Арыс ауданының



бет3/4
Дата10.06.2016
өлшемі0.97 Mb.
#126145
1   2   3   4

2.3.2. Мал шаруашылығы .

Жас және ежелгі сапа.Бұл сапа ірі қара,жылқы,түйе,қой,шошқа және құс өсіру шарушылылықтарына бөлінеді.Өсімдік шарушылығындағы орналастырудың негізгі факторы – агроклиматтық жағдайлары болса,мал шаруашылығында бұл – жем шөп базасы.Оны жайылымдықтар,шабындықтар,азықтық дақылдар егістіктер құрайды.Малдарға азық ретінде көп мөлшерде азықтық дәнді дақылдар мен техникалық дақылдарды өңдеуден түскен қалдықтар пайдалынады.Шабындықтары аз Солтүстік пен Оңтүстікте азықтық шөптер өсіріледі.Бірақ,бәрі бір мал шаруашылығының негізгі жайымдылық жері болып табылады.

Қазақстанның барлық бөліктерінде мал шаруашылығы мен айналысады,бірақ мал басының 3/5 бөлігі еліміздің Солтүстігі мен Оңтүстігінде өсіріледі.Негізгі өнімдер болып саналатын ет пен сүт ара қатынасына байланысты онда бағытты ажыратады.Оңтүстікте сүтті және сүтті – етті мал шаруашылығы дамыған.Жайылымдықтарында құнарлы өсімдіктері жоқ құрғақ далаларда,шөлейттер мен шөлдерде ет бағытындағы мал шаруашылығы дамыған.

Қой шарушылығының негізгі өнімдері – ет,май,жүн,тері,қаракөл.Оның екі негізгі бағыты – биязы жүнді және қылшық жүнді қой шаруашылығы бар.Қазақстанда өсірілетін қойлардың ішінде қаракөл қойлары ерекшеорын алады.Оның негізгі өнімі – аса жоғары бағаланатын қаракөл түрлері.Қаракөл қойларын өсірумен шұғылданатын негізгі аудан – Оңтүстік Қазақстан.Соның ішінде Арыс қаласында 2006-2007 жылы 117,2% қой шаруашылығына тиесілі.Мал азықтары бірліктеріне аударылып есептелінген барлық мал азығы – 11856,8 тонна болды,бұл өткен жылдың тиіст кезеңіне.77,95% шартты ірі қара малға есептегендегі орташа бір басқа мал азығы 2,2 центнерден келіп отыр.

Еліміздегі халықтың дәстүрлі кәсібі – жылқы шаруашылығы.xx ғысырдың басында Қазақстанда 4 млн-нан астам жылқы болған. Жылқылыр қазір де жук таситын, салық мінілетін, жұмыс және бәйге аттары ретінде кеңінен пайдаланылады. Оларды, сонымен қатар бағалы азық-түлік өнімдері – жылқы етін, қымыз алу үшін де өсіреді. Біздің елімізде жылқы малын өсу барлық жерде таралған сапа.

Шөлді және шөлейтті зонада түйе шаруашылығының маңызы зор. Түйе – ең ірі, жүк тасуға бейім азық тапшылығы Арыс қаласында. 2007-2006 жылы 108,1 %. Түйе шаруашылығының негізгі өнімдері- ет, сүт, шұбат және жүні.

Шошқа шаруашылығы – жылдам салмақ қосып, тез көбейетін әрі жайылымды қажет етпейтін, ауыл шаруашылығы үшін тиімді. Шошқа өсіруден егін шаруашылығынан алынатын жем, тамақ қалдықтарын пайдаланылады. Ол біздің елімізде астық шаруашылығы мен картоп өсіру дамыған зонада кең таралған. Шошқа өсірудің негізгі ауданы – Солтүстік, ал екінші ауданы – Оңтүстік (15 %). Соның ішінде Арыс қаласында шошқа шаруашылығы 2007-2006 жылы 108,1% тиесілі.

Жұмыртқа мен құс етін (тауық, қаз, үйрек, күрке тауық) алу үшін құс шаруашылығы дамыған. Ол өндірістің өнеркәсіптік технологияларымен жұмыс істейтін фабрикалар ауыл шаруашылығының алғашқы сапасы құс фабриаксында үй құстарының жартысынан көбі шоғырланған. Оларға жем ретінде азықтық дәні дақылдар пайдаланылады. Сондықтан, құс шаруашылығы бір жағынан оның өнімдерін пайдаланатын ірі қалаларға тояу орналасады. Әсіресе үлкен қалалар орналасқан Оңтүстік пен астық шаруашылығының негізгі орталығы – Солтүстік ерекшеленеді. Арыс қаласында шаруашылығы 2007-2006 жылдары 101,1% құрады. 2008 жылдың 1-ші қаңтарына 2006 жылы осы кезеңімен салыстырғанда облыс шаруашылығының барлық санаттарында құстың барлық түрлері 61,2 мың басқа (2,9 %-ға ) көбейді.



2.4. Халыққа қызмет көрсету саласы.

Қаладағы ІІ-деңгейлі банктер филиалдары «Халық банкі» АҚ, «Банк Каспийский» АҚ, «Валют транзит банк» ААҚ, «Темір банк» АҚ және «Арыс несие серіктестігі» ЖШС.



«Валют Транзит Банк» ААҚ Қазақстан инвесторлардың назарын өзіне тарта отырып, сенімді қаржы секторын құрды. Еліміздегі банктер саласындағы табысы тұракты, көшбастаушы қаржылық институттарының бірі –«Валют Транзит» банк тобы. Осы заманғы технология, ізетті кәсіби қызмет, шешім қабылдлаудағы қарапайымдылық пен әбжілдік оны басқалардан тиімді түрде ерекшелейді. Банк қаржы институттар ондығына енді, меншік капитал жөнінде 8-ші орын, жеке тұлғалар салым көлемінен 6-шы орын, алтын валюталық қоры бойынша 1-ші орын алады.

2004 жылдың ағында «Валют Транзит » банк тобының шағын тобы да өз қызметін Арыс қаласына ұсына бастады. Арыс қаласының тұрғындарына сапалы коммуналдық ақыларды төлеу, валюта айырбастау, депозиттерге ақша салу, несие алу, өзін немесе мүлкін сақтандыру, зейнетақылық қор, ломбард банктік спекторының түрлері бойынша жұмыс жүргізе бастады. Соған орай есептеу кассалық орталығы ашылды.

«Валют Транзит Фонд» зейнетақы қоры Арыс қаласы тұрғындарына өз қызметін ұсынуда. Бұл қорға өткен жеке тұлғалар кез келген уақытта жинақтау зейнетақы қорындағы жинақталған зейнетақысын келіп көріп өз кітапшасына енгізіп алып кетуде.

«Валют Транзит Полис» ААҚ сақтандыру компаниясы сақтық нарығында 1998 жылдан бері қызмет жасаушы сақтық компаниясы.

Қазіргі таңда «Валют Транзит Полис» ААҚ сақтандыру компаниясының сақтандыру түрінің 13 класына лицензиясы бар.

«Валют Транзит Микрокредит»- шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды, қала халқының дәулетінің өсіруді, ауыл шаруашылық бағдарламалары бойынша несиелеуді жүзеге асырауда. Қазіргі таңда микрокредиттің 16 түрі болса, оның 5 түрі бойынша қызмет көрсетіп жүзеге асыруда.

«Валют Транзит Ломбард»-Қазақстан көлемінде көш бастап, бірінші орында келе жатқан банктік емес несиелік мекеме.

Мекен-жайы Ергөбек № н/з 22439, 21612.



«Банк Каспийский» АҚ «Банк Каспийский» 2005 жылы Арыс қаласында «Банк Каспийский» «Арыс» есеп айырысу бөлімшесі ашылды.

Банктің көрсететін қызмет түрлері:



  • Экспресс-несиелеу -15 мин;

  • Ақшалай несиелеу 3,6,9,12 айға;

  • Тауар несиелеу тұрмыстық техника, жихаз, компьютерлер, ұялы телефондар;

  • Жылжымайтын мүлікті аманатқа қойып несиелеу;

  • Ипотекалык несиелеу;

  • Депозиттерге ақша салу;

  • Ақша аударымы: Қазақстан Республикасы бойынша, Мәскеу, Сібір;

  • Валюта айырбастау; сату, сатып алу.

Мекен жайы: Арыс қаласы, Салықбаев көшесі №10

Байланыс телефондары: 2-27-42, 2-27-43.



«Халық банкі» ААҚ 1922 жылдан бастап Жинақтаушы кассасы жұмыс істеп келеді. 1992 жылы Қазақстан республикасының жинақтау Банкі құрылып, оған «Қазақстан Халық Банкі» деген атау берілді. 1995 жылдың аяғында «Қазақстан Халық Банкі» ірі операциялық банктің бірі болды. 1998 жылы шілдеде «Қазақстан Халық Жинақтау Банкі» болды.

Арыс №290400 аудандық бөлімшесі 2002-2005 жылдараралығында банктен жалпы көлемі 1895368 мың теңге несие берілді.

Арыс №290400 аудандық бөлімшесінің қызмет көрсету түрлері:

Халық банкісіндегі операциялық қызмет көрсету.

Ағымдағы банктік шот ашу:

* Банкпен банктік шот ашу туралы келісім-шартқа ұлттық және шетел валютасында банктік шот ашу;

* Республика бойынша бөлімшелері бар банк клиенттері үшін транзиттік шот ашу;

* Халық банкісіндегі ағымдық шоты жоқ басқа банк клиентері үшін жинақтау шоттарын ашу.

Қолма-қолсыз операцияларды жүргізу.

Банк клиенттерінің пайдасына төлемдер жасау;

* Банк клиенттерінің пайдасына жеке тұлғаларданг төлем қабылдау;

Қазақстанның банкаралық есеп айырысу орталығы арқылы есеп айырысу.

Кассалық операциялар және қолма-қол ақшаларды инкассациялау.

* Операциялық күн ішінде клиентерден қолма-қол ақшаларды және басқа да түсімдерді қабылдау;

* Банктік шоттан қолма-қол ақшаны беру;

* Қызметкерлердің жалақысын жинақ салымдарына аудару.

Мекен-жайы: Арыс қаласы, Әйтеке би көшесі 88 үй. Сымтетік: 21301.

Арыс” Кредиттік серіктестігі” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2004 жылы 11365000 теңге несие беріліп, оның ішінде егін шаруашылығына 7185000 теңге, мал шарушылығына 4180000 теңге.

16.11.2004 жылы әділет бөлімінен қайта тіркеуден өтетіп, 27 құрылтайшыға 2005 жылы 85977000 теңге несие беріліп, оның ішінде егін шаруашылығына 2690000 теңге, мал шарушылығына 83287000 теңге.

2006 жылы Екінші топтан бірінші топқа өтіп, қайта тіркеліп 173 000 000 теңге линия арқылы бөлу жоспарлануда. Мекен-жайы: Арыс қаласы, Әл-Фараби көшесі н/з үй. Сымтетік: 22263.



«Темір банк» АҚ Арыс қаласының №7 есептік кассалық бөлімі Басқару Банкінің 1995 жылғы 4-шілдедегі №165 Қаулысының негізінде құрылған.

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласы, Төле би көшесі, 2А. Сымтетік: 21863.


2.4.1. Денсаулық сақтауды дамыту

Қазақстан республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа ала отырып, қалалық денсаулық сақтау бөліміне қарасты емдеу мекемелері халық денсаулығын қорғау саласында қала халқына қызмет көрсетуде.

Қаланың денсаулық саласы мемлекеттік және мемлекеттік емес сектордан тұрады. Мемлекеттік медицинаға қалалық аурухана, жедел жәрдем стансасы, перзентхана, тубдиспансер, тері-мерез ауруханасы, жұқпалы аурулар ауруханасы және тіс емханасы кіреді. 2 ауылдық отбасылық дәрігерлік емханалар, Задария, Ақдала және Байырқұм ауылдық ауруханалары. Сонымен қатар 21 ФАП қызмет етуде. Мемлекеттік емес секторға «Торабтық аурухана» ӨК және «Мұрат емхана» кіреді

Тұрғындарға 35 емдеу мекемелері /орталық аудандық аурухана, перзентхана, 2-отбасылық дәрігерлік амбулатория, 3-ауылдық аурухана, 2-диспансер, 1-жұқпалы аурухана, 1-тіс емханасы, 1-жедел-жәрдем стансасы және 21 ФАП-тар/ медициналық көмек көрсетуде. Емдеу мекемелерінің 77 пайызы ауылдық жерлерде орналасқан.

Аудан көлемінде тұрып жатқан барлығы 63123 халыққа, оның ішінде 15 жасқа дейінгі 21837 балаға, 4330 жасөспірімге, 1 жасқа дейінгі 1524 бала мен туу жасындағы 17173 әйелге (жалпы әйелдер -32821), 1 аудандық аурухана, 2 отбасылық дәрігерлік емхана, 4 ауылдық аурухана, жедел жәрдем стансасы, перзентхана-1, 1 тубдиспансер, тері-мерез диспансері, тіс емханасы мен 21 ФАП –тер мен 2-медициналық қызметкер ғимаратсыз) медициналық көмек көрсетуде. Аудан бойынша 126 дәрігер, орта буын медицина қызметкерлер саны - 477.

Ауданның медициналық демографиялық көрсеткіші.



Көрсеткіштер атауы

2004ж.

2005ж.

Абс саны

Көрсеткіш

Абс саны

Көрсеткіш

1

Туылу

(1000 балаға)



1688

27,1

1650

26,1

2

Жалпы өлім


417

6,6

414

6,5

3

1 жасқа дейінгі өлім

24

14,2

25

15,1

4

Табиғи өсу көрсеткіші

-

20,5

-

19,6

5

Ана өлімі

-

-

1

60,6

2005 жылы 1650 бала туылған, туылу саны 2004 жылмен салыстырғанда 38 балаға азайған.

Жалпы 414 адам қайтыс болған, оның ішінде 15 жасқа дейін -39 бала, 1 жасқа дейін бала өлімі 1 балаға өсіп отыр.

Шетінеген 25 баланың 13-перзентханаларда тіркелген, немесе 52 % құрап отыр. Аналардың жүктілік кезеңінде бүйрек, жүрек, қан аздық ауруларының қозуы, әлеуметтік жағдайларының төмендігі, экологиялық әсері бала өлімін өсіріп отыр.


Ауруханалық көмек көрсету кестесі.

Емделіп шыққан ауру саны

Төсек күннің орындалуы

Аурудың төсекте орта есеппен жатқан күні

Төсек айналымы

Төсектің пайдалануы

өлген саны

2004

2005

2004

2005

2004

2005

2004

2005

2004

2005

2004

2005

14039

15458

102,4

103,7

10,6

10,6

29,2

32,2

309,5

345,4

69

0,5


52

0,3


Аудандық орталық аурухана -125 төсектік, Байырқұм, Ақдала, Задарья ауылдық ауруханаларында - әрқайсысы 20 төсектен. Туберкулез диспансері 40 төсек, тері-мерез диспансері -20 төсек, ӨК „Торабтық аурухана” -120 төсектік, бірақ мемлекеттік тапсырыста 100 төсектік болып өткен, ӨК „Мұрат емхана” -20 төсек, перзентхана -65 төсек, жұқпалы аурулар ауруханасы -25 төсек, барлығы аудан бойынша -455 төсек.

10 мың халыққа төсекпен қамтамасыз ету -75,2.

Дәрігерлер 2005 жылы 126 дәрігер болса, 2006 жылы 129-ды құрап, 3 дәрігерге көбейеді. Орта буын медицина қызметкерлерінің саны 152 болса, 2006 жылы 154-ті құрап, 2-ге көбейеді. Кіші буын медицина қызметкерлерінің саны 325 болса, 2006 жылы да 325-ті құрайды.

Мамандандырылған көмекті аудандық орталық аурухана көрсетеді, он терапия, кардиология, неврология ересектер және балалар, хирургия, эндокринология бөлімдері жұмыс атқарады. Сонымен қатар тәулік бойы реанимация бөлімі 6 төсектік толығымен дәрігер-реаниматологпен қамтамасыз етілген.

Аудан бойынша емханалық поликлиникалық мекемелер саны 2005 жылы-3, оның бәрі мемлекеттік. ҚР Үкіметінің 28.12.2005 ж №1304 қаулысына сәйкес, 2006 жылы аудандық орталық ауруханадан, аудандық емхана жеке тұлға болып ашылады. 2005-2006 жылдары отбасылық дәрігерлік емхана-2. 2005 жылы ауылдық ауру хана саны-4, оның 3-мемлекеттік, 2006 жылы -өзгеріс жоқ.


    1. 2.4.2. Білім беру саласы және сала бойынша білікті мамандар даярлау.

2005 жылы ауданда 39 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеді. Бұл көрсеткіш бойынша 2004 жылмен салыстырғанда мектеп желісі 2 бастауыш мектепке артты. Осы жылы қала Әкімінің 10.08.2005 жылғы №777 және №778 шешімдерінің негізінде және аудан тұрғындарының өтініш-тілектерін қанағаттандыру мақсатында қалада және Задарья аулында 2 бастауыш мектеп жаңадан ашылды. Жалпы мектеп желісі төмендегідей:

1. Орта мектеп-17. Бала саны-12397

2. Негізгі мектеп-6. Бала саны-1640

3. Бастауыш мектеп-16. Оның ішінде шағын жинақталған бастауыш мектептер-11. Бала саны-1898.

Аталған білім беру ұйымдарында барлығы 15935 балаға білім мен тәрбие берілді. Оқушылардың әр сыныптағы орташа толымдылығы 23,3 баланы құрады.Бұл көрсеткіш 2004 жылмен салыстырғанда 2 оқушыға төмендеді. 2005 жылы білім беру ұйымдарына қала бюджетінен 717 млн. 768 мың теңге қаржы бөлінсе, 2006 жылы 743 млн. 245 мың теңге бөлінді. Осы жылы республикалық бюджеттен трансферттен 22 млн. 90 мың теңге бөлінді. Бұл көрсеткіш бойынша да алға ілгерушілік бар, себебі 2005 жылы әр оқушыға жұмсалатын шығын 38 мың теңге болса, 2006 жылы 42 мың теңге болды.

Бұған қосымша 28 жалпы мектептің базасында мектепалды даярлық топтар ашылып, оған 5-6 жастағы 1119 бала қамтылды. Бұл аудандағы мектеп жасындағы балалардың 83% құрайды. Бұл көрсеткіш 2004 жылы 72%, 2005 жылы 79% - ды құраған болатын.

Қалада мектепке дейінгі 3 бала бақша мекемелері жұмыс істейді.Оған 214 жас бүлдіршін қамтылды. 2004 жылы мектепке дейінгі тәрбие беретін мекемелердегі бала саны 108, 2005 жылы 178 баланы құраған болатын. Сонымен қатар оқу-тәрбие процесінен тыс мезгілде мектеп оқушыларына жан-жақты тәрбие беретін 3 мектептен тыс, яғни балалар саз мектебі, балалар мен жасөспірімдердің спорт және бокс мектептерінде 1230 бала өз қалаулары бойынша спорттық үйірмелер мен музыка және өнер сыныптарында тәрбие алды. Бұл көрсеткіштер 2004 жылы 958 бала, 2005 жылы 1018 баланы құраған болатын. Ауданымыздың спортшылары облыстық, Республикалық, халықаралық жарыстарға бюджет және демеушілер есебінен қатысып, жеңімпаз болып қайтты. Атап айтсақ еркін күрестен Талдықорған қаласында өткен Қазақстан Республикасының біріншілігінде спорт мектебінің спортшысы Қ.Бегалиев «қола медальға» қол жеткізсе, бокстан Т.Диханбаев Қазақстан Республикасының бірінші жастар спорт ойындарының жеңімпазы атанды және осы бірінші жастар спорт ойындарында облыс құрамы сапында волейболдан Б.Ажибаев жеңімпаз атанды. Каратэ-додан шілде айында әлем кубогына Қазақстан құрама командасының сапында спорт мектебінің Е.Аймбетов қатысып 5 орынға қол жеткізді.

Білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесінің деңгейін көтеру, мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 13.07.2001 жылғы «Білім жүйесін дамыту жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама туралы» №100 қаулысын іске асыру мақсатында 11 мектептің оқу жоспарына жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытуды жүзеге асыратын, иновациялық бағдарламаға негізделген оқу варианттары енгізіліп, оқыту жалғастырылуда. М.Әуезов атындағы орта мектеп 2001 жылы көпсалалы гимназия мектебі болып қайта құрылып, оқу-тәрбие процесіне қосымша бағдарлама енгізу арқылы оқушыларға математика, физика, информатика, ағылшын тілі пәндерінен жан-жақты терең білім беруге қол жеткізілді. 2004-2005 оқу жылынан бастап білім бөліміне қарасты №4 бастауыш мектебінде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мақсатында бір 1-сыныпта эксперимент алаңы жұмыс жасайды.Сонымен қатар 2004 жылдан бастап Абай атындағы орта мектебінде «Жалпы білім беретін мектептерде 2-сыныптан бастап ағылшын тілін оқыту» мақсатында эксперимент алаңы жұмыс жүргізуде.


Аудан көлемінде әртүрлі себептермен орта білім ала алмаған жастар үшін 2005 жылы 3 консультациялық пункттер жұмыс істеді, оған орта білімі жоқ 18-21 жастағы 118 азамат тартылып, орта білім алып шықты.

Бөлімге қарасты 17 орта мектепті 2005 жылы 1187 бала бітірді. Осы оқушылардың қатарынан 794-і жоғары және арнаулы орта оқу орындарына, яғни ҰБТ-ке қатысуға тілек білдірді.ҰБТ өткізу пункты дайындалып, ол қажетті құрал жабдықтармен және ақпаратты техникалармен толық қамтамасыз етілді. Ауыл мектептерінен келетін 174 оқушыны көлікпен, жатын орынмен және тамақпен тегін қамтамасыз ету толығымен Республикалық бюджет арқылы қаржыландырылды.

ҰБТ қорытындысы бойынша 18 оқушы 100 ден жоғары (2%), 279 оқушы 70-100 (35%), 459 оқушы (58%), 40-59 аралығында балл жинады. Барлығы 756 оқушы, яғни қатысқан оқушылардың 96% 40 балдан жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Өкінішке орай 36 оқушы, яғни ҰБТ тапсырған түлектердің 4% 40 балдық деңгейден өте алмады. 14 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. ҰБТ-тен өткен оқушылар қатарынан 756 түлек жоғары оқу орындарына студент болып қабылданып, оның 107–і грант иегері.

2004 жылы бөлімге қарасты орта мектептер бойынша мектепті 1297 бала бітірді. Осы оқушылардың 857-і ҰБТ-ке қатысты (жалпы қатысымы 65,5%). ҰБТ қорытындысы бойынша 2 оқушы 100 ден жоғары (1%), 56 оқушы 70-100 балл аралығында (5%), 40-70 балл аралығында 533 оқушы (63%) жинады.Өкінішке орай 268 оқушы, яғни ҰБТ тапсырған түлектердің 31,3% 40 балдық деңгейден өте алмады. «Үздік аттестатқа» үміткер ретінде тіркелген 36 оқушының 3-і ғана «Үздік аттестатқа» ие болды. Жалпы ҰБТ тапсыруда 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы мектеп бітірушілердің көрсеткіші жоғары деңгейде болып, облыс көлемінде 3 орында тұрды.

2005 жылы оқу жасындағы балаларды мектепке тарту, тұрмыс жағдайы төмен оқушыларға материалдық көмек көрсету мақсатында 5 рет «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Нәтижесінде 4 млн. 742 мың теңге қаржы жиналып, 1028 балаға материалдық көмек көрсетілді. 2006 жылға «Міндетті оқу қорына» бюджеттен 3 млн. 100 мың теңге бөлініп жұмсалуда. Бүгінгі таңға дейін 775 мың теңгесі игерілді. Алайда, бюджеттен «Міндетті оқу қорына» бөлінуге тиісті қаржы 5 млн.400 мың теңге болғанмен, бөлінгені 57,4% -ды ғана құрап отыр.

2005 жылы жергілікті бюджеттен «Міндетті оқу қорына» жоспарланған 3 млн. 100 мың қаржы толық игерілді. Мектептердегі әлеуметтік картада тұратын аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан 1923 балаға 1 млн. 232 мың теңге қаржыға ыстық және қоғамдық тамақ тегін берілді. 1млн. 744 мың теңге қаржы 6888 баланы тегін киім-кешекпен қамтамасыз етуге, 124 мың теңге қаржы 124 баланы жазғы сауықтыру лагерінде демалуына жұмсалды.Қордан көмек көрсетілген жалпы оқушылар саны-2735 бала.

Жалпы алғанда, 2005 жылы да Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Міндетті оқу қорына» сәйкес шығарылған 28.08.1998 жылғы №812 қаулысының орындалуы 57,4% -ды құрады.

Мектептен 3км қашық тұратын 167 оқушыға көлік, жанар-жағар май бөлініп, тегін тасымалдау ұйымдастырылды. 2006 жылға 1 млн. 550 мың теңге қаралды. 15 мектепте асхана жұмыс істейді. Ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылардың жалпы саны-8843 бала. Оның ішінде тегін тамақтанғаны-1923 бала. 26 мектепте буфеттер жұмыс істейді. Қоғамдық тамақпен қамтылған оқушылар саны-10358 бала. Тегін тамақпен қамтамасыз етілгені-322 бала. Барлық мектептерде дәрігерлік бөлмелер жұмыс істейді. 2005 жылы мектептерге қажетті дәрі-дәрмек алуға жергілікті бюджеттен 310 мың теңге қаржы бөлініп, толық игерілді. 2006 жылға дәрі-дәрмекке 216 мың теңге бөлінді.

Мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілерін тамақпен қамтамасыз етуге 2005 жылы 5 млн.483 мың теңге бөлініп толық игерілді. 2006 жылы 4 млн. 853 мың теңге бөлініп, оның 2 млн. 80 мың теңгесі игерілуде.

Сонымен қатар 2005 жылы 31 бала потранаттық тәрбиеге беріліп, оған мемлекеттен 3 млн.734 мың теңге бөлінді және қаржы толық игерілді. 2006 жылы 26 бала потраннаттық тәрбиеге алынды. Оған облыстық бюджеттен 3 млн. 733 мың теңге бөлінді, оның бүгінгі таңға игерілгені 934 мың теңге.

2005 жылы 30 мектепте телефон нүктелері жұмыс істеді (77%) , оның 17 ауылдық жерлерде орналасқан мектептер.20 мектеп Интернет жүйесіне қосылды (67%).Мектептерді телефондандыру және интернетке жүйесіне қосу үшін 2005 жылы Республикалық бюджет трансфертінен 2 млн. 644 мың теңге бөлініп, оның игерілуі 87% құрады.Қаржының толық игерілмеу себебі ауылдық мектептердегі байланыс жүйелерінің жарамсыздығынан және орнатылған радиотелефон арқылы интернетке шығу мүмкіндігінің жоқтығынан болды.

2006 жылға телефондандыру мен интернет жүйесіне қосуға бөлінген қаржы 2 млн.117 мың теңге. Оның бүгінгі таңға дейін игерілгені 705 мың теңге. Бөлімге қарасты 39 мектептің 35-не телефон нүктелері орнатылып (90%), Интернет жүйесіне шығуға 21 мектептің толық мүмкіндігі бар (60%). 2006 жылы мектептердің интернет жүйесіне қосылуы мен телефондандыру барысының 2005 жылмен салыстырмалы көрсеткішінің төмен болу себебі, байланыс жүйесінің ескіргендігі мен жарамсыз болуы және интнрнет жүйесіне шығуда радиотелефондардың мүмкіншілігінің өте төмен екендігі.

Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастырып өткізуге 2005 жылы бюджеттен 724 мың теңге бөлініп, оған «Балдаурен» демалыс лагерінде 150 бала демалды.2006 жылы оқушылардың жазғы демалысына жергілікті бюджеттен 786 мың теңге бөлініп, оған 150 баланы демалдыру жоспарлануда.

2005 жылы қалалық бюджеттен білім беру ұйымдарын ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өткізуге 934 мың теңге қаржы бөлініп, толығымен өз мақсатында игерілді.2 орта мектепті (№11 Б.Момышұлы және М.Әуезов орта мектептері) күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізуге жергілікті бюджеттен 2 млн. теңге қарастырылып, аталған мектептердің шатырын жабуға және жылу жүйесін іске қосуға жұмсалды.

Осы жылы Көкжиде ауылында 1 негізгі мектептің ғиараты пайдалануға берілді. Оған облыстық бюджеттен 48 млн.244 мың теңге бөлінді. 2006 жылға мектептердің күрделі жөндеуіне жергілікті бюджеттен 13 млн. теңге бөлініп, оған 4 мектептің шатыры мен жылу жүйесі күрделі жөндеуден өткізіледі.Сонымен қатар мектептердің ағымдағы жөндеуіне 528 мың теңге бөлінді.

2005 жылы білім беру ұйымдарын жылумен қамтамасыз ету үшін 2050 тонна көмір және 80 тонна 250 литр сұйық отын тасымалданып, қамтамасыз етілді. 2006 жылға мектептерді жылумен қамтамасыз етуге 10 млн.650 мың теңге бөлінді. Бүгінгі таңға дейін игерілген қаржысы 10 млн. 290 мың теңге (96,6%).

Білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептерге 2005 жылы жергілікті бюджеттен жалпы орта білім беретін мектептерге 635 млн.959 мың теңге, мектепке дейінгі мекемелереге 8 млн.76 мың теңге, мектептен тыс балалар мекемелеріне 23 млн.733 мың теңге, барлығы 717 млн.768 мың теңге қаржы бөлінді және ол толығымен игерілді.

Бұл қаржы 2006 жылға жалпы орта білім беретін мектептерге 743 млн.245 мың,мектепке дейінгі мекемелерге 10 млн.180 мың, мектептен тыс балалар мекемелеріне 8 млн.151 мың теңге, барлығы 761 млн. 577 мың теңге қаржыны құрады. Жалпы алғанда, 2005 жылға қарағанда білім саласына бөлінген қаржы 2006 жылы салыстырмалы көрсеткіш бойынша 6,1%-ға өсті. (Өсу себептері 2005-2006 оқу жылында мектептер желісіне жаңадан 2 бастауыш мектептің ашылуы).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет