148
маңында Волоколам тас жолында аса ерлікпен соғысты. Комбаттың
дарынды басшылығының арқасында неміс әскері бұл маңда 3 күнге іркіліп
қалды. Бұл ерлігінен соң жас комбат өз сарбаздарын
қоршаудан соғысқа
қабілетті жағдайда алып шықты. 1942 жылдың 6 маусымында "Қызыл
Жұлдыз" орденімен марапатталады. 1945 жылдың 21 қаңтарынан бастап
гвардия
полковник
Бауыржан
Момышұлы
Екінші
Прибалтика
майданының, 6
гвардиялық армиясының, 2 гвардия атқыштар полкінің 9
гвардия атқыштар дивизиясын басқарды. 1945 жылдың ақпан-наурыз
айларында Бауыржан Момышұлы
басқарған дивизия Приекуле
станциясының солтүстік-батыс жағында орналасқан неміс әскерінің үш
бекінісін бұзып өтеді. Дивизия шабуылының нәтижесінде 15 елді мекен
босатылды, ал жау әскеріне үлкен зиян тиген болатын [1].
Достарыңызбен бөлісу: