Арман -пв баспасы



Pdf көрінісі
бет13/162
Дата31.05.2024
өлшемі3.91 Mb.
#502151
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   162
10 сынып. Арман ПВ. ҚГБ

Кі­тап­–­асыл­қа­зы­на­
1. Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. – Алматы, 1957. / Абай. 
Өлеңдер, поэмалар, аудармалар мен қарасөздер. – Алматы: Жібек жолы, 
2005. – 488 б.
2. Өмірәлиев Қ. Абай афоризмі. – Алматы: Қазақстан, 1993. – 128 б.
«Өлең­–­сөздің­патшасы,­сөз­сарасы»­өлеңі
Абай сөздің патшасын, сындарлысын
дарияның тереңіне сүңгіп, ақық-маржан 
іздеушідей, түн қатып толғататын
ойға шоматын даналардың ғана таба 
алатындығын айтқан.
Темірбек ожекеев
Абай­өлеңді­неліктен­сөздің­патшасына­теңеді?
1887 жылы жазылған бұл өлең 4 тармақты 15 шумақтан тұрады. Өлеңнің 
мағынасы өте ауқымды. Абай поэзия туралы арнайы еңбек жазбаса да, 
поэзияның теориясын өлең тілімен жеткізе білді. Ең әуелі бірінші шумақтағы 
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деген тармақтағы ойды ұғыну керек. Абай 
мұнда жалпы поэзияны өлең деген атаумен алып, оны «сөздің патшасына» 
теңеп отыр. Адамзат ұғымында патша ең үлкен дәрежеде болғандықтан, ол 
айрықша құрметке ие болады. Сондықтан қоғамдық өмірдегі сөз өнерінің 
әлеуметтік мәні туралы Абай өзгеше ой айтып, ақын мен ақын дық тың мұ рат-
мақ са тын қа зақ әде бие тін де тұң ғыш жыр ла ды.
Қолданып­көр
АРМАН
-ПВ
 баспасы
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


16
Осы өлеңдегі «Әуелі аят, хадис – сөздің басы, 
Қосарлап бәйіт сымал келді арасы» деген сөзге 
де мән бере қарау керек. «Аят» – құран сөзі, «ха-
дис» – Мұхаммед пайғамбардың сөзі, «бәйіт» – 
өлең, «бәйіт сымал» – өлең секілді деген мағына 
беретін бұл ұғымдардың мәні тереңде жатыр. 
Тырнақшаға алынған осы сөздердің барлығы араб 
тілінен енген.
Бұл жерде Абай сөз өнерін өнердің барлық 
түрінен жоғары қоятыны сонша – мұсылман дінін-
де қасиетті саналатын «аят, хадистің» өздері өлең 
сияқты ұйқасып келетінін алға тартып отыр. 
«Қисынымен қызықты болмаса сөз, Неге айтсын, 
пайғамбар мен оны Алласы» деп, мұсылмандарға 
ұстаздық етуші әулие ғұламасының өзі «Бір сөзін 
бір сөзіне қиыстырар, Әрбірі келгенінше өз ша-
масы» дейді. Абай мұсылман дінін уағыздайтын 
«аят, хадистердің» айтылуын поэзияға тегін жақындатпаған. Себебі «Әуелі аят, 
хадис – сөздің ба сы» деп құ ран ның ұй қа сы бар бө лік те рін ха лық қа тү сі нік ті бо лу 
үшін әдейі алып отыр. Демек, сөз дің ба сы – аят пен ха дис те де ұй қа сым бар. Олай 
бол са, сөз өне рі бар лық өнер ден жо ға ры ма дақ қа лай ық. Абай дың пай ым дау ын-
ша сөз өне рі нің ең би ік шы ңы – поэ зия. Бі рақ оны қиыс ты ру – кез кел ген нің ер-
ме гі емес. Сон дық тан «Тіл ге же ңіл, жү рек ке жы лы ти іп, ай на ла сы теп-те гіс, 
жұ мыр кел ген, іші ал тын, сыр ты кү міс» сөз жақ сы сы мен сөз са ра сын тек қа на 
«ер да на сы» қи ын нан қиыс ты ра ала тын ды ғын ше бер тіл мен су рет тей ді.
Абай сти лі не тән көр кем дік әдістің бірі – сын шыл реа лизм. Ол «мал үшін 
ті лін бе зеп, жа нын жал дап» сөз қа ді рін ке тір ген өнер ие ле рін қат ты сы най ды. 
Са тым сақ, жа ғым паз ақын дар ды жек кө ре ді. Мұн да ғы мақ сат – «көр-жер ді 
өлең қып» асыл сөз дің қа ді рін ке тір меу.
Ес кі би ше отыр ман бос ма қал дап,
Ес кі ақын ша мал үшін тұр ман зар лап.
Сөз тү зел ді, тың дау шы, сен де тү зел,
Сен дер ге де ке лей ін ен ді аяң дап, –
де ген өлең жол да рын да үл кен ма ғы на, те рең сыр жа тыр. Мұн да «Сөз тү зел ді, 
тың дау шы, сен де тү зел» де ген де ақын бір ау ыз сөз бен өзі не де, бо ла шақ қа да 
тіл қа тып тұр. «Жақ сы сөз – жа рым ырыс» деп тү зу ай тыл ған жақ сы сөз ді 
қақ жар ты ыры сы на ба ла ған қа зақ хал қы на ке ле шек те де сөз өне рі нің қа ді рін 
ке тір меу ді уа ғыз дай ды. Ақын мен ақын дық ту ра лы, олар дың қо ғам тір лі гін-
де гі мүд де сі ту ра лы өре лі ой ай та ды.
Сон дық тан да «Тың дар едің бір сө зін мың ға ба лап» дей ді. Демек, өлең сөз 
тә лім ала тын дай ма ғы на ға то лы бо луы ке рек. Сөз өне рін ар зан қы зық, бо лым-
сыз ер мек ке жұм сап, қор қыл мау ке рек де ген ой ай та ды. Са ти ра сын шы сы, 
про фес сор Те мір бек Қо же кеев: «Сөз дің пат ша сын, сын дар лы сын да рия ның те-
ре ңі не сүң гіп, ақық-мар жан із деу ші дей, түн қа тып тол ға та тын, ой ға шо ма тын 
да на лар дың ға на та ба ала тын ды ғын айт қан» деп Абай те ре ңі нен су сын дау ға 
жол көр сет кен.
Жи­де­бай­да­ғы­Абай­дың­­
музей-үйі.­Жұ­мыс­бөл­ме­сі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет