«Қарағанды қаласы білім бөлімі» кмм әдістемелік кабинет



бет40/52
Дата17.04.2024
өлшемі1.16 Mb.
#498952
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   52
10-сынып БЖБ, ТЖБ

Барлық балл

11

10- сынып
ІҮ – тоқсан «Қоғам және заң» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
І-нұсқа
Оқу мақсаты:
10.3.6.1 мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіру және оны бағалау
10.4.3.1 шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу


Бағалау критерийі Білім алушы

  • Мәтінге қатысты деректі ақпаратты анықтайды, өз пікірін білдіреді, баға береді






Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Сөйлеу әрекеттері Оқылым, жазылым
Орындау уақыты 20 минут


Оқылым. Тапсырма
Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.


Қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық нормалар ерте заманда-ақ қалыптасқаны белгілі. Салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымыз секілді әлеуметтік нормаларымызға үңілсек, өмір сүру қағидасы еркіндікке негізделген қазақ жанының әділеттілік пен ар-намысты қорғау, сөзге қонақ беру ұстанымына беріктігін байқауға болады.
Бұрынғы ата-бабаларымыз ұстанған Ясы заңы, Қасым заңы, Есім заңы, Жеті Жарғы сияқты дәстүрге негізделген заңдарға қызығушылық танытып, бүгінгі заңдарды тәжірибеде қолданып жүрген заңгерлер де бар. Бұрынғы қазақ қоғамында ел ішінде қылмыс аз болды, түрме, басқа да жазалау орындары мүлдем дерлік болмады. Қазір күннен-күнге жаза өтейтін орындар көбейгенімен, қылмыскерлер саны азаяр емес.
Бұрынғыдан қалған сөз «қазақ жолы – қанағат, қасаң дау емі – шариғат, ол да жолдан адаспас». Яғни бабаларымыз қазақи бауырмалдық пен кешірімшілдік, кеңдік ұстанымына бағынбай бара жатқан дауларды шариғат жолымен әділ шешіп отырған.
Жаза мәселесіне келгенде, бабаларымыз шынында да аса көрегендік таныта білген. Оған бір жағынан сол кездегі қоғамдық құрылымы да ыңғайлы болды. Мысалы, қазақ халқы әр рудан тұрғаны белгілі. Тиісінше әр рудың рубасы, өзінің орналасқан жері, жайылымы болды. Айталық, бір рудың адамы екінші рудың адамын барымтада сойылға жығып істі болды делік. Ердің құны жәбірленуші келіскен жағдайда айыптыдан, егер оның шамасы жетпесе, рудан өндіріледі. Ол үшін жауапты адам рубасы бар, кімнен қандай мөлшермен алады, рубасының өз шаруасы. Және би шешімі тез арада орындалады. Айыпты адамды әдетте сол ру ақсақалдары өздері жазалайды.
Құқықтық білім беру – адамның құқытық санасын қалыптастыру мақсатында орвндалатын құқытық тәрбиенің негізгі ықпалы етуші әдісі. Нақты айтсақ, құқытық білім беру арқылы жасөспірім құқыты ұғынады және оның санасы қалыптасады, дамиды.құқықы ұғыну мен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру – құқытық сананың негізгі белгілері. Аталынған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізінде отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады. Есейген адамға қарағанда санасы мен мінез-құлқы жаңадан қалыптаса бастаған жасөспірім-тәрбиенің қолайлы обьектісі болып табылады. Құқықтық мәдениеттің негізгі белгілері: заң нормаларын білу, заң нормаларын орындау: қоғамдық тәртіпті; заң нормаларын бұзбау; заң күшіне сену және т.б

  1. Мәтін мазмұнындағы негізгі ойға қатысты деректі ақпараттар негізінде кесте-сызба әзірлеңіз.




  1. Құқықтық сауаттылық қылмыстың азаюына қаншалықты ықпал етеді деп ойлайсыз? Ойыңызды 2-3 сөйлеммен беріңіз.



____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет