«арнайы педагогика және түзету психологиясы»


Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған тренингтер



бет39/94
Дата10.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#477065
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   94
Семей УМК

3.4 Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған тренингтер

Үрейді жеңуге байланысты тренингтер


Мақсаты: үрей сезімімен танысып, үрей кейіпінің мимика және пантомимика арқылы бейнелеу және үрейді жеңу.

№1. "Сәлем, қоян!".


Жүргізуші: " Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін бізге қонаққа жаңа кейіпкеріміз келді, бірақ ол қорқақ екен. Қорыққаны соншалқты тіпті тығылып қалды. Қазір мен, сендерге сол кейіпкердің түрін келтіремін сендер табуларың керек, жарай ма?"
Жүргізуші қоянның түрін келтіреді. Балалар кейіпкерді таниды, ал жүргізуші, қоянның қалай секіретінін, қалай сәбізді жейтінін, қалай қорқатынын (құйрықтары мен алдыңғы аяқтарын дірілдетіп) балаларға келтіруін сұрайды.
№2. "Қорқақ қоян".
Жүргізуші сұрайды: "Қоян неден қорқады ?"
Бір күні қоян алғаш рет қарды көргенде, оны ұстағысы келіп кетеді, бірақ ол одан қорықты. Қорқақ қарды қалай ұстап көреді? Балалар ақырын ғана "қарды" (ақ қағаздан жасалған ұсақтатылған қағаздарды) ұстап көреді: қолдарын созып, қайта тартып алады.
№3. "Өжет қоян".
Қоян қорқудан шаршап кетті. Алға бір қадам аттап "Қасқырдан қорықпаймын! Түлкіден қорықпаймын (тағы бір адам)! Қардан да қорықпаймын!"

№4. "Мейірімді мысық, ызалы мысық".


Енді мен қолыма сиқырлы қоңырауды аламын. Ол сыңғырлаған кезде, біз мысыққа айналып кетеміз. Қол-аяғымызбен жерге тұрып, мысықты келтіреміз. Ең алдымен мейірімді мысықты, содан кейін ызалы мысықты келтіреміз. Жаттығуды бірнеше рез қайталауға болады.
№5. "Үрей туралы ертегі".
Қағаз бен қарындашты дайындаймыз.
Жүргізуші ертегіні баяндайды: " Ерте, ерте, ертеде – үрей өмір сүріпті. Барлығы одан қорқып, ешкім онымен ойнағысы келмепті. Іші пысып, жалғыз қалған үрей , достарды іздеуге аттанады. Бірақ, ешкімді кездестірмейді. Өйткені, барлығы одан қорқатын. Ал енді үрейді салып көрейік. Ол қандай? Балалар үрейдің суретін салып, бір-біріне көрсетеді.
Жүргізуші ары қарай жалғастырады: үрей, барлығын қорқытудан жалығып кетіпті де, күлкілі, қуанышты болып кетіпті. Сонда үрей не істеді? Балалар өз жауап нұсқаларын айтады.



1





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет