Арман -пв баспасы



Pdf көрінісі
бет12/162
Дата31.05.2024
өлшемі3.91 Mb.
#502151
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   162
10 сынып. Арман ПВ. ҚГБ

Білген­үстіне­біле­түс
Өзіне дейін ешкім таппаған қиын ұйқасты өлең түріне арнап Абай ән 
де шығарған. Бұл әннің әр жылдары жазылған 8 нұсқасы бар. Әннің 1­түрін 
1920 жылдары Ақмола облысын аралаған А.Э.Бимбоэс әнші­ақын Мұстафа 
Нұрбаевтан жазып алып, нотаға түсірген. Екіншісін 1922 жылы А.В.Затаевич 
Орынбор қаласында Құстай Мырзабеков пен Кәрім Қашқымбаевтың айтуы мен 
нотасын жазған. Үшінші­төртіншісін композитор Л.Хамиди 1935 жылы Әрхам 
Кәкітайұлынан және 1938 жылы Жүсіпбек Елебековтен жазып алса, бесінші­
алтыншысын 1938 жылы музыка зерттеушісі, профессор Б.Г.Ерзакович 
Темірболат Арғынбаевтан және 1939 жылы Қуан Лекеровтен жазып алып, 
нотаға түсірген. Әннің 7–8­нұсқасын 1984 жылы Мәкен Мұқаметжанова 
мен Қали Байжановтың орындауында музыка маманы Қайролла Жүзбасов 
нотаға түсірген. Бұлар «Әр халық әндері» (1971), «Айттым сәлем, қаламқас» 
(1986), т.б. Абай әндері жинағына енгізілген. Композитор С.И.Шабельский 
«Абайды еске алу» деген фортепианолық триосының бір бөлімін осы «Сегіз 
аяққа» арнаған.
«Абай»­энциклопедиясы
Әдебиет­теориясы
Пародия­ (фр. рагосііа­ – керісінше қайталанған өлең) – белгілі бір 
шығарманы немесе оның авторын, әдеби ағымды, тұтас бір жанрды соған 
еліктеп, сынап­сықақтайтын әдебиет, театр, музыка және эстрада жанры. 
Қазақ әдебиетінде пародия нышандары халық ақындары шығармасынан
ақындар айтысынан байқалады. Пародия әдебиетте сын нысанына, 
мақсатына қарай юморлық және сатиралық болып бөлінеді. Юморлық 
пародия жеңіл әзілді, достық әуенде болса, сатиралық пародия өткір тілді 
болады.
Пародияның мақсаты – кісіні мазақ қылу емес, адамның жақсы қасиетімен 
бірге өзі байқамайтын кейбір кемшін тұстарын жеңіл әзілмен жеткізу.
Пародия жасайтын адам 
пародист деп аталады.
«Қазақ­әдеби­тілінің­сөздігі»
АРМАН
-ПВ
 баспасы
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


15
Өз таңдауың бойынша қазақ әдебиетіндегі жас ақындардың біріне 
юморлық пародия жасап көр.
Мі­не,­қы­зық!
«Ұлы ақынның жазушылық еңбегінің тұсында туған үлкен бір белгісіндей әрі 
мол, әрі бар жағынан көркем, келісті шыққан зор шығарма», – деп, М.Әуезов баға 
бергендей Абайдың осы өлеңіне еліктеп, 1915 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров 
алты шумақ, сегіз тармақтан тұратын «Алты аяқ» деген өлеңді туғызса, 1935 жылы 
Қасым Аманжолов та осы тәсілмен «Шықтым өмір шыңына» деген өлең жазған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет