10-сынып . ІІ- тоқсан бойынша жиынтық бағалау
I –нұсқа
Тыңдалым
1.Әр шумақтан өлеңнің негізгі идеясын айқындайтын 1 ақпаратты тауып жазыңыз.
Құстардың қайда базары
Тарқаған түсіп ажары
Жаралы жүрек жарадай
Төмендеп теңіз назары
Бұлттардай жүзген ақ ала
Жападан жалғыз шағала
Қоштасқан қайран Аралмен
Қайғылы мұңды жағада
2.Қия алмай қанат қағады
Қона алмай ұшып барады
Мөлдіреп құстар жанары, Аралым
Ең алғаш сені көріп ем
Аққуды теңіз көгінен
Толмайтын орны - Өмір ең, Аралым
3.Жыл сайын көктем жетеді
Сені іздеп құстың мекені
Ұясыз қалған аққулар
Қона алмай ұшып өтеді
Айдыңды шалқар Аралым
Балалық шағым жанарым
Айдында жүзген құсың ем
Алыстап кетіп барамын
[3]
2. Мәтінде жалпы адамзатқа ортақ қандай мәселе көтеріледі? 2 сөйлеммен пікіріңізді жазыңыз
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[2]
3. «Жыл сайын көктем жетеді,Сені іздеп құстың мекені»деген тіркестің астарлы мағынасы қандай?2 сөйлеммен түсіндіріңіз
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[2]
4. Мәтіннің мазмұнын қысқаша 3 сөйлеммен жазыңыз.
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[3]
Достарыңызбен бөлісу: |