12 есеп. Асқазанның меншікті баздерінің пепсиноген өндіретін жасушасы:
A). мойын мукоциттері
B). париетальды экзокриноциттер
C). басты экзокриноциттер
D). қосымша мукоциттер
E). эндокриноциттер
13 есеп. Асқазанның меншікті бездерінің хлоридтер өндіретін жасушалары:
A). қосымша мукоциттер
B). мойындық мукоциттер
C). басты экзокриноциттер
D). париетальды экзокриноциттер
E). эндокриноциттер
14 есеп. Асқазанның бездері қай жерде орналасады?
A). шырышты қабықшаның меншікті табақшасында
B). шырыш асты негізде
C). сірі қабықшада
D). шырышты қабықшаның бұлшықет табақшасында
E). бұлшықет қабықшасында
15 есеп. Өңештің кардиальды бездері орналасады:
A). шырышты қабықшаның бұлшықет табақшасында
B). адвентициальды қабықшада
C). шырыш асты негізінде
D). шырышты қабықшаның меншікті табақшасында
E). бұлшықет қабықшасында
16 есеп. Өңеште жазық бұлшық ет тіні орналасады:
A). жоғарғы үштен бір бөлігінде
B). ортаңғы үштен бір бөлігінде
C). төменгі үштен бір бөлігінде
D). асқазанға ауысатын аймағында
E). өңештің ұзына бойына
17 есеп. Өңеште көлденең-жолақты бұлшық ет тіні орналасады:
A). жоғарғы үштен бір бөлігінде
B). ортаңғы үштен бір бөлігінде
C). төменгі үштен бір бөлігінде
D). асқазанға ауысатын аймағында
E). өңештің ұзына бойына
18 есеп. Бүрлері, криптілері, шырыш асты негізінде бездері болатын:
A). өңеш
B). асқазан
C). ұлтабар
D). ащы және мықын ішектер
E). тоқ ішек
19 есеп. Бүрлерсіз, тек криптілері болатын:
A). өңеш
B). асқазан
C). ұлтабар
D). ащы және мықын ішектер
E). тоқ ішек
20 есеп. Бүрлері мен криптілері болатын, бездері жоқ:
A). өңеш
B). асқазан
C). ұлтабар
D). ащы және мықын ішектер
E). тоқ ішек
21 есеп. Асқазанның G жасушалары өндіреді:
A). гистамин
B). гастрин
C). бомбезин
D). соматостатин
E). серотонин
22 есеп. Өңештің шырыш асты негізі тұрады:
A). жиекшелі эпителийден
B). көпқабатты мүйізденбейтін эпителийден
C). борпылдақ талшықты дәнекер тіннен
D). көлденең-жолақты бұлшық еттен
E). жазық бұлшық еттен
23 есеп. Аш ішектің шырышты қабықшасының криптісіндегі дипептидаза бөлетін жасуша:
A). бағаналы эпителиоцит
B). аз дифференцияланған эпителиоцит
C). Панет жасушасы
D). бокал тәрізді экзокриноцит
E). ЕС-жасушасы
24 есеп. Аш ішектің шырышты қабықшасының криптісіндегі шырыш бөлетін жасуша
A). ЕС жасушасы
B). бокал тәрізді экзокриноцит
C). Панет жасушасы
D). бағаналы эпителиоцит
E). аз дифференцияланған эпителиоцит
25 есеп. Аш ішектің шырышты қабықшасының бүрлеріндегі қоректік заттардың сіңуін қамтамасыз ететін жасуша:
A). бағаналы эпителиоцит
B). Панет жасушасы
C). аз дифференцияланған эпителиоцит
D). ЕС-жасушасы
E). бокал тәрізді экзокриноцит
26 есеп. Аш ішектің шырышты қабықшасының криптісіндегі эпителийдің физиологиялық қалпына келуін қамтамасыз ететін жасуша:
A). ЕС-жасушасы
B). аз дифференцияланған эпителиоцит
C). Панет жасушасы
D). бағаналы эпителиоцит
E). бокал тәрізді экзокриноцит
27 есеп. Лимфоидты түйіндердің жиынтығы орналасады:
A). тік ішекте
B). ұлтабарда
C). сигма тәрізді ішекте
D). мықын ішекте
E). жиекті ішекте
28 есеп. Аш ішек қандай эмбриональдық бастамадан дамиды?
A). эктодерма, мезенхма, энтодерма
B). энтодерма, эктодерма, мезодерма
C). мезодерма, мезенхима, эктодерма
D). эктодерма, мезодерма
E). энтодерма, мезенхима, мезодерма
29 есеп. Тоқ ішек қандай эмбриональдық бастамадан дамиды?
A). эктодерма, энтодерма, мезенхима
B). энтодерма, мезенхима, мезодерма
C). эктодерма, мезодерма, мезенхима
D). мезодерма, мезенхима, эктодерма
E). эктодерма, мезодерма, энтодерма
30 есеп. Ішектің келесі бөлігінің шырыш асты негізінде тармақталған түтікшелі-альвеолярлы бездер орналасады:
A). ащы ішекте
B). мықын ішекте
C). жиекшелі ішекте
D). ұлтабарда (12 елі ішек)
E). аппендиксте
31 есеп. Тоқ ішектің криптілерінің эпителийінің құрамында келесі жасуша көбірек болады:
A). дифференцияланбаған эпителиоциттер
B). бағаналы эпителиоциттер
C). бокал тәрізді экзокриноциттер
D). эндокриноциттер
E). апикальды бөлігінде түйіршіктері бар жасушалар
32 есеп. Аш ішектің бүрлері мен криптілерінің апикальды бөлігінде жолақты жиекшесі бар эпителиоциті:
A). бокал тәрізді экзокриноциттер
B). дифференцияланбаған эпителиоциттер
C). бағаналы эпителиоциттер
D). ацидофильді түйіршікті экзокриноциттер
E). эндокриноциттер
33 есеп. Ас қорыту түтігінің қай бөлігінде шырышты қабықша энто- және эктодермадан дамыған эпителимен қапталған:
А). өңеш
B). ащы ішек
C). тік ішек
D). асқазан
E). соқыр ішек
34 есеп. Ішек бүрлері мен криптілерінің қандай жасушасында қабырғалық асқорытуға қатысатын гликокаликс болады?
A). бағаналы және бокал тәрізді экзокриноциттерде
B). эндокриноциттерде
C). экзокриноциттер, ацидофильді түйіршіктері бар жасушаларда
D). бокал тәрізді экзокриноциттерде
E). бағаналы эпителиоциттерде
35 есеп. Тоқ ішектің бұлшық ет қабықшасының қандай ерекшелігі бар?
A). айналмалы қабаты жоқ
B). бойлай орналасқан қабаты жолақ түрінде
C). бойлай орналасқан қабаты жоқ
D). айналмалы қабаты жолақ түрінде
E). бойлай қабаты тұтас болады
36 есеп. Аш ішек криптісінің эпителиінің жиекшесіз жасушасының атқаратын қызметі:
A). шырыш бөледі
B). камбий болып табады
C). серотонин өндіреді
D). дипептидаза мен лизоцим өндіреді
E). қабырғалық ас қорытуға қатысады
37 есеп. Аш ішек криптісінің эпителиінің бокал тәрізді жасушасының атқаратын қызметі:
A). шырыш бөледі
B). камбий болып табады
C). серотонин өндіреді
D). дипептидаза мен лизоцим өндіреді
E). қабырғалық ас қорытуға қатысады
38 есеп. Аш ішек криптісінің эпителиінің эндокриноциттерінің атқаратын қызметі:
A). шырыш бөледі
B). камбий болып табады
C). серотонин өндіреді
D). дипептидаза мен лизоцим өндіреді
E). қабырғалық ас қорытуға қатысады
39 есеп. Аш және ток ішектердің шырышты қабықшасы қандай эпителиймен қапталған?
A). бірқабатты жазық
B). бірқабатты текшелі
C). бірқабатты призмалық
D). көпқабатты жазық мүйізденбейтін
E). көпқабатты жазық мүйізденетін
40 есеп. Аш ішектің криптісінің апикальды-түйіршікті жасушасының атқаратын қызметі:
A). шырыш бөледі
B). камбий болып табады
C). серотонин өндіреді
D). дипептидаза мен лизоцим өндіреді
E). қабырғалық ас қорытуға қатысады
41 есеп. Аш ішектің криптісінің жиекшелі эпителиінің атқаратын қызметі:
A). шырыш бөледі
B). камбий болып табылады
C). серотонин өндіреді
D). дипептидаза мен лизоцин өндіреді
E). қабырғалық ас қорыту қатысады
42 есеп. Апикальды түйіршікті жасушалар аш ішекте орналасады:
A). тек криптілерде
B). тек бүрлерде
C). бүрлерде және криптілерде
D). сірі қабықшада
E). тек дуоденальдық бездерде
43 есеп. Жиекшелі энтероциттер аш ішекте орналасады:
A). тек криптілерде
B). тек бүрлерде
C). бүрлерде және криптілерде
D). сірі қабықшада
E). тек дуоденальдық бездерде
44 есеп. Бокал тәрізді жасушалар аш ішекте орналасады:
A). тек криптілерде
B). тек бүрлерде
C). бүрлерде және криптілерде
D). сірі қабықшада
E). тек дуоденальдық бездерде
45 есеп. Эндокринді жасушалар аш ішекте орналасады:
A). тек криптілерде
B). тек бүрлерде
C). бүрлерде және криптілерде
D). сірі қабықшада
E). тек дуоденальдық бездерде
46 есеп. Тік ішектің ампулярлық бөлігінің шырышты қабықшасының эпителийі:
A). көпқабатты жазық мүйізденбейтін
B). көпқабатты жазық мүйізденетін
C). көпқабатты текшелі мүйізденбейтін
D). бірқабатты жазық
E). бірқабатты призмалық
47 есеп. Тік ішектің анальдық бөлігінің бағаналы аймағында шырышты қабықшасының эпителийі:
A). көпқабатты жазық мүйізденбейтін
B). көпқабатты жазық мүйізденетін
C). көпқабатты текшелі мүйізденбейтін
D). бірқабатты жазық
E). бірқабатты призмалық
48 есеп. Тік ішектің анальдық бөлігінің аралық аймағында шырышты қабықшасының эпителийі:
A). көпқабатты жазық мүйізденбейтін
B). көпқабатты жазық мүйізденетін
C). көпқабатты текшелі мүйізденбейтін
D). бірқабатты жазық
E). бірқабатты призмалық
49 есеп. Тік ішектің анальдық бөлігінің терілік аймағында шырышты қабықшасының эпителийі:
A). көпқабатты жазық мүйізденбейтін
B). көпқабатты жазық мүйізденетін
C). көпқабатты текшелі мүйізденбейтін
D). бірқабатты жазық
E). бірқабатты призмалық
50 есеп. Жиекшелі ішектің шырышты қабықшасының эпителиі:
A). көпқабатты жазық мүйізденбейтін
B). көпқабатты жазық мүйізденетін
C). көпқабатты текшелі мүйізденбейтін
D). бірқабатты жазық
E). бірқабатты призмалық
ОҚИҒАЛЫҚ ЕСЕПТЕР
-
Еріннің микропрепаратында көп қабатты жазық мүйізденетін эпителий, шаштар, май және тер бездері көрінеді. Бұл еріннің қандай бөлімі? Оны еріннің басқа бөлімдерінен қандай құрылымдық белгілері арқылы анықтадыңыз?
-
Гистологиялық препарат тіс түбірі мен сауытынан дайындалған. Оларды қалай ажыратуға болады?
-
Үш ірі сілекей бездерінің микропрепараттары Шифф-йодты қышқылмен (ШИК-реакция) өңделген. Ол шырыш бөлетін жасушаларға қою қызыл түс береді. Бұл препараттарда шықшыт, жақ асты және тіл асты сілекей бездерін қандай белгілеріне қарап анықтауға болады?
-
Асқазан сөлін тексеру оның қышқылдығының күрт төмендегенін анықтады. Ол асқазан бездерінің қандай жасушаларының қызметінің зақымдануымен байланысты?
-
Асқазанның меншікті бездерінің жасушасының электроннограммасында көптеген митохондриялар мен жасушаішілік түтікшелер анықталды. Бұл жасушалар қалай аталады? Қандай қызмет атқарады?
-
Аш ішектің шырышты қабықшасының эпителиі жарақаттан зақымданған. Оның қалпына келуіне қандай жасушалар қатысады? Олар ішектің қандай құрылымдарында орналасады?
-
Ішек бүрлерін қаптайтын эпителий құрамына үш түрлі жасушалар кіреді. Олардың қайсысы қабырғалық ас қорытуға қатысады?
-
Препараттар ұлтабар мен ащы ішектердің қабырғаларынан дайындалған. Оларды құрылысының қандай ерекшеліктеріне қарап ажыратуға болады?
-
Препараттар ащы және жиекшелі ішектердің қабырғаларынан дайындалған. Оларды қалай ажыратуға болады?
«АС ҚОРЫТУ ТҮТІГІНІҢ МОРФОФУНКЦИОНАЛЬДЫҚ СИПАТТАМАСЫ » ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР КАРТАСЫ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ НЕГІЗДЕРІ
1 тапсырма. Тілдің жапырақ тәрізді бүртігінің морфологиясын зерттеу.
Гематоксилин және эозинмен боялған тілдің түбірінің бүйір бетінің кесіндісінде, микроскоптың кіші өлшемінде жапырақ тәрізді бүртікшені табыңыздар. Микроскоптың үлкен өлшемінде бүртікшенің құрамындағы дәм сезу буылтықтары бар көпқабатты жазық мүйізденбейтін эпителийді және дәнекер тіннен тұратын меншікті табақшаны тауып, суретін салыңыздар. Белгілері: 1) эпителий, 2) дәм сезу буылтықтары, 3) меншікті табақша.
2 тапсырма. Тістің қатты тіндерінің құрылысын зерттеу
Микроскоптың кіші өлшемінде боялмаған тіс шлифінің түбірін төмен қаратып қойыңыздар және тіс қуысын, каналын, тесігін және сауытын табыңыздар. Үлкен өлшемде тіс сауытында – тығыз орналасқан, радиальды бағытталған эмальдық призмалардан тұратын эмальды, ондағы Шрегер және Ретциус жолақтарын анықтаңыздар. Тіс сауытында плащтық дентинді және тіс қуысын қоршай орналасқан радиальды түтікшелері бар пульпа маңы дентинін табыңыздар. Тіс түбірінде тіс мойнына жақын орналасқан жасушасыз цементті және түбірдің ұшында орналасқан көп өсінділі цементоциттері бар жасушалық цементті қарастырыңыздар. Тістің жалпы суретін салып, келесі белгілерді қойыңыздар: 1) тіс сауыты, 2) тіс мойыны, 3) тіс түбірі, 4) эмаль, 5) эмальдық призмалар, 6) плащтық дентин, 7) пульпа маңы дентині, 8) дентин түтікшелері, 9) жасушасыз цемент, 10) жасушалық цемент
3 тапсырма. Аралас сілекей безінің құрылысын зерттеу
Гематоксилин және эозинмен боялған жақ асты сілекей безінің кесіндісінде, микроскоптың кіші өлшемінде мүшенің бөліктік құрылысына, дәнекер тіндік капсуласына және бөлікшеаралық тосқауылдарда орналасқан, екі қабатты эпителиймен қапталған бөлікшеаралық шығару өзектеріне назар аударыңыздар. Микроскоптың үлкен өлшемінде бөліктің ішінде дөңгелек пішінді ядросы ортасында орналасқан, пішіні конус тәрізді сероциттермен қапталған дөңгелек белоктық секреторлық бөлімдер - ацинустарды және ядросы жазық пішінді шетіне қарай орналасқан ашық түсті, үлкен көлемді мукоциттермен қапталған сопақша шырышты секреторлық бөлімдерді табыңыздар. Секреторлық бөлімдердің арасында аралас (шырышты-белокты) секреторлық бөлімдерді табыңыздар. Олар шырышты ацинустан және оның сыртында орналасқан белоктық секреторлық Джануцци айшығынан тұрады. Бөліктің ішінде секреторлық ацинустардың арасында келесі шығару өзектерді көрсетіңіздер: ендірме - текшелі эпителиоциттермен қапталған, бөлікшеішілік жолақты - базальды жолақтығы бар призмалық эпителиоциттермен қапталған. Барлық ацинустар мен бөлікшеішілік өзектердің сыртқы бетінде миоэпителиоциттердің жазық пішінді ядролары анықталады. Бездің барлық құрылымдық компоненттері бөліктің ішінде құрамында қан тамырлары бар дәнекер тінімен байланысқан. Бөліктің суретін салып, келесі белгілерді көрсетіңіздер: 1) капсула, 2) бөлікшеаралық тосқауылдар, 3) бөлікшеішілік дәнекер тіні, 4) белоктық ацинус, 5) шырышты ацинус, 6) аралас секреторлық ацинус, 7) Джануцци айшығы, 8) миоэпителиоциттер, 9) ендірме өзек, 10) жолақты өзек, 11) бөлікшеаралық өзек.
4 тапсырма. Шықшыт сілекей безінің құрылысын зерттеу
Гематоксилин және эозинмен боялған шықшыт сілекей безінің кесіндісінде, микроскоптың кіші өлшемінде мүшенің бөліктік құрылысына, дәнекер тіндік капсуласына және бөлікшеаралық тосқауылдарда орналасқан бөлікшеаралық шығару өзектерге назар аударыңыздар. Микроскоптың үлкен өлшемінде бөліктің ішінде ядросы ортасында орналасқан, пішіні конус тәрізді сероциттермен қапталған дөңгелек белоктық секреторлық бөлімдер - ацинустар мен бөлікшеішілік ендірме және жолақты өзектерді табыңыздар. Бөліктің суретін салып, келесі белгілерді көрсетіңіздер: 1) капсула, 2) бөлікшеаралық тосқауылдар, 3) бөлікшеішілік дәнекер тіні, 4) белоктық ацинус, 5) ендірме өзек, 6) жолақты өзек, 7) бөлікшеаралық өзек.
5 тапсырма. Ө
ңештің құрылысын зерттеу.
Гематоксилин және эозинмен боялған өңештің көлденең кесіндісінде микроскоптың кіші өлшемінде көріп, суретін салып, келесі белгілерді қойыңыздар: I) шырышты қабықша, онда 1) көпқабатты жазық мүйізденбейтін эпителий, 2) меншікті табақша, 3) бұлшық ет табақшасы, II) шырыш асты негіздегі меншікті бездердің секреторлық бөлімдері, III) екі қабаттан тұратын бұлшық ет қабықшасы, IV) адвентициальды қабықша.
6 тапсырма. Асқазан түбінің қабырғасының құрылысын зерттеу.
Конго-рот және гематоксилинмен боялған препаратта асқазан қабырғасының қабықшаларын, қабаттарын, олардың тіндік құрамын және меншікті бездердің жасушаларын анықтаңыздар. Микроскоптың кіші және үлкен өлшемінде тауып, суретін салыңыздар. Белгілері: I) шырышты қабықша, онда 1) асқазан шұңқырлары, 2) бірқабатты призмалық безді эпителий, 3) шырышты қабықшаның меншікті табақшасы, 4) меншікті бездер, онда а) басты жасушалар, б) париетальды жасушалар, в) шырышты жасушалар, 5) шырышты қабықшаның бұлшық ет табақшасы, II) шырыш асты негіз, III) бұлшық ет қабықшасы (жазық бұлшық ет тінінің үш қабаты), IV) борпылдақ дәнекер тіндік табақшадан және мезотелийден тұратын сірі қабықша.
7 тапсырма. Ащы ішектің құрылысын зерттеу.
Гематоксилин және пикрофуксинмен боялған ащы ішектің препаратында оның қабықшаларын, қабаттарын, тіндік құрамын, бүрлері мен криптілерін анықтаңыздар. Бірнеше бүрлер мен криптілерді салып, қабықшалары мен тіндік компоненттерін көрсетіңіздер. Бүрлердің призмалық эпителийінде жиекшелі және бокал тәрізді жасушаларға көңіл аударыңыздар. Келесі белгілерді қойыңыздар: I) шырышты қабықша, 1) бүрлер, 2) криптілер, 3) жиекшелі эпителиоциттер, 4) бокал тәрізді жасушалар, 5) шырышты қабықшаның меншікті табақшасы, 6) шырышты қабықшаның бұлшық ет табақшасы; II) шырыш асты негіз (борпылдақ дәнекер тіні, қан тамырлары және жүйке ганглийлері); III) бұлшық ет қабықшасы (жазық бұлшық ет тінінің екі қабаты); IV) сірі қабықша.
8 тапсырма. Тоқ ішекті, оның қабырғасының құрылысының ерекшеліктерін зерттеу.
Гематоксилин және эозинмен боялған тоқ ішектің препаратын зерттеп, оның барлық қабықшаларын, қабаттарын салыңыздар. Шырышты қабықшада бүрлердің болмауына және криптілердің болуына назар аударыңыздар. Белгілері: I) шырышты қабықша, 1) криптілер, 2) бокал тәрізді жасушалар, 3) жиекшелі эпителиоциттер, 4) шырышты қабықшаның меншікті табақшасы, 5) шырышты қабықшаның бұлшық ет табақшасы; II) шырыш асты негіз, а) лимфоидты түйіндер; III) бұлшық ет қабықшасы; IV) сірі қабықша, б) борпылдақ дәнекер тіні, в) мезотелий.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ
-
Ауыз қуысының шырышты қабықшасының сипаттамасы
-
Ерін мен тілдің құрылысы мен қызметтік маңызы
-
Тістің құрылысы, қатты және жұмсақ тіндерінің сипаттамасы
-
Сілекей бездерінің жіктелуі және құрылысы
-
Өңештің түрлі бөліктерінің құрылысының ерекшеліктері
-
Өңештің асқазанға ұласқан аймағының құрылымдық ерекшеліктері және оның себебі қандай?
-
Асқазанның қабықшаларының құрылысы, қызметтері
-
Асқазанның әр түрлі бөліктерінің шырышты қабықшаларының құрылысына қандай ерекшеліктер тән?
-
Асқазанның меншікті кардиальдық бездерін пилорикалық бездерден қандай морфофункциональдық белгілеріне қарап ажыратуға болады?
-
Аш ішектің бүрлерінің, криптілерінің құрылысы, жасушалық құрамы
-
Қуыс ішінде, қабырғалық, жасушаішілік ас қорыту туралы түсінік
-
Қабырғалық ас қорыту барысындағы бағаналық эпителиоциттердің маңызы?
-
Тоқ ішектің жасушаларының, криптілерінің құрылысы, атқаратын қызметтері
-
Аппендикстің құрылысы, қызметтік маңызы
ТЕСТІЛЕРДІҢ ЖАУАБЫ
Есептің нөмірі
|
Жауаптың нөмірі
|
Есептің нөмірі
|
Жауаптың нөмірі
|
Есептің нөмірі
|
Жауаптың нөмірі
|
1
|
А
|
18
|
С
|
35
|
В
|
2
|
А
|
19
|
Е
|
36
|
В
|
3
|
Е
|
20
|
D
|
37
|
А
|
4
|
А
|
21
|
В
|
38
|
С
|
5
|
В
|
22
|
С
|
39
|
С
|
6
|
С
|
23
|
С
|
40
|
D
|
7
|
А
|
24
|
В
|
41
|
Е
|
8
|
D
|
25
|
А
|
42
|
А
|
9
|
В
|
26
|
В
|
43
|
С
|
10
|
Е
|
27
|
D
|
44
|
С
|
11
|
В
|
28
|
Е
|
45
|
С
|
12
|
С
|
29
|
А
|
46
|
Е
|
13
|
D
|
30
|
D
|
47
|
С
|
14
|
А
|
31
|
С
|
48
|
А
|
15
|
D
|
32
|
С
|
49
|
В
|
16
|
С
|
33
|
С
|
50
|
Е
|
17
|
А
|
34
|
Е
|
|
|
ОҚИҒАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІҢ ҚЫСҚА ЖАУАБЫ
1. Терілік бөлімі, орналасқан теріге тән құрылымдарға қарап анықтауға болады.
2. Тіс түбірінде цемент, ал сауытында эмаль анықталады.
3. Шықшыт безінде бұл реакцияға жауап беретін жасушалар болмайды, жақасты безінде аз, ал тіласты безінде көп кездесетін болады.
4. Тұз қышқылын өндіруге қатысатын асқазанның меншікті безінің париетальды жасушасы.
5. Асқазанның меншікті безінің париетальды жасушасы. Тұз қышқылын өндіруге қатысады.
6. Криптілердің түбіне қарай орналасқан аз дифференцияланған эпителиоциттер.
7. Бағаналық эпителиоцит.
8. Ұлтабардың шырыш асты негізінде дуоденальдық бездер орналасады.
9. Ащы ішектің шырышты қабықшасында бүрлер және криптілер, ал жиекшелі ішекте тек криптілер болады.
Қолдануға ұсынылатын Әдебиеттер
1. Ю. И. Афанасьева. Гистология: Учебник /Ю. И.Афанасьева, Н. А.Юрина - М.: Медицина, 2004. – 768с.
2. Р.Б. Абильдинов. Гистология, цитология и эмбриология: атлас для студентов медицинских ВУЗов. /Р.Б. Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй. - Алматы, 2006. -416с.
3. Ж.О. Аяпова. Цитология, эмбриология және гистология: оқу құралы. /Ж.О. Аяпова. -Алматы, 2007. – 288б.
4. Гистология, эмбриология, цитология: Учебник/ред. Э.Г. Улумбеков, Ю.А. Челышев. – М.: ГАОТОР. Мед., 2009.-408с. + СД.
5. В. Л. Быков. Частная гистология человека./ В. Л. Быков. - СПб: Sоtis, 2000. – 300с.
6. П. Қазымбет. Гистология, цитология және эмбриология атласы: Медицина жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. /П. Қазымбет, М. Рысұлы, Ж.Б. Ахметов. -Астана, 2005. - 400б.
7. С.Л. Кузнецов. Гистология, цитология и эмбриология: Учебник. /С.Л. Кузнецов, Н.Н. Мушкамбаров. -М.: Мед. Инфор. агентство, 2007. - 600с.
8. С.Л. Кузнецов. Гистология. Комплексные тесты: ответы и пояснения: Учеб. пос./ С.Л. Кузнецов, Ю.А. Челышев. -М., 2007.-400с.
9. А.С. Пуликов. Возрастная гистология: Учеб. пособие./А.С. Пуликов. - Рн/Д: Феникс, 2006. – 173с.
10. Р.Ж.Есимова. Ұйқы безі және бауыр (құрылысы, дамуы және гистофизиологиясы): студенттерге арналған оқу құралы. /Р.Ж.Есимова. –Қарағанды: ҚММА, 2006. – 52б.