§ 1
|
Магистратура мен PhD докторантураға қабылдау ережелері
|
4
|
§ 2
|
Педагогикалық практикадан өту бағдарламасы
|
15
|
§ 3
|
Магистранттардың өндірістік практикасының бағдарламасы
|
38
|
§ 4
|
Магистранттардың зерттеу практикасының бағдарламасы
|
60
|
§ 5
|
Ғылыми тағылымдамадан өту ережесі
|
69
|
§ 6
|
Магистрлік диссертацияның (жобаның)
жазылуы және ресімделуі бойынша әдістемелік ұсыным
|
77
|
§ 7
|
«Bolashaq» академиясының заң пәндері кафедрасында докторлық диссертацияны алдын ала қорғау ережесі
|
97
|
§ 8
|
«Bolashaq» академиясында «антиплагиат» бағдарламасы бойыншажазба жұмыстарды тексеру ережесі
|
105
|
«BOLASHAQ» АКАДЕМИЯСЫНЫҢ МАГИСТРАТУРА МЕН ДОКТОРАНТУРАҒА (PHD) ҚАБЫЛДАУ
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1.1. «Bolashaq» академиясына (әрі қарай Академия) магистранттар мен докторанттарды (phd) қабылдау Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес және осының негізінде құрылған Академияға оқуға қабылдау тәртібі ережесі бойынша іске асырылады.
1.2. Магистранттар мен докторанттарды (phd) Академияға қабылдау ғылыми-педагогикалық және бейінді бағыттар бойынша кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы, сондай-ақ білім алушылардың өз қаражаты және өзге де көздер есебінен оқу ақысын төлеуі арқылы жүзеге асырылады.
1.3 Магистратураға, докторантураға, оның ішінде мақсатты даярлау бойынша тұлғаларды қабылдау кешенді тестілеу (бұдан әрі-КТ) немесе түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Магистратураға, докторантураға шетелдіктерді қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу құқығы магистратура бағдарламалары бойынша стипендиялық бағдарламаларды есепке алмағанда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
1.4 Академияға шетел азаматтарын ақылы негізде қабылдау әңгімелесудің нәтижесі бойынша күнтізбелік жыл бойы жүзеге асырылады. Бұл ретте, шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбесіне сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына 5 (бес) күнге дейін жүргізіледі.
1.5 Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамамен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген) Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларына сәйкес танылады немесе нострификацияланады.
1.6 Қабылдау комиссиялары:
түсушілерге таңдаған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары тобының мәселелері бойынша кеңес беру, КТ және/немесе түсу емтиханының рәсімімен таныстыруды;
түсушілердің құжаттарын қабылдау мен тексеруді ұйымдастыруды;
КТ-ға кіруге рұқсаттамалары мен белгіленген үлгідегі КТ сертификаттарын беруді қамтамасыз етуді;
білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады.
1.7 Академияның магистратурасына, докторантурасына түсушілердің өтініштерін қабылдау Академияның қабылдау комиссиясымен және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы жүргізіледі. Өтініштерді қабылдау мерзімі күнтізбелік жылдың 3 – 25 шілде аралығында.
КТ, білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 8 – 16 тамызы аралығында, қабылдау күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі.
2.1 Магистратураға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игерген тұлғалар қабылданады.
2.2 Магистратураға түсуші тұлғалар Академияның қабылдау комиссиясына немесе ақпараттық жүйе арқылы мынадай құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысанда ұйым басшысының атына өтінішті;
2) жоғары білімі туралы құжатты (түпнұсқа, қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру кезінде);
4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
5) 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;
6) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;
7) осы Үлгілік қағидалардың 12-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болған жағдайда).
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру түсушінің қатысуымен жүргізіледі. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.
2.3 Магистратураға түсуші тұлғалар шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тесттен тұратын КТ тапсырады.
2.4 КТ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайтын КТ өткізу пункттерінде ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы өткізеді.
КТ нәтижесі бойынша сертификат беріледі.
Түсу емтихандарын және КТ-ны тапсырған жылы оларды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
2.5 Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаттары бар тұлғалар мынадай тілдер бойынша магистратураға КТ-ның шет тілі бойынша тестінен босатылады:
ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ) – кемінде 163 балл),
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл – кемінде 46),
Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг)) шекті балл – кемінде 453,
Test of English as a Foreign Language Paper-delivered testing (TOEFL PDT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер деливерэд тэстинг)) – шекті балл – кемінде 65),
International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл – кемінде 5.5);
неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau C1/С1 деңгейі);
француз тілі: Test de Franзais International™ -Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise - Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise - Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais - Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – кемінде 400 балл).
«Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласының білім беру топтары бағдарламаларына, сонымен қатар «Бизнес және басқару» кадрларын даярлау бағыттары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар осы қабылдау қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес балдармен Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорд экзаменейшен) GRE стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда оқыту қазақ немес орыс тілінде жүргізілетін магистратуруға түсу үшін КТ-дан босатылады.
«Бизнес және басқару» мамандарын даярлау бағыттарының білім беру бағдарламалары топтары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар Академияның осы қабылдау қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес балдармен Graduate Management Admission Test (грэдуэйт мэнэджмент адмишен тест) GMAT стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда оқыту қазақ немес орыс тілінде жүргізілетін магистратураға түсу үшін КТ-дан босатылады.
Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығы және жарамдылық мерзімі ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссияларымен тексеріледі.
13. Магистратураға түсушілер өтініште білім беру бағдарламаларының бір тобын және 3 (үш) ЖЖОКБҰ-ға дейін көрсетеді.
КТ емтихандарының нәтижелері өткізілген күні жарияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |