Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы



жүктеу 60.76 Kb.
Дата26.02.2016
өлшемі60.76 Kb.
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы
№ 1 хаттама Қарағанды қ.

2010 жылғы 12 мамыр Обләкімдік, Конференцзалы


Жұмыскерлерге еңбекақыны, жинақтаушы зейнетақы қорына жұмысшылардың міндетті зейнетақы салымдарын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік салымдарды уақытында төлеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жұмыс берушілердің сақтауы туралы шешім

(2009 - 2011 жылдарға арналған облыстық Келісімнің 75т.).
Атқарушы органдар, кәсіподақтар және жұмыс берушілер, көзделген келесімдерде және ұжымдық шарттарда, кепілді қысқартуға жол бермеу шараларды іске асырды.

Облыс әкімнің өкімі бойынша облыс аймағында еңбекақы берешегі сұрақтарын шешу мақсатында азаматтардың құқықтарын қорғау үшін жұмыс тобы құрылды. Мемлекеттік басшылары, құқыққорғау органдары, кәсіподақтар өкілдері жұмыс топтарының кұрамына кіреді. Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде жұмыс тобының мәжілісіне, еңбекақыны уақытында төлемеген ең ірі берешектері бар құрылыс ұйымның жұмыс берушілері шақырылды. 1 шілдеге дейін берешекті өтеу үшін тізім қабылданды.

Қарағанды облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау Департаментінде жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын, уақытында жұмысшыларға еңбекақы төлеуін бақылау күшейтілді. Жұмысшыларға еңбекақыны уақытында төлемегендіктен ұйым башыларына әкімшілік шара қолданылды. Департамент 2010 жылдың 1 тоқсанында лауазымды адамдарға 4,6 млн. теңге айыппұл салған.

Азаматтардың өтініші бойынша департаментің еңбек инспекторларымен тексеріс жүзеге асырылды.

Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәлеметтері бойынша, есеп беру 3- ЕЖ сәйкес, 15.04.10ж. 19 ұйымдардың жұмысшыларға еңбекақы уақытында төлемеген қарыздың жалпы құны 142,9 млн. теңге. Еңбекақы уақытында төлемеген ұйымдарның тізімінде: ЖШС «МГТ Астана» (25,4 млн. тг.), ЖШС «Тумар тас» Теміртау қ. (16,0 млн. тг.), ЖШС «ОНИКС-1» Теміртау қ. (12,0 млн. тг.), ЖШС «Континент Строй» (10,2 млн. тг.), ЖШС «Машзавод №1» (3,2 млн. тг.) және т.б.

01.04.10ж. жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналардың берешегі 128,7 млн.тг. құрайды және өткен тиісті кезеңмен салыстырғанда 23,3 млн.тг. немесе 15,3% төмендеген.

Жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлемеу фактілері бар: ЖШС «ГШО» (2,0 млн. тт.), ЖШС «Күзет ұйымы Альсаир» (8,0 млн. тт.), ЖШС «Машзавод Пархоменко атындағы» (1,3 млн. тг.), ЖШС «Марк-Сервис» (0,5 млн. тг.), ПМК «Турмыс» (0,3 млн. тг.), ЖШС «ЭлектроТехПром» (0,2 млн. тг.).

Ұйымдарға, жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарды төлемегені үшін, салық департаментімен әкімшілік ықпал жасау шарасы қолданылған. 2009 жылы жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарды уақытында төлемегендерге 337 әкімшілік айыппұл салу қаулысы шығып, 17,3 млн.тг. көлемінде айыппұл салынды.

Облыс кәсіподақтары Федерациясымен қызметкерлерді қорғау үшін шаралар қабылданған. Кәсіподақтар азаматтардың еңбек құқыктарын қорғау бойынша жұмыс тобынанда «Тұрғын үй-коммуналдық реформалау басқармасы» КМҚК Приозерск қ. уақытында жұмысшыларға еңбекақы төлемеуі туралы өтініш-сұрақтар талқылауға түскені. Уақытында еңбекақыны төлемеген қарызды өтеу үшін кесте кұрылды, сол арқылы төленген.

11.05.10ж. «Тұрғын үй-коммуналдық реформалау басқармасы» КМҚК Приозерск қ. мәліметі бойынша уақытында төленбеген 7,2 млн. теңге қарыз өтеді.

Салалық кәсіподақтар Келісімдер мен ұжымдық шартта көрсетілген кепілдіктерді қысқартуға жол бермеуде жұмыстар жүргізуде. Салалық кәсіподақтардың мәліметі бойынша, кәсіподақтар барда, жұмыскерлерге еңбекақы уақытында төленеді, зейнетақы жарналары аударылады.

Келісөз нәтижесі бойынша «АрселорМиттал Темиртау» АҚ әкімшілігі мен кенші және металлург кәсіподағының арасында 2009 жылдың 1 қазанынан бастап еңбекақыны индекстеуді 7,5%-ға, және өткен айлардың өтемақы сомасын 45500 теңге мөлшерімен төленді. 2009 жылғы жұмыстың қорытындылары бойынша әкімшілік пен кәсіподақ бірлескен қаулымен 09.04.10ж. №3 есептелген 1 млрд.005млн. теңге сыйақының өтемақысы төлемдері туралы мәселе шешілді.

Облыс кәсіподақтар федерациясының өкілдері, ұйымның жұмыс берушілері кәсіподақ тарапынан қатты сынға түскен және еңбек заннамасын бұзуда жіберілген 131 тармақтағы қателер облыстық үш жақты келісім, кәсіподақ жарналардың колма-кол аударылуына кедергі жасалған.

Тараптар өкілдері көрсеткендей, жұмыс берушлерімен уақытында жұмысшыларға еңбекақы төлемеу фактілері анықталуда, сонымен бірге қажетті аударымдар және салық уақытында төленуде.

Осыған байланысты кәсіподақтар облыста мүмкіншілік белгілеуге байланысты осындай төлемге ережені жасау, бірінші кезекте еңбекақы, зейнетақы аударылады, одан басқа аударуды жасау, соның нәтіжесі бойынша, айыппұл санкцияларды белгілеу туралы ұсыныс қарауды ұсынған.

Жұмысшыларға уақытында еңбекақыны және демалысақыны төлеу туралы облыс кәсіпкерлер қауымдастығы еңбек заңнамасын сақтауда тұрақты жұмысты қауымдастар мүшелерімен атқарып отыр. Ұйымдарда-қауымдастар мүшелерінің төлемақы берешегі жоқ.

Осы мәселені талқылау нәтижесінде Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясының мүшелері шешім етті:

1. Қарағанды облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау
департаментіне (А.С.Шалабаев) ұйымдар уақытында жұмысшыларға берешек
еңбекақыны төлеу жөніндегі жұмысты жалғастырсын.

2. Қарағанды облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау
департаментіне (А.С.Шалабаев) және Қарағанды облысы салық департаментіне (Е.Қ.Жиенбеков) жұмыс берушiдегi айыппұл санкцияларының төлеу ретiң қайта қарау мүмкiндiгін қарап шығу, еңбекақының ең алдымен олармен және зейнетақы бөлу тiзiмдерін есепке алу, содан кейін еңбекақының қорына есептеп шығарулары ұсынылады.

3. Облысы кәсіподақ өкілдеріне (А.А.Мадиярова, С.Л.Белкин) қызметкерлерге уақытында еңбекақыны төлеу және жинақтаушы зейнетақы
қорларына қызметкерлердің міндетті зейнетақы аударымдарын жасайтын
ұйымдарға тұрақты бақылау орнатсын.

4. Кәсіпкерлер қауымдастығы (Т.Қ.Доскенов, Г.Т.Құрбанбаева, Ж.Т.Алдаңғаров) жұмыс берушілер қызметкерлерге уақытында еңбекақыны төлеу және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жұмыскерлердің аударымдарын аудару жұмыстарын жүргізсін.

5. Осы шешімді орындауға жауапты ұйымдар басшылары облыстық үш жақты комиссияға әр айдың 20 дейін 2010 жылдың жарты жылдық аясында ақпарат берсін.

6. Комиссияның жұмысшы тобы (Н.А. Крюкова) осы шешімді облыс әкімінің сайтына орналастыру жүктелсін.
Тараптар:
Үш жақты комиссия Облыс кәсіподақтары Облыс жұмыс берушілері төрағасы Федерациясының төрайымы Кеңесінің төрағасы

Т. Рақымбеков А. Мадиярова Д. Павлов

Облыс кәсіпкерлері Қазақстан қауымдастығының президенті

Қарағанды облысының еркін кәсіподақтары Конфедерациясының президенті


Т. Доскенов С. Белкин

Облыс кәсіпкерлері қауымдастығының атқарушы директоры


Еуразиялық кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы

Г. Құрбанбаева Ж. Алдаңғаров


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет