Проблема (мәселе)– шешімі талап етілетін күрделі ғылыми немесе практикалық сұрақ
Рефлексия – адамның өз-өзіне, өзінің бейнесіне, ойы мен сезіміне санасының шоғырлануы
Жүйе – бір-бірімен өзара байланысты азды-көпті тұрақты элементтерден тұратын күрделі ұйымдасқан объект
Зерттеу тақырыбы – нақты зерттеуде арнаулы оқып-зерттелінетін сұрақ, проблема аспектісі
Тест – қабылданған бағалау нормаларына сәйкес адам психологиясын қатаң сапалық және сандық анықтауға арналған психологиялық зерттеулердің стандартталынған әдістері
Психологиялық тренинг - адамның түрлі қасиет, ерекшеліктерін дамытуға бағытталған белсенді оқыту мен
Психокоррекция – адамға оның психологиясы мен әрекет-қылығын түзетуге байланысты қолданбалы психологиялық білім, дағды, іскерліктер жиынтығы
Психотерапия – ауру адамдарға түрлі аурулардан сауығу мақсатында психологиялық әсер етудің практикалық әдістері жиынтығы мен теоретикалық білімдерайма
Генетикалық әдіс – генетика – шығу тегі “төркін” дегенді білдіреді. Бұл- психикалық құбылыстар мен процестердің шығуы мен пайда болуын және дамуын зерттейтін әдіс.
Статистикалық қорытынды–тәуелді өзгергіштік мәндерінің арасындағы айырмашылықтың шамасын табу.
Таңдау – экспериментке қатысатын сыналушы.
Тестің валидтылығы – тестің адекваттылығы мен өтімділігі, зерттейтін қасиетті өлшеу дәлдігі.
Тестің сенімділігі – тестің көмегімен алынған нәтижелердің тұрақтылығы.
Фактор – экспериментке сыналушының мінсіз мінез – құлқына әсер ететін кез келген болмыс.
Шарт – тәуелсіз өзгергіштіктің ілескен шатасуын тексеру тәсілі.
Эксперимент
– жалпылауға болатын нәтижелерді алу мақсатымен болмысты өзгертуді алдын ала жоспарлау шартында өткізілген зерттеу, эксперименталды гипотезаны тексеру құралы.
Эксперименталды схема – эксперименталды гипотезаны адекватты тексеру үшін сыналушыларға тәуелсіз өзгергіштіктің әртүрлі шарттарын беру жоспары.
Достарыңызбен бөлісу: |