Арыс ауданының


Арыс ауданының экономикалық- географиялық жағдайы



бет2/4
Дата10.06.2016
өлшемі0.97 Mb.
#126145
1   2   3   4

2. 2. Арыс ауданының экономикалық- географиялық жағдайы.
Өнеркәсіп кәсіпорындары болып саналатыны өзінің күрделі құрылысы және өзіндегі өнеркәсіптік емес бөлімшелер үшін сыртқа өткізуде, еңбекақы есебінен өзендегі қызметкерлерге беруге, сондай-ақ тапсырыс бойынша орындалған өнеркәсіптік сипаттағы жұмыс пен қызмет көрсетуге арналған кәсіпорындар шығарған. Барлық дайын бұйымдар (өнімдер), өздері өндірген жартылай дайын өнімдер (өзендегі шикізаттар мен материалдардан, сондай-ақ тапсыпыс берушілірдің шикізаттары мен материалдарынан) құны.

Өнеркәсіп бойынша өнім көлемі тұтастай және олардың жекелеген қызмет түрлері бойынша, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар мен оқшауланған бөлімшелер өндірген өнеркәсіп өнімдернің, өнеркәсіптік сипаттағы жұмыс пен қызметтің көлемі туралы деректер жиынтығ ретінде, құндық анықталады.

Қаланың әлеуметтік- экономикалық жүиесінің белгілі бөлігі өнеркәсіп секторын құрайды. Арыс қаласы 1904 жылы теміржол стансиясы ретінде құрылған. Сондықтан Арыс қаласының негізгі кәсіпорындарын теміржол кәсіпорындары құрайды. Өнеркәсіпті теміржол кәсіпорындарына «ВЧД - Арыс» ЖШС, «Арыс шпал зауыты» ЖШС, «Қоңырат» ЖШС жатады. Бұл кәсіпорындардың жалпы өнеркәсіп өніміндегі үлесі 55 пйызды құрайды.

2004 жылы өнеркәсіп көлемі 1399,9 млн теңгені құрап, 2003 жылға қарағанда 116,9 пайызды құрап, 202 млн теңгеге ұлғайған. Оның ішінде кен өндіру өнеркәсібі бойынша 10,8 млн теңгені электр энергиясын, суды және жылуды өндіру және тарату бойынша өнім көлемі 127,7 млн теңгені құраған.

2003 жылға қарағанда тиісінше электр энергиясын, суды және жылуды өндіру және тарату бойынша өнім көлемі 5,0 пайызға артқан.

2005 жылдың қорытындысы бойынша 1436,4 млн теңгенің өнеркәсіп өнімдері шығарылады. 2004 жылмен салыстырғанда 126,3 пайыз құрап, өнеркәсіп өнімдері 157,0 млн теңгеге артқан. Оның ішінде кен өндіру өнеркәсібі бойынша 1225,4 млн теңгені, электр энергиясын, суды және жылуды өндіру және тарату бойынша өнім көлемі 187,2 млн теңгені құраған.

Өнеркәсіп көлемінің негізгі салалары: кен өндіру өнеркәсібі, энергетика, металургия өнеркәсібі, машина жасау өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі. Яғни бұл аталған өнеркәсіп көлемінің барлығы айтарлықтай теміржол мекемелеріне тиесілі.
2. 2. 1. Кен өндіру өнер кәсібі.

Арыс қаласы брйынша кен өндірумен, табиғи құм, «алтын құм» ЖШС – гі айналысады. Кәсіпорынның 2005 жылғы өндірген өнім көлемі 10.8 млн.теңгеге өнім өндіріп, 2005жылға қарағанда 1120.4 пайыз артқан. Кәсіпорынның табиғи түрде өндірген өнім көлемі 2006 жылы 30.3 мың құб метр.

Биылғы жылдың 1 тоқсанның қорытындысы бойынша 80 мың теңгеге табиғи құм өндірілген. 2007 жылға кәсіпорын 31.05 мың құб метрге немесе 25.3 млн. теңгеге табиғи құм өндірді леп күтілуде. Яғни былтырғы жылға қарағанда өсім табиғи түрде 4 пайызға ақшалай түрде 6.3 пайыз артатын болады. Кәсіпорында қазіргі таңда 20адам жұмыс істеуде. Жұмысшылардың орташа жалақысы 12 млн. теңгенң құрайды.

2. 2. 2. Энергетика.

Қала аумағында 168 трансформаторлар, 416 шақырым жоғары кернеулі злектр жүйелері мен 270шақырым төменгі кетнеулі электр жүйелері бар. Оның ішінде жоғары кернеулі 35 кв 124.6 шақырым, 10кв 291.3 шақырым төменгі кернеулі 0.4 кв 270.5 шақырым. 5290дана темір – бетон бағаналар, 5137 ағаш бағаналар бар.

Арыс қаласы бойынша электр энергиясын өндіружәне тарату бойынша «Оңтүстік жарық» ЖШС және «Оңтүстік жарық - транзит» ЖШС – терінің бөлімшелері қаланы жарықпен қамтамасыз етуде. Бұл кәсіпорынның 2006 жылғы өнім көлемі 87.2 млн. теңгені құраған.2005 жылға қарағанда 31.5 пайыз арқан.

Электр желілер мен су және жылу құбырларын, күзгі – қысқы жұмысқа дайындау жүргізіледі. 22 қазадықтың 22-і 12 шағын қазандықтың 12 ағымды.жөнделуден өткізілген. Жөнделуі тиіс 4км. Су құбырының 4 шақырымы жоғары кғернеулі элетр желісінің 6.7 шақырым бөлігі жөндеуді қажет етсе, бұл жұмыс толығымен атқарылды. Төменгі кернеулі электр желісінің 4 шақырымы күрделі жөндеуден, 4 шақырымы ағымды жөндеденөткізілді. Қала және қалаға қарасты елді мекендердегі тұрғындарды электр қуатымен қамтамасыз етуші мекеме «Оңтүстік жарық» ЖШС – нің арыс қалалық электр жүйелері мекемесі болып табылады. Қала орта есеппен электр қуатына тәуліктің қажеттілігі 51 мың квт – құралды. Оның қаражаты 1 квт /сағ. 4.4 теңгеден 224400теңгені құрайды. Қала аумағында 168 трансформаторлар, 416 шақырым жоғары кернеулі 0.4 кв 270.5 шақырым. 5290дана темір – бетон бағаналар, 5137 ағаш бағаналар бар. 1 – тоқсанда 5230 мың квт электр қуаты пайдаланымға беріліп 21705 мың теңге төлемақы төленіп отыр. Бұл қолданылған әлектр қуатының 94.8 төлем ақысын құрайды. Электр қуаты үшін дебитарлық қарыз 5623.6 мың теңгені құрпйды. Оның ішінде тұрғындар 1841.8 мың теңге, республикалық бюджеттен 1769.9 мың теңге, облстық бюджеттен743.8 мың теңге желгілікті бюджетке 623.1мың теңге және басқа да қарызданушы көздері 645.1 мың теңге. Жергілікті бюджетке қарайтын мекеме басшыларына тез арада электр қуаты 20006 жылға қарағанда 2007 жылы 104.2 пайыз. 107.1 пайыз артады деп күтілуде. Келешекте электр қуаты үшін төлем ақы 5.80 теңгеге көтеріледі деп күтілуде. Бұл қазіргі бағамен салыстырғанда 132% құрайды. 2007 жылы бюджеттен бөлінетін қаржыға тұрғын – үй құрылыстары салынбағандықтан электр желілері көзделмей отыр.

2004 жылы «Оңтүстік жарық» ЖШС-гі бөлімшесінің өндірген өнім көлемі 66.3 млн тенге құраған.

2006 жылдың 1- тоқсанында өндірген электр энергиясының көлемі 31.3 млн теңгені құраған. Жыл соңына дейін 108.0 млн теңгеге жететін болады деп күтілуде.


2. 2. 3. Металлургия

2005 жылды «Казарсенал» ЖАҚ-ның филиалы №2 өндірістік учаскесі жарамсыз қару – жарақтарды, оқ дәрілерін айырып балқыту цехы жұмыс істей бастады. 2005 жылы цехта 1.7 млн теңгеге металл өндірген. 2006 жылы өңделген өнім көлемі 1.8 млн теңгеге жетеді деп болжануда. Яғни 2005 жылға қарағанда 5.4% артатын болады.

2005 жылға өзге де металл емес минералды өнім шығаратын зауыт ашу жоспарланған болатын. Бірақ тиісті қаражат көздерінің болмауына байланысты зауыт ашылған жоқ.. Сол себепті 2006 жылға бұл сала бойынша өнім жоспарланбаған.
шешім қабылдайды. Бұл жолдағы жұмыс 1914 жылы жазында Арыс стансасы жағынан басталып, келесі жылдың қыркүйегінде Темір жол Шымкентке жетеді, оның 75 шақырымы 10-шы қазанда ғана уақытша жүк
2. 2.4. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі.

Бұдан басқа 2006- жылдың қаңтар- қараша да облыста да үй шаруашылығында да 21896 т (2005ж тиісті кезегіндегі деңгейіне 104,0%) ірі қара мал, шошқа ешкі, жылқы еттері мен тағамдық ішек қарындар өндіріледі. Бұл олардың облыс бойынша көлемінің 74,8 % құрады өңделген сүт және келегей, тиісінше – 36,2 мың теңге (102,9 %), 72,2 % жаңа пісірілген нан 135,6 мың тенге (105%), немесе 45,2 % өндірілді.



Тоқыма және тігін өнеркәсібі өңдеу өнеркәсібінің 18,5 %құрады.2006 жылдың қаңтар қарашасында осы саладағы кәсіпорындар 18545, 7 млн теңгенің өнімін өндіруді және нақты 16,1 есе маталар -3,3 есе өзге де жұмыс киімдері -2,7 есе, мақта иірім жіптері -2,4 есе, машина мен немесе қолмен тоқылған жемпер, кардигандар және тағы басқа киімдер өндіру -2,2 есе ерлер мен балаларға арналған сыртқы киімдер, трикатаждан басқа -15,9%, әйелдер мен қыздарға арналған сыртқы, киімдері трикатаждан басқа -0,2% шығару деңгейінің артуынан орын алды. Сонымен қатар, 2005 жылы қаңтар, қарашасымен салыстырғанда ерлердің жұмыс киімдері -15,8 %, мақта талшығын өндіру -8% төмендеді.

Былғары, былғарыдан жасалған бұйымдар және аяқ киім өндірісі кәсіпорындарға 15,8 млн теңгенің өнімі өндірілді. Бұл 2005 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда 24,7% кем.Үстіміздегі жылдың 11-ші айында түгі жоқ қойдың,ешкінің және шошқаның терісінен дайындалған былғары 1414,9 мың шаршы дцм өндірілді.



Тамақ өнеркәсібі саласында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша өнім көлемі 2004 жылы 18,1 млн теңгені құраған. Тамақ өнеркәсібі бойынша жеке секторда ет өнімдері, сүт және ұн өнімдері өндірілуде.

Бұл сала бойынша қалада «Арыс» СТК (салолық тұтыну кооперативі) ұн өнімдерін шығару, «Бәйдібек» ЖШС өсімдік майын шығару, «Сымбат» ЖШС ұн өнімдерін шығару кәсіпорындары жұмыс істеуде.


2. 2. 5. Химия өнеркәсібі .

Кәсіпорындарда 5521,1 млн теңгенің өнімі өндірілді және 2005 жылы

тиісті кезегімен салыстырғанда 13,0% кеміді,бұл сабын,сабын ретінде пайдаланылатын органикалық заттар мен препараттардың -22,9% кем шығаруынан болып отыр.

Резин мен пластмасса бұйымдарын шығару кәсіпорындарында 1768,7 млн теңгенің өнімі өндірілді және 2005 жылы тиісті кезеңмен салыстырғанда 1,4% кемиді. Негізінен пластмассадан жасалған құбырлар, түтіктер мен шлангілер және олардың ерітінділерін 22,0 % кем шығаруынан болып отыр.

Өзгеде металл емес минералдық өндірісінде 2005 жылдың қаңтар- қарашасының салыстырғанда киім өндіру көлемі 11,1 % артып отыр, 7957,2 млн теңге құрады. Бұл құрылыс қажетіне арналған бетон заттарының -72%, цементтің -24,2%, құрылыс кірпіштерінің – 18,3 % және тауарлық бетонның – 3,7% артық өндіруден орын алады.
2.2.6. Көлік кешені.

Қатты жамылғылы автокөлік жолының қашықтығы 315,4км. Қала аумағында облыстық маңызы бар 273,0 шақырым, жергілікті маңызы бар 42,4 шақырым, қала және ауыл ішілік 209,1 шақырым жолдар бар. Қала және ауыл ішілік жолдардың 37,7 шақырымы асфальтты, 22,45 шақырымы тас жолды, 73,25 шақырымы қара жолды құрайды.

Қала ішіндегі жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізуге 6435 мың теңге қаралып, 6389 мың теңгесі игерілді. Қаладағы Ақымбеков, Майлықожа, Әйтеке би, Ергөбек, Салықбаев, Қазыбек би көшелері Хлопком елді мекен жолдары ағымдағы жөндеуден толық өткізілді. Бұл жұмыстарды "ЕР-НАР" ЖШС-гі жүргізді. Қаладағы 8 көше жолдары ағымдағы жөндеуден өткізіліп, теміржол көпірі астындағы жол асфальтталып, жиегіне су ағатын лотоктар қойылды. Орталықтағы бір көшедегі аяқ жолдарға 753 шаршы метрлік плиталар төселді.

«Ауылдық елді мекендерді дамыту» бағдарламасына сәйкес 2004-2005 жылдары облыстық бюджеттен 129,6 млн теңге бөлініп, Арыс – Шағыр -Монтайтас бағытында 12,6 шақырым асфальт жол салынды, 8,7 шақырым тас төселді. 44 метрлік көпір салынып, 8 автобус аялдамасы, 10 адамдық 8 павильон салынды.

Жол қозғалысын реттеу құралдары бойынша қала көшелеріне 33 жол белгілері орнатылды. Аудандық ішкі істер бөлімінің жол полиция тобының мемлекеттік автоинспекция тарапынан 15 жол белгілері орнатылды.

Дермене мен Теміржолшы елді мекендерін жалғастыратын аспалы көпірді толығымен күрделі жөндеуден өткізілді. 3,3 млн теңге қаржы жұмсалып, пайдалануға берілді. ОК-8 "Бука-Бақыт-Мырзакент-Жетісай-Шардара-Арыс Темірлан" автомобиль жолының Москва-Ташкент бағытындағы 3215 шақырымындағы су өткеліне арналған көпірдің теміржол астындағы жол асфальтталып, жолдың жиегіне су ағатын лотоктар қойылды. Жөндеу жұмыстарын Арт-Комплекс ЖШС-і атқарды.

Облыстық бюджеттен ОК-92 Арыс-Монтайтас тас жолының аяқталуына 58 млн теңге қаржы қаралып, игерілді. Жоспарланған жұмыстар толық атқарылып, қаралған қаржы толық игеріліп, жол пайдалануға берілді. Биылғы жылы қала ішіндегі 8-шақырым жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.

Қалаға 12 шақырым айналмалы жол салу жұмыстары ОҚО-ның экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті тарапынан, республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар тізіміне енгізу үшін ұсыныс беріліп, қаралу үстінде. Қазіргі таңға инвестициялық жобалар тізімі енгізілді.



Автомобиль көлігі. Қаланың транспорттық инфрақұрылымы жүк тасымалдайтын автокөлік, темір жол транспортынан, жолаушылар тасымалдайтын автокөлік транспортынан тұрады.

Көлік инфрақұрлымы жүк тасмалдауда жүзеге асыратын негізінен темір жол мекемелерінен, жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік мекемелерінен тұрады. Жолаушыларды тасымалдаушы қала іші бағытында “Автовокзал” ӨК-і атқарып келеді. Қала аралық бағытта “Меиржан моторс ” ЖШС-і және ТВК ЖШС-гі атқарады. Қалада жүк тасымалдау 257 автокөлігі, 111 жеңіл автокөлтері бар.

Арыс қаласы бойынша 2004 жылы автокөлік транспортымен жүк тасымалдау көлемі 1,55 млн тоннаны, жүк айналымы 57,9 млн тоннакилометрді құраған. Жолаушыларды тасымадау көлемі автокөлік транспортымен 19,5 млн адамды құраған, жолаушылар айналымы 116,3 млн жолаушыкилометрді құраған. 2005 жылы Арыс қаласы бойынша автокөлік транспортымен жүк тасымалдау көлемі 1,5 млн тоннаны, жүк айналымы 64,6 млн тоннакилометрді құраған. 2005 жылы жолаушыларды тасымадау көлемі автокөлік транспортымен 14,7 млн адамды құраған, жолаушылар айналымы 89,3 млн жолаушы километрді құраған.

2006 жылы Арыс қаласы бойынша автокөлік транспортымен жүк тасымалдау көлемі 1,6 млн тоннаны, жүк айналымы 68,8 млн тонна километрді құрап, 2005 жылмен салыстырғанда өсім 6,6 % деп күтілуде. Жолаушыларды тасымадау көлемі автокөлік транспортымен 15,7 млн адамды құрап, 2005 жылмен салыстырғанда өсім 6,8% , жолаушылар айналымы 95,1 млн жолаушы километрді құрап, 6,5 % құрайды деп болжануда.

2002 ж 2003 ж 2004 ж 2005 ж.

Өнім өндіру (млн тенге) 1601,5 1883,7 2141,4 2517,9

Оның ішінде:

Егін шаруашылығы 845,9 844,5 853,4 1323

Мал шаруашылығы 755,6 1039,2 1288,0 1194,
2. 2. 7. Машина жасау (локоматив және вагон)

Арыс стансасының тарихы 1900 жылы салына бастаған Орынбор-Ташкент Темр жол құрылысымен байланысты. Бұл Оңтүстік Қазақстан аймағынан өткен бірінші темір жол құрылысы Орынбор жағынан 1900 жылдың 10 маусымында Ташкент жағынан 9 қарашасында басталды. 1904 жылдың 1 қаңтарында Орынбор-Ташкент Теміржолының барлық желісі іске асты. Жүк жолаушы және әскери тасымал істері барлық желі бойынша 1906 жылы көктемде басталса да жолды ресми түрде пайдалануға беру сол кездегі жұмысшылардың ревалюциялық көтерілісіне байланысты 1906жылдың қыркүйегіне ғана толық ашуға мүмкіндік берді.

Патша өкіметі Оңтүстікпен экономикалық байланысты арттырып, нығайту үшін 1913 жылы мамыр айында Шымкент арқылы өтетін Жетісу Темір жолдың құрылысын салуға, жолаушылар пойыздарын өткізуге мүмкіндік алды. Құрылыс басталған соң 3 жылдан кейін жол желісі Бурное стансасына жетті.

Темір жолдардың құрылыстарында негізінен қазақтар мен өзбектер еңбек етті. Олардың саны Орынбор-Ташкент Темір жолында 3000 жетсе, жетісу Темір жолында 1000 адам болды. Темір жол бойына орын тепкен бірінші жаңа елдімекен 1900 жылы Арыс стансасы мен поселкасы болды. 1902-1905 жылдар аралығында тұрған үйлер мен өнеркәсіптік ғимараттар салына бастады. Құрылыстар Темір жол стансалары мен жергілікті ерекшеліктер ескерілген жобалар бойынша жүргізілді.

Алғашында шағын станса ретінде құрылған Арыс 1956 жылы қала мәртебесіне ие болады. Осы уақыттан кейін барып қалада 1957-60 жылдары құрылысы аяқталған ірі мекемелер мен кәсіпорындар: « Шпалға май сіңіру заводы », «Жол жөндеу құрылыс орындары » т.б. жол жөндеу мен жаңа құрылыстар тұрғызу мекемелері іске қосылды. 1950 жылдың соңына қарай « паравоздың » орнына « тепловоз » келді. Бұл өзгеріс тағы да вагондарды сұрыптау, рельстерді ауыстыру сияқты бірнеше жұмыс орындарының қосылуына үлес тигізді.

1975-80 жылы Темір жол жүйесіне қатысты мекемелер мен «Вагон жөндеу» және «Тепловоз жөндеу » депо құрылыстары іске қосылды. Қала тұрғындары үшін бұл тағы да ауқымды жұмыс орындары көзінің ашылуымен қатар қаланың көркейіп өсуіне үлкен үлесін тигізді.

Қалада Темір жол транспортының басымдылығына байланысты Арыс стансасын «Қазақстан Темір жолы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын бойынша «бағыттар фабрикасы» деп атайды. Бұл дегеніміз, стансадан шыққан составтардың дені белгіленген жерге дейін сұрыптаусыз баратындығын көрсетеді.

1990 жылы өнеркәсіп орындары және ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін кіші кәсіпорындар мен шаруа қожалықтары жұмыстарын бастады.



Алғашқы поровоз. 1904 жылы дәлірек айтқанда, қаңтардың 15 жұлдызында Ташкент-Түркістан-Шиелі телімі бойынша ақырын жылжыған пойыз Арысқа да келіп жетті.

Мұнай – газды машина құрылысы. «Қоңырат» ЖШС электровоздарды жөндеу, 2004 жылғы қызмет көлемі 280,1 млн теңгені құраған. 2005 жылғы кәсіпорынның қызмет көлемі 358,8 млн теңгені құрап, 28,1 пайызға, 78,7 млн теңгеге артқан. Табиғи түрде 2004 жылы кәсіпорын 470 электровоз жөндеп шығарса, 2005 жылы 490 электровозды жөндеп шығарған. Биылғы жылдың 1-тоқсанның қорытындысы бойынша 115,0 млн теңгеге қызмет көрсеткен. Кәсіпорында қазіргі таңда 425 адам жұмыс істеуде. Кәсіпорында 303002 теңгені құрайды.

«ВЧД- Арыс» ЖШС жүк вагондарын жөндеу, 2004 жылғы қызмет көлемі 154,9 млн теңгені құраған. 2005 жылға кәсіпорын 126,7 млн теңгеге қызмет көрсеткен. Табиғи түрде 2004 жылы 1049 вагон жөндеп шығарса, 2005 жылы 821 вагон жөндеп шығарған. Қызмет көлемінің төмендеу себебі «КТЖ» ҰҚ АҚ- мы тарапынан тапсырыстың аз болуына байланыстыү Биылғы жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша 23,4 млн теңгеге қызмет көрсеткен. 2006 жылы кәсіпорын 140,8 млн теңгеге қызмет көрсетеді деп күтілуде. Кәсіпорында қазіргі таңда 152 адам жұмыс істеуде. Орташа жалақы 22478 теңгені құрайды.



Құрылыс материалдары саласы бойынша өңдеу өнеркәсібі бойынша қаладағы ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының бірі «Арыс шпал зауыты» ЖШС шпалға май сіңіру, 2004 жылғы өнім көлемі 461,6 млн теңгені құрады. 2005 жылы кәсіпорын 299,3 млн теңгеге өнім шығарған. «КТЖ» ҰК АҚ-мы тарапынан тапсырыстың аз болуына байланысты 2005 жылғы өнім көлемі 2004 жылға қарағанда төмендеген. Кәсіпорын негізінен тендерлік негізде жұмыс істейді. 2006 жылы кәсіпорын 308,3 млн теңгеге қызмет көрсетеді деп күтілуде. Кәсіпорында қазіргі таңда 60 адам жұмыс істеуде, оның ішінде негізгі жұмысшылыр саны 50 адамды құрайды. Кәсіпорында орташа жалақы көлемі 20417 теңгені құрайды.

2.3. Арыс ауданының ауыл шаруашылығы құрамы

мен даму проблемасы.

Осы уақытқа дейін біз өндіріс құралдарын- машиналар, конструкциялық материалдар, отын шығаратын саларды оқып үйреніп келдік. Дегенмен, адамдар үшін, ең алдымен, азақ-түлік өнімдері қажет. Олардың негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы өндіреді.

Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюмен қатар, оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа жеткізу керек. Бұл өнімді өңдейтін өнеркәсіп өндірістермен ауыл шаруашылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан. Басқаша айтқанда, агорөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды.

Агроөнеркәсіптік кешен халықты азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті халық тұтынатын тауарлар жасап шығаруға қажетті шикізатпен қамтамасыз етуді біріктіреді.

Ауыл шаруашылығы саласында шешімн табар мәселер: суармалы жерді тиімді пайдалану, ауыспалы егіс тәртібін сақтай отырып, гектар түсімін арттыру, суландыру және ирригациялық жүйелерді жөндеу және жаңадан салу, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындарын ашу т.б. Сондай-ақ мал тұқымын асылдандыру, мал дәрігерлік қызметті жақсарту бойынша нақты жұмыстар атқарылады. Ауылшаруашылық өнеркәсіптің 3 негізгі айырмашылығы бар.


  1. Ауылшаруашылығында жер – негізгі зат, әрі еңбек құралы болып саналады. Сондықтан жерді дұрыс пайдалану, құнарлығын сақтау – қоғамның маңызды міндеті болып саналады.

  2. Ауыл шаруашылығы - экономиканың маусымдық саласы.

  3. Ауыл шаруашылық өндірісіне табиғи жағдайлар қатты әсер етеді. Олар біздің елімізде әр түрлі және күрделі.

Қазіргі таңда қала бойынша 1046 құқықтық шаруашылық субьектілері, оның ішінде -788 шаруа қожалықтары, 13 өндірістік кооперативтер, 174 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 1 мемлекеттік кәсіпорын жұмыс істеуде.

Мемлекет тарапынан нақтылай көрсетіліп отырған қомақты көмектердің арқасында ауыл шаруашылығы өнімдерін өніру жылдан жылға өсіп келеді. өнім өндіру бүгінгі таңда 2006 жылмен салыстырғанда 187 пайызға артып отыр.

Ауылды және ауыл шаруашылығын дамытуға Республикалық, облыстық және қалалық бюджетерден сондай-ақ банктерден, 2006 жылы 86,9, 2007 жылы 106,9, 2008 жылы 235,8 барлығы 429,6 млн теңге қаржы бөлініп отыр.

2003 жылы ашылған арыс несие серістектігі ЖШС-гі арқылы былтырғы 2006 жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 12 жобаға, 10% өсіммен 4 млн теңгеге несие берілді.


2.3.1.Егіншілік шаруашылығы.

Адамзатқа азық-түліктің көп бөлігі мен жеңіл өнеркәсіп үшін қажетті шикізатты өсімдік шаруашылығы береді. Біздің елімізде бұл ауыл шаруашылығының басты саласы.

Өсімдік шаруашылығы немесе егін шаруашылығы егіншіліктен, бақша шаруашылығы мен жүзім өсіруден тұрады.

Егіншілік дақылдар түріне қарай астық шаруашылығы, техникалық, азықтық, көөніс-бақша дақылдары мен картоп өсіруге бөлінеді. Елімізде 50-ден астам ауыл шаруашылық өсімдіктері өсіріледі. Егіншіліктің басты саласы- дәнді дақыл өсіру. Олар егістік жерлердің 2/3 бөлігін қамтиды. Ең алдымен- бидай, одан әрі – арпа, жүгері, күріш, сұлы, тары және қара бидай. Олардан нан, жарма, үй жануарларына жем алынады.

Енін шаруашылығы бойынша 2007 жылы егістік көлемі 19400 га жерді құрап, 2006 жылға қарағанда 100т гектарға артады деп күтілуде. Оның ішінде астық дақылдары 10,6 мың гектарды, оның ішінде бидай 10,4 мың гектарды, техникалық дақылдар 3,5 мың гектарды құрап, 100 гектарға артатын болады.

Бидай – жылуды жақсы көретін дақыл, ол үшін ең қажетті топырақ түрлері – қара және қара қоңыр топырақтар. Егін шаруашылығынан алынатын өнім 2007 жылы бидай 17,1 мың тоннаны құрайды.

Қазақстанның жылы оңтүстік аймағында күзде, қысқа қарай себілетін күздік бидай өсіріледі. Ол ерте, маусым айында пісіп, көктемгі және күзгі жауын-шашынды пайдланғандықтан, тұрақты өнім береді.

Техникалық дақылдар тамақ және жеңіл өнеркәсіптеріне шикізат береді. Олардың қалдықтары малға жем ретінде пайдаланылады. Біздің еліміздегі негізгі техникалық дақылдар – мақта, қант қызылшасы және күнбағыс.

Мақтадан бағалы талшық, тұқымынан май алынатындықтан, оены «ақ алтын» деп те атайды. Мақта тропиктік өсімдік. Арыс ауданында мақта 6,5 мың тоннаны құрайды. Мақтаға көп мөлшерде жылу, жарық әрі мол су қажет. Ол үшін ең қолайлы топырақ – сұр топырақ. Елімізде мақта шаруашылығымен тек жалғыз Оңтүстік Қазақстан облысы ғана айналысады. Облыстың оңтүстігіндегі Сырдариы мен Арыстың аңғарлары өзіндік «мақта аралдары» іспеттес. Мұндағы басқа дақылдар орасан үлкен мақта егістіктерінің арасындағы ұсақ түйіршіктер тәрізді. Қазіргі таңда Арыс ауданында мақта коорпорациясын құру жоспарлануда. Бұған қоса «Азық-түлік» коорпорациясы да осынша қаржыға мақта сатып алатын болады. Шаруа қожалақтары ауылшаруашылық құрылыстарын ірілендіру жұмыстары одан әрі қарай жалғасын табатын болады.

Мақта шаруашылығы болашақта кластерлік салаға айналмақ.

Мақтаны тасымалдау жөніндегі көлік логистикалық орталықы Арыс және манкент станцияларынан ашылады. Ол үшін қаланың аранайы жер қорынан 14,50 га, задария әкімшілігі аумағынан 7,60 га, барлығы 22,10 гектар жер бөлінді.

Азық – түлік келісім-шарт коррпорациясы Мақтарал өңірінен өңдейтін толық циклі бар қазіргі заманғы жабдықпен, жарақаттандырылған жылына 60 мың тонна шитті мақта өңдейтін мемлекеттік зауыт салынып 2006 жылы қырқүйекте іске қосылатын болады.

«Мақта саласын дамыту туралы» заңның жобасы әзірленді, ол мақта нарығындағы қатынастарды реттейтін болады - әрі мақта өндірушілерді қолдау саясатының құрылымына айналады.

Мақтаны сатып алу жүйесін мемлекеттік реттеу бағытында мақта коорпорациясы құрылып, ол қазірдің өзінде 1млрд теңгеге мақта сатып алуды жоспарлап отыр.

Күнбағыс – ең көнбіс техникалық дақыл, негізгі одан өсімдік майлы алынады. Күнбағыс құрғақшылыққа төзімді, жылуы, жарығы мол, топырағы құнарлы жерлерде жақсы өседі. Оны қазақстанаң барлық облыстарында дерлік өсіреді. Бірақ, егістік пен жинаудың 2/3-сі Шығыс Қазақстан облысының үлесіне тиеді. Ал Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс ауданына күнбағыс 600 тонна тиесілі.

Картоп – бұл уақытта азақ-түлік, мал азығы, әрі техникалық дақыл болып табылады. Халық арасында оны (екінші нан) деп атайды. Картоп құнарлы, ылғалды топырақта жақсы өседі, жазғы салқын жылдарда мол өнім береді. Оны егін шаруашылық мүмкін жерлердің бәрін де өсіреді. Өнімнің ¾ бөлігі Солтүстік және Оңтүстік аудандардың үлесіне тиеді, ал еліміздің негізгі (каотп жүйегі) болып бұрыннан бері Алматы облысы саналады. Ол Қазақстанның барлық аудандарында ерте пісетін картоппен қамтамасыз етеді. Оның ішінде Арыс ауданына картоп 3,8 мың тонна тиеді. Алуан түрлі көкөністер – негізгі әрі арзан дәрумендер көзі болып табылады. Көкөніс дақылдарының көпшілігі (қызанақ, қияр, бақлажан, бұрыш) жылуды, жарықты, ылғалды құнарлы топырақты сүйеді. Бақша дақылдарының (қарбыз, қауын, асқабақ, кәді) олардың өзгешілігі – құрғақшылыққа төзімділігі, олар борпылдақ құмды топырақта жақсы өседі. Көкөністер мен бақша дақылдары суармалы жағдайда өсіру саласы барлық жерде дерлік таралған. Дегенмен, оларды өсіру үшін ең қолайлы аймақ – Оңтүстік Қазақстан. Көкөністің 2/3 –сін қауын – қарбыз 90%-ын беретін Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарынын еліміздің «дәрумен цехы» деп атайды. Арыс ауданында көкөніс 12,5 мың тоннаны құрайды деп болжануда.

2007 жылы егін шаруашылығынан алынатын өнім көлемінде,астықта күздік бидай өсімінің болмау себебі тәлімі жерлерде орташа өнімділік 16,1 цн/га құрайды. Монтайтас елді мекенінің климаты ылғалдылығы 500 мм төмен зонада орналасқан. Сондықтан орташа өнімділікті жоғарлату мүмкіндігі жоқ. Егістік алған көлемін көтергенмен соған толық агротехникалық шараларды қолдануға мүмкіндік болмайды. Бақша өнімдерінің көлемінің жоғарламау себебі бақша дақылдарын егетін егіс көлемін арттыруға мүмкіндік жоқ. Арыс қаласы аумағы бойынша ең жоғары алынатын орташа өнімділік мөлшері 135 цн/ға аспайды.

2008-2009 жылдары алынған өнім көлемі 2006 жылға қарағанда бидайда 1,2 пайызға,картопта 5,4 пайызға, көкеністе 8,7 пайызды құрайды деп болжауда.

Ауыл шаруашылығынының барлық саласын дамытуға қолайлы аймақ.Арыс қаласындағы Ақдала елді мекенінде израильдік технология боиынша суару шлангалары төселуде.

Тамшылатып суару технологиясы дегеніміз –жіп-жіңішке резеңке тәрізді ұзын түтікшелер екен.Түтікшелердің бойында су өтетіндей саңылау тесіктері бар. Бұл күні ауа райы салқын тартып, Арыстанды –Қарабастың суық желі жер қойнауын кептіре бастапты.Егіншіліктің жаңа технологиясының артықшылығы осындайда бірден байқалғандай. Табиғаттың қытымыр қыспағынан құтқарып, өсімдіктің тамырына нәр беретін де сол түтікшелер. Әрі су ысырап болмайды әрі ауа райының құрғақшылығына қарамай кез-келген уақытта суара бересіз.

Бұл үшін «Пильмах» америкалық қызанақ сортының көшеттері дайындалып отырғызылуда.Өткен жылы обыс бойынша израильдік технологиямен тамшылатып суару 490 гектар егістікті қамтыса, биыл бір мың гектардан асып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет