Қарастырылған сұрақтар


Жауапкершілік орталықтары бойынша есеп дегеніміз



бет2/4
Дата27.09.2023
өлшемі2.72 Mb.
#478895
1   2   3   4
ЕА-31 Менеджмент

Жауапкершілік орталықтары бойынша есеп дегеніміз - ол жауапкершілік орталықтарының шығуындағы және кіруіндегі нақты және жоспарлы ақпаратты бақылау, өңдеу және бейнелеу жүйесі.
Яғни, жауапкершілік орталығы – шығындарды, кірістер мен ұйымдағы бизнестің осы сегментіне инвестицияланатын қаражатты, шығынды бақылайтын менеджер басқаратын құрылымдық бөлімше. Бұл жүйенің негізгі ұғымы - ол шығындар орталығы.
Шығындар орталығы дегеніміз - ол активтердің сатып алуына кеткен шығындар және басқадай шығындар туралы ақпаратты мақсатқа сәйкес жинақтайтын ұйымдастыру бірлігі.

Жауапкершілік орталықтарының өндірістік қызметті бақылау мен реттеу үшін шығындарды жіктеу

  • Реттелетін – атқарушы шығын деңгейін реттейтін немесе оған елеулі ықпал ете алады (өнім өндіруде пайдаланылатын шикізат шығыны, оны цех бақылаушысы реттейді)
  • Реттелмейтін – қызметкер оның деңгеуіне едеулі ықпал ете алмайтын шығын (дайындау учаскесінің мастері конструкторлық бөлім қызметкерлерінің еңбекақысы бойынша шығынға ықпалын жүргізе алмайды)
  • Тиімді -нәтижесінде осы шығындар шығарылған өнім түрлерін сатудан кіріс алатын шығындар.
  • Тиімсіз -өнім өндірілмегендіктен, нәтижесінде табыс алынбайтын өндірістік емес сипаттағы шығыстар.
  • Мөлшер (норма) шегінде және мөлшерден ауытқулар;
  • Бақыланбайтын шығынға кәсіпорын басқару қызметімен байланысты емес шығындар (мысалы, негізгі құралдардың қайта бағалануы).
  • Бақыланатын шығындарға кәсіпорын тарапынан бақылауға болатын, яғни осы кәсіпорынның көмегімен бақыланатын шығындар жатады.

Басқару есебінде жауапкершілік орталығының төрт түрі атап көрсетіледі:

Шығын

орталығы

Кіріс

орталығы

Пайда

орталығы

Инвестиция орталығы


Шығын орталығы – өндірістік ресурстардың шығындарын байқау, бақылау, басқару, сондай-ақ оларды пайдалануды бағалау мақсатымен мөлшерлеу, жоспарлау және өндіріс шығындарды есептеуді ұйымдастыратын кәсіпорынның құрылымдық бөлімі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет