Балдағы шірне мөлшерін анықтау үшін ең алдымен зерттелетін балдың сынамасын дұрыс алудың айрықша мәні бар. Балдың әр бөлігінен алынған сынамалардың әрқайсысын бөлек зерттейді. Сынама құрау үшін әр түрлі рамкалардан балды шай қасығымен аздап қана алады. Барлық сынаманы стақанға салып мұқият араластырады. Балдың әрбір сынамасындағы шірне мөлшерін төмендегі әдістердің бірін қолданып анықтайды.
Балдың бір бөлігін тең мөлшердегі тазартылған немесе жаңбыр суымен ерітеді және шарап спиртінің 10 бөлігін қосады. Шайқаған кезде шірне қоспасы бар бал өте күңірттенді (дегенмен шірне қоспасынсыз-ақ қарақұмық балы осындай реакция кезінде қүңірттеніп кететінін ескерген жөн).
Балдың шағын мөлшеріне сондай мөлшерде тазартылған су немесе жаңбыр суын қосады. Ішіндегісін мұқият араластырған соң, әк суының 2 бөлігін қосып қайнағанға дейін қызартады.Ертіндіде шірне бола қалған жағдайда күңгірт түсті үлпектер пайда болады,және ол бірте-бірте түбіне шөгеді.
Гүл тозаңы-аралардың белокпен қоректенуінің негізгі көзі.Онда аралардың қалыпты өсіп-жетілуіне қажетті барлық алмастырылмайтын және
алмастырылатын амин қышқылдары, витаминдер, ферменттер және әртүрлі минералдық заттар бар. Гүл тозаңы аралар үшін жақсы қорек. Тозаңды жинаған кезда аралар оған шамалы мөлшерде
балауыз немесе бал қосады, оны шағын сопақша күйінде аяқтарының шағын кәрзеңкелерінде және қылшықпен берік ұсталып тұрады. Кішкентай кәрзеңкелеріндегі тозаңның осы түйіршіктері барлық тозаңы деп аталады. Оң және сол балақ тозаңдарының салмағы бірдей, мұның келе жатқанда аралардың тепе-теңдік ұстауы үшін мәні бар. Ұяға әкелінген балақ тозаңын ара бұрын жұмысшы аралар шығарылған қуысқа тастайды. Мұндай қуыстардың
ішкі формасы цилиндрге ұқсайды, өйткені аралар шығарылғаннан кейінгі қалған піллалар бұрыштарын тегістейді. Қуыстарға салынған балақ тозаңды жас аралар нығыздаған кезде басымен түйгіш тәрізді әрекет етеді. Мықтап нығыздалған балақ тозаңдар қуыстың бәрін алмайды, олардың үстіңгі жағына аралар бал құяды.Тозаңның бал сіңірілген үстіңгі қабаты бал өтпейтіндей болады.Бактериялардың әсерінен қанты бар тозаңда сүт
қышқылы ашиды, соның нәтижесінде қуыстың ішін консервілейтін сүт қышқылы түзіледі.
Су және минералдық заттар ара денесінің құрамына кіреді. Аралардың қанында су 90процетке жуық, жеке тканьдерде 75-80 пайыз. Су ара семьясына гүл тозаңы мен балдан личинкаларға қорек дайындау үшін керек. Аралардың суға деген мұқтажы олардың әдетте қорек жинаған кезде әкелетін жас балауызы есебінен өтеледі.