3.3 М.Монтессори жасаған жүйе бойынша балаларды оқуға және жазуға үйрету
Монтессори мектебінде оқу мен жазу жазуды үйретуге аса көп көңіл бөлген. Оның ойынша, баланы ерте жастан оқып және жазу жазуды үйретудің қажеті жоқ. Ең қолайлы уақыт 6 жас деп есептеген. Бірақ кей жағдайда Монтессори, бұл ережені бұзып, балаға 4 жастан әріп танытып, 5 жастан оқытуды үйреткен.
Монтессори балалардың сыртынан бақылап, жазудағы ең қиын элемент ол таяқша салу деп есептеген. Сондықтан бұны, бала өзі дайын болмағанша үйретудің қажжеті жоқ деп есептеген.
Дайындық кезеңі. Бұл кезеңде балаларға әріп үйретіледі. Бұл үшін тегіс қолданылады, үстіне тегіс емес әріптің графикалық түріне келтірілген қағаз қойылады. Қағаз бетін сипап, бала әріптің графикалық түрін елестетеді. Егер бала қай әріп екекнін айта алмаса, онда бала саусақтарымен сипап әріптерді таниды.
Әріптерді үйретудің үш тәсілін қолдануға болады:
Әріптерді таныстыру, мұғалімнің көмегімен бала әріптерді саусақтарымен сипап жүргізеді.
Мұғалім балаға әріп бейнеленген әріп көрсетіледі. Егер бала қателессе, онда баламен жұмыс тоқтатылады. Себебі, бала қабылдауға әлі дайын емес.
Мұғалім алфавит ішінен әріп таңдайды, ал бала оны тануы қажет.
М.Монтессори болашақта баланың жазуын дамыту үшін, баланың қолына бор берген. Бормен жұмыс балаларға жағымды әсер ететін. Алдымен бір бала, артынан барлық балалар әріп жазуды үйреніп, олардың қызығушылығына айналған.
Қорыта айтқанда, өз беттілік пен тәуелсіздік балаға еркіндік береді.
Монтессоридің балабақшасында ойыншықтар ең басты емес. Олардың орнын кубиктер, пластинкалар, моншақтар, жіптер сияқты әр түрлі нәрселер ауыстырады. Бұндағы ең басты міндет – қол моторикасын, тактильді есте сақтау іскерліктерін оқыту. Мектепке дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті ойын емес, “еркін жұмыс”, заттармен өзбетімен жұмыс істеу болып табылады. Педагог әлсіз енді ғана өмір жолына тұрып келе жатқан балаларға өз беттілікке, өзіндік жауапкершілікке тәрбиелеуі тиіс. Соған сәйкес, бала өзін-өзі дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: |