Қарағанды қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы



бет4/22
Дата05.07.2016
өлшемі2.8 Mb.
#179256
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Бұл кәсіпорын Қарағандылық машина жасау консорциумының қатысушыларының құрамына кіреді.



Фармацевтикалық қызмет

Қаланың фармацевтикалық өнеркәсібіндегі неғұрлым ірі компаниялар: «Қарағанды фармацевтика зауыты» ЖШС (фитопрепараттарды өндіру), «Қарағанды облыстық қан орталығы» КМҚК (қан препараттарын, қан консерванттарын, тұздық ерітінділер өндіру), «Фармация 2010» ЖШС (дайын дәрілік құралдарды және галендік препараттарды өндіру).

Аталған кәсіпорындардың өнімдері көбінесе ішкі нарыққа бағытталып, бірақ келешекте Ресей Федерациясының және Орта Азияның нарығына шығу мүмкіндіктері бар.

«Фармация 2010» ЖШС қызметін 1956 жылы бастаған. Іс-әрекетінің негізгі түрі – фармацевтикалық өнімдер шығару. Өндірістік қуаттылығы айына 30 млн. теңгеге дейін жетеді. Шикізат көзі – Ресей Федерациясы.

2005-2009жж. аралығында өндіріс көлемінің өсуі 3 есеге, жұмыскерлер санының өсуі 1,8 есеге, ал еңбек өнімділігіне келетін болсақ, 1,6 есеге үлкейгені белгілі.
«Фармация 2010» ЖШС өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

КөРСЕТКІШ

2005

2006

2007

2008

2009

Өндіріс көлемі, млн. теңге

61,2

102,7

131,6

182,7

181,1

Еңбекақы қоры, мың теңге

825,6

1562,4

2304

2522

1774,8

Жылына орта есеппен алғанда қызметкерлердің тізімдік саны, адам

32

36

48

52

58

Еңбек өнімділігі, мың теңге

1912,5

2852,8

2741,7

3513,5

3122,4

«Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС-нің өнеркәсіптік өндіріс жағдайында дәрі-дәрмек шығару бойынша фармацевтикалық қызмет етуге рұқсат беретін «Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті» ММ 22.05.2009ж. берген тұрақты мемлекеттік лицензиясы бар. 2009 жылдың маусым айынан бастап өз қызметін бастаған.


«Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

КөРСЕТКІШ

2009ж. маусым-желтоқсан

Өндіріс көлемі, млн. теңге

27,8

Еңбекақы қоры, мың теңге

1 922

Жылына орта есеппен алғанда қызметкерлердің тізімдік саны, адам

62

Еңбек өнімділігі, мың теңге

448,4

2010-2012жж. «Қарағанды фармацевтикалық зауыты» ЖШС-мен – «Қарағанды фармацевтикалық кешенінің үшінші кезегін құру» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.

Бұл жобаны «Ғылым қоры» АҚ арқылы 650 млн. теңге мөлшерінде қаржыландыру басталған. Алғашқы транш – 30 млн. теңге көлемінде бөлінді. Препараттарды шығарудың өнеркәсіптік уақыт тәртібі құрылып, клиникалық зерттеулер өткізіліп жатыр.
Химия өнеркәсібі

Химия өнеркәсібінің негізін келесі кәсіпорындар құрайды: «ALIAN-paint» ЖШС, «Стройпластмасс» АҚ.

«ALIAN-paint» компаниясы 2003 жылы «Stroykomplekt» компаниялар тобы құрамында ашылған. Қазіргі уақытта ол Қазақстан Республикасындағы еуропалық жетекші өндірушілері аналогтарының сапасынан кем емес су-дисперсиялық әшекелеу лак-бояғыш материалдарды (бояулар, қабырғаларға жағатын әшекелеу ұнтақтары) шығаратын алғашқы орындағы кәсіпорындардың бірі болып табылады.

2009 жылы өндіріс көлемі 58,5 млн.теңгені немесе 2008 жылмен салыстырғанда 84,5%-ды, ал 2005 жылмен салыстырғанда 154,8%-ды құраған. 2009 жылы еңбек өнімділігі 2005 жылмен салыстырғанда 3,4 есеге артқан.


«ALIAN-paint» ЖШС өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

КӨРСЕТКІШ

2005

2006

2007

2008

2009

Өндіріс көлемі, млн. теңге

37,8

41

44,8

69,2

58,5

Жылдағы жұмыскерлердің ортатізімдік саны, адам

49

52

48

38

22

Еңбек өнімділігі, мың теңге

771,4

788,5

933,3

1 821,1

2 659,1

Кәсіпорын «Alicanto» және «Soframap» сауда маркаларының төбеге арналған үнемді бояуларынан бастап, интерьерлер мен фасадтар үшін ерекше әшекелеу құралдарының 50 түріне дейін өнім түрлерін шығарады. Аталған материалдардың Орта Азия мемлекеттері мен Ресейде ерекше экспорттық әлеуеті бар.

«Стройпластмасс» АҚ 1998 жылдың сәуір айында полимерлік материалдарды қайта игерумен айналысатын, тарихы сонау 1969 жылдың 30 желтоқсанынан басталатын, Қазақстандағы ең ірі кәсіпорынның «Казстройполимер» АҚ негізінде құрылған. Полимерлерден жасалатын құрылыс материалдары мен тұрмыстық тауарларды өндіру бағыты келесі номенклатураға сәйкес машықтанырылған: полиолефиннен жасалынған қысымды құбырлар, полиэтилендік қабықша, стадионға арналған орындықтар, сантехникалық бұйымдар, сұйық және ұнтақ заттарға арналған ыдыстар, сонымен қатар кез-келген күрделіктегі фрезерлік жұмыстарды да орындайды.
«Стройпластмасс» АҚ өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

КӨРСЕТКІШ

2005

2006

2007

2008

2009

Өндіріс көлемі, млн. теңге

46,6

46,3

52,1

81,4

102,6

Еңбекақы қоры, мың теңге

697

880

1 092

2 300

4 000

Жылдағы жұмыскерлердің ортатізімдік саны, адам

41

40

39

50

50

Еңбек өнімділігі, мың теңге

1 136,6

1 157,5

1 335,9

1 628

2 052

2009 жылы өнімдер өндірісі көлемінің 2005 жылмен салыстырғанда 2,2 есеге өскендігі байқалды; еңбек өнімділігі – 1,8 есеге, жұмыскерлер саны 22,0%-ға өскен.

Оның үстіне 2011-2015жж. аймақтың химия өнеркәсібінде Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті мен сәйкесінше «ABsalut Ecology» ЖШС атқаруға міндетті «Көмір қабаттарынан метанды қарқынды шығару технологиясы» мен ««АрселорМиталл Темиртау» АҚ ЖЭО-да технологиялық газдарды тазарту кешенінің құрылысы» атты екі жобаны іске асыру жоспарлануда. Жобалардың жалпы құны – 10 970 млн. теңге.
Құрылыс индустриясы

Қалада құрылыс және конструкциялық материалдарды өндіруге бағытталған бірнеше кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Олардың ішінде: кірпіш өндіру бойынша «Континент Строй» ЖШС; керамикалық кірпіш өндіру бойынша «Қарағандылық құрылыс материалдары зауыты» ЖШС; қабырғалық және қалқалық тастар мен шлакоблоктарды, қаптау тастар мен жиек тастарын өндіретін «Углесинтез» ЖШС; ««Скиф» құрылыс материалдары зауыты» - су эмульсиясы, фасад бояулары және бояу алды сырлау өндірісі, сонымен қатар темірбетон бұйымдарының өндірісі бойынша «Нұрхан» ЖШС.

2009 жылы басқа бейметалдық минералдық өнім өндірісінің көлемі 2007 жылдың деңгейімен салыстырғанда (әрекеттегі бағалармен) 36,9%-ға қысқарғанын айта кеткен жөн. Өндіріс көлемінің күрт төмендеуінің себебі Қазақстан құрылысы саласындағы, оның ішінде дағдарыс алды уақыттағы Қарағанды қаласында өндірілген құрылыс және конструкциялық материалдардың 40%-на дейін жүзеге асқан Астана қаласының құрылыс саласындағы негативті тенденциялары болып табылған.

«Қарағанды ағашөңдеу комбинаты» АҚ 2005 жылдың 20 шілдеда іске қосылған. Атқаратын қымзетінің негізгі түрі – жоғарғы сапалы қылқан жапырақ ағаштарын және импорттық өндірістің берік желімденген композицияларды пайдалануды қажет ететін технологиялық өндіріс үдерісінде негізделген панельдік ағаш үйлер мен ағаштық желімденген үйлесімдер өндірісі болып табылады. Кәсіпорынның өндірістік әлеуеті: үй құрылысы – жылына 24 мың ш.м.; желімденген қырлы бөрене өндірісі – жылына 10 мың куб м.; біруақытты ағаш кептіру – 465 куб м. Өндіріс 2007 жылы басталған.


«КарДок» АҚ өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

КӨРСЕТКІШ

2005

2006

2007

2008

2009

Өндіріс көлемі, млн. теңге

0

0

9,2

6,4

66,8

Еңбекақы қоры, мың теңге

750

4 608

7 585

8 496

4 992

Жылдағы жұмыскерлердің ортатізімдік саны, адам

30

128

185

177

128

Еңбек өнімділігі, мың теңге

0

0

49,7

36,2

521,9

2009 жылы өндіріс көлемі 66,8 млн. теңгеге жетіп, 2007 жыл параметрлерін 7,3 есе асырған; еңбек өнімділігі 521,9 мың. теңгені, яғни 2007 жылдан гөрі 10 есеге жоғары деңгейді көрсеткен.

1997 жылдың аяғында темірбетон бұйымдарын өндіретін «Нұрхан» ЖШС өз қызметін бастады. Шығарылатын өнімдері: тауарлық бетон, көпбостықты жабу панельдері, қабырғалы фундаменттік блоктар, қағылатын тіреу бағаналары мен т.б. Өндіріс қуаттылығы – кезегіне 300 куб м. бетон.

2009 жылы ірі тапсырыстардың жоқтығы өндіріс параметрлерінің өткен жылдарға қарағанда төмендеуіне әкелді.

Осылайша 2005 жылы өндіріс көлемі 104,4 млн. теңгені құраса, 2009 жылы берілген көрсеткіш 2,5 есеге төмендеп, 41 млн. теңгені құрайтын болған. Жұмыскерлердің ортатізімдік саны 40,4%-ға төмендеп, 2009 жылғы еңбек өнімділігі 2005 жылмен салыстырғанда 34,2%-ға төмендеген.
«Нұрхан» ЖШС өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

КӨРСЕТКІШ

2005

2006

2007

2008

2009

Өндіріс көлемі, млн. теңге

104,4

128,4

194,2

46

41

Еңбекақы қоры, мың теңге

1 299,6

1 577,3

2 334,9

1 911,3

1 337,8

Жылдағы жұмыскерлердің ортатізімдік саны, адам

114

126

129

112

68

Еңбек өнімділігі, мың теңге

915,8

1 019

1 505,4

410,7

602,9

«Мастер Пласт К» ЖШС өз қызметін 05.10.2004ж. бастап атқаруда. Атқаратын қызметінің негізгі түрі – метал-пластиктен бұйымдар (терезелер, есіктер, қалқалар) жасау. Өндірістік қуаттылығы жылына 535 тонна. Шикізат көздері: Германия, Ресей, Италия, Қазақстан.

2005-2009жж. аралығында өнімдер көлемі өсуінің оң динамикасы байқалады, яғни орта есеппен алғанда жылына 66,3% екендігі байқалады. 2009 жылы өндіріс көлемі 964,8 млн. теңгені (2005 жыл көрсеткіштерінен 7 есе артық) құраған. Жұмыскерлер саны 2009 жылы 2005 жыл көрсеткішін 5 есе асырып, еңбек өнімділігі 30,4%-ға көтерілген.
«Мастер Пласт К» ЖШС өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

КӨРСЕТКІШ

2005

2006

2007

2008

2009

Өндіріс көлемі, млн. теңге

139,9

157,7

339,4

555,3

964,8

Еңбекақы қоры, мың теңге

211,5

243,8

2 040,8

3 144

7 315,9

Жылдағы жұмыскерлердің ортатізімдік саны, адам

31

34

66

81

164

Еңбек өнімділігі, мың теңге

4 512,9

4 638,2

5 142,4

6 855,6

5 882,9



Металургия өнеркәсібі мен дайын метал өнімдерін шығару

2009 жылы металургия өнеркәсібінде және дайын метал өнімдерін шығару саласында 11 086,8 млн. теңгеге (облыстық көлемнің 9,7%) өнім шығарылған. 2007 жылы қала үлесіне 12,6% келген еді. Берілген сала кәсіпорындарының ресейлік нарықтағы салмағы арқылы өз өнімдерінің 20%-ын экспортқа жібереді.

Бұл саланың негізгі өкілдері «КИАМЗ «Геомаш» ЖШС және «Қарағандылық метал бұйымдары зауыты» ЖШС болып табылады.

«Геомаш» Қарағанды Құрал-сайман-Арматуралық Механикалық Зауыты геологиялық барлау жабдықтаулары мен оларға сәйкес қосымша бөлшектер шығарушы Қарағанды геологиялық жөндеулер зауытның негізінде 1959 жылы құрылған еді.

2005-2009жж. аралығында өндіріс көлемінің өсуі 2,3 есеге, еңбек өнімділігі де 2,3 есеге өскендігі байқалады.
«КИАМЗ «Геомаш» ЖШС өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

КӨРСЕТКІШ

2005

2006

2007

2008

2009

Өндіріс көлемі, млн. теңге

77,4

88,5

130,7

208,3

176,5

Еңбекақы қоры, мың теңге

2 028,6

2 441,1

4 226,2

5 492,3

3 310,8

Жылдағы жұмыскерлердің ортатізімдік саны, адам

98

103

118

142

96

Еңбек өнімділігі, мың теңге

789,8

859,2

1 107,6

1 466,9

1 838,5

Зауытта ерекше тісқиғыш станоктар паркі бар, кең ауқымда конвейерлік шығыршықтар, шығыршық тіреулерін және конвейер жабдықтарын өндіру, конвейерлік шығыршықтар жөндеуі мен қалпына келтіру жұмыстары, бекіту арматуралары (фланецтер, бұрулар және т.б.), теміржол көлігіне қажетті жабдықтаулар мен қосымша бөлшектер (қалыптар, дөңгелек жұптары), құймалар мен шыңдалулар түр-түрлерінің өндірісі іске асырылып келеді. Зауыт өндірісінде геологиялық барлау жабдықтауларына қажетті қосымша бөлшектер, тау-кен-шахталық жабдықтауларға қажетті қосымша бөлшектер мен тораптар, токарлы, фрезерлік, тісқиғыш тегістеу, қашау, сонымен қатар жоғарғы нақтылықпен темірші жұмыстары жасалынады.

Іс-әрекетінің негізгі түрі метал өңдеу мен дайын метал бұйымдарын шығару болып табылатын «Қарағанды метал бұйымдары зауыты» ЖШС 2003 жылдың желтоқсан айында іске қосылған.

2009 жылы кәсіпорындағы өндіріс көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 43,5%-ға өскен; жұмыскерлердің тізімдік саны 25,2%-ға, ал еңбек өнімділігі 14,6%-ға көтерілген.


«Қарағанды метал бұйымдары зауыты» ЖШС өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

КӨРСЕТКІШ

2005

2006

2007

2008

2009

Өндіріс көлемі, млн. теңге

171,2

185,9

223,1

208,6

245,7

Еңбекақы қоры, мың теңге

4 151,9

4 487,3

6 423

6 728,1

7 764,8

Жылдағы жұмыскерлердің ортатізімдік саны, адам

139

144

165

154

174

Еңбек өнімділігі, мың теңге

1 231,7

1 291

1 352,1

1 354,5

1 412,1



Машина жасау

Аталған саланың негізін қалайтын кәсіпорындарға: «№1 МашЗауыты» ЖШС, «Қарағанды турбомеханикалық зауыты» ЖШС, «КЗ ЭЛТО» АҚ, «КарГорМаш - М» ЖШС жатады.

Осы саланың кәсіпорындары 2009 жылы 9455,3 млн. теңгеге өнім шығарған, бұл облыс көлемінің 50,5%-ын құраған. Сонымен қатар, 2007-2009жж. аралығында қаланың облыстық машина жасау көлеміндегі үлес салмағы 9,6 тармақшаға төмендегенін айта кеткен жөн.

«№1 Машзауыты» ЖШС 1947 жылы Шахталық комбайындар мен қазбалау машиналарын жөндеудің орталық электромеханикалық шеберханалар негізінде құрылған. 1970 жылдан бастап су тіректер мен су жылжытқыштар шығаруды меңгерген.

2009 жылы кәсіпорында өткен жылмен салыстырғанда өндірістік көрсеткіштер 8,1% өскен, ал 2005 жылмен салыстырғанда 39,4% өскендігі байқалған. Сонымен қатар еңбек өнімділігі де 77,7% бен 14,0% өскен, яғни сәйкесінше 2005 пен 2008жж. салыстырғанда құраған. Жұмыскерлердің тізімдік саны 2008 жылға қарай 5,2%-ға төмендеген.

«№1 Машзауыты» ЖШС өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері



КӨРСЕТКІШ

2005

2006

2007

2008

2009

Өндіріс көлемі, млн. теңге

190,5

212,9

240,1

246,7

266,6

Еңбекақы қоры, мың теңге

8 433,8

10 651,5

11 912

15 716,4

7 609,3

Жылдағы жұмыскерлердің ортатізімдік саны, адам

325

349

348

270

256

Еңбек өнімділігі, мың теңге

586,2

610

689,9

913,7

1041,4


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет