93
әсіресе командирлік өнерінде қандай көрінсе, жазушылық өнерінде сондай
көрініп отыр.
Қаламгер хикаяда өз жанұясында көрген-білгенін жазды. Кіндік қаны
тамған жерінің, өскен жанұясының тыныс-тіршілігін
нанымды әрі шын
суреттей отырып, қарапайым қазақ отбасының әдет-ғұрып, тіршілік көзін,
әлеуметтік өмірін, салт-дәстүрін, мінез-құлқын, рулық қарым-қатынасын,
туған жер көркін өте шеберлікпен асыра әсірелемей, сол кездің болмысына
сай, кейіпкерлердің ой-өрісіне тура келетін сөздерді дұрыс қолдана
отырып, көшпенді қазақ халқының дархан көңілінің керемет көрінісін,
халықтың өзіне тән өзге ұлтта кездеспейтін қадір-қасиетің, дара таныта
алған. Сонымен, соғыс жылдарындағы ержүрек командир бейбітшілік
күндерде өзінің тағы да бір қырын танытты.
«Ұшқан ұяны»
оқыған кезде, Бауыржан Момышұлының бүкіл
балалық шағын басыңнан өткізгендей боласың. Әңгіме бір жанұяның он-
он бес жыл ішіндегі бар өмір құбылыстарын баян етеді. Шығармада автор
повестің кейіпкерлерінің қимыл-әрекеті, дүниетанымы, арманы мен
мақсаты арқылы халықтың өмірдегі осы сияқты түрлі қарама-
қайшылықтарды ашып отыруға тырысқан.
Бауыржан Момышұлы адамгершілік пен азаматтықтың алғашқы
сабағын өзінің ақ шаңырағынан әрі туған ауылынан алады. Әжесі мен әкесі
Момыштың, туысқандары мен ауылдастарының – бәрінің де айтқан
ақылдары мен істеген істерін санасына тоқып,
біртіндеп дара тұлғаға
айналады. Өмірдің бар қиыншылығын басынан кешірген, көрегені мен
білгені, естігені мен түйгені көп, тәжірибесі мол ана образы повесте үлкен
орын алған. Автордың суреттеп отырған қарт әжесі – халықтың бар
арманын меңзеп тұрған парасатты, ақылгөй дана адам.
Повесте алабөтен ой туғызатын – әженің образы. Болашақ батырдың
ең алғаш дүниетануына, характерін жастай қалыптасып, адал, табанды,
ержүрек болып өсуіне игі әсер еткен осы әже. Ол айнала ортаның, ащы
өмірдің, қатал тағдырдың азап, зардабының бәрін бастан кешсе де, соған
төтеп берген, бойына дарытпаған ақылды, қайсар, саналы да саялы әзиз
ананың образы болып шықты.
Осы шығармада еңбексүйгіштік, ақыл-парасат иесі, тоқығаны да бар,
өз руының әрі ауылының беделі биік әке бейнесі де тартымды сомдалған.
Момыш - ағаш ұстасы бола тұра, әшекейлер соғатын өнерлі шебер, мал
емдеуді де білетін, әрі етікші. Повесте қарт әже мен қарт әке де ескіліктің
салдарынан құр алақан емес.
Повесте ерекше болып көрінген келесі бір бейне – Аққұла. Бұл – бір
ғана бойына қуат пен қайрат толған, даланың еркін қыраны секілді адам.
Тал бойына тән күші де бар, еркі де мол. Аққұла бойында халқымызға тән
ерекше бір қасиет бар. Әрине, ол – жылқы малын сүю. Жазушы Бауыржан
Момышұлы Аққұла бойындағы арыстандай күшті әсіресе көкпар ойыны
үстінде әсерлі де нанымды суреттейді. Повесте
басқа бейнелер де сәтті
94
дараланған. Соның бірі – азулы жыртқыштай Серкебай. Бұл да бір тұрған
қар күштің, «өзім білемнің» адамы.
Сонымен қатар, повесте халық арасына достық идеясын таратушы
Садық Аблановтың бейнесі шебер жасалған. Патша заманда ол түрмеден,
жер аударудан көз ашқан емес. Жарқын болашақ, өмір үшін күрес
Садықты жігерлендіре түсті. Ол – кішіпейіл, әрі мақтану мен мансап
дегендерді білмейтін жан.
«Жан сырындай сақталған естеліктерден сұрыпталып, сомдалып
жасалған адам образдары шығармада жаңадан өмір сүргендей әсер
туғызады. Сыртай қатал, іштей мейірімді азиз жан, ардақты әженің образы
біртоға, «Тура Момыш» аталған әділ,
еңбекқор, өнер иесі әке мен алып
күшті, аңғал мінезді Момынқұл ағаның образы, шабандоз шал мен ең
алғаш әйел теңсіздігіне қарсы тұрған қайсар Зейнептің образы, Садық
Аблановтың жағымды образы және толып жатқан пасық бай, зәлім молда,
жебір болыстардың образдары көз алдыңнан кетпейді» [1, 340].
Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» повесінде халықтың дәстүрлі
ойын-сауықтары мен той-думандарды қызықты әрі тартымды етіп
суреттелгенін көреміз.
«Ұшқан ұя» повесі – Бауыржан Момышұлының балалық шағын
баяндаған, өсіп, тәрбие алған қоғамын
суреттеген өмірбаяндық
шығармасы. «Бұл повесть жазушының өзіне тән суреткерлік бетін
танытты. Шыншылдық, нақтылық, өмір материалын жетік білушілік –
жазушыға көптен көп қажет қасиеттер. Қалың халық ортасында,
қарапайым отбасында туып өскен, жастай шешесі өліп, ақылды ана, қарт
ана – үлкен әжесінің қолында тәрбиеленген
Бауыржанның жасынан
сезімтал, елгезек, ойшыл болып өскенін көреміз.» [1, 339].
Қорыта келгенде, «Ұшқан ұя» повесі – Бауыржан Момышұлының
жазушылық өнерге барар жолдағы табысты туындысы. Оқырмандар
Б.Момышұлының
Ұлы
Отан
соғысы
тақырыбына
арналған
шығармаларынан даңқты офицерді көрсе, мына повестен оның шыққан
ортасын, балалық шағын анық көре алады. Ол осы туындысы арқылы
парасатты әже мен адамгершілігі мол әкеге, Зейнеп пен ел еркесі Аққұлаға,
әрі халқымыздың дәстүріне үлкен ескерткіш орнатқандай болды.
Достарыңызбен бөлісу: