қыз немесе жас ер бала. Ол сізге ұнады, қасына келіп сіз онымен танысуыңыз керек.
3. Сіз қатты шошынып жылып жатқан баланы кездесесіз, оны жұбату керек.
4. Сіздің алдыңызда сүйіктіңіз тұр, оны көп көрмегенсіз, сіз онымен кездескенінізге өте қуаныштысыз.
Рефлексия:
1. Осы рөлдерді орындаған кезде сізге жеңіл болды ма?
2. Топ мүшелерімен жақсы қарым-қатынасқа түсе алдыңыз ба?
«Мен бала кезімде болғым келді?».
Топ мүшелерінің әрқайсысы сөзді осы фразамен бастаулары керек «Мен балалық шақ кезінде осындай болғым келді…».
Рефлексия:
1. Балалық шақтарыңызды естеріңізге түсіріп, кім болғыларыңыз келгендігін айтқандай қандай сезімдерде болдыңыздар?
2. Қазіргі кезде сол арманыңызды ойлайсыз ба?
Жаттығу «Әртістік дағдыны дамыту».
Мақсат: Коллективті ұйымдастыру және жақсы шығармашылық атмосфераны қалыптастыру. Әртістік білімді дамыту.
Жоспар:
1. «Айна» жаттығу
2. Релаксацияға сәйкес жаттығу
Жұмыс тәртібі:
Тапсырмалар беріледі: «Қазір мен сендерге мини рөлдерді беремін, сіздер бұл тапсырмаларды тезірек көрсету керексіздер».
Тапсырма:
1. Милиционер және жүргізушісінің ережелерді бұзуы;
2. Гүл және ара;
3. Сосиска мен кетчуп;
4. Жеңіл тәртіпті қыз және клиент;
5. Тауық және балапан;
6. Үлкен тілім ет және жолбарыс;
Рефлексия:
Осы рөлдерді орындау сіздерге қаншалықты жеңіл болды? Бір рөлден екінші рөлге ауысу қандай қиындық туғызды? Жаттығу «Басқа планетадан келген адамдар (Инопланетяны)».
Мақсаты: Вербалсыз сөйлеуді үйрену және адамдармен тіл табысуды меңгеру.
Жүргізуші тапсырма береді: «Бірінші сұраққа жауап беріндер, басқа планетадан кедген адамдар дегеніміз кімдер, олар қалай сөйлейді?» Қазір біз сіздермен ойын барысында басқа планетадан келген адамдар қалай бір-бірімен қарым-қатынас жасайтындығын көреміз. Ең алдымен сіздер топқа бөлінулеріңіз керек. Бір қатысушы басқа планетадан келген адам, бір қатысушы аудармашы рөлін атқарады. Басқа планетадан келген адамдар әр түрлі планетадан ұшып келді сондықтан да сіздер бір-бірлеріңізбен аудармашылар арқылы сөйлесу керексіздер. Мысалы, сіздер бір кешке баруға жиналдыңыздар. Осы кешке жиналуға сіздерге 4 минут уақыт бар.

Рефлексия:


Басқа планетадан келген адам болу оңай ма? Ал аудармашы болу ше? Басқа адамды түсінудің қиындығы неде?
Жаттығу «Бағдаршам».
Мақсаты: жұмысқа жинақылықты пен зейінділік дағдысын жаттықтыруға үйрену.
Нұсқау: жүргізілетін жаттығудан біз төмендегідей қиындықтарды көреміз:
– Міне үш қағаз: жасыл, сары және қызыл. Сіздер өткелден өтуді жалғастырасыздар, бірақ маған зейін аудару қажетсіздер, мен кей-кезде бір қағазды көтеремін. Ал сіздердің міндеттеріңіз: жасыл түсті көтергенде — қорсылдау керексіздер, бірақ жүру жалғаса береді, ал сары түсте – сіздер тоқтап, сол орында қатып қаласыздар, ал қызыл түсті көтерген кезде — орындарыңызда жерді тебіну керексіздер. Өтініш, орындарыңызға отырып, бағдаршамның түсіне көңілдеріңізді толық аударыңыздар!
Жаттығу «Тек қана біреуін ғана есту».
Мақсаты: тыңдауды және басқаны естуді үйрену.
Нұсқау: «Бір мезгілде екі адам әр түрлі әңгімелерді оқиды, тыңдаушылар екі оқып жатқанның біреуін ғана тыңдау керек». Ең жақсысы оқылып жатқан мәтін таныс болмағаны дұрыс, оны не газеттен немесе журналдан алған жөн болады.
— Мынаны есте сақтаңыз, яғни тек қана тыңдап қана қоймай, сонымен қатар есту қажет. Ал есту — ол түсіну, көз алдына елестету және өз ой елегінен өткізу. Өз есту қабілетіңізді тек қана бір адамға бағыттаңыз. Екінші адамды да тыңдайсыз, бірақ тек қана біріншісін естисіз.
— Қатысушылар, мәтінді оқуды тоқтаңыздар! Қандай тыңдаушы не тыңдағандығы жөнінде бізге толық бірізді айтып береді?
— Ол нені жіберіп алды?
Бұл жерде ең қызықтысы кімнің бір мезгілде бірінші және екінші адамды жақсы тыңдағандығын тексеруге болады. Бірақ әрқашанда еш жаттығусыз екі адамды тыңдау қиындау екендігі мәлім.
Жаттығу “Шамшырақ”.
Мақсаты: топ қатысушыларын ресурстық қалпына әкелу және өзін-өзі бағалауын жоғарылату.
Нұсқау: релаксациялық әуен қосылады.
Шамшырақ дегеніміз не? Бұл кемелерге дұрыс жол көрсететін шамдар жарығы бар мұнара. Қазір қолайлы отырыңдар да, өзіңізден бүкіл қажуды және теріс ойларды алып тастаңыз. Көздеріңізді жауып, үш рет терең тыныс алыңыз… Денедегі күш ақырын, бірте-бірте кетеді, сіз босаңсу қалпына жетесіз. Сіздің денеңіз демалуда. Көзіңізді жабыңыз… Тек қана мені тыңдаңыз. Бүкіл зейінді менің дауысыма аударыңыз. Терең 3 рет тыныс алыңыз және тыныс шығарыңыз. Мұрнымен тыныс алып, ауызымен тыныс шығарыңдар. Сіз тек қана менің дауысымды естіп отырсыз. Барлық ойлар кетіп отыр… Материктерден алыс кішкентай аралды елестетіңіздер. Сол аралдың шынында – биік және күшті тұрғызылған маякты елестетіңіздер. Сіз өзіңізді аралдың шыңында тұрған маяк ретінде сезініңіздер. Аралдан соғып тұрған желдер сізді қозғалта алмайды, сіз орныңызда нақ тұрсыз. Ауа-райының өзгермелігіне қарамастан сіз сіздің жоғарғы қабатыңыздың терезесінен кемелерге бағыт беретін күшті жарықты бағыттайсыз. Сіздің күшті жарығыңызды қолдайтын энергияның күшін естен шығармаңыздар. Бұл жарық жағада тұрған адамдар үшін қауіпсіздік белгісін көрсетеді. Енді сіздер ішкі жарықты сезініңіздер, яғни бұл ішкі жарық ешқашан өшпейті, әрқашан жарықпен жылулықты беретіндігін сезініңіздер. Оған барлық сезімдеріңіз бен ойларыңызды аударыңыздар. Осы жарықтың барлығы сіздің барлық дене-мүшелеріңізе жайылып сізге қажетті қуат бергендігін сезініңіз. Сіз өзіңізді еркін, бос, тәуелсіз, сенімді сезінесіз. Сіз терең тыныс алып сізге қажетті энергияны, өзіне-өзі сенуді, бостандықты, тәуелсіздікті бойына сіңіріңіз. Ал тыныс шығарған кезде осы сезімдерді өз денеңізде қалдырыңыздар. Енді қайта терең тыныс алып, сыртқа шығарамыз. Ал енді қолдарыңызды жоғары көтеріп, мысық сияқты мяу деп көздеріңізді ашып денеге не қажет сол әрекеттерді, қимылдарды жасаймыз.
Рефлексия:
Өздеріңіз туралы не білдіңіз?
Бүгін алған білім сізге келешекте қажет деп ойлайсыздар ма?-
Әр адамда өзін-өзі бағалау деген қасиет бар. Сондықтан да өзін-өзі әрқашан жақсы көру керек және өзіне-өзі деген сенімі жоғары болуы керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет