Қаратау қорығы



Дата02.02.2024
өлшемі7.06 Mb.
#490672
ҚАРАТАУ ҚОРЫҒЫ

Қаратау қорығы

Орындаған:Оразова Альбина, Сулейменова Земфира

Жоспар

  • Қорықтың географиялық орналасуы;
  • Климат жағдайы;
  • Жер бедері мен топырағы;
  • Өсімдіктер әлемі;
  • Жануарлар әлемі;
  • Әдебиеттер тізімі.

Географиялық орналасуы

Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы – еліміздегі қорықтар ішіндегі ең жасы. Ол 2004 жылдың 1 наурызында ҚР – сы үкіметінің № 240 арнайы Қаулысымен құрылған. Созақ ауданының әкімшілігімен шекараны келіспегеннен кейін, қорыққа деген территория (34,3 мың га) тек Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданынан ғана берілді. Қорықтың орталық үй – жайы Түркістан қаласынан 40 шақырым жердегі Кентау қаласында орналасқан. Қорық территориясы Қаратау жотасының едәуір биік жері (Бессаз тауы – теңіз деңгейінен 2167 м биік ) орталық бөлігінің оңтүстік байрайын алып жатыр.

Орналасқан жері: Оңтүстік Қазақстан облысы

Орналасқан жері: Оңтүстік Қазақстан облысы

Көлемі: 34 300 га

Құрылған уақыты: 2004 жыл 1 наурыз

Уәкілетті орган: Орман және аңшылық шаруашылық комитеті

Ресми сайты: karatau – gpz.kz

Климат жағдайы

Территория ауа райы континентальды құрғақ. Ауаның жылдық орташа температурасы 8 – 12С арасында ауытқиды. Ең суық ай қаңтар (орташа температура -5С), ең ыстық ай шілде (25 -27С). Жылы кезең ұзақтығы орташа тәулік температурасы +5С – тан жоғары болғанда 220 күн, аязсыз кезең 160 – 180 күн. Жауын шашынның орташа жылдық мөлшері - 400 мм шамасында, таудың жоғарғы бөлігінде 500 мм, жекелеген жылдарда 700 мм. Желдің орташа жылдамдығы 3 – 4 м/сек. артпайды. Қар жабыны онша биік емес, шамамен жиырма немесе отыз см. Әдетте ол қарашада тұрақталады да, ақпанда ериді.

Жер бедері мен топырағы

Анық шектелген жіңішке сілем адырларының беткі жағы онша тегіс емес, жергілікті жер бедері орта тау. Қорықтың тек солтүстік шекарасында жалпақ тау өлкесі Бессаз үстірті орналасқан. Жер бедерінің айрықша ерекшелігі өзіндік қатпарлы болуы. Тау жыныстарының жекелеген қабаттары жиі сығылған, өзгеріске ұшыраған, тіпті аударылып тасталынған.

Аласа тау (1200, кейде 1600 м) ерекше таулы – жусанды белдеуді, ал орта тау далалы белдеуді алып жатыр. Осы екі тау белдеуімен топырақтың басым түрлері жусанды белдеуде кәдімгі сұр топырақ, далалы белдеуде таулы қоңыр топырақ және қара топыраққа байланысты. Тек Бессаз үстіртінде ғана субальпі түрлі шөптері бар өзіндік тау далалары астында таулы шалғынды – далалы топырақ, ал өзен жағалауы сатыларында жайылма орманды – шалғынды топырақ үзінді болып кездеседі.

Флорасы

Басым кездесетін өсімдік типтері (тау жусандықтары, далалар мен фриганоидтер немесе тау үсті ксерофиттері) мүлде ерекше және өзіндік керемет. Тау жусандықтарында эндемик түр Қаратау жусаны басым. Далада бетеге басым, кавказ және қаратау қаулары да жиі кездеседі. Фриганоидтер немесе тау үсті ксерофиттері көбіне эндемик түрлер кемпіршөп, сетен, көбенқұйрық, Регель тарбақайы және т.б. Сыртқы келбеті мен флора құрамы Қаратаудың басқа эндемиктері мен қалдық түрлерінің Гомолицкий сетені, қаратау маралтамыры, жалған сорғыштың қатысуымен өзіндік ерекше болып көрінеді. Сонымен, қорықтың жоғары өсімдіктер флорасы шамамен есептеу мәліметтері бойынша 400 түрдей болады. Қорықтың қазіргі территориясының өзінде қаратау эндемиктерінің 53 түрі, Қаратау мен Батыс Тянь – Шаньның тағы 10 эндемигі бар. Қызыл кітапқа 42 түр енгізілген. Тек қана осындағы сирек түрлер: Турчин жуасы, Тұрлан құмдақшөбі, қырықбуын тәрізді сайсабақ, Линчевский кемпіршөбі, Павлов сарыаңдызы, үшкір кекіре,Пятаева танацетопсисі популяциялары қорғалады. Пайдалы өсімдіктер ішінен тау сағызы мен Альберт және Грейг қызғалдақтары гүлдейді.

Фаунасы

Қорық территориясының жануарлар әлемі, Қаратау жотасының барлық жеріндегі сияқты, соңғы жүзжылдықта елеулі өзгерістерге ұшырады. Осы кезеңде Тянь – Шань аюы мен барыс мүлдем жоғалды, ал көптеген кәсіптік түрлер (доңыз, елік, арқар, құм қояны және т.б.) өте сирек кездесетін болды. Қаратау эндемигі Қаратау тау қойы, арқар ерекше назар аударуға лайық. Қорықта сүтқоректілердің небәрі 30 түрі белгілі, олардың ішінде екі қызылкітаптық (қаратау тау қойынан басқа) түрлер – тас сусары мен жайра. Жыртқыштар түлкі, қарсақ, қасқыр, сасық күзен кәдімгідей сирек. Қорық құстар фаунасы қызық әрі алуан түрлі, мұнда 80 – дей түр кездеседі. Әсіресе жыртқыштар көзге түседі, оның алтауы – ителгі, бүркіт, жұртшы, бақалтақ қыран, жыланшы мен сақалтай қызыл кітапқа енген. Қосмекенділерден жасыл құрбақа, көлбақа кездеседі. Бауырымен жорғалаушылардың сарыбауыр , қалқантұмсық жылан, ұзын жолақ кесіртке, жармасқы сияқты түрлері бар. Балықтан шармай.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет