«Қарағанды қаласы білім бөлімі» кмм әдістемелік кабинет



бет46/52
Дата17.04.2024
өлшемі1.16 Mb.
#498952
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   52
10-сынып БЖБ, ТЖБ

2-тапсырма. Екі сұхбат берушінің көзқарастарын салыстырыңыз. Ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңыз. Жауаптарыңызды сөз тіркесімен (сөйлеммен) беріңіз. [3]

Сұхбат берушілер пікірі [1]
1-сұхбат беруші
2-сұхбат беруші




Ұқсастығы [1]

Айырмашылығы [1]









3-тапсырма. Сіз бірінші сұхбат берушінің сандық сауатты азамат туралы көзқарасын мәтінмен байланыстыра отыра, 2-3 сөйлемнен тұратын өз көзқарасыңызбен толықтырыңыз.
[2]


4-тапсырма. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, жол картасының 17-ші тармағына сәйкес, министрлік жергілікті атқарушы мекемелермен бірлесе отырып, «Сандық Қазақстан» бағдарламасы аясында халықтың сандық сауаттылығын арттыру шараларын қарастырды. Министрдің қандай шаралар туралы айтқысы келіп отырғанын анықтап, ойыңызды 2-3 сөйлеммен білдіріңіз.
[2]


Оқылым:
Бүкіләлемдік көкейтесті мәселеге айналып отырған денсаулық жағдайына қоғамдағы нарықтық-экономикалық дағдарыс, халықтың өмір сүру деңгейі, әлеуметтік өзгерістер, экологиялық жағдайлар, рухани дағдарыстар өзінің кері әсерін тигізуде. Сондықтан қазіргі қоғамның өсіп-өркендеуі мақсатындағы бірінші міндет – салауатты өмір салтын қалыптастыру. «Салауатты өмір салты» деген ұғым денсаулық және адамның өмір салтынан құралған.
Денсаулық – адамның дене және рухани қасиеттерінің жиынтығы. Бұл қасиеттер – адамның өмір сүруінің және шығармашылық жоспарларының жүзеге асуының, қоғам игілігі үшін өнімді еңбек етуінің, мықты да тату отбасы құруының және оны тәрбиелеуінің негізі. «Ақша жоғалтсаң – ештеңе жоғалтпағаның, уақыт жоғалтсаң – көп нәрсені жоғалтқаның, денсаулығыңды жоғалтсаң – бәрін жоғалтқаның» дегендей халық мәтелі, уақытты салауатты өмір салтымен қалыптастырып, зор байлық – денсаулыққа ие болуға болатыны дәлелденді.
Елiмiздiң болашақ азаматы – қазiргi балалар. Яғни, егемендi елiмiздi дамытып, гүлдендiре түсетiн санасы таза және денi сау, рухани-адамгершiлiгi жоғары ұрпақ. Сондықтан, көпшiлiк болып мектеп оқушыларының тәрбиесiне керi әсерiн тигiзетiн келеңсiз жағдайларға қарсы күресе отырып, жеке тұлғаның рухани-адамгершiлiгiн қалыптастыратын салауатты өмiр салтын құруға көңiл бөлуiмiз тиiс. Салауатты өмiр салты дегенiмiз – адамгершiлiктiң асыл қасиеттерiн сақтай бiлудiң тәсiлi.
Адамның еңбекке қабілеттігін негізгі үш себептермен байланыстыруға болады:
Жұмыс істей алуы: кәсіби даярлығы, дене және ақыл-ой білімі, еңбек істей алуы, еңбек дағдысын бекіте білуімен анықталады. Орталық жүйке жүйесінің белгілі аймағының қатысуымен уақытша мотонейрон рефлексінің қалыптасуымен білім анықталады.
Еңбекке ниет – мемлекет алдындағы жауапкершілік сезімін өзінің жеке жағдайына ыңғайлылығы және еңбек нәтижесіне қызығушылығы.
Дене және психологиялық мүмкіндік қуаттылығы мен уақыт, еңбек процестерімен танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет