«Қаралды» «келісілді» «бекітемін»



бет4/4
Дата18.04.2023
өлшемі108.06 Kb.
#472357
1   2   3   4
Сабақ жоспары Мағжан Жұмабаев Батыр Баян поэмасы

Толғаныс




Дәптермен жұмыс. Талқылау кестесі.
І топ: «Баянның інісін өлтіруі дұрыс па?»
ІІ топ: «Ноянның қалмақ қызымен қашуы дұрыс па?»
ІІІ топ: «Қалмақ қызы расымен Ноянды ұнатып қалды ма?»



Иә

Жоқ

Өйткені, ...



Өйткені, ...

Себебі ...



Себебі ...




Талқылау кестесін толтырады. Оқып қорғайды.
І топ: «Баянның інісін өлтіруі дұрыс па?»
ІІ топ: «Ноянның қалмақ қызымен қашуы дұрыс па?»
ІІІ топ: «Қалмақ қызы расымен Ноянды ұнатып қалды ма?»

Иә

Жоқ

Өйткені, ...



Өйткені, ...

Себебі ...



Себебі ...




Үйге тапсырма




  1. «Сабақтан кейін түйген ойым...» шағын ойтолғау

  2. Поэмадан үзінді жаттау.

Студенттер үй тапсырмасын дәптерлеріне жазып алады.

Бағалау және рефлексия






Студенттер алдарындағы стикерге тілек жазып, бағалау парағына жапсырады.

Пән оқытушысы: _____________ Б.Ж.Ергалиева
(қолы)
Қосымша мәліметтер:


Баян кім? Баян Қасаболатұлы (шамамен 1710/15-1757) жылдар аралығында өмір сүрген. Батырлығымен, тапқырлығымен, найзагерлігімен, ержүректілгімен көзге түскен Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген батыр. Ол ағасы Сары батырмен бірге уақ-керей руларының жасақтарын бастап, қалмақтарға қарсы соғысқан. Қазіргі таңда Баян батырдың туыстары, олардан тараған ұрпақ қазір Солтүстік Қазақстандағы Булаев ауданында тұрып жатыр. Жазушы Хамза Абдулиннің айтуына қарағанда Абыл, Жарбол, Аралағаш атты үш үлкен ауылдың үшеуі де таза Баян батырдың ұрпақтарынан тұрады
Абылай кім? Абылай хан 1711 – 1781 жж өмір сүрген. Ол 17331737 жж қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Абылайдың шын есімі – Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған). «Ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады.
Оқиға желісі
Қазақ-қалмақ жаугершілік заманында хан Абылай қалмаққа жауға шаппақшы болып, батырларының барлығын ордаға жинайды. Жиналған өңшең нояндардың ішінде Баян батыр болмайды. Абылай Баянсыз жауға шықпайтынын мәлімдейді. Бұл жерде Баянның өзге батырлардан гөрі ерекшелігін байқатады.
Қазақ халқымен жауласқан қалың қалмақтан Баян батыр сұлу аруды өзімен әкеледі. Арудың сұлулығына тең келер ешбір сұлулық болмайды. Жұрт осындай сұлуды еліне әкелген Баянға таңданады. Батырдың сұлулық отына түсіп қалмауы, сабырлық танытуы-оның бойындағы ерекше қайсарлық, батырлықтың белгісі. Жат елден келген қалмақ қызы өз елін ойынан бір шығарған емес. Қалмақ қызының Ноянға көз тастауынан, он бес жасар баланың жүрегінде ұшқын туады. Сол ұшқын жүректе отқа айналып, батыр інісі Ноян аласұрады. Сезімге берілген екі жас «айырылмаймыз» деп серт береді. Қыз Ноянға сені сүйем, бірақ саған қосылу үшін жылап-зарлап қалған ата-анамның батасын алу керекпін дейді.
Қыз айтқанына Ноян нанып, екеуі келісіп қашады. Болған іс тез арада Баянға жетеді. Мұны естіген Баян сенбей қатты ашуланады. Ашуланып қашқындардың артынан қуғынға түседі. Ызаға толы, көкіректі намыс жеген Баян қыз бен жігітке жетіп, садағын қолға алып екеуін де атып түсіреді. Шамалы есеңгіреп, ат үстінен өзі де құлап түседі. Есін жиып , ер Баян екі жасқа қарап, қайғырып, жылап, өз істегеніне өзі өкініп, екі жанды жерге бөлейді. Баян енді өмірден үміт үзіп, ажал аузына өзі ұмтылады. Көп ұзамай Баян атқа мініп, ауылға қарай тартты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет