4
БАУЫРЖАН ЕСІМІ МӘҢГІЛІК!
З.Р.Жантыбаева
ЖББ №77 МБК директоры
2019-2020 оқу жылындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негізіндегі
тәрбие жұмысының бірінші бағыты «Жаңа қазақстандық патриотизм мен
азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбиелеу» деп аталады. Қазақстан
Республикасының тәуелсіздігінің тұрақтанып нығаюында экономикалық
қуаттылық, саяси-әлеуметтік тұрақтылықпен бірге қазақстандықтардың
патриоттық
рухын қалыптастырып, дамыту мәселесі де басым бағыттар
қатарында саналады. «Бүгінгі жас ұрпақ ертеңгі болашақ» демекші Отанды
сүю, туған елге деген сүйіспеншілік мектеп қабырғасынан бастау алады.
Қазақстан
Республикасы
Тұңғыш
Президенті
Н.Ә.Назарбаев:
«Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне
деген сүйіспеншілігін қалыптастыру – басты міндеттеріміздің бірі», – деп
айтқандай, жас ұрпақ бойында патриоттық рух қалыптастыру және дамыту
аса өзектілікке ие болуда.
Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің
керемет үлгілерін көреміз. Сондай тұлғалардың бірі - XX ғасырдың ең
жарқын тұлғасы, белгілі жазушы, ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері,
халық қаһарманы, қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы. Бауыржан
Момышұлының өмірі – өнеге, жазған мұралары – патриоттық өсиет.
Өнегелігі сол, ол – елі мен туған жерін нағыз сүйген, оған қашан да адал
қызмет еткен, сын сағатта оны жан аямай қорғаған және қол бастап, жауды
жеңуге ерен үлес қосқан ер.
Батыр 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл
облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Жеті
жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған.
Кезекті
әскери міндетін өтеуге шақырылып, командир атағын алады. Туған
ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет
істейді. 1941 жыл Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты
генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен
Алматы облысы Талғар
қаласында жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға
аттанды. Мәскеу үшін шайқаста панфиловшы атқыштар полкі мен аға
лейтенант Бауыржан Момышұлының басқарған батальон жауынгерлері
асқан ерлік көрсетті. Жауынгерлер батырлықтың, достықтың, тәртіптіктің,
ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп, өздерінен күшті төрт есе басым жаумен
бір ай бойы күресіп, дұшпанды ойсырата жеңіліске ұшыратты. Осылайша
316 атқыштар дивизиясы Мәскеу түбіндегі аты аңызға айналған ерліктері
үшін «Қызыл ту» орденімен марапатталады. Кеңес әскерінің 1942 жылғы
қаңтар-ақпан айларындағы ұрыстарында 8-гвардиялық дивизияның
Бауыржан Момышұлы басқарған полк жауынгерлері ерекше көзге түсті.
Дивизия екі ай ішінде батысқа қарай 500-600 шақырым алға басып,
фашистердің мыңдаған
солдаты мен офицерін қырды, көптеген
техникасын жойып жіберді. Бауыржан өз батальонын 27 рет шабуылға
5
бастап шықты, 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамамен
аман-есен дивизиясына қосылды. Халықтың өзі «батырым» деп танып,
ардақтаған қаһарман ұлына 1990 жылдың 11 желтоқсанында «
Кеңес
Одағының Батыры» деген атақ
берілді.
Бауыржан Момышұлы - мұқалмас ерлік-жігердің, күш-қайраттың,
ақыл-парасаттың, ар-ожданның иесі болды.
Бауыржан Момышұлы соғыс
жылдарында адуынды да қатал әскери басшы ғана болып қана қойған жоқ
, сонымен қатар қарамағындағы жауынгерлер мен офицерлердің ақылгөй
жетекшісі, мейірман тәрбиешісі де бола білген. Соғыс аяқталғанға дейін
батальонды, полкты, ал соғыс аяқталғаннан кейін дивизияны басқарған.
Жоғарғы Әскери академияны бітіріп, сонда ұстаздық еткен. Кейін біржола
шығармашылық еңбекпен шұғылданып, қарудың орнына қалам алған. Ол -
кітабы әлемге таралған жазушы. Жазушының соғыс, отаншылдық
тақырыбына жазған мақалалары, қанатты сөздері шырқырап шындық
іздеген жан айқайының жаңғыра шыққан үні іспеттес. Б.Момышұлының
қаламынан шыққан шығармалар көп: «Қанмен жазылған кітап», «Ұшқан
ұя», «Москва үшін шайқас», «Менің отбасым», «Майдандас достарым»,
«Генерал Панфилов», «Төлеген Тоқтаров», «Адам қайраты», «Артымызда
Москва». Жазушы орыс және қазақ тілдерінде бірдей жазады. Оның
«Біздің отбасы», «Артымызда Москва», «Майдандағы кездесулер» сияқты
кітаптары бірнеше шетелдік тілдерге аударылып басылған.
Оның
мірдің
оғындай қанатты сөздері де халықтың аузында жүр. Батыр
жайында өлең,
дастандар да, естелік мақалалар да, кітаптар да көп. Олар Александр
Бектің «Арпалыс», Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз», келіні
Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер», ұлы Бақытжан Момышұлының
«Жанымның жарық жұлдызы» және тағы басқа шығармалар.
Бауыржан
Момышұлының игерген өнерлері де көп. Атап өтсек,
суретті керемет
салған екен. Кәдімгі кәсіби суретшілерден бір мысқал да кем емес.
Қ
ұралайды көзге атқан мерген болған, турникке тартылу және басқа спорт
түрлерінен де озық жетістіктерге жеткен. Ат
құлағында ойнайтын
шабандоздығымен, атбегілігімен аты шыққан. Әсіресе қарамағындағы
жауынгерлерді соғысқа тәрбиелеуде өте озық тәжірибе көрсеткен. Әскери
қолбасшылығы өз алдына бөлек әңгіме. «Б.Момышұлының соғыс
тактикасы» деген оқу пәні Израиль еліндегі әскери оқу орындарында
оқытылады және студенттер ол пәннен емтихан тапсырады. Кубаның
әскери мектептерінде де Бауыржанның соғыстағы әдіс-тәсілдері бойынша
дәріс беріледі. Осыны ескерсек, Б.Момышұлын әскери ғылымның нағыз
білгірі деуге болады. «Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты» деп
батырдың
өзі айтқандай, біздің жүрегімізде Бауыржан Момышұлының
есімі мәңгі сақталады.
Бауыржан атамыз сияқты өмірі өнегелі істерге толы
қасиетті тұлғаны жете біліп, оларды мәңгі есте сақтау – біздің қасиетті
борышымыз. Осы оқу жылында батыр бабамыздың есімін алу үшін мектеп
ұжымы педагогтар мен оқушлар тәрбиелік, танымдық мәні бар
мектепішілік қалалық іс шараларды өткізуде. Атап айтатын болсақ,