Қарағанды қалалық білім бөлімі Әдістемелік кабинет


Тестке қойылатын талаптар



бет2/4
Дата13.03.2024
өлшемі1.79 Mb.
#495424
1   2   3   4
Мағжан Жұмабаев шығармашылығына арналған тест жинағы

Тестке қойылатын талаптар:


  1. Құрастырылу қарапайымдылығы мен тест тапсырмаларының бірмәнділігі.

  2. Тест тапсырмаларын орындауға берілетін уақыттың шектелуі (2 сағаттан көп емес);

  3. Берілген тестке арналған тест нормаларының сақталуы (берілген тест бойынша орташа көрсеткіш).

  4. Тапсырмада дайын жауап жоқ, сынаққа қатысушы жауапты өзі тауып жазатын – ашық түрдегі тапсырмалар, таңдап алу үшін дайын жауаптар берілген жабық тест тапсырмаларынан тұрады.



Алынған тест тапсырмасының түрлері

1-үлгі. Тапсырмада дайын жауап жоқ, Мағжан Жұмабаев өмірі мен шығармашылығы бойынша сынаққа қатысушы жауапты өзі тауып жазады, ол – ашық түрдегі тапсырмалар.


Мысалы: М. Жұмабаевтың «Педагогика» атты оқулығы ________ жылы _____________қаласында басылып шықты.
2-үлгі. Егер тапсырмаларға таңдап алу үшін дайын жауаптар берілсе, бұл жабық тест тапсырмалары.
Мысалы: «Мен жастарға сенемін » өлеңінің авторы:

  1. Мағжан Жұмабаев

  2. Міржақып Дулатов

  3. Ахмет Байтұрсынов

  4. Жүсіпбек Аймауытов

  5. Сұлтанмахмұт Торайғыров



Ашық тест тапсырмалары




  1. Мағжан Жұмабаев _____________жылы дүниеге келді.

  2. Мағжан 1936 жылы_______ мен ______ араласуымен аз ғана уақыт бостандық алады, бірақ 1937 жылы қайта қамауға алынады.

  3. 1909 жылы Петербургтегі семинарияда М.Жұмабаев болашақ күрескер ақын ________________________танысады.

  4. Мағжанның_______ өлеңі ________ «Қазақ қызы » романында эпиграф етіп алынған.

  5. Мағжанның тұңғыш _____________ өлеңдер жинағы 1912 жылы жарық көрді.

  6. Қазақтың тәуелсіздігін, күллі түркі халықтарының азаматтығын , өз бірлігін аңсаған ақынның __________ туындысынан аңғаруға болады.

  7. 1923-1927 жылдары М. Жұмабаев _________ жоғарғы әдеби - көркемөнер институтында оқиды.

  8. Мағжан жеті жасында «_____ ______» атты кітапты түгелдей оқып шығып, күллі пайғамбарлардың өмірін жаттап алған көрінеді.

  9. Мағжан Омбы қаласында «_____» деген қолжазба журналға редактор болды.

  10. «Мен өлсем де, Алаш өлмес, көркейер, істей берсін қолдарынан келгенін» деген Мағжанның «______» өлеңінен алынған үзінді.

  11. 1918 жылы маусымда Омбыда Кеңес өкіметі құлап, Колчак келгенде Мағжан абақтыдан шығып, біраз уақытын ______ өткізеді.

  12. М. Жұмабаев 1918 жылы күзде Петропавл уезінде ашылған __________ екі жылдық курстың меңгерушісі болады.

  13. Сібір ревкомы Омбыдағы өзгерістерді халық арасына насихаттау жұмысымен шұғылданатын комиссия құрып, _________ соның құрамына енеді.

  14. Мағжан «____________» газетінің редакторы қызметіне тағайындалды.

  15. _______ жылы М. Жұмабаев «______» атты жасырын ұйым құрды деген айыптаумен он жылға сотталды.

  16. «_______ ________» газеті Омбыдан _________ қаласына көшірілгенде де, Мағжан осы газет редакторы еді.

  17. 1906-1910 жылдары Мағжан Қызылжарда ______ _______ деген жадит молдасының медресесінде мұсылмандық білімін шыңдай түседі.

  18. Сәбит Мұқановтың айтуынша Ақия мұғалім жас Мағжанға _________тілді білдіреді.

  19. Мағжан Омбыда «Бірлік» атты жастар қоғамы құрылып, сол қоғамның «_________» қолжазба журналына редактор болып сайланды.

  20. 1911-1912 жылдары Уфа қаласында атақты медресе «__________» оқиды.

  21. Мағжан 1936 жылы ______ мен _______ араласуымен аз ғана уақыт бостандық алады, бірақ 1937 жылы қайта қамауға алынады.

  22. Шолпан жинағындағы «_______ _______ ______»өлеңі атақоныстарынан қуылып шығарылған ел мұңын шағады.

  23. _______ жылы Омбы мұғалімдер семинариясына түсіп, оны ________жылы тәмамдайды.

  24. «Ата- анаңнан без дедің, безбедім бе, қаңғырып талай жалғыз кезбедім бе...» деген үзінді Мағжанның «_____________________» өлеңінен алынған.

  25. Семинарияда үздік оқығандарға бір мецанат бай _________стипендия

тағайындайды, Мағжан сол стипендияны талшық етеді.

  1. Әкесі Бекен Мағжанды Омбыға оқуға жібермей ________еткісі келді.

  2. Мағжан Жұмабаев Ақмола облыстық комитетінің жұмсауымен ----

облыстық қазақ съезіне қатысады.

  1. Омбы түрмесінде жатқанда «__________» өлеңі жазылған.

  2. __________ жылдың аяқ кезінде екінші әйелі Зылайхамен тұрмыс құрады.

  3. «__________» партиясының көкауыз белсенділерінің әлегінен тұтқындалып, 1918 жылдың ақпанынан __________ айына дейін Омбы түрмесінде отырады.

  4. _________жылы Мағжан ________________мұғалімдер институына түседі.

  5. Жалпықазақтық съезде Мағжан ақын _________ өтетін құрылтай жиналысына Қазақстаннан баратын депутатттар тізіміне ілікті.

  6. Алашорда үкіметінің тапсырмасы бойынша Мағжан __________ қазақтарының съезін ұйымдастырып өткізеді.

  7. Мағжан ______ _____________ басшылығымен өткен Омбыдағы қазақ съезінің жұмысына араласады.

  8. М. Жұмабаев «______», «________» деп ұран көтерген қозғалыстардың ортасында жүрді.

  9. 1917 жылы ________революциясынан соң, Мағжан _____ _______(Қазақ Автономиялық) облыстық комитетінің құрамында ________ бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады.

  10. Жүрәклар тәңірісі отлы!

Көзіңнің шағласын меннан.
Көшір бір өзге алғулға,
Сиқырлы иылдызым, тездан! – деп Мағжанға __________ өлең арнады.

  1. Атақты символист __________ «Дети ночи» (1896ж.) деген өлеңіне Мағжанның жауабы ретінде жазылған өлеңнің бірі «_________________».

  2. Мағжанның «Анама» өлеңі анасы _______________ арналған.

  3. Мағжанның «______________» өлеңі орыс ақыны Д.Ж Мережковский өлеңінің әсерімен жазылған.

  4. Кең дала, көресің ғой, анау жатқан , Жібектей жасыл шөптей бетін жапқан. Асқар тау, балдан тәтті сулары бар, әне, сол анам еді мені тапқан,- деген шумақ Мағжанның 1910 жылы жазылған «_________» өлеңінен алынған үзінді.

  5. Мағжанның «Сүй, жан сәулем» өлеңі _____________________ арналған.

  6. «Сен сұлу» өлеңі көптеген ұрпақтың көңілінен шығып, жүрегінен орын тепкен «__________________________» әнінің негізі.

  7. М. Жұмабаев ________ жылы толық ақталды.

  8. Мағжанның қара сөзбен жазылған шығармасы «___________»

  9. М. Жұмабаевтың «Педагогика » атты оқулығы ______жылы ____________ қаласында басылып шықты.

  10. Мағжан Жұмабаевтың 1912 жылы ____________ қаласында «Шолпан» атты тұңғыш жинағы басылып шықты.

  11. Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы Ақмола губерниясы _________ уезінің _____________ болысында дүниеге келді.

  12. 1919 жылы Мағжан ақын екі бірдей қасіретке душар болды: тағдыр қосқан қосағы толғақ үстінде қайтыс болса, азамат соғысы уақытысына орай есімін Граждан қойған перзенті бір жылдан соң ол да үзіледі. Осының бәрі ақын жүрегіне зіл батпан ауыртпалық түсіріп, із қалдырады. «_________» өлеңі осы сәттерде туған.

  13. 1912-1914 жылдары М. Жұмабаев «Қазақ» газетінің редакторы, қоғам қайраткері, көрнекті жазушы ______ _______ және Шығыс, Батыс мәдениетінен де жан – жақты терең қаруланған , аса дарын иесі ______ _________ дәріс алады.

  14. 1969 жылы Мағжанмен Солтүстік Қазақстанда қызметтес болған _________ Қазақстан басшыларына М. Жұмабаевты ақтау шығармаларын жариялау жайында толғана ұзақ хат жазған.

  15. Бекенді де, балаларын да сол елде «____________» , деп аңыз етеді екен.

  16. «Мағжан терең ойдын ақыны емес, нәзік сезімнің , тәтті қиялдың ақыны, ол кедейдің ақыны емес, ұлы ақыны», деген пікірді айтқан _______________

  17. «Ағылшын үшін Шекспир, орыстар үшін Пушкин қандай болса, _________ да қазақтар үшін сол биіктегі тұлға еді»,- деді академик Әлкей Марғұлан.

  18. «Мағжан Жұмабаевты мен өзіндік ерекше , табиғат болмысы бөлек ақын, өлеңнің асқан шебері санағанмын және солай санаймын да, оны Абайдың лайықты жолын қуушы, әрі дамытушы деуге болады»,- дейді башқұрт ақыны ____________.

  19. Сал- сал білек сал білек,

Балдан тәтті бал білек,
Мектепке бар бір мезгіл,
Әжеңнің тілін ал, бөбек,- деген үзінді Мағжанның «__________» өлеңінен алынған.

  1. Тоқтышығым, тоғыз тап,

Саулық қойым , сегіз тап.
Сегізін де семіз тап.
Құла бием құлын тап,
Құлын таппа құнан тап.
Құнан тапсаң, егіз тап –деген Мағжан ақынның «_________» өлеңінен үзінді.



  1. Жазды күні _______________,

Сұлу еді сүліктей.
Құрық көрсе, құлдырап,
Жытушы еді еліктей,- деген Мағжанның _________________ өлеңінен үзінді.

  1. Жыл құсын көргенде:

___________! _______!
Көк құс көзін ашты ма,
Аяғын жерге басты ма?
__________! ________!
Самарқанның көк тасы
Жібіді ме, көрдің бе?
Қап тауының көк құсы
Жүгірді ме, көрдің бе?-деген М.Жұмабаевтың ___________ өлеңінен үзінді.



  1. Шолақ айдар, шөп желке,

Бауырсақ мұрын бүйрек бет,
Былқ- былқ етіп жүргенде,
Ойламайсың ба үйрек деп?!
Өзім қазақ болған соң,
Бауырсақ мұрын, бүйрек бет,
Басқа айтпайды мен айтам:
«Сендей сұлу сирек», деп,- деген Мағжанның «_____ қызына әзіл» өлеңі.



  1. «Бала... сол бала үшін қандай ессіздік істемеді ________! Ұшыраған молдадан дұға алып бақты. Аты естілген қожадан ішірткі жаздырып ішті. Көрінген сәлдеге үшкіртті ...» Мағжанның « __________ » әңгімесінің кейіпкері.

  2. Келші, көзім, Күн нұрына көмейін,

Сүйші- өлейін, «неге өлейін?»- демейін
Жет, жұлдызым, жылжып қана жібектей...
деген үзінді Мағжанның _________________ өлеңінен үзінді.

  1. Махаббат - бір тікенек,

_________барып қадалар.
Бақытсыз ғой бұл ______
Тамшылап одан қан ағар.



  1. Осы түннен былай қарай _________ бар тілегі __________ болды. Жатса да, тұрса да, ояу болса да, ұйықтаса да: «Жасаған- ау, ___________ бере көр» деген тілекті _______ не аузы, не жүрегі айтушы еді.

  2. Айтшы, әжетай, көк деген не?

Теңбіл- теңбіл көктеген бе?
Жұлдыз көзін жымыңдатса,
Ай-әжесі «Тек»-деген ?,- осы үзінді
Мағжанның « ___________мен _____________ өлеңінен алынған.

66. Дұғалық нағыз, ішірткі ішу, үшкірту, түкірту, қақтыру-соқтыру, намаз, ораза, садақа, нәзір һәм басқа бас-аяғы жоқ ________ ақырында __________ шаршады.


67. Абақтыда айдан күннен жаңылдым,....деп басталатын Мағжан Жұмабаевтың ____________ өлеңі.
68. «Теңізден терең,таудан зор күнә қылып, болса да ол __________ табуға міндетті. Ізгі тілек үшін істелген күнәні жасаған кешпес пе екен? Жоқ, ____________ рақметі мол ол көшеді» деген __________ монологы.
69. «Өлгені емес, жерді тастап кеткені,
Шын бақытқа ерте бастап жеткені
Ізгі оймен жайлы жәннат төрінен,
Орын алып,ата-анасын күткелі»- деген үзінді Мағжанның ______________ арналған өлеңінен үзінді.

70. Жайнамаз үстінде төгілген ыстық жастар, жалынды құшақтар, отты сүюлер, бәрі әсерсіз желге жеткені ме? _____________ деген құр сөз болып сағым қиял болып қалғаны ма? Енді қалған _________ _________ _________ жап-жалаңаш болып озғаны ма?


71. Сылдыр, сылдыр, сылдыр......
Қанымды қайнатты құрғыр.
Шық – шық жүрекке тиеді,
Күлпара талқан боп сыңғыр!,- деген үзіндіден
Мағжан ______________ айтады.
72. Сүй, жан саулем, тағы да сүй,тағы да!,-деген Мағжан
ақынның сезімі_________ __________ арнап айтылған.

73. Арыстандай айбатты


Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты,- деп Мағжан Жұмабаев ______________ сенеді.

74. «Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,


Нұрлы жұлдыз ______ ____ сен қалдың!»

75. «Мағжан ақындығы туралы» Ташкенттегі қазақ


студенттеріне баяндама оқыған _________ _____________
76. «Балқашты бауырына алған Тарбағатай,
Жоталы жер кіндігі – Памир, Алтай.
____________ қасиетті тау болмаса,
Топанда Нұқ кемесі тоқтар қалай?» деген
Мағжан Жұмабаевтың «________________» өлеңінен үзінді.
77. «-Иттің ғана баласы, мен сенен бала сұрадым ба?
Мен ойнас жасап, бала тауып бер дедім бе? Сен иттің адал ісімді
арамдап жүргеніңе ___________ жыл болды ғой!» деген ___________ сөзі.

78. Мағжан Жұмабаевтың әдеби мұрасына қазіргі алфавитке түсіруге,


фотосуреттерін іздеп табуға көмек көрсеткендер __________ мен __________.
79. Мағжанның үшінші өлеңдер жинғы 1923 жылы Ташкентте _________________
көмегі арқасында жарық көрді.

80. 1905 жылы Қызылжардағы Мағжан Жұмабаев оқыған оқу орны «___________»


81. Мағжан мұғалімдер семинариясын 1917 жылы алтын медальмен бітіреді.
Үздік оқитын қазақ балаларына арналған «________________ фондынан»
ұдайы степендия алып тұрды.

82. « Бүгіннен бастап, Мағжан сен де менің шәкіртімсің,» - деп төрт жасар Мағжанды қолынан жетектеп, алдыңғы орынға отырғызған мұғалімнің аты ______________ __________.


83. «Елдің елдігін сақтайтын - _________, _________, ___________________


________,» деді Мағжан Жұмабаев.
84. «______________ - жанның өте бір қиын терең ісі. Жас балаға __________ тым ауыр, сондықтан тәрбиеші баланың _____________ өркендеткенде сақтықпен басқыштап істеуі керек,» - деді педагог Мағжан Жұмабаев.

85. «Бала тарбия қылғанда әрбір тарбияшының алдымен қолданатын жолы –


__________________»

86. Түркістан – екі дүние бесігі ғой,


Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған.
Түріктің тәңірі берген несібі ғой –деген өлең шумағында дауыссыз
дыбыстарда көп қайталауды _________________ деп айтады.
87. «__________________ - әсерленуі бұрынғы болған
тәжірбиялармен толықтыру.»
88. _____________________ (елес) – болып тұрған әсерленуі
Бұрынғы әсерлену жеңіп кеткенде болатын сезім алдауы. (Келе жатқан бір
кісіні екінші біреу деп ойлап қалу)
89.Ежелден жер емес ол қарапайым,
Білесің тарихты ашсаң ______жайын.
_________________ қасиетті құмар болған,
90. «___________________» - әсерленудің болғанын ойлап табу.

91. «__________________, ____________, ______ _____, __________________


Жас өспірім үмітті ерді бұзады ….,» - деді Мағжан ақын.

92. Бекен мен Гүлсімнің жеті ұл, екі қызы бар. Мағжан Бекеннің


____________ ұлы.
93. «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебімізді ______, _____, ____
һәм ______________________________ негізге құра білсек, келешегіміз үшін
тайынбай-ақ серттесуге болады,» - деді Мағжан «Жазылашақ оқу құралдары
һәм мектебіміз» атты мақаласында.

94. Мағжан Жұмабаев _______ жылы Сасықкөл басында дүниеге келіпті.


95. _______ жылы – Мағжан өміріндегі жаңа биікке көтерілу кезеңі болды. Ол өз


творчествосында заманның сан қилы кескін – келбетін суреттеуге бет бұрды.
Өз халқы бақытты тек аяусыз күрес үстінде табады деп болжайды.

96. Тұранның елі шексіз, шөлі қандай,


Теңіздей кемері жоқ көлі қандай.
Тұранның дария аталған өзендері,
Тасыса шөлді басқан селі қандай!,- деген өлең шумағында
дауыссыз дыбыстарды көп қайталау - ________________.

97. «Өмірінде жаудан жеңіліп көрмеген сайыпқыран, жүлдызы оңынан туған


асқақ, барыс туралы, Гаурлер оны Темірлан деп атаған, бүткіл дүниені
қиратамын деген ойы болған адам ______________.
98. «Болмаса барсаңшы іздеп бабаң дейтін»,-дегенде «Баба» деп отырғаны
____________________.
99. Омбыда «Бірлік» атты жастар қоғамы құрылып, сол қоғамның
«_____________» атты қолжазба журналына Мағжан Жұмабаев редактор болып сайланды.

100. Абақтыда айдан күннен жаңылдым,


Сарғайдым ғой, ________ сағындым.
«Қарашығым, құлыным!» деп зарлаған
Алыстағы _______________ сағындым.
101. Бір жыл болды сені сүйдім,уладым,
Бауырыңа алдың неге мені қумадың.
Ессізбін мен айырылуды ерте ойлап,
Қанды жасмен көзім неге жумадым?!- деген жолдарды Мағжан __________________________ арнады.
102. Бұл –Тұран ежелден – ақ алаш жері,
Тұрансыз тарқамаған алаш шері,
Тұранның топырағында тыныштық тапқан,
Алаштың арыстаны - __________________ ері...
103. Арыстан елге Отан болған Тұран.
Тұранда қазағым да хандық құрған,
Қазақтың қасқа жолы ____________ ханы,
Тұранның талай жерін билеп тұрған.
104. «_____________ данышпан хан құрған екен.
Басында Күлтөбенің Құрылтайын,- деген Мағжанның «_________»өлеңінен үзінді.
105. Мағжан 1923 жылы жазда екі айдай Пәшпекпен
78 километр жердегі ыстық ата демалыс үйінде тынығады. Осында жүріп «___________» циклін жазды.

106. «Барқыт бел, қашқан қалмақ, қалсын адыра,


Ата - анам –айым менен күнім жатыр» деген кейіпке - ___________________.

107. «Күй, жүрек, кел балам, өртен ішім! Алдында айнам жатыр,бөбек пішін,»- деп күйінген батырдың аты ________________.


108. «Мағжан – ұлт ақыны, сыршыл, суретшіл, лирик , символист,»-
деген пікірді айтқан атақты жазушы _________ ______________.

109. Жүрегім мен зарлымын, жаралыға,


Сұм өмір абақты ғой саналыға.
_____ - қолым емес кісендеулі,
Сондықтан жаным күйіп жанады да.
110. Карелия орманда жүдеп – жадап жүрген Мағжанға жалғыз
Зылиха ғана емес, Ленинградта оқуда жүрген __________________ келіп кетті.
111. Пенде Мағжан лагерьдің тәртібінде көндікті. Асаулығынан,
Өлеңге деген аңсарынан, шабытынан бәсең тартса да, ақылдан
Алласы кенде еткен жоқ. Лагерьде жүріп оқып, _________________мамандығына ие болып, күн көрістің және бір айласын жасады.
112. Мишканың әкесі – Киселев жолдасқа большевиктер үлкен жұмыс тапсырды: «________________ барып, онда қалған большевиктерді,тауып алып, оларға былай-былай деп айтып, өзінің мұнда кеңсе жеріне қайтып кел», - деді. Бұл үзінді Мағжанның _____________________аудармасынан.
113. «Қазақ жаңа жылы дін әсерінен таза. Бұл күні ешбір құлшылық, дін әдеттері жасалмайды. Бар болғаны ел бір-бірімен көрісіп: «Жасың құтты болсын!» -айтысады, бұл пікір Мағжан Жұмабаевтың «___________» мақаласынан алынған.
114. Жаңа жыл күні қазақ күн райына қарай алдағы жазды рақат, ракатсыз болады деп болжау жасайды. Жаңа жыл күні қазақ әдетінше әр үйде қазан- казан көже пісіріледі. Қысқы соғымның тек басы саналады. Көжеге көп сүт құйылады,_______,_____________ қарттар мүжіп,___________ балаларға кесіп беріп,басқа жұрттар көжені талап ішеді.
115. « Ауыз ___________ айырылмасын,_________________ уақытымен (қыс) көрсетсін, жас кұтты болсын»,-деп бата жасап тарасады.
116. «Жазушылық оқу құралдары һәм мектебіміз» -«Бостандық туы» газетінің _________ жылғы ________ санында жарияланып, __________ деген бүркеншік атпен қол қойылыпты.
117. «Педагогика» алғаш 1922 жылы _______ жеке кітап болып,басылып шыққан.
118. «Сұңқар жыры» (Максим Горькийден) – бұл аударма алғаш -1923 жылы «___________ » газетінің ____________санында жарияланған.
119. «Бұқарбай жас еді, ақымақ еді. Ақымақ адамды ерінбеген екінің бірі алдап жеп кете береді гой. Бұқарбай да осылай болды. Әкесі өлгенде Бұқарбай көп дүниге ие болып калып еді....» - деген үзінді Мағжанның «_______» аудармасынан.
120.Темірбай текеметтің үстінде ұйықтап жатыр еді. Үйге ұлы жүгіріп кіріп, жеңінен тартып оятып, жыламсырап:- Әке,әке! Ат жоқ ,-деген үзінді Мағжан
Жұмабаевтың «__________________» аудармасынан алынған.
121. Мағжан Жұмабаевтың айтуы бойынша Ертеде Түркістанды _______________
122. Мағжан өзінің кім екенін ақындық қуатын, қайраткерлік қарымын_________
_____________ өлеңде аңғартады.
123. «Күн шығады да, батады» (М.Горький) - М.Горькийдің «______ _________»
деген пьесасында айтылатын әннің сөзі.
124. Қалауым бар, ___________ батыр,
Адасқан аққу құстай мен бір пақыр.
Арқаның аруы боп жүрсем –дағы ,
Алыста туған, өскен жерім жатыр,- деген «_____________»
поэмасындағы қалмақ қызының монологы.

125. Сөзің – сиқыр есті тұман басқандай


Ессіз жүрек дария болып тасқандай
Күлкің, Күнім күндей күміс табаққа
Мінсіз сұлу меруертті шашқандай, - деген өлең жолдары
______________ арналады.
126. Сол сұлу сұлу екен атқан таңдай,
Бір соған бар сұлулық жиылғандай,- деп
суреттелген кейіпкер Мағжанның «______________»
поэмасындағы __________________.
127. «________ бауырым –Кебем!»
Мен сенің сүйгеніңе сенем
Сүйемін мен де сені Тәңірі куә,
Тән түгіл, жаным саған берем!-деген сөздер ___________ айтылды.
128.Мағжанның іс-түссіз жоғалаған поэмасы «_______________».
129. Мағжан _______ жылы түпкілікті ақталды.
130. Суреттеулерді жоғалтпай сақтай білуін ___________ деп атайды.
131. Мағжан ақынның «Батыр Баян » поэмасында ____________ мен __________
жырлағанда, толқынды түңғиық боп төгілді жыр , -дейді.
132. Атасы ақындардың –ақын ___________
Өмірде жүрген жері қанды жорық,
Шомылып көз жасына сарнай, зарнай
Құшақтап қарағайын ________________.
133. Бүгін менің құшағымда кім болды?
Бүгін менің кұшағымда Гүл болды,
Бүгінгі түн маған Алтын күн болды.
Бүгін менің кұшағымда күн болды, - деген өлең шумақтарында дауыссыз дыбыстардың қайталануы ______________ деп аталады.
134. Сансыз күндер ой астына көмілдім,
Қор болып ем көңілін таппай көңілдің
Жаспен жасып, оймен азып-тозып ем,
Өліп едім, бүгін тағы тірілдім,-деген өлеңді Мағжан Жұмабаев ________________________ арнады.
135. «Қойлыбайдың қобызы» поэмасында
Жарыстан озып келген __________еді.
136. Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян»
поэмасында көп айтылған хан _____________.
137. Мағжан Жұмабаев _______________ жылдары өлең жазбай көпшілікке бегісіз болып қалды.
138. Айлар өтті, ай көрінді, өлді жын,
Айлар өтті, айырылды күн мен түн.
Айлар өтті, ішкен удан айныдым,
Айқын болды ақырында жалған шын,-
деген өлең жолдарындағы дауысты дыбыстардың қайталануы ______________ деп аталады.
139. Адамның не заттың, не табиғат құбылыстарының өзгеше белгілерін көрсету, олардың бейнелерін оқушының көз алдында елестету, ой-қиялына әсер ету үшін қолданылатын көркем сөздің бір түрін _______________дейді.
140. Мағжаннын алғашқы ұстазы - ______________.
141. Карелия орманында жүдеп-жадап жүрген
Мағжанға жалғыз _________________ғана емес,
Ленинградта оқуда жүрген Әлкей Марғұлан да келген еді. 142. Мағжаның тұңғыш «Шолпан» өлеңдер жинағы ________жылы жарық көрді.

143._____________жылдар Мағжан ақын жоғарғы әдеби-көркемөнер институтында оқыды.


144. «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы, мектебімізді таза, сау, берік һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тынбай-ақ серттесуге болады», - деді Мағжан Жұмабаев «________ _______ _____________» атты мақаласында.
145. Ой бір теңіз -
Қап - қара боп тебіренер.
Ой бір теңіз-
Шетсіз, түпсіз, тұңғиық
Ой бір теңіз –
Жан түседі, жан қиып,-деген
өлеңнің әр жолы ылғи бір сөзден басталып отыруын ___________деп атайды.

146. «Сау бол!» -дедің, сылдырап ақпадым ба?


Жыландай жүз бұралып жатпадым ба?
Ерікті-еріксіз суымнан татар жанды,
Сиқырлап сылдырменен таппадым ба?- деген өлең шумағындағы жалпыға
қайырыла сөйлеуді, сұрай арнауды __________________ деп атайды.
147. Түн еді. Көкте қаптап бұлт тұрды,
Жел жылады, долы дауыл ұлып тұрды.
Секіріп сары шаш шайтан, жындар билеп,
Әлде сылқ-сылқ қана күліп тұрды,-деген
өлең шумағында белгілі бір сөз, сөз тіркесінің жол аяғында қайталануын
________ деп атайды.
148. Жазушы шығармаға қатысушылардың ішкі портретін, мінезін-құлқын,
наным-сенімін, дүниеге көзқарасын суреттеуді әдебиет теориясында ____________ деп атайды.
149. Көркем әдебиеттің негізгі құралы - ___________ .
150. ... Алты Алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын _______________________.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет