ӘБ хатшысы: ________________ Төлеуғазы Жанар Егинбайқызы
Қалалық ББ Әдістемелік Кеңесімен ұсынылған
хаттама № _____ «___» _____________2020 жыл
Хатшы:______________________ _____________________
Облыстық Сарапшылар Кеңесімен ұсынылған
хаттама № _____ «___» _____________2020 жыл
Хатшы:_____________________ ____________________
Түсініктеме
Жоғары сынып оқушыларына сабақ беретін мұғалімдерге көмек ретінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша 2019-2020 оқу жылында (оқыту қазақ тілінде емес)10-сыныптарға арналған бөлім және тоқсандық жиынтық бағалау бойынша тапсырмалар жинағы құрастырылды.
Жинаққа енген әдістемелік нұсқаулықтар оқу бағдарламасы мен оқу жоспарына сәйкес құрастырылған.
Жиынтық бағалау 1,2,3,4 тоқсандарда өткізіледі.
Әр бөлімнің жиынтық бағалау тапсырмалары мұғалімдерге әрбір тоқсанға жоспарланған білім мақсаттарын анықтауға және бағалауға көмектеседі.
Әдістемелік құралға оқушыларға арналған тапсырмалар дескрипторымен берілген және жиынтық бағалаудың балл қою кестесі енген.
Оқушыларға арналған тапсырмаларға, дескрипторымен берілген критериалды бағалауға нұсқаулық ретінде қарауға болады.
Жиынтық бағалаудың спецификациясы тоқсан соңында өткізу үшін ұсынылды. Ол тоқсандық жиынтық бағалауды бақылау үшін стандартқа сай және міндетті болып табылады.
Жинақты құрастыру барысында графикалық бейне, сурет, кестелер, аудио материалдары т.б.интернет ресурастары еркін қолданылады.
Критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері
Жаңартылған білім мазмұнының маңызды ерекшелігі – критериалды бағалау жүйесі. Критериалды бағалау пәндік құзыреттілікті, субъектіні қалыптастыруда жеке тұлғаны және аксиологиялық аспектілерді жасақтауды бағамдайтын пәндік құзыреттілікті қамтиды.
Белгілі критерийлермен білім алушылардың жұмысын бағалау, бағалау критерийлерін оқыту мақсаттарының айқын көрінісімен салыстыру, білім алушының жетістік деңгейін анықтайтын дескрипторлар критериалды бағалаудың негізгі элементтері болып табылады.
Жаңартылған білім мазмұны бойынша критериалды бағалаудың ерекшеліктері 1-сызбада көрсетілген.
Қазіргі таңда мұғалімдер алдында өздігінен бейімделе алатын және өзін-өзі көрсете алатын білім алушыларды тәрбиелеу және оқыту сияқты аса маңызды міндет тұр.
Бұл ретте білім алушылардың дайындық деңгейін, бағдарламаның оқыту мақсаттарын орындауға қабілеттілігін анықтауға, оның жеке даму жетістіктерін қадағалауға, оқу процесіндегі қателіктер мен кемшіліктерді анықтауға, оқу жоспарының тиімділігіне талдау жасауға, бағаның әділ қойылуын қадағалауға, білім алушы, мұғалім және ата-аналармен кері байланыс орнатуға критериалды бағалау көмектеседі.
Критериалды бағалау – білім алушылардың алдын ала белгілі критерийлерге сәйкес, нақты жетістіктердің жоспарланған оқыту мақсаттарымен қаншалықты сәйкес келетінін анықтайтын білім жетістіктерінің бағалануы. Бұл ретте, жоғарыда айтылғандай, білім алушының жеке тұлғасы емес, тек оның жұмысы бағаланады. Нені үйретсе, соны ғана бағалауға болады, сондықтан бағалау критерийі оқыту мақсаттарының нақты көрінісі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |