Мазмұны Кіріспе Исламның негіздері "Алла" сөзінің ислам шариғатындағы түсіндірмеcі Мұсылман мейрамдары. Қорытынды. Кіріспе



бет1/3
Дата23.03.2024
өлшемі29.09 Kb.
#496336
  1   2   3
ясауитану ж


Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті.

БӨЖ
Ислам дінінің ерекшеліктері

Орындаған: Әмірханова Ж.
Тобы: ФАТ 214-А
Қабылдаған:Балайым Тілекеева


Мазмұны
1.Кіріспе
2.Исламның негіздері
3. "Алла" сөзінің ислам шариғатындағы түсіндірмеcі
4. Мұсылман мейрамдары.
5.Қорытынды.


Кіріспе
Ислам (араб.: الاسلام‎) — әлемдік монотеисттік-авраамдық дін. Христиандықтан кейін дүниеде ең көп таралған дін. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Алланың заңдарына) «мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында «ислам» — толық мойынсыну, Алланың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Исламның ортақ тұлғасы — Мұхаммед пайғамбар. Мұсылмандардың негізгі діни кітабы — Құран Кәрім (араб.: القرآن الكريم‎) — классикалық әдеби араб тілінде (араб.: الفصحى‎) Алла тарапынан түсірілген деп сеніледі.
Исламдық көзқарас бойынша, жаратушы Алла әрдайым адамзат баласын тура жолға салып тұру үшін әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде Ибраһим (Авраам), Мұса (Моисей), Иса (Иисус) т.б. бар. Мұсылмандардың сенімі бойынша соңғы пайғамбар — Алланың елшісі Мұхаммед ﷺ.
Исламның негіздері
Иман (араб.: الإيمان‎) — мұсылмандықтың ең үлкен дәрежесі. Иман алты негізден құралып, көбінесе адамның ішкі қасиеттерін реттейді:
Аллаға иман келтіру
Періштелерге иман келтіру
Қасиетті кітаптарға (Құран, Інжіл, Тәурат, Забур) иман келтіру
Пайғамбарларға иман келтіру
Ақырет күніне иман келтіру
Тағдыр мен қазаға иман келтіру
Иман сөзі — араб тіліндегі «ә-мә-нә (араб.: آمن‎)» етістігінен шығып, ифғал (араб.: إفعال‎) бабында қолданылған масдар (араб.: مصدر‎ — түбір сөз) болып саналады. Ал жалпы иман ұғымы — бір адамның сөйлеген сөзін қуаттау, айтқанын қабыл ету, шын көңілімен қабыл ету, күмәнға жол берместен нақты, жүрекпен, шын ықыласпен сену деген мағыналарды береді. Иман еткен кісі «мумин (араб.: مؤمن‎)», иман етілген нәрселерге де «муминун би… (араб.: مؤمن بـ‎)» дейді.

Аллаһқа сену


Толық мақаласы: Аллаһ
Алла́ (араб.: الله‎‎‎) — «ләфз әл-джәләлә» (ұлықтық сөзі), бiр ғана құдай бар екенін бiлдiретiн араб сөзi. «Алла» сөзі кейбір ғалымдардың пайымдауынша арабтың «иләһ (құдай)» сөзіне «ال» артиклін жалғау арқылы пайда болған. Бұл есім Алланың ең әуелгісі және ең ұлысы саналады. «Алла» есімін тек қана Аллаға қолдануға болады. Әдеттегіде «Алла» сөзімен қоса «Тағала» немесе «Субханаһу уә Тағала» деген оның ұлықтығын білдіретін сөздер қолданылады.
Мұсылмандардың сенiмi бойынша, Алла — бүкіл әлемнің жаратушысы және билеушісі. Алладан басқа ешкім бұндай күш иесі емес. Алланың болуы ғалам үшiн өте керек нәрсе, оның жоқтығы мүмкiн емес. Аллаға тең ешкім жоқ, және бұны дініне қарамастан адамзаттың көпшілігі мойындайды. Алла сөзінің зор маңызы бар. Барлық өте жақсы аттар және сипаттардың иесi, ол жалғыз. Алла мәңгi, ол туылмаған және тумайды да. Оның ойына адамның ақылымен жету мүмкiн емес. Бірақта Оны Құранда жазылған, Сүннеттен жеткен сипаттармен сипаттауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет