Кестеде көрсетілген \ddd и \xddd (мұндағы d цифр тұрғанын көрсетеді) түріндегі тізбектер компьютердегі кодтар жиыны арқылы өрнектелетін символды сәйкесінше сегіздік және он алтылық цифрлар тізбегімен бейнелей алады. Мысалы, каретканы қайтару символы бірнеше тәсілмен өрнектеле алады:
\r - жалпы басқару тізбегі,
\015 - сегіздік сандардан тұратын басқару тізбегі,
\xOD - он алтылық сандардан тұратын басқару тізбегі.
Мысалы, жеке мынадай \n (жаңа жолға көшу) басқару тізбегін \010 немесе \хА түрінде де жазуға болады.
Басқару тізбектері тіркестер түріндегі константаларда да пайдаланылады, оларды тіркестік литералдар деп те атайды. Егер сөз тіркесі ішінде қостырнақша тұруы керек болса, онда оның алдына қиғаш сызық қойылады, осыған байланысты компилятор оны шекарада тұратын қостырнақшадан ажырата алады, мысалы:
"\"Білім\" баспасы"
Түйінді сөздер (keyword) - мағынасы алдын ала анықталған идентификаторлар, олардың саны шектеулі. Программалаушы айнымалы, константа, өз функциялары аттарында тілдің түйінді сөздерін пайдаланбауы тиіс, олар тек өз мағынасында ғана қолданылады.
С тіліндегі бірсыпыра түйінді сөздер тізімін келтірейік. auto double int struct break else long switch register tupedef char extern return void case float unsigned default for signed union do if sizeof volatile continue •num short while C++ тілі бұларға тағы аздаған сөздер қосады: asm catch class friend inline new operator private protected public template this throw try virtual wchar t Бұған қоса операторлар мен стандартты функциялар аттары да түйінді сөздер тізімі секілді басқа мағынада қолданылмайды.
Комментарий — түсініктеме ретінде қолдануға болатын символдар тізбегі. С тіліндегі комментарий басы мен аяғы мынадай /* ...*/ таңбалармен шектелуі тиіс. Олар бір немесе бірнеше жолдардан да тұра алады. Си++ тілінде жол соңында тұратын комментарийлер // сиволдарынан кейін орналасады. С және Си++ тілдерінде құрастырылған есептерді бір компилятор арқылы шығаруға болатындықтан, көбінесе түсініктемелердің жоғарыдагы екі түрін де пайдалана беруге болады. Комментарий ішінде тек C++ тілі алфавитіндегі символдарды ғана емес, компьютерде қолдануға болатын барлық символдарды пайдалана беруге болады. Мысалы, олар ұлттық алфавиттерді де (егер ол экранда бейнеленетін болса) пайдалана алады.
Түсініктеме ретінде мүмкіндігінше // сиволдарынан кейін орналасатын комментарийлерді қолдану қсынылады, ал қос таңбалық жақша ішіндегі /*...*/ символдар тізбегін программаны түзетіп жөндеу кезінде кодтар бөлігін уақытша орындамайтын кездерде пайдаланған дұрыс болып табылады.
Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлемі