6
Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамды қалыптастыруда
бастысы азаматтық пен құқықтық мәдениетті дамыту болып табылады. Бұл
азаматтардың қоғам, ел ӛміріне сапалы түрде және ӛз
бетімен қатысуын
кӛздейді.
Оқушыларға құқықтық тәрбие беруді қамтамасыз ету мазмұнындағы
құқықтық тәрбие, білім беру жүйесінің заманауи бӛлігі
және басым бағыты
болып табылады.
Құқықтық білім беруді қалыптастырудың маңыздылығы қоғамда
болып жатқан әлеуметтік үдерістердің жоғары динамизмі мен әлеуметтік –
техникалық қажеттіліктердің жоғарылауымен ғана емес, ғылыми-техникалық
ӛркендеу талаптарының жоғарылауымен де тығыз байланысты.
Саяси
ӛмірдің әртүрлі мәселелерін кәсіби, терең түрде түсіну үшін,
заманауи
қоғамның барлық салаларындағы динамикалық ӛзгерістерді анықтау үшін
жақсы ойлау қабілеті, дүниетанымдық кӛзқарасқа сенімділік және жүйелі
құқықтық ұстаным болуы қажет.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015
жылдың 22 сәуіріндегі № 227 бұйрығы негізінде
бекітілген Тәрбиенің
тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес тәрбие жұмысының басты
бағыттарының бірі жас жеткіншектерге
құқықтық тәрбие беру болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: