Қарағанды қалалық білім бөлімі Әдістемелік кабинет


Мағжан шығармашылығына арналған тест



бет3/4
Дата13.03.2024
өлшемі1.79 Mb.
#495424
1   2   3   4
Мағжан Жұмабаев шығармашылығына арналған тест жинағы

Мағжан шығармашылығына арналған тест
жұмысы орындалуда



Жабық тест тапсырмалары


  1. М. Жұмабаев дүниеге келген жыл

  1. 1831

  2. 1893

  3. 1894

  4. 1846

  5. 1845




  1. «Батыр Баян» поэмасының авторы

  1. Б. Майлин

  2. И. Жансүгіров

  3. С. Сейфуллин

  4. М. Дулатов

  5. М. Жұмабаев




  1. «Шолпанның күнәсі» әңгімесін жазған жазушы

  1. М. Әуезов

  2. С. Торайғыров

  3. Ы. Алтынсарин

  4. М. Жұмабаев

  5. М. Дулатов




  1. Мағжанның мойнына құрық, басына сырық болған

ұйымның аты

  1. Бірлік

  2. Алқа

  3. Қазақ

  4. Алаш

  5. Шоң серіктесі




  1. Жұмсақ мінез жібектер,

Сүттей таза жүректер,
Қасиетті тілектер, - үзінді алынған шығарманың авторы, аты
а) М. Жұмабаев «Қазағым»
b) А. Байтұрсынов «Қазақ салты»
c) С. Сейфуллин «Көкшетау»
d) М. Жұмабаев «Қазақ тілі»
e) М. Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»



  1. «Сорғалап сұңқардайын төнбеп пе еді,

Майданда жолбарыстай жалғыз ойнап,
Сен қолға аш бөрідей кірмеп пе едің,
Жебесі көбе бұзып, жүректі үзбей,
Найзасын, сірә шалғай сермен пе еді...» - деген кейіпкерді ата.

  1. Абылай

  2. Адақ Батыр

  3. Батыр Баян

  4. Ноян

  5. Тарғын




  1. «Жүрегім, мен зарлымын жаралыға ..»-деп басталатын поэма

  1. Жапанды орман жаңғыртты

  2. Қалқаман-Мамыр

  3. Тасқын

  4. Батыр Баян

  5. Аққудың айрылуы




  1. «Қойлыбайдың қобызы» поэмасында жарыстан озған

  1. Тұлпар

  2. Қобыз

  3. Мыстан

  4. Бала

  5. Ақыл




  1. Мағжан Жұмабаевқв тән қасиет.

  1. Жалындап өткен бір ғұмыр

  2. Әке арманын жалғаушы

  3. Тек мұңға ұласқан махаббат

  4. Жапон шпионы

  5. Қулық асырушы




  1. М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы хан

  1. Әбілхайыр

  2. Жәңгір

  3. Тәуке

  4. Кенесары

  5. Абылай




  1. Мағжанның туған жері

  1. Қызылорда

  2. Қарағанды

  3. Көкшетау

  4. Қызылжар

  5. Жаңаарқа


  1. М. Жұмабаевтың «Шолпан» өлеңдер жинағы жарық

көрген жыл

  1. 1906

  2. 1911

  3. 1912

  4. 1913

  5. 1910




  1. М.Жұмабаевтың оқу-тәрбие мәселесіне байланысты жазған еңбегі

  1. «Бала тәрбиесі»

  2. «Қазақ тілі»

  3. «Педагогика»

  4. «Психология»

  5. «Қазақ хрестоматиясы»




  1. М. Жұмабаев толық ақталған жыл

  1. 1988

  2. 1978

  3. 1981

  4. 1950

  5. 1994




  1. М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасында көп айтылған хан

  1. Әбілхайыр

  2. Қасым

  3. Ақша

  4. Абылай

  5. Тәуке




  1. Мағжан ақынның өлең жазбай көпшілікке белгісіз болып қалған уақыты

  1. 1929-1938

  2. 1926-1938

  3. 1925-1938

  4. 1924-1938

  5. 1927-1938




  1. Омбы қаласында Мағжан сабақ берген белгілі қазақ ақыны

  1. Ж. Аймауытов

  2. С. Сейфуллин

  3. Бекет Өтетілеуов

  4. А. Байтұрсынов

  5. Б. Майлин


  1. Мағжанның айтуы бойынша Ертеде Түркістанды

  1. Түркі дескен

  2. Тұран дескен

  3. Оқыс дескен

  4. Отырар дескен

  5. Янсарт дескен




  1. «Жұлдызды-жүзік, айды-алқа ғып берейін» өлеңі басылған баспаны ата

  1. Серке №1

  2. Ақжол №17

  3. Сана №1

  4. Қазақ №3

  5. Бостандық туы




  1. Мағжан «Тірілдім» өлеңін арнады

  1. Зейнеп жарына

  2. Гүлсімге

  3. Горькийге

  4. Ата-анасына

  5. Қарындасына




  1. Мағжанға Еуропалық білім алуға, орыс тілін үйреніп, мәдениетімен қанығуға себін тигізген

  1. Горький мен Пешкова

  2. Байтұрсынов пен Дулатов

  3. Ғалымжан Ибрагимов

  4. Мұхамеджан Сералин

  5. Сәкен Сейфуллин




  1. «Педагогика» оқулығы басылып шықты

  1. Ташкентте

  2. Петербургте

  3. Қызылжарда

  4. Верныйда

  5. Қазанда




  1. М.Жұмабаев семинарияда оқып жүргенде танысты

  1. І. Жансүгіровпен

  2. С. Сейфуллин

  3. А. Байтұрсыновпен

  4. С. Мұқановпен

  5. М. Горькиймен

24.Мағжанның «Айға» өлеңі эпиграф етіп алынған туынды авторын ата

  1. М. Серкебаевтың

  2. Ғ. Ибрагимовтың

  3. М. Бегішовтің

  4. С. Торайғыровтың

  5. С. Көбеевтің

25. М. Жұмабаев поэмасындағы інісін атып өлтіретін кейіпкер



  1. Абылай

  2. Ноян

  3. Баян

  4. Оразымбет

  5. Жанатай

26. Мағжанның өнер адамы туралы поэмасы



  1. «Батыр Баян»

  2. «Қойлыбайдың қобызы»

  3. «Тоқсанның тобы»

  4. «Жүсіпхан»

  5. «Оқжетпестің қиясында»

27. М. Жұмабаевтың әйелдер теңдігі туралы әңгімесі



  1. «Күнікейдің жазығы»

  2. «Бақытсыз Жамал»

  3. «Шолпанның күнәсі»

  4. «Кім жазықты»

  5. «Қалың мал»

28. Мағжанның Кенесары туралы поэмасы



  1. «Қорқыт»

  2. «Қойлыбайдың қобызы»

  3. «Батыр Баян»

  4. «Өтірік ертек»

  5. «Жүсіпхан»

29. 1912 жылы жарық көрген «Шолпан» жинағының авторы



  1. М.Дулатов

  2. М.Жұмабаев

  3. М. Абайұлы

  4. М. Бегішов

  5. М. Сералин

30. 1923-1927ж Мағжан оқыған жоғарғы әдебиет-көркемөнер институты



  1. Ташкентет

  2. Мәскеуде

  3. Қазанда

  4. Омбыда

  5. Петербургте

31. Мағжан өзінің кім екенін, ақындық қуатын, қайраткерлік қарымын


аңғартқан өлеңі

  1. «Мен жастарға сенемін»

  2. «Мені де өлім әлдиле»

  3. «Мен кім»

  4. «Жан сөзі»

  5. «Жас Мағжан»

32. Мағжанның мұғалімдер семинариясын бітірген жылы



  1. 1916

  2. 1912

  3. 1914

  4. 1923

  5. 1929

33. «Қойлыбайдың қобызы» поэмасында бәйгеге қосылып озып келген



  1. Орамал

  2. Жебе

  3. Домбыра

  4. Қобыз

  5. Қамшы

34. М. Жұмабаевтың патриотизм рухында үздік шығармасы



  1. «Қойлыбайдың қобызы»

  2. «Педагогика»

  3. «Оқжетпестің қиясында»

  4. «Толғау»

  5. «Батыр Баян»

35. Мағжанның тұңғыш жинағы



  1. «Уақ-түйек»

  2. «Оян қазақ»

  3. «Шолпан»

  4. «Маса»

  5. «Азамат»

36. Солтүстік Қазақстанда М.Жұмабаевпен қызметтес, жете таныс болған, қазақ


басшыларына Мағжанды ақтау, шығармаларын жариялау туралы ұзақ хат
жазған жазушы

  1. Ғ. Ибрагимов

  2. С. Құдаш

  3. М. Бегішов

  4. А. Байтұрсынов

  5. М. Горький

37. Мы- над будного ступени


Дети мрака, солнца ждем
Свет увидим и, как тени
Мы а лучах его умрем,-деп жазған орыс ақыны
Д.Ж, Мережковскийге,
Қараңғылық бұққанда
Қызарып күн шыққанда
Күн отынан туғанмын,
Жүрегімді, жанымды,
Иманымды, арымды
Жалынмен жуғанмын,-деп жауап берген ақын.

  1. М.Жұмабаев

  2. М.Дулатов

  3. Ш.Құдайбердиев

  4. А.Байтұрсынов

  5. Ж.Аймауытова

38. Мағжан Жұмабаевтың патриотизм рухындағы


үздік поэмасы

  1. «Қойлыбайдың қобызы»

  2. «Тоқсанның тобыры»

  3. «Батыр Баян»

  4. «Жүсіпхан»

  5. «Қорқыт»

39.«Баласыз өмірдің қызығы жоқ қой»,-деп


аузымен ғана сыбырлаған кейіпкер

  1. Жамал

  2. Ғазиза

  3. Шолпан

  4. Ғали

  5. Айша

40. «Мағжанды сүйемін, Еуропалығын, жарқыраған


әшекейін сүйемін!» деген пікір авторы

  1. Ж. Аймауытов

  2. М.Дулатұлы

  3. М. Әуезов

  4. Ш. Иманбаева

  5. Алмажан ақын

41. Мағжанның аудармасына жатпайды



  1. «Көңілде қайғы қалдырмас»

  2. «Айырылдым сенен, жан сәулем»

  3. «Күннің батуы»

  4. «Бала мен құс»

  5. «Жаман жолдас»

42. Мағжанның кейіннен табылған өлеңі



  1. «Қойшының әләуләйі»

  2. «Жігер шіркін желінді»

  3. «Нағашыларына»

  4. «Сұр құлын»

  5. «Дін үйреткен»

43. «Шын хакім, сөзің асыл-баға жетпес,


Бір сөзің мың жыл жүрсе, дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жанды
Дүние қолын жайып енді күтпес,»-өлеңін арнаған ойшылды ата

  1. А.Құнанбаев

  2. Ш. Құдайбердиев

  3. Әл-фараби

  4. Ы. Алтынсарин

  5. М.Әуезов

44. Қара сөзбен жазылған «Балапан қанат қақты» өлеңі арналады



  1. «Алқа» ұйымына

  2. «Қазақ» газетіне

  3. «Балапан» журналына

  4. «Серік» газетіне

  5. Абай Құнанбайұлына

45. Мағжан өмір сүрген жылдар



  1. 1841-1889

  2. 1835-1865

  3. 1893-1920

  4. 1894-1938

  5. 1893-1938

46. Мағжан Жұмабаевтың аудармасы

  1. «Темірді жұмсартқан ана»

  2. «Қағазға ұшыраған қара шекпен»

  3. «Адамнның анасы»

  4. «Ана кесімі айнымайды»

  5. «Өлімді жеңген ана»

47. Қызылжардағы медресеге түскен жылы



  1. 1905

  2. 1910

  3. 1912

  4. 1913-1917

  5. 1923-1926

48. «Мағжан сүйемін, Еуропалығын, жарқыраған


әшекейін сүйемін!» деген пікірді айтқан жазушы

  1. М. Дулатов

  2. М. Әуезов

  3. Ғ. Мустафин

  4. Ғ. Мүсірепов

  5. С. Мұқанов

49. «Сүй, жан сәулем» өлеңі арналды



  1. Қалмақ қызына

  2. Гүлсім Камалловоға

  3. Жары Зейнепке

  4. Ғазизаға

  5. Жамал Жақияқызын

50. Мағжан 1922ж жазда Көкшетауға барып, Бурабайды аралайды. Сырымбетте


Қоскөл деген жерде отырған Ш. Уалихановтың кенже інісі Қоқыштың үйінде
жазған өлеңі

  1. «Көкшетау»

  2. «Қайың»

  3. «Жазғы жолда»

  4. «Жаз келеді»

  5. «Жазғытұрым»

51. Мағжан Жұмабаевтың «Жазғытұрым» өлеңіндегі


«Біздерге алтын ана жоқ,
Қысып сүйер бала жоқ.
Тұрақ та жоқ белгілі!»,-деп күрісініп жылайтын

  1. Жел

  2. Күн

  3. Жұлдыз

  4. Бұлт

  5. Жер

52. Мағжан Жұмабаев «Түркістан» деген өлеңінде «көп түрік енші алысып


тарасқанда қара шаңыраққа ие болып қалды» деп көрсетті

  1. Түрікті

  2. Өзбекті

  3. Қазақты

  4. Қырғызды

  5. Түркменді

53. Қызылжарда Мағжан оқыған медресені ашқан, Стамбұлда оқып білім алған,


ауқатты әулеттен шыққан интелигент азамат

  1. Бекмұхамбет Серкебаев

  2. Сәлімгерей Жантөрин

  3. Мұхамеджан Бегішев

  4. Шәңгерей Бөкеев

  5. Жүсіпбек Аймауытов

54. «Оян!-дедің жұртыңа,-


Бас көтеріп, тірлік қыл!»
Ақыл айттың ұлтыңа:
Таста, талас, тірлік қыл!-деп жазылған хат арналады.

  1. М. Дулатұлына

  2. А. Байтұрсынұлына

  3. Ж. Аймауытұлына

  4. Ш. Құдайбердіұлына

  5. М. Сералинге

55. Күн шығыстан таң келеді - мен келем,


Көк күңіренед; мен де көктей күңіренем.
Жердің жүзін қараңғылық қаптаған,
Жер жүзіне нұр беремін, Күн берем, -үзінді алынған өлең

  1. «Пайғамбар»

  2. «Күншығыс»

  3. «Алыстағы бауырыма»

  4. «Жер жүщінде»

  5. «Жауға түскен жанға»

56. «Түбінде осы балам менің атымды әйгілі етеді»,-деп бата берген



  1. Әкесі Бекен

  2. Анасы Гүлсім

  3. Атасы Жұмабай

  4. Ғалымжан Ибрагимов

  5. Әжесі

57. «Жан ата орман патшасы


Сөйлеседі менімен,
Меруерт, маржан, інжу тас,
Береді алтыннан сарайым!»,-деген үзінді алынған Мағжанның аудармасы

  1. Орман патшасы (Гетеден)

  2. Бұтақ (Мятловтан)

  3. Күннің батуы (Генрих Гейнеден)

  4. Екі бетің, сұлу қыз (Гейнеден)

  5. Айырылдым сенен, жансәулем (Гетеден)

58. «Мағжан-терең ойдың ақыны емес, нәзік сезімнің, тәтті қиялдың ақыны, ол


кедейдің ақыны емес, ұлт ақыны»,-деген пікір авторы

  1. Әлкей Марғұлан

  2. Сайфи Құдаш

  3. Жүсіпбек Аймауытов

  4. Мұхтар Әуезов

  5. Максим Горький

59. «Ағылшын үшін Шекспир, орыс үшін Пушкин қандай болса, Мағжан қазақтар


үшін сол биіктегі тұлға еді»,- деген пікір авторы

  1. Әлкей Марғұлан

  2. Сайфи Құдаш

  3. Жүсіпбек Аймауытов

  4. Міржақып Дулатұлы

  5. Ахмет Байтұрсынұлы

60. «Мағжанның ақындығы туралы» мақала авторы



  1. Жүсіпбек Аймауытұлы

  2. Міржақып Дулатұлы

  3. Ахмет Байтұрсынұлы

  4. Мағжан Жұмабайұлы

  5. С. Мұқанов

61. Мағжан Жұмабаевтың дастаны



  1. «Еңлік-Кебек»

  2. «Тоқсанның тобы»

  3. «Қалқаман-Мамыр»

  4. «Медғат-Қасым»

  5. «Толағай»

62. «Жас еді. Қанаты да қатып жеткен жоқ еді. Амалсыз қақты. Солтүстіктің


суығына шыдай алмады. Суық жел сүйегіне жетті. Ызғар өкпесіне өтті»,-деген
үзінді алынған Мағжанның туындысын ата

  1. «Жауға түскен жанға»

  2. «Жаралы жан»

  3. «Тұтқын»

  4. «Балапан қанат қақты »

  5. «Ақсақ Темір сөзі»

63. Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр,


Кілтін өнер-білім ашып жатыр.
Бірі-ай,бірі-жұлдыз,бірі - күн боп,
Жалтырап көктен нұрын шашып жатыр,-деген Мағжан ақынның өлеңі

  1. «Қарағым»

  2. «Өнер білім қайтсе табылар»

  3. «Жатыр»

  4. «Мен сорлы»

  5. «Шын сорлы»

64. Мағжанның жаңадан табылған өлеңі



  1. «Өмірім өкпем»

  2. «Толғау»

  3. «Бұтақ»

  4. «Бала мен құс»

  5. «Жауға түскен жанға»

65. Мағжанның аудармасына жатпайды



  1. «Күн шығады да, батады»

  2. «Жау жеңеді, берік қамады»

  3. «Күннің батуы»

  4. «Құдіретті комедия»

  5. «Сарғайып егін толқындаса»

66. Ес һәм еске түсіру



  1. Суреттеулерді жанның жоғалтпай сақтай білуі

  2. Болып тұрған әсерленуді бұрынғы әсерлену жеңіп кеткенде болатын сезім

алдауы

  1. Дененің бір мүшесі

  2. Жалқы ойдан жалпы ой шығару

  3. Түрлі зияннан сақтау

67. Мағжаннын із-түссіз жоғалып кеткен поэмасы



  1. «Майқы би»

  2. «Матай би»

  3. «Ертегі»

  4. «Өтірік ертек»

  5. «Толғау»

68. Балалық махаббаты тамашада,


Қызарып, ұялысып оңашада.
Көңілде бір бөтен ой болмаса да,-деген өлең жолдары арналады

  1. Гүлсімге

  2. Зейнепке

  3. Зылихаға

  4. Ғазизаға

  5. Жамилаға

69. Жұлдызды-жүзік, айды-алқа ғып берейін,- өлеңі алғаш рет басылды



  1. «Сана» журналында

  2. «Айқап» журналында

  3. «Қазақ» газетінде

  4. «Ақжол» газетінде

  5. «Жаңа мектеп» журналында

70. Мағжан Жұмабаевтың түпкілікті ақталған жылы



  1. 1986

  2. 1988

  3. 1991

  4. 1992

  5. 1995

71. М. Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасында аса қадірлеген жырау



  1. Бұқар мен Тәтіқара

  2. Асан Қайғы мен Қазтуған

  3. Ақтамберді мен Тәтіқара

  4. Доспанбет пен Үмбетай

  5. Жиембет пен Ақтамберді

72. Мағжанға үш жасында «Менін атымды осы балам түбінде әйгілі ететін болады!» деп бата берген



  1. Әкесі Бекен

  2. Атасы Жұмабай

  3. Ұстазы

  4. Анасы

  5. Әжесі

73. «Қайткенде де Мағжан - алдымен сыршыл ақын.


Мағжан сөзінде «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін» үлбіреген нәзік әуез
қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес...» деген атақты жазушы

  1. С. Мұқанов

  2. М. Әуезов

  3. Ж. Аймауытов

  4. Ә. Тәжібаев

  5. М. Дулатов

74. Аяқталмаған бір тұтас ойды білдіретін өлеңнің бір компоненті



  1. Бунақ

  2. Буын

  3. Тармақ

  4. Шумақ

  5. Екпін

75. Қарауылдың белгілі Шөбегінің немересі- қотыр ауыз Мұханәлі деген, ол періге


үйленген деп жамандап өлең шығарған адам

  1. Мағжан

  2. Міржақып

  3. Ақан

  4. Шәкәрім

  5. Бернияз

76. Астарлы меңзеу арқылы берілетін көркемдегіш сөз



  1. Гипербола

  2. Теңеу

  3. Метафора

  4. Аллергия

  5. Эпитет

77. -дай, -дей жұрнағы арқылы жасалатын көркемдік – стилистикалық құрал



  1. Метафора

  2. Эпитет

  3. Синекдоха

  4. Литота

  5. Теңеу

78. Күлдей күңгірт шашы бар,


Тоқсан бесте жасы бар,
Көздегені – сұп-сұр көр.
Тасбиық санап бүгіліп,
Жерге қарап үңіліп,
Көрше ауыр күрсінер.
Менің бір қарт анам бар,
Неге екенін білмеймін,
Сол------------- сүйемін!

  1. Анамды

  2. Атамды

  3. Елімді

  4. Арқамды

  5. Жарымды

79. – Ах-е-е-, иттің баласы!-деп қолындағы құнтты лақтырып жіберіп, шыт көрпені


жұлып тастап, көзінен жасы бұршақтап жатқан Шолпанды қолынан сүйреп,
төсек ағаштан жерге түсірді де, тепкілей бастады.

  1. Әзімбай

  2. Сәрсенбайдың кәрі шешесі

  3. Бадырақтың қатыны

  4. Сәрсенбай

  5. Кемпір

80. Кейіптеу дегеніміз...



  1. Жансыз табиғат құбылысының кәдімгі тірі бейнеде бейнеленуі

  2. Алмастырып қолданылатын сөздер

  3. Бір құбылысты екінші құбылысқа балау

  4. Сөз тастап кету

  5. Құбылысты ерекше құбылтып айту

81. Достыққа баға бере алмай, сыртынан көмек жүргізгені үшін Жүсіп деген


төреге:
Жүсіп-ау, төрелік жоқ баяғыдай.
Дәрежең қара қазақ аяғындай
Досыңды дұшпан көріп ғайбаттайсың,
Мінезің әзәзілдің таяғындай,-деп жауап айтқан

  1. Ақан

  2. Мағжан

  3. Абай

  4. Бейімбет

  5. Жүсіпбек

82. А,а,б,а- ұйқастың қай түрі



  1. Қара өлең ұйқасы

  2. Кезекті ұйқас

  3. Шалыс ұйқас

  4. Аралас ұйқас

  5. Ерікті ұйқас

83. Айлар өтті, көрінді, өлді жын,


Айлар өтті айырылды күн мен түн
Айлар өтті, ішкен удан айныдым,
Айқын болды ақырында жалған шын,-деген шумақта дауысты дыбыстардың қайталануы

  1. Аллегория

  2. Аллитерация

  3. Ассонанс

  4. Анограмма

  5. Антитеза

84. Мағжан Ақанның өлеңдерін мағына жағынан бөлді



  1. 6

  2. 3

  3. 5

  4. 4

  5. 2

85. – Ойбай-ау, ойбай, өліп қалдыңдар ма? Келсеңдерші! Мұнда кісі өліп


жатыр!-деп ойбай салған.

  1. Әзімбай

  2. Батырақтың қатыны

  3. Сәрсенбайдың шешесі

  4. Құрбысы Нұржан

  5. Шолпан

86. Қайғырмаңдар бұл сәбиді өлді деп,


Жас қызыл гүл мезгіл жетпей солды деп, -деген үзінді алынған өлең

  1. «Алдамшы өмір»

  2. «Айырылғанда»

  3. «Баланың қабір тасына»

  4. «Мен де өлім әлдиле»

  5. «Қысқы жолда»

87. Соққы жеген адамдай сыбырлап: «Сал жігіт, кішкене жай жата тұрсайшы....»


деген

  1. Ғазиза

  2. Жамал

  3. Гүлсім

  4. Айша

  5. Шолпан

88. Шашың-қара, денең-ақ бұлт, жүзің-Ай,


Тісің-меруерт, көзің - сәуле құралай, -деген жолдарда қолданылған
көркемдегіш құрал

  1. Эпитет

  2. Антитеза

  3. Теңеу

  4. Литота

  5. Гипербола

89. Әдебиет теориясында а,б,а,б ұйқастың қай түрі



  1. Егіз

  2. Кезекті

  3. Шалыс

  4. Ерікті

  5. Қара өлең

90. «Балалы болсам, әдемі өмірім бұзылады-ау»,-деп ойлайтын еді



  1. Жамал

  2. Ғазиза

  3. Қамар

  4. Шолпан

  5. Баян

91. «Болмаса барсаңшы іздеп бабаң бейтін» дегенде «Баба» деп отырғаны



  1. Арыстан Баб

  2. Ахмет Йасауи

  3. Әнет баба

  4. Асан Қайғы

  5. Қорқыт ата

92. «Күй, жүрек!Көл бол, жасым!Өртен, ішім!


Алдымда айнам жатыр, бөбек пішін....» - деп зарлаған батыр

  1. Алпамыс

  2. Қобыланды

  3. Тарғын

  4. Баян

  5. Қамбар

93. «Мағжан – ұлт ақыны, сыршыл, суретшіл, лирик, символист» - деген пікірді айтқан автор



  1. М. Дулатов

  2. Ж. Аймауытов

  3. А.Байтұрсынов

  4. Ә. Тәжібаев

  5. М. Әуезов

94. «Бір жыл болды сені сүйдім, уладым,


Бауырыңа алдың, неге қумадың.
Ессізбін мен айырылуды ерте ойлап,
Қанды жаспен көзім неге жумадым»- деген сөздерді Мағжан кімге арнады

  1. Жәмилаға

  2. Гүлсімге

  3. Зейнепке

  4. Зылихаға

  5. Жамалға

95. Мағжанның 1922 жылы Орынборда жарық көрген алғашқы ғылыми еңбегі



  1. «Сауатты бол»

  2. «Қызыләскер әліппесі»

  3. «Бастауыш мектепте ана тілі»

  4. «Жазылашақ оқу құралдары»

  5. «Педагогика»

96.«Мағжанның 1922 жылы «Педагогика» атты кітап жазуы - өмірде сирек кездесетін тек аса талантты, данышпан адамдарға ғана тән қасиет,»-деген ғалым



  1. Р. Нұрғалиев

  2. Б. Кенжебаев

  3. Қ. Жарықбаев

  4. Ш. Елеукенов

  5. Қ. Сәтбаев

97. Бай ауылы жылқы қамап, қыл күзетер,


Белсенген жылқышыға ноқталанып.
Балалар етек түріп, зыр жүгірер,
Батпаққа бірін-бірі домалатып,- деген өлең жолдарында дауыссыз дыбыстардың қайталануы

  1. Аллитерация

  2. Ассонанс

  3. Анафора

  4. Инверсия

  5. Эллипсис

98. Мағына жағынан бір-біріне қарсы, аралары алшақ жатқан, екі нәрсені бетпе-бет


қою

  1. Дамыту (Градация)

  2. Шендестіру (Антитеза)

  3. Әсірелеу (Гипербола)

  4. Орын ауыстыру (Инверсия)

е) Сөз тастап кету (Эллипсис)

99. Бүгін менің құшағымда кім болды?


Бүгін менің құшағымда Гүл болды.
Бүгінгі күн маған алтын Күн еді,
«Бүгін менің құшағымда күн болды» деген өлеңде әр жолдың бір сөзден басталуы

  1. Анафора

  2. Эпифора

  3. Метафора

  4. Метанимия

  5. Синекдоха

100. Батып алтын ойға,


Талмай қарап айға.
«Әдемі әйел іздеген»

  1. А.С. Пушкин

  2. Александр Блок

  3. Д. Ж. Мережковский

  4. С. Есенин

  5. М. Горький

101. Ой деген у,


Ауызға алсаң қандырар.
Ой деген у,
Жанды есінен тандырар.
Ой деген у,
Ішсең мас боласың.
Ой деген у,
Ішесің де соласың,- деген шумақтағы әр жолдың бір сөзден қайталануы

  1. Анафора

  2. Эпифора

  3. Сарказм

  4. Әсірелеу

  5. Ирония

102. Мағжанның алғаш 1922 жылы Ташкентте басылып шыққан ғылыми еңбегі



  1. «Педагогика»

  2. «Абай жолы»

  3. «Қазақ қызы»

  4. «Сауатты бол»

  5. «Жазылашақ оқу құралдары һәм мектебіміз»

103.1909 жылы Петербургтегі семинарияда М.Жұмабаев танысқан болашақ күрескер ақын
a) С.Сейфуллин
b) С.Торайғыров
c) А.Байтұрсынов
d) Б. Өтетілеуов
e) Б.Майлин

104. Адам тағдыры мен жел тағдырын шебер қиюластырған «Жүсіп хан», «Өтірік ертек», «Қорқыт» поэмаларының авторы


a) М.Жұмабаев
b) М.Дулатов
c) М.Сералин
d) М.Мақатаев
e) М.Абайұлы

105.Мағжанның ең ұлтшыл поэмам дегені



  1. «Тоқсанның тобыры»

  2. «Батыр Баян»

  3. «Оқжетпестің қиясында»

  4. «Қорқыт»

е) «Қойлыбайдың қобызы»

106. Кең дала, көресің ғой, анау жатқан,


Жібектей жасыл шөптер бетін жапқан.
Асқар тау,балдан тәтті сулары бар,
Әне, сол анам еді мені тапқан ,- деген шумақты өз романында эпиграф етіп алған жазушы
a) Ғалымжан Ибрагимов
b) Мұхамеджан Бегішев
c) Мұхтар Әуезов
d) Сәбит Мұқанов
e) Міржақып Дулатов

107.Ұшыраған молдадан дұға алып бақты. Аты аталған қожадан ішірткі алдырып ішті,көрінген сәлдеге үшкіртті, -деген үзіндідегі кейіпкердің аты


a) Шолпан
b) Жамал
c) Ақжүніс
d) Ақбілек
e) Ғазиза

108. Бекенді де, балаларын да сол елде аңыз етеді


a) Жүрек жұтқан ұрпақ
b) Игі жақсылар ұрпағы
c) Қасқырдан тараған ұрпақ
d) Асыл текті ұрпақ
e) Әншілер
109. Мағжанның жоғары әдеби көркем институтында оқыған жылдары
a) 1923-1927
b) 1911-1912
c) 1936-1937
d) 1913-1914
e) 1927-1937
110.Омбыдағы «Балапан» қолжазба журналының редакторы
a) А. Байтұрсынов
b) М. Сералин
c) М. Жұмабаев
d) М. Әуезов
e) І. Жансүгіров
111. 1911-1912 жылдарда Мағжан оқыған Уфа қаласындағы атақты медресе
a) «Шалақазақ»
b) «Ғалия»медресесі
c) «Ахмет Риза»
d) Мұхаметжан Бегішев ашқан мелресе
e) «Ғабул-Жаппар»
112. «Мағжанның ақындығы туралы»Ташкент студенттеріне баяндама оқыған ұстаз
а) М.Дулатов
b) Ж.Жүсіпбеков
c) А.Байтұрсынов
d) Т.Рысқұлов
e) М.Жұмабаев
113.Мағжанның әкесі
a) Жұмабай
b) Құнанбай
c) Балқожа
d) Бекен
e) Сейфулла

114. «Жүсіп хан» атты шығармасының ең алғаш 1925 ж. «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланған аты


а) «Шын ертек»
b) «Өтірік ертек»
c) «Ертек»
d) «Өміріме өкпем»
e) «Шалдың үміті»
115.Мағжанның аудармасына жатпайды
) «Бала мен құс»
b) «Ертеңгі сәулелер»
c) «Екі беті сұлу қыз»
d) «Бұтақ»
e) «Аққу, шортан һәм шаян»
116. Ойды, сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен- өзі айқын нәрсені әсерлі
леппен, сұрау түрінде айту
a) Типтік образ
b) Дамыту
c) Риторикалық сұрау
d) Мақал- мәтел
e) Тұрақты тіркес
117. Ертек, ертек, ертекте
Ала қарға- азаншы
Қара қарға- қазаншы,
Шымшық терген шөпшекті,-деп басталатын ертегінің аты
а) «Өтірік ертек»
b) «Шын ертек»
c) «Жүсіп хан»
d) «Аяз би»
e) «Кер құла атты Кендебай»
118. «Ағылшын үшін Шекспир,орыстар үшін Пушкин қандай болса, Мағжан да
қазақтар үшін сол биіктегі тұлға еді» деген пікір авторы
а) Ә.Марғұлан
b) Ә.Тәжібаев
c) А.Байтұрсынов
d) Ж.Аймауытов
e) М.Дулатов
119. Мағжанмен Солтүстік Қазақстанда қызметтес болған, Қазақстан басшыларына Мағжан Жұмабаевты ақтау, шығармаларын жариялау жайында толғана ұзақ хат жазған
а) С. Құдаш
b) Ғ. Ибрагимов
c) М. Бегішов
d) Б. Серкебаев
e) М. Горький
120. 1919 жылы Мағжан ақын екі бірдей қасіретке душар болды, осы сәттерде туған өлеңі
а) «Мені де өлім әлдиле»
b) «Жан сөзі»
c) «Тірілдім»
d) «Айрылғанда»
e) «Мен кім»
121. Мәскеудің жоғарғы әдеби көркем институтында оқуға түсіп, «Личный листок студента» деген құжатты толтырған уақыты
a) 1923жылы 12желтоксан
b) 1927ж 12желтоксан
c) 1913ж12желтоксан
d) 1905ж12желтоксан
e) 1910ж2желтоксан
122 .Ғалымжан Ибрагимов «Қазақ қызы» романында эпиграф етіп алған Мағжанның өлеңі
а) «От»
b) «Қазақ қызына әзіл»
c) «Айға»
d) «Құрбым»
e) «Сен сұлу»
123. Қыздырып күн,ойлауға ерік бермей,
Мал шулап, бөлді ойымды, ырық бермей.
«Күшсіздер де тырыссын, қатар болсын»!
Дедім де жөнелдім мен қолым сермей,-деген өлең шумағындағы ұйқас түрі
а) Аралас ұйқас
b) Шұбытпалы ұйқас
c) Қара өлең ұйқасы
d) Ерікті ұйқас
e) Шалыс ұйқас
124. Мағжан Жұмабаев түпкілікті ақталған жыл
a) 1969
b) 1988
c) 1991
d) 1993
e) 1956
125. «Бостандық туы»газетінің 1921 жылғы 5-санында «Жазылашақ оқу құралдары һәм мектебіміз» мақаласын жарияланған Мағжанның бүркеншік аты
a) Мұтылған
b) Азамат
c) Сахразада
d) Жәжеке
e) Мыж- мыж
126. Мағжан 7 жасында түгелдей оқып шығып,күллі пайғамбарлардың атын жаттап алған кітап
а) «Қисасул әнбиа»
b) «Түркіше Гүлстан»
c) «Диуани хикмет»
d) «Құтты білік»
e) «Рабғузи қиссалары»
127. «Бостандық туы» газетінің 1921 жылғы 4- санында «Бірінші Май мейрамы » мақаласы бүркеншек атпен жазылды.
a) Жәжеке
b) Балапан
c) Сахразада
d) М-Ж
e) Ж-М
128. Екі заттың бірнеше ұқсас сындары бар екенін тауып, сол екі заттың басқа сындарының да ұқсас екенін ойлап шығару
a) анология
b) индукция
c) гипотеза
d) дедукция
e) аффект
129. Киселев терезеге қарап тұрып- тұрып , ауыр күрсініп, пәтеріне кетті… -деген үзінді алынған Мағжанның аудармасы
a) «Большевик баласы»
b) «Бала мен құс»
c) «Ақбоз ат»
d) «Орман патшасы»
e) «Тұтқын»
130. Ой деген- бір терең дария тұңғиық,
Ой қажытар бір қайғы, бір нұр құйып.
Ой деген- сел, онда құлан қайғы жоқ,
Ой дегенің- таусылмайтын кермиық,- деген өлең шумағында әр жолдың ылғи бір сөзден басталуы
a) анофора
b) анитеза
c) аллегория
d) ассонанс
e) аллитерация
131. Мағжанның жаңадан табылған өлеңдері
a) «Жас Мағжанға»
b) «Сәлем хат»
c) «Жігер, шіркін, желінді»
d) «Сылдырмақ»
e) «Жатыр»
132. «Бұлбұл» өлеңінің бірінші баспа жүзін көрген жыл
a) 1912
b) 1922
c) 1923
d) 1914
e) 1926
133. Бал бұлақты тауы бар,
Бұйра- бұйра бауы бар,
Бауы толған жеміске.
Бір жемісі жақұттай,
Бір жемісі ақықтай,
Бір жемісі күміс пе?- деген үзінді алынған Мағжан шығармасынын аты

  1. «Жүсіпхан»

  2. «Күз»

  3. «Жазғы таң»

  4. «Өтірік ертек»

  5. «Сағайып келген егін толқындаса»

134. «Зарлы сұлу» өлеңінің алғаш басылған аты
a) «Жас қыз»
b) «Толған Ай»
c) «Шолпан»
d) «Гүлсімге»
e) «Сүйгеніме»
135. ------------------!
Кеудеңе от толды ма?
Уһілеп айға қарайсың.
Өмірің у болды ма?
Жұлдыздар неге санайсың? – деген үзінді арналған ару
a) Гүлсім ханым
b) Жәмила
c) Зылиха
d) Ғазиза
e) Зейнеп
136. Альбом- жүрек. Көрінгенге бермеңіз,
Дос па? Қас па? Бастан байқап тергеңіз,
Дос орнына қас кіргізіп жүрекке,
Бір күндерде өкініште жүрмеңіз, - деген үзінді алынған Мағжанның өлеңі

  1. «Р... альбомына»

  2. «Г-ге»

  3. «Зуһра»

  4. «Жолдасқа»

  5. «Тілегім»

137. Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,
Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер.
Жастық- алтын, қайтып келмес күнімде
Ойын ойнап, шыбын- шіркей қуған жер, - деген үзіндіде сөз аяғында бір
сөздің қайталануы

  1. эпифора

  2. экспозиция

  3. аллитерация

  4. ассонанс

  5. анафора

138. Ботамды көрдім түсімде,
Қырмызы моншақ тағынған.
Ботамды көрдім түсімде,
Атасын боздап сағынған,- деген шумақтағы ұйқас түрі

  1. Шалыс ұйқас

  2. Кезекті ұйқас

  3. Егіз ұйқас

  4. Қара өлең ұйқасы

  5. Ерікті ұйқас

139. Сенсің досым, жібек мінез Жібегім,
Сені ғана сүйем- куә жүрегім.
Суық жолдан сақтайтын сен – періштем,
Сен болмасаң азып – тозып өлемін,- деген өлең жолдарда дауыссыз дыбыстарды көп қайталау
a) аллитерация
b) ассонанс
c) антитеза
d) аллегория
e) анафора
140. Қазақ өлеңдері бунағына , буын санына қарап түрге бөлінеді
a) 5
b) 3
c) 6
d) 4
e) 7
141. Семинарияда үздік оқығандарға бір меценат бай стипендия тағайындайды, Мағжан соны талшық етеді
a) 500 рубль
b) 20 рубль
c) 100 рубль
d) 40 рубль
e) 300рубль

142. «Ауыз ақтан айрылмасын, қызылды уақытымен көрсетсін, жас құтты болсын!» - деп, бата жасап тарқасатын мейрам


a) Наурыз
b) Діни мейрам
c) Шілдехана
d) Қыз ұзату
e) Құда түсу

143. « Өз бауыры , өз сүйгенін өзі өлтірген ,


Болар ма, сірә, сорлы адам менен ?!» деп күйінген батыр

  1. Қобыланды

  2. Қамбар

  3. Тарғын

  4. Баян

  5. Исатай

144. «Қалауым бар, Ноян батыр,


Адасқан аққу құстай мен бір пақыр.
Арқаның аруы боп жүрсем – дағы,
Алыста туған, өскен жерім жатыр»- деп, батырды арбаған қыз
a) Шолпан
b) Қалмақ қызы
c) Гүлсім
d) Жәмила
e) Башқұрт қызы

145. Жасынан оқу оқып, өнер қуған,


Жан жетпес көңілі жүйрік кемеңгерге…
Білімсіз, құр қалтақтап жүргенменен,
Ерте өлген көмулі қара жерге,- деген үзінді алынған Мағжанның өлеңі

  1. «Қарағым»

  2. «Тілегім»

  3. «Қарындасқа»

  4. «Ой»

  5. «Өнер білім қайтсе де табылар»

146. «Адам- шын адам боламын десе, халық ісі, халық пайдасы жолында құрбан


бола білсін!»- деген пікір авторы
a) М.Жұмабаев
b) А. Байтұрсынов
c) М.Дулатов
d) Ш.Құдайбердиев
e) Ж.Аймауытов

147.«Жел бол!»- дедің, жел болып еспедім бе?


Уақыт талғап, ерте я кеш дедім бе?
Желдей жынды есалаң екпінді боп,
Заулап тұрған отқа өзім түспедім бе?- деген өлең шумағындағы жалпыға
қайырыла сөйлеу, сұрай арнау

  1. зарлай арнау

  2. риторикалық сұрау

  3. сұрай арнау

  4. зарлай арнау

  5. қайталау

148. Суреттелетін затты немесе құбылысты шамадан тыс асырып айтатын


көркемдік тәсіл түрі
a) шендестіру
b) әсірелеу
c) дамыту
d) литота
e) риторикалық сұрау
149. Мағжан мұғалімдер семинариясын алтын медальмен бітірген жыл
a) 1917
b) 1922
c) 1919
d) 1923
e) 1913
150. Мағжанның алғашқы ұстазы
a) Ахиедин Ақанов
b) Жүсіпбек Аймауытов
c) Мұхамеджан Бегішов
d) Ғалымжан Ибрагимов
е) Ахмет Байтұрсынов







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет