Мақсаты - қазақ фольклоры мен музыкасын сақтау және насихаттау. «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» арнайы жобасы Өңірлік жобалық офистеріне жергілікті жерлерде жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар: – өңірлік деңгейде арнайы жобаны үйлестіру және іске асыру; – жергілікті жердегі халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз-әпсаналары, қиссалары мен эпостарын жинақтау; – өңірлік сараптамалық кеңестердің отырыстарында аталған арнайы жобаны сәтті жүзеге асыру, ұлттық музыка мен фольклор қорын мазмұнды әрі тың дүниелермен толықтыруды қарастыру; – өңірлердегі музыкалық университет, академия, консерватория, өнер мектептері т.б тарапынан ұлы дала музыкасы мен фольклоры бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдарды әзірлеу; – әр өңірдің ән мектебі, жергілікті әнші-сазгерлердің музыкаларын CD дисктерге басып шығару, мобильді қосымша әзірлеп, халық арасында насихаттау. – ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету: арнайы жобаны – БАҚ, әлеуметтік желілерде, сыртқы жарнамаларда, халық көп жиналатын жерлердегі лэд-экрандарда роликтер көрсету. «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» арнайы жобасы Қорытындылар Күтілетін нәтижелер Жобаның іске асу мерзімінде барлығы 2524 шара өткізілген. Халықты ең көп қамтыған Маңғыстау (421 іс-шара, 97408 адам) мен Қарағанды облыстары (11 іс-шара, 88 843 адам). Жоба аясында «Ұлы даланың ұлы есімдері» оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын құру тұжырымдамасы әзірленді. Ұлы есімдердің тізімі (100 есім) жасалып, «Ұлы даланың ұлы есімдері» оқу-ағарту энциклопедиялық саябағының (онлайн-платформа) интерактивті нұсқасы (картасы) әзірленді. Ресей мемлекеттік кино-фотоқұжаттар архивінің қорынан әртүрлі кезеңдегі тарихи тұлғалардың 105-тен астам фотосуреті табылды. Алғаш рет X ғасырдың әдеби ескерткіші «Алтун ярук» қазақ тіліне аударылды. «Ұлы даланың ұлы есімдері» (екітомдық, Алматы: 2019. – 563 б.) кітабы жарық көрді. Жобаны іске асыру барысында зерттеу нәтижелерін апробациялау мақсатында 6 ғылыми-практикалық іс-шара өткізілді: оның ішінде 5 дөңгелек үстел және 1 халықаралық конференция өтті.
Нұр-сұлтан қаласында ашық аспан астындағы оқу-ағарту саябағы салынады;