Қазақтың арғы атасы-Сақтар, ғұндар мен түркілер – қазақ халқының ертедегі ата-бабалары. Олар әр алуан кезеңдерде өзара орын алмастыра отырып бір аумақта өмір сүрген. Біздің бабаларымыз ат құлағында ойнаған шабандоз әрі сайыпқыран сарбаздар болған. Түркі-қазақтардың көшпелілерге ұласатын тарихы мен мәдениеті 4000-6000 жылды құрайды. Этнограф Ж.Бабалаховтың деректері бойынша 1986 ж. Алматы облысының Қарақастек ауылының маңайынан тасқа қашалған, қолында домбырасы бар адамның және оның артында тұрған бір топ кісінің суреті табылған. Тастағы суретті (петроглиф) Еуропа, Ресей ғалымдары зерттеп, оның бұдан 6000 жыл бұрын қашалып салынғанын дәлелдеп отыр, яғни қазақ домбырасы бұдан 6 мың жыл бұрын пайда болған. Екінші дерек, қазіргі Пекиннің (Қытай, ертедегі түркілердің Бешбалық, кейінгі Шыңғыс империясының Ханбалық қаласы) түбіндегі солтүстік Ғұндардың «Көк қоты» деп аталған астанасының қалдығы бар. Оны Қытай ғалымдары жан-жақты зерттеп, бұл қаланың бұдан 2500 жыл бұрын салынғанын дәлелдеп, ғұндар түркілердің тікелей арғы бабасы дейді. Ал Оңтүстік ғұндар сол заманғы Жетісуды мекен еткен, олардан қазіргі қазақ құрамындағы Үйсіндер тарайтыны мәлім Қазақтардың мәдениеті - Қазақ мәдениеті - Әлемдік мәдениет ырғақтарын анықтаған соң, қазақ мәдениетіне тоқталайық. Қазақтар — Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдегі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады. Бұл мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен уақыт ағынында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін айқындайық. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық
Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті — оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата қоныс» ұғымы көпшелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды. Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен туады. Ата қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен- көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған. - Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті — оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата қоныс» ұғымы көпшелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды. Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен туады. Ата қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен- көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған.
- Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында «қытай қорғаны» тұрған жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны) білдіретін дәнекер қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық мәселе әдептіліктік жүйесіндігі обал және сауап деген ұғымдармен тікелей байланыстырылды.
- Табиғат аясындағы мәдениетті қатып-сеніп қалған, өзгеріссіз әлем дейтін пікірлер де әдебиетте жиі кездеседі. Алайда, бұл осы мәдениетке тынымсыз қозғалыс тән екендігін аңғармаудан туады. Шексіз далада бір орында тоқталып қалу көшпелілік тіршілікке сәйкес келмейді. Ол мезгілдік, вегитациялық заңдылықтарға бағынып, қозғалыс шеңберінен шықпайды. Әрине бүл қозғалыс негізінен қайталанбалы, тұрақты сипатта болады. Қуаң даланы игеру табиғатты өзгертуге емес, қайта оның ажырамас бір бөлігіне айналуға бағытталған. Яғни, адам табиғат құбылыстарына тәуелді болып қалады.
Қолданылған әдебиеттер - https://kk.wikipedia.org/wiki/Қазақ_мәдениеті 20:25
- https://bilim-all.kz/article/20051-Turki-made
- Книга моего деда Коркута. М-Л. АН СССР. 1962.Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/26620/
Достарыңызбен бөлісу: |