Арнайы білім беру жүйесінің қазіргі даму кезеңінде балалық мүгедектіктің алдын алу, өзекті мәселесі ретінде қарастырылады


Мүмкіндігі шектеулі балалар категориясына жататындар



бет2/5
Дата29.05.2022
өлшемі44.57 Kb.
#458772
1   2   3   4   5
9-12билет

Мүмкіндігі шектеулі балалар категориясына жататындар:
1. Естуінде кемістігі бар балалар (құлағы естімейтін, нашар еститін, саңыраулар);
2. Көруінде кемістігі бар балалар (көзі көрмейтіндер, нашар көретіндер, соқырлар);
3. Тірек-қозғалыс аппаратының функциясында кемістігібар балалар;
4. Сөйлеуінде кемістігі бар балалар;
5. Ақыл-ойында кемістігі бар балалар;
6. Психикалық дамуында ауытқуы бар балалар;
7. Эмоционалды-ерікті сферасы мен мінез-құлқында кемістігі бар балалар;
8. Күрделі кемістігі бар, оның ішінде соқыр және саңырау балалар.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарда мүгедектерге деген қоғамның қатынасы, олардың ерекше мұқтаждықтарына сыртқы ортаның бейімделмеуі салдарынан, денсаулық күйі, сырт бейнесі, дамуындағы ауытқулар немесе кемістіктер, аурудың нәтижесіндегі функционалды қиындықтары болады.
10 билет
1. ҚР-да арнайы білім беру жүйесінің дамуы мен құрылуының тарихы
Қазақстанда ауытқулыктары бар балаларға арнайы білім беру жүйесінің құрылуының алғышарттары өткен ғасырдың 20-жылдардан бастау алған. Аталмыш балаларға білім мен тәрбие беруді дамытуды сол кезеңнің танымал тұлғаларының қызметтері үлкен рөлатқарды. Ауытқулықтары бар балаларға көмек көрсетуді ұйымдастырудың алғашқы қадамдары ресейлік тәжірибені ұйымдастыру негізінде әзірленген. Ал 30-шы жылдары республикада арнайы білім беру жүйесінің дамуы жалғаса берді. Арнайы білім беру жүйесінің дамуында маңызды жаңалық болып 1931 жылы 8-маусымда халық ағартушылық комитетінің мәжілісі қабылдаған ауытқуы бар балаларға арнайы білім беруді міндетті түрде беру туралы шешім қабылданған. 1931-1932 оқу жылдарының басынан республикада естімейтін және көрмейтін балаларға арналған 2 типтегі арнайы мектептер ашылды.Көрмейтін балаларға білім беруде де қиыншылықтар кездесті. Арнайы оқу құралдарының болмауы, мамандардың жоқтығы салдарынан біршама қиындықтар болған. 1937 жылдан бастап Семей, Ақтебе, Орал, Қарағанды мен Қостанайда естімейтін балаларға арнайы мектептер мен балалар үйлері ашыла бастады. Сол уакытта мамандардың жетіспеуі ерекше сезілді. 30 жылдардын ортасына дейін республикадағы арнайы мекемелерде дефектолог мамандар болған жоқ. Ауытқулықтары бар балалармен жұмыс істеуге жоғарғы білімі бар дефектолог мамандары қажет болды. Осы кезде тифлопедагогтар мен олигофренопедагогтар жоқ болатын.Жалпы 20-30-шы жылдары дамуында ауытқулықтары бар балаларға арналған оқыту, тәрбие беру мекемелеріндегі педагогикалық мамандарды даярлау біліктілігін жоғарлау жүйесінің қалыптасу кезеңін бастан кешірген.1920-1945 жылдар аралығында республикада арнайы білім беру мен тәрбие беру жүйесі қалыптасуының маңызды кезеңі болды. Осы жылдардағы қиыншылыктарға карамастан бұл кезең Қазақ Республикасындағы арнайы білім беру жүйесі кұрылуының негізгі, бастапқы іргетасын қалады.1962-1963 оқу жылынан бастап Қазақстан түлектеріне Киев, Мәскеу,Ленинградтагы педагогикалық институтарында дефектология факультетіне түсу үшін арнайы орындар берілген. Өз елімізде дефектолог мамандарды даярлауды ең алғаш Абай атындағы Қазак Педагогикалық Институтында бастаған. 1976-1977 жылы дефектология факультеті қазакстандық арнайы білім беру жүйесіне дефектолог мамандарды оқыту тәжірибесінің іргетасын қалаған. КазПИ-дің дефектология факультетін ашуға белсенді қатысып, дамуына өз үлесін қосқан озат дефектолог ғалымдар: Намазбаева Ж.И., Сүлейменова Р. А., Өмірбекова Қ.Қ., Бектаева К.Ж, Буфетов Н.М. т.б.Дефектология ғылымының дамуы Ж.И. Намазбаеваның кемтар баланың тұлғасын зерттеу жұмыстарынан басталған. 1971 жылдары акыл- ойы кемтар балалардың өзін өзі бағалау тұлғалык ерекшеліктерін зерттеген, кейін бұл бағыттағы жұмыс жалғасып, 1986 жылы психология ғылымының докторлык диссертациясында дәлелденген.
2. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Балалардың мектепке дейінгі сапалы тәрбие және оқыту мен толық қамтылуын, олардың мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бағдарламаларына теңдей қол жеткізуін және «инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруін» қамтамасыз ету көзделген.Қазіргі уақытта дамуында ақаулары бар балалар саны артып отыр.Оларды оқыту кеңейіп, түзетіп қолдау технологиялары жетілдірілуде. Білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға айырықша орын бөлінген. Бұл балаларға қатысты біздің алдымызда тұрған негізгі міндет-олардың әлеуметтік ақталуы мен биімделуіне, қоғамдағы толыққанды өмірге дайындалуына жағдай жасау және көмек көрсету. Қ.Р Президентінің 07.12.2010 жылғы №1118 Жарлығымен бекітілген білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруді қарастырады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау»туралы заңы қабылдады.Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Инклюзивті білім беру –мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектептерде тең жағдайда бірдей білім алуына қолжетімділігін ұйымдастыру. Мәселен арбамен қозғалатын балалар үшін мектептерде арнайы панустар өзге де мүмкіндіктер қарастырылуы керек. Бұл индикаторлар 2011-2015жылдарға арналған стратегиялық жоспарда да талап етілген. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру.Тәжірибе көрсеткеніндей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру үшін қандай арнайы жағдайлар қажет Ең алдымен, даму мүмкіндігі шектелген балалармен жұмыс жасай алатын мамандар даярлау.Екіншіден архитектуралық кедергілерді жою. Білім мекемелерін арнайы тұтқалармен, парталармен, үстелдермен және басқа да компенсаторлық құралдармен жабдықтауды, көтергіш қондырғылар, пандустар, санитарлық бөлмелердің арнайы қондырғыларын орнататын іс-шаралар кешенін бастау қажет. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында инклюзивті білім беруді жетілдіру мақсатында төмендегідей мәселелерді қарастрады. 2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін қажетті нормативтік база құрылады. Инклюзивті білім беру шеңберінде жалпы және арнайы білім берудің өзара әрекетінің тетігі әзірленеді, мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары әзірленеді мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың тәртібі әзірленеді.
Осы жұмыстардың барлығы да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» «Бала құқықтары туралы», »Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық –педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Заңдарын және Ережелерді басшылыққа алады.
3.Қазіргі таңда зерде бұзылыстары бар балаларға түзетушілік – дамытушылық көмек көрсету мәселесіне қызығушылық артты. Осы топтағы балалардың даму мүмкіншіліктері мен қоғамға бейімдеу мәселесі өзекті болып, үлкен әлеуметтік маңызға ие болып отыр. Осы мәселелердің шешімі- арнайы көмекші мектепте ақыл –ойы кем баланың өмір сүруге қабілетті, қоғамдық ортаға бейімді дамыған тұлғаны қалыптастыру, ақыл- ойы кем оқушылардың мектептен алған білімдері олардың өмірлік азығы болатындай білім беру, оны өмірге, еңбекке дайындау, кәсіптік бағдар беру – біздің мектептің басты міндеті.
Бүгінгі таңда біздің мектебімізде ақыл – ой кемістігінің жеңіл түрі- І тип және орташа түрі – ІІ тип бойынша көмекші мектептерге арналған типтік оқу бағдарламаларымен оқытылады.
Ұжымда өз саласында жан-жақты тәжірибе жинақтаған мамандар қызмет етуде. Олар арнайы жоғары білімді логопед-дефектолог, психолог мамандар, музыка және компьютерлік сауаттылыққа үйрету, хореография мамандары, дәрігерлер, мейірбикелер, сол сияқты арнайы қысқа мерзімді даярлау курстарынан өткен мұғалімдер мен тәрбиешілер. Дефектолог- логопед, психолог мамандар балаларға жеке оқыту бағдарламасымен жұмыс жүргізеді. Дефектолог және логопед мамандар оқушылардың
а) ұсақ және жалпы моторикасын дамыту;
б) сөйлеу және артикуляциялық аппаратын дамыту;
в) есте сақтау, ойлау, зейін т.б. психикалық процестерін жетілдіру;
г) әлеуметтік оңалту және өмірге бейімдеу бағытында жұмыстанады;
Арнайы педагогтар пән мұғалімдерімен бірге сәйкес жоспар құрады, педагогтармен, ата- аналармен бірлесіп жұмыс жүргізеді.
Түзету- дамыту жұмыстарында коммуникативті, эмоционалды- ерік саласын дамыту мақсатында мамандар жаңа арттерапия технологияларын қолданады.
Түзету- дамыту сабақтарында құм терапиясы, ойын терапиясы, қуыршақ терапиясы, бейнелеу терапиясы, гипсотерапия, тестопластика (тұзды қамырмен жұмыс) қолданылып келеді. О ригами, Сауықтыру мақсатында иппотерапияны пайдалану қолға алынады. Үйден жеке оқитын мүмкіндігі шектеулі оқушыларға жүзу бассейнінде жүзу сабақтары жүргізіледі.
Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арналған мектеп- интернатында коррекциялық бағытта( түзету ) кешенді көмек көрсету бағытында ұйымдастырылған бірден- бір мекеме болып табылады.
Мектеп қалалық, облыстық, аймақтық ПМПК- мен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Мектеп – интернаты жанында оқу- әдістемелік кеңес беру орталығы облыс көлеміндегі арнайы білім беру мекемелеріне көмек береді.
Оқыту – түзету процесі, емдік шаралар қазіргі заманауи талаптарына сай жабдықталған бөлмелерде жүзеге асуда.
Көрнекі құралдар мен ойыншық қоры, әдістемелік кітаптар жинағы бар«Сенсорлық» бөлмесі, «Дельфа» логопедиялық тренажерлармен жабдықталған бөлмелер бүгінгі таңда игі нәтижесін беруде. Сол сияқты әлеуметтік- тұрмыстық өмірге бейімдеу мақсатында жабдықталған бөлмеде мұғалімдер сабақтарын өткізеді.Жылдық жоспар бойынша өтетін ашық тәрбие сағаттары, ашық сабақтар, әдістемелік семинарлар т.б. шаралар өз ара тәжірибе алмасуға, жинақтауға, коррекциялық мақсаттарды жетілдіруге мүмкіндік береді. Жыл сайын мектебімізде түзету мекемелері педагогтарына «Ашық есік» күні , облыстық семинарлар өткізіледі.
11билет

  1. Арнайы психология – психикалық және дене бітімі жағынан кемістіктері бар, ересек адамдар мен балалардың психикалық даму заңдылықтарын, психикалық қызметтерінің ӛзіндік ерекшеліктерін зерттейтін, психология ғылымының дербес саласы. «Арнайы психологияның жалпы психологиядан ӛз алдына дербес сала ретінде, бӛлініп шығу кезеңі ХХ ғ. 60 жылдарына сәйкес келеді. Бастапқы кезде арнайы психология, жоғары оқу орындары мамандықтарының арасында «Психология» саласына енгізілді. Бірақ, бҧл адамдардың психикалық даму жағдайлары мен механизмдері, тҥрлі патогендік факторлардың әсері туралы, сондай-ақ, компенсаторлық және коррекциялық ҥдерістердің жҥзеге асу заңдылықтары туралы, ғылыми жетістіктер мен практикалық тәжірибелерді жинақтап, ӛз алдына қалыптасқан, қалған арнайы психологияның тек формальды тҥрде, жалпы психология қҧрамына енгізілуі еді»1 . Арнайы психологияның нысаны - туа біткен және жҥре пайда болған, психикалық және дене бітімі дамуында ауытқуы бар балалар. Арнайы психологияның пәні, ерекше оқытуды қажет ететін балалардың психикалық дамуы болып табылады. Арнайы психологияның мақсаты – тҥрлі психикалық, соматикалық, сенсорлық, зияткерлік, тҧлғалық-әлеуметтік дамуында ауытқуы бар балалар мен жасӛспірімдерді, сондай-ақ, мҥмкіндігі шектелген ересек адамдарды қоғамға бейімдеу. Арнайы психологияның міндеттері: 1. Даму кемістігі бар балалар мен қалыпты дамитын баланың психикалық дамуындағы негізгі заңдылықтарды ашу. 2. Даму кемістігі бар баланың әртҥрлі категорияларының психикалық даму ерекшеліктерін қарастыру. 3. Даму кемістігі бар баланың даму механизмін анықтау. 4. Бала дамуындағы бҧзылудың тегін, уақытын, тереңдігін анықтау. 5. Дамудағы кемістіктерге байланысты, ӛзіндік ерекшеліктерді анықтау

  2. Қазіргі кезде интеллектуалды жетіспеушілігі (ақыл есі кем) бар балаларға арналған оқу жоспары және оқу бағдарламаларының бірнеше түрі бар; соның қатарындаматематикалық бағдарламалар. Оқу мерзімі9-10 жаста ьасталады. Ал кейбір оқу бағдарламаларындадиагностикалық даярлау (0-ші сынып) қарастырылады, ондай сыныптарда 1-ші сыныпқа дайын емес балалар оқытылады,дайындалады.

Математика пәнін оқыту сағаты әр мекемеде әр түрлі болғандықтан, бағдарламаға сай сабақтар дабөлінеді.
Сабақтарға сай материал бөлінгенде,оқушының қабілеті және сондай –ақ болашақ мамандығы ескеріледі. Себебі түзету мектептерінің түлектері көбінесе арнайы профессионалды-техникалық училищелерде немесе оқу-өндірістік кешендерде оқуға көшіріледі және сондай –ақ көп түлектер өндірістік немесе ауылшаруашылық өнеркәсібінде, ферма шаруашылығында еңбек етеді.
Түзету мектебінің VIII түрінде матеметика пәнінің бағдарламалары жоғары және төменгі сыныптарда ұқсас болып келеді.
Математика пәнін оқыту және мазмұны мен көлемі өзінше бір маңызға ие. Бұл маңыздылық – есте сақтау, оны дұрыс қолдану және дұрыс түсіну ерекшеліктерімен түсіндіріледі.
Бағдарламаның негізгі құрылу принциптері: әр жыл бойы жаңа білімдер көлемінің аздығы; алға ұмтылу принципі; «үздіксіз қайталау»; міндетті түрде заттық тәжірибелік іс-әрекетте кернекі дидактикалық жабдықтарды қолдану; оқу материалының концентрикалық түрде орналасуы т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет