6. Оқушылардың білімі мен икемділіктеріне қойылатын талаптар
Оқушы бағдарлама материалдарын оқу нәтижесінде:
Біледі;- логикалық есептерді шешу жолдарын біледі;
- математикалық түсініктерді меңгереді;
- өз ойын жүйелі түрде дәлелдейді;
- математикалық жаңылтпаштар, ребустар шеше біледі;
- халық педагогика негізінде есептейді;
- санның моделін құрады;
Істей алады;- байқағыштық, шапшаңдық, іздемпаздық қасиеттері
даму барысында тез есептейді;
- математикалық тұжырымдарды дәлелдей алады;
- шығармашылық қабілеттері дамиды;
Меңгереді;
Оқушы курсты оқу нәтижесінде математикалық негізгі түсініктерді, есептерді ұйымдастыру принциптерін, қойылған сұрақтарды түсінуді, тиімді әдістерді пайдалануды білуі қажет.
7. Мақсат қою
- курсты өткізудің мақсаты (логикалық ойлау дағдысының
қалыптасуына көмек көрсету,бірлесіп жұмыс жасау үшін жағдай
жасау,есеп шығару тәсілдерімен таныстыру) болып табылады;
8. Бағдарлама құрылымы
Оқытылатын бағдарламаның құрылымында келесі негізгі бөлімдерді бөліп көрсетуге болады:
«Есте сақтауды дамытуға арналған тапсырмалар»
«Сөйлеуді қалыптастыру»
«Зейінді қалыптастыру»
«Ойлауды дамытуға арналған тапсырмалар.»
9. Оқу үрдісін ұйымдастыру формалары
Бағдарлама құрылымы дәстүрлі сабақтар өткізуден, белгілі бір тақырыптар бойынша дәрістер оқудан (практикалық сабақтар, жалпылама сабақтар,ойындар, диспуттар жүргізуден және т.б.) тұрады.
10.Оқушылардың сыныптық және өзіндік жұмыстарының өзара байланысы
Берілген курсты жоғары дәрежеде меңгеру үшін мәтіндік есептерді шығаруға, шамалардың арасындағы байланыстарды табу бойынша өздік жұмыстар жүргізуге ерекше мән беріледі.
Курсты оқу барысында оқушылар үшін өздік жұмыстармен айналасуға үлкен мүмкіндіктер қарастырылған.
Курс бағдарламасы бойынша оқу барысында оқушылар практикалық және дәріс сабақтарына қатысады және жеке жұмыс істеп үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: |