Ауылдық округтер
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010ж.20.07. № 745 қаулысына сәйкес ауылдық округтермен мемлекеттік қызметтің 4 түрі: «Жеке қосалқы шаруашылығының бары не жоқтығы туралы анықтама беру», «Малға ветеринариялық паспорт беру», «Ветеринариялық анықтамалар беру», «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды тегін әкелу және кері апару қызметін көрсету үшін құжаттар қабылдау» көрсетіледі.
7. Бадамша ауылдық округі.
Ауылдық округ әкімі – А.Шуиншалиев.
Бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкерлер ретінде 2013.03.10. № 295 және № 296 өкімдерімен Р.Биккулова, А.Шаймағамбетова тағайындалған.
Ақпараттық стенд бар, барлық қажетті ақпараттар орналасқан. Малға ветеринариялық паспорт беру, ветеринариялық анықтамалар беру мемлекеттік қызметтері бойынша өтініштерді тіркеу журналы арналынбаған. Ауылдық округ әкімдігінде ветеринар маманы болмағандықтан ветеринариялық анықтамалар беру мемлекеттік қызметі қазіргі таңда көрсетілмей жатыр.
Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды тегін әкелу және кері апару қызметін көрсету үшін құжаттар қабылдау мемлекеттік қызметі бойынша өтініштерді тіркеу журналы бар, дұрыс арналынған.
8. Кемпірсай ауылдық округі.
Ауылдық округ әкімі – С.Аманжолов.
Бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкер ретінде 2012.04.06. № 80 өкімімен А.Байкенова тағайындалған.
Ақпараттық стенд бар. Ауылдық округ әкімдігінде ветеринар маманы болмағандықтан ветеринариялық анықтамалар беру, малға ветеринариялық паспорт беру мемлекеттік қызметтері қазіргі таңда көрсетілмей жатыр.
Жеке қосалқы шаруашылығының бары не жоқтығы туралы анықтама беру мемлекеттік қызметі бойынша өтініштерді тіркеу журналы бар, журнал дұрыс қалыпқа келтірілген.
9. Желтау ауылдық округі.
Ауылдық округ әкімі – А.Иманқұлов.
Бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкерлер ретінде 2013.28.06. № 79 және № 80 өкімдерімен И.Кенжин, А.Битимбаева тағайындалған.
Ақпараттық стендте ветеринариялық анықтамалар беру, малға ветеринариялық паспорт беру мемлекеттік қызметтерінің регламенттері мен стандарттарынан басқа қажетті ақпараттар орналастырылған.
Өтініштерді тіркеу журналдары бар, дұрыс арналынған.
Қорытындылар:
1.Қызметкерлердің қызметіне шағымдар жоқ. Дөрекілік фактісі, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпаратты ұсынылмау, құпиялықты бұзу анықталмады.
2.Мемлекеттік қызметтер көрсететін бөлімдер мен ауылдық округтерде мемлекеттік қызметтер стандартының 7 тармағына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету барысында уақыт бойынша шектеу сақталған.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдарда пандустармен, сонымен қатар мемлекеттік қызметтер тұтынушыларына арналған құжаттарды толтыру және күту орындармен қамтамасыз етілген.
Ұсыныстар:
1. Архитектура, қала құрылысы және құрылыс бөлімі ақпараттық стендтерін шұғыл түрде әзірлеп, ақпараттық стендтті қалыпқа келтіру.
2.Мемлекеттік қызметтерді көрсететін жауаты қызметкерлердің біліктілік деңгейін арттыру.
3.Көрсетілген мемлекеттік қызметтер және мемлекеттік қызметтерді алған адам саны бойынша дәл мониторинг жүргізу.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету карточкаларын жүргізу.
5.Қарғалы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөліміне анық есептік ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз ету.
6.Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуді қамтамасыз ету.
7. Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсетілуін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау.
8. «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге түскен өтініштерді уақытылы өңдеу.
9. Электрондық қызметтердің әйгілігін арттыруы және олардың алға жылжуы үшін, қолданушыларды ақпараттандыру бойынша 2014 жылы іс-шараларды қарастыру.
Қарғалы ауданы әкімі аппаратының
мемлекеттік қызметтер мәселесін
үйлестіру бөлімінің басшысы С.Мұхтасаров
Қосымша
Мемлекеттік қызметтер көрсету жұмыстары туралы анықтамада көрсетілген кемшіліктерді жою жөнінде Қарғалы ауданы бойынша ақпарат
Мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің сақталуын тексеру және Қарғалы ауданы бойынша бағаланатын атқарушы органдармен ұсынылған есептік ақпараттарындағы мәліметтерді қайта тексеру қорытындысының анықтамасында көрсетілген кемшіліктер бойынша:
1.Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
2. Аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі:
Бөлімнің ақпараттық стендінде мемлекеттік қызметтер регламенттері және олардың бекітілуі туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулылары, сонымен қатар 3 мемлекеттік қызметтер стандарттары, стандарттардың бекітілуі тіралы ҚР Үкіметі қаулылары орналастырылды.
Бөлімнің қызметкерлеріне аудан әкімі аппаратына ұсынылатын ай сайынғы есептік ақпаратта нақты ақпарат беру және өтініштерді тіркеу журналдарын ұқыпты жүргізу ескертілді.
Жалпы орта білім беру және қосымша білім беру мекемесімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша бөлімде бұл мемлекеттік қызметтерді үйлестіретін жауапты қызметкер тағайындалды.
3. Аудандық жер қатынастары бөлімі:
Бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкер ретінде Д.А.Абаев тағайындалған 2012.18.03. № 1 бұйрықтың мағынасы заңдастырылды.
Ақпараттық стендте бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламентері және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметкер туралы бұйрық орналастырылды. Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметкердің алдына мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерін жатқа білу міндеттемесі қойылды.
4. Аудандық архитектура, қала құрылысы және құрылыс бөлімі:
Бөлімге жаңа басшы тағындалып, бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкер бас маман Ж.Точкараев тағайындалды. Бөлімде көрсетілетін 3 мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді тіркеу журналдары арналынды, ақпараттық стендке тапсырыс берілді.
5. Аудандық тұрғын-үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильді жолдар бөлімі:
Бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкер болып тұрғын үй инспекторы А.Файзуллина тағайындалды, тапсырыс беріліп ақпараттық стенд алынып, оған мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламентері, бұйрық, сенім телефоны орналастырылды.
6. Аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі:
Карточкалардың барлығында мемлекеттік қызметке өтініш берген күні мен қызметті алған күні толтырылмаған кемшілік бақылауға алынып, алдағы уақытта мұндай кемшіліктер жіберілмейді.
7. Бадамша, Желтау, Кемпірсай селолық округтері бойынша анықтамада көрсетілген кемшіліктермен жұмыстар жүргізіліп, кемшіліктер жойылды.
Достарыңызбен бөлісу: |