Аралардың қорегі және оларды қоректендіру. Балдағы шірнені анықтау Сабақтың мақсаты



бет3/3
Дата03.01.2022
өлшемі23.75 Kb.
#450166
түріСабақ
1   2   3
Ара қорегі

Ара семьясына қажетті қорек.

Ара семьясын қорекпен жақсы қамтамасыз еткен жағдайда ғана ара өсіру шаруашылығын ойдағыдай дамытуға болады. Ара ұясында қорек қорының мол болуының айырықша мәні бар. Араларға қоректі аз қалдырған адам өзі отырған бұтақты, өзі шауып тастаған адамға ұқсас. Қоректі үнемдеп жұмсайтын ара өсіруші өрескел қате жібереді.

Ара семьясының балға жалпы жылдық мұқтаждығы 70-тен 90кг дейін ауытқиды, оның ішінде 10-12кг жуығы қысқы тыныштық кезеңде ал қалған бөлігі семья әрекетінің пәрменді кезеңінде жұмсалады. Қыстаудан шығарғаннан кейінгі алғашқы екі айдың ішінде ара семьясы 30кг дейін бал тұтынады. Азды-көпті бұл мұқтаждық аралардың ұяларға шірне әкелуінен, енді бір бөлігі өткен жылы даярланған қорек қоры есебінен өтеледі. Көктемгі шірне жинау тіпті шамалы болғанда, семьяның жетілуі үшін аралар бар қоректік қорды ғана пайдаланады. Ал көптеген жағдайда омартада көктемде ара семьясының әрқайсысына кемінде 15 кг бал қоры болуға тиіс. Мұнда семьяның әр ұясына кемінде 8 кг бал және бір –екі рамка гүл тозаңы үнемі болуға тиіс. Қорек қоры мардымсыз болса, аналық аралар жұмыртқа салуды азайтады және ара семьяларының көктемгі жетілуі баяулайды. Шірнені мол жинауға қол жеткізушілер ара өсірушілер жыл сайын қысқы аралардың әр семьясына арнап орта есеппен 25-30 кг қорек қалдырады.

Аралардың қыстату жағдайын жақсарту және шаруашылықтың қорекке жұмсалатын шығынын азайту үшін қысқы ұяларда қалдырылатын қоректік балдың шамамен 1/3 бөлігін тамыздың соңғы он күндігіне қантпен алмастырған жөн.



Ара семьяларының гүл тозаңмен қамтамасыз етудің айрықша мәні бар. Қыста ұяда гүл тозаңын қалдырғанда, аралар көктемде шығарылғаннан кейін 51күн, ал тек балмен қоректенгендері 41 күн тіршілік етеді. Оның бір жағында, гүл тозаңымен қыстап шыққан ара семьялары неғұрлым жедел жетіледі және негізгі шірне жинау басталарда қыста ұяларында гүл болмаған ара семьяларымен салыстырғанда, араларды 14процентке артық өсіреді. Демек ара семьяларына тек балды ғана емес, сонымен қабат гүл тозаңында қалдыру керек. Ара семьясының қуаты мен жетілу сипатына қарап, оның гүл тозаңына деген жылдық мұқтаждық 10-нан 20 кг дейін екенін көреміз. Көктемде семьялардың өсіп–жетілуінің күшейген шағында аралар гүл тозаңын өте көп жұмсайды. Егер осы уақытта тозаңды өсімдіктер гүлдемесе ұяда гүл тозаңының қоры болмаса, онда ұрық өсіру қысқартылады, тіпті тоқтатылуы мүмкін. Қоректік балды негізгі шірне жинаудың бірінші жартысында негізгі шірнелі өсімдіктер жаппай гүлдеген кезде ұяларда сапасы жақсы бал жинағанда даярлайды. Алайда кейде семьяларды арнайы оттықтарда үлестірілген сұйық қорекпен қосымша коректендіруге тура келеді. Егер аралар қорекпен қамтамасыз етілмесе және қоректік балды қантпен алмастырғанда осындай қосымша қорек беріледі. Мұндай жағдайда араларды қоюлығы 60 пайыздық қант шырынмен қосымша қоректендіреді. (10кг шырынды даярлау үшін 6кг ақ құмшекер және 4л су алынады). Қантты ыстық суда ерітеді және шырынды 30-35 пайызға дейін салқындатады, оны оттықтарға салып, араларға үлестіріп береді. Осындай шырынға қанттың бір кг-на 0,8л сірке қышқылын немесе қымыздық қышқылын қосқан жөн.. Қанттың орнына балды да пайдалануға болады, оның үшін суды балмен тәттілендіреді , яғни қыздырылған суға аздаған бал (1/3 немесе 1/5 бөлігін) қосады.
ТАПСЫРМА


  1. Араларға арналған қоректендірудің ерекшеліктерін, олардың қоректендірілуін және ара семьяларының қорекке деген жылдық мұқтажын жазыңыздар.




  1. Балдағы шірнені анықтаудың әдістерін жазыңыздар.


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

  1. Аралардың қандай қорегі бар .

  2. Араларға қысқа арнап қандай бал қалдыру керек?




  1. Қант болып шығарған балы бар рамкаларды қысқы ұяда қалдыруға неге болмайды?




  1. Аралардың қандай қосымша қорегі бар?

  2. Шірне балы деген не және арлар үшін неге қысқа қалдыруға болмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет