Түсінік хат
1.Курсты құрастырудың өзектілігі
«Математика шыңы» курсы пәндерді тереңдетілген түрде оқу үшін қосымша дайындық жүргізуге мүмкіндік береді;
«Математика шыңы» курсын ұйымдастыру арқылы әр оқушының функционалдық сауаттылықтарының дамуына жағдайлар жасалып, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптасуына мүмкіндіктер туғызылады;
Пәнді оқу барысында білім алушылардың ойлау қабілеттері дамиды,шығармашылықпен жұмыс жасайды, есептеудің негізгі заңдылықтарын игеріп, өзін-өзі дамытуына мүмкіндік береді;
2.Оқу тәртібін (курс, факультатив енгізудің себептері)
«Математика шыңы» курсының негізгі міндеті – білім алушының танымдылық білім-білік дағдысын қалыптастыру,математика пәні бойынша білімді тереңдету және кеңейту болып табылады.
Алынған білімді қазіргі кездегі проблемаларды шешу барысында қолдана білу;
3.Бағдарламалық материалдың ерекшеліктер
Оқытылатын курстың ерекшелігі бастауыш буында математика пәнінен функционалдық сауаттылықты көздейді, білім алушылардың қызығушылықтарын арттырады.
Бұл бағдарлама кең ауқымды өз бетінше іздену арқылы жүзеге асырылады.
Берілген бағдарламаның ерекшілігі қазіргі өмір талабына сай қажетті білім беру болып табылады.
4. Курстың жүргізілу тәртібі
Курс сабақтан тыс оқу жоспарына енгізілген пәндер қатарына кіреді;
Факультативтік курс білім беру ұйымының оқу жоспарының құрылымында ерекше орын алады.
Берілген курсты оқыту математика, дүниетану, әдебиеттік оқу пәндерімен тығыз байланысты;
Факультатив математика пәнімен тығыз байланысты және сол пәнге негізделіп құрылған.
5. Курс кім үшін ұйымдастырылады
Бағдарлама 4 сынып білім алушылары үшін құрастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |