10-сынып. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен IV тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
І - нұсқа
Тыңдалым
Қазақстанның сандық сауаттылығын анықтау мақсатында қала тұрғындарынан сауалнама алынды.
Тілші: Сәлеметсіз бе, Сандық сауаттылық дегенді қалай түсіндірер едіңіз?
Сұхбат беруші: Менің есімім – Жанар. Менің ойымша, сандық сауаттылық кең ауқымды құрама бөлшектерден тұрады. Сандық сауатты адамды сандық азамат деп атайды. Сандық сауатты азаматқа тән бірнше қасиеттер бар. Бірінші: киберкеңістікке кіруге мүмкіншілігі бар азамат. Екінші: сандық коммерцияны пайдалану. Оның ішінде онлайн-дүкендерден тауарлар мен қызметтер ала алу қабілетінің болуы. Сонымен қатар интернет арқылы интернет картасын пайдалана алу да кіреді. Үшінші: сандық коммуникация. Интернет желісі арқылы басқа адамдармен байланыс орнату, хаттарды тасымалдайтын қызметтерді дұрыс пайдалану жатады. Төртінші: сандық сауаттылық ұғымы азамттардың ресуртарды тиімді пайдалануға тікелей байланысты. Бесінші: сандық заңдарды білу. Бұл заңи сауаттылықпен тікелей байланыста болады.
Тілші: Сандық сауаттылықты дамытуға бағытталған бағдарламалар туралы не айтар едіңіз?
Сұхбат беруші: Менің есімім – Аяулы. Менің білуімше, Елбасының биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет», — делінген. Осыған орай халықтың сандық сауаттылық деңгейін 2022 жылға қарай 83 пайызға жеткізу, яғни 2017 жылғы көрсеткіштен 7,5 пайызға өсіру жоспарланып отыр. Бұл туралы үкімет отырысында ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті. Министрдің айтуынша, жол картасының 17-ші тармағына сәйкес, министрлік жергілікті атқарушы мекемелермен бірлесе отырып, «Сандық Қазақстан» бағдарламасы аясында халықтың сандық сауаттылығын арттыру шараларын қарастырды. Осының нәтижесінде сауаттылық деңгейін 2022 жылға қарай 83 пайызға жеткізу, яғни 2017 жылғы көрсеткіштен 7,5 пайызға өсіру жоспарланып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |