Мағжан ұрпақтарының жыры
Әні: Қанат Мерсалимовтікі,
сөзі: Мәриям Қызырованікі, Роза Момынқызынікі
1.Өмірің өшпес өрнек еді,
Ерліктің күмбез нұр бағы
Әніңмен шалқып тербеледі,
Мағжанның біздей ұрпағы.
*****
Қайырмасы:
Шуақ боп төгілесің,
Гүл болып егілесің
Ұрпаққа ізіңдегі
Елес боп көрінесің.
Ойладың қазақ қамын,
«Алаш» деп ғажап жаның.
Жастарға сеніп өттің,
Сол сенім азат-таңым!
*****
2.Өзіңнен баба байқалады,
Өнердің сырлы соқпағы.
Жырыңды жаттап жайқалады,
Мағжанның біздей ұрпағы.
*****
3.Қанатым сенсің- талмайды,
Елімнің Абыз-Сұлтаны.
Асыл мұраңды жалғайды
Мағжанның біздей ұрпағы.
Мағжан шығармашылығына арналған тест жинағын
талқылау үстінде
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері
Мағжан шығармашылығымен
тәжірибе алмасуда
Достарыңызбен бөлісу: |