«арнайы педагогика және түзету психологиясы»


Ата – аналар мен балалар арасындағы қарым – қатынасты жақсарту мақсатында қолданылатын ойындар



бет12/13
Дата19.06.2016
өлшемі1.6 Mb.
#148308
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

8.6 Ата – аналар мен балалар арасындағы қарым – қатынасты жақсарту мақсатында қолданылатын ойындар


Коллаж «Менің қазіргі отбасым» және «Менің болашақтағы отбасым»

Отбасының барлық мүшелері қатысады. Оларға осы тақырыптарда екі коллаж жасау ұсынылады немесе қалаулары бойынша бір тақырыпты таңдайды. Коллажбен жұмыс жасау үшін бір көлемдегі қатты қағаз, түрлі-түсті қағаздар, ескі кітаптар, газет, журналдар қажет. Коллаж жасап болғаннан кейін жанұя мүшелері өз жұмыстары туралы әңгімелейді.



«Пілдің аяғы» жаттығуы.

Мақсаты: ата-аналармен және балалардың дене деңгейінде өзара әрекеттесу; өзара әркеттесудің дағдыланған тәсілдерін сезіну, қажет болған жағдайда қарым-қатынасты жүзеге асыру үшін ыңғайлы жағдайларды іздестіру; негізгі мүмкіндіктерді ашу; күрделі жағдайларды шешуде одан шығу жолдарын игеру; ішкі мазасыздануларды көрсету, әсіресе қоғамда қабылданған мінез-құлыққа сәйкессіздіктен туындаған мазасыздануларды, яғни түрлі қарсылықтарды көрсету.

Топ қатысушылары жұптарға бөлінеді (ата-ана- бала). Олардың біреуі өзін пілдің аяғы ретінде көрсетеді және осы рөльде өз көзқарасы бойынша сәйкес әрекеттер жасайды. Екіншісіне «Аяқты» кез-келген тәсілмен қозғалту ұсынылады. Әрі қарай жұптағы рөлдер алмастырылады.



Менің және анамның қолы.

Мақсаты: Ең алдымен дене және эмоционалды есте сақтауға сүйене отырып, қатысушылардың дене сызбасы туралы түсініктерін нығайту; сол жұпта дене деңгейіндегі өзара қарым-қатынасқа әсерлену, қайта жасау; ата-аналардың осы тәжірибені сезіну.

Бала-ата-ана жұптарына бір-бірлеріне қарама-қарсы тұрып және жүргізушінің айтқанын орындау ұсынылады. Жүргізуші тізбекті түрде келесілерді ұсынады:

1. Бір-бірлерімен сұқ саусақтарымен «Сәлемдесу»

2. Шынтақтарымен бір-бірлерінің шынтақтарын сипалау.

3. Ортаңғы саусақтар көмегімен күш сынасу.

4. Серіктестің біреуі алақанымен екінші қатысушының бармағын ұстап тұру қажет. Содан кейін орындарын ауыстыру

5. Бір-бірлерімен шынтақпен қоштасу.

Сабақта жаттығу тек сол қолмен орындалады. Үй тапсырмасы ретінде қатысушыларға тура осыны қарама-қарсы саусақтармен жасау ұсынылады.



«Көліктер» ойыны

Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы физикалық контактіні реттеу, тактильді түйсіктерді дамыту.

Жаттығу жұппен жүргізіледі: ата-ана және бала. Бала «көлік» рөлінде болады- ата-ана «көлікті жуушы». «Жуушының» көздері жабық немесе байланған. Бес минут ішінде «көлікті» ретке келтіреді:  барлық әрекеттерін айта отырып жуады, сүртеді, мүмкіндігінше мейірімді сөздер көбірек қолданылады. Содан кейін ата-аналар мен балалар орындарымен алмасады.

«Бірлесіп сурет салу» ойыны.

Мақсаты: Ата-аналар мен балалар арасында жақындық сезімдерін, бір-бірлерін қабылдауларын қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Қатысушыларға жұпта бір қаламмен сурет салу ұсынылады, бірақ өзара сөйлесіп, келісім жүргізуге болмайды.

Аяқтап болғаннан кейін әр жұп өз шығармасы туралы әңгімелейді: сурет қалай салынды. Қатысушылар сурет салудың түрлі кезеңдеріндегі өзара қарым-қатынас ерекшеліктерін көрсете алады: бірлескен, бір қатысушының екінші қатысушыны басынуы, бәсекелестік, келісім, серіктес қызығушылықтарына бағдарлану.
8.7 Бекітуге арналған сұрақтар:

1. «Қиын бала» дегеніміз кім?

2. «Қиын балалар» және «мінез-құлықтағы қиындық» ұғымдары 1920-30 жылдары кімнің еңбегінде көрініс берді?

3. Қиын бала мәселесі бойынша ең алғаш зерттеу жүргізген П.П. Бельский қандай мәселелерді қарастырды?

4. Жасөспірімдердің мінез-құлқының бұзылуына қандай себебптер әсер етеді?

5. Ағылшын психологы Хевитта және Дженкинс қиын балаларды қандай категорияларға бөліп қарастырды?

6. Балалардың тәртіптерінің нашарлауының үш тобын атап беріңіз.

7. Қиын балалармен жұмыс істеудің негізгі шарттары қандай?

8. «Гайденстің» экспериментінің аумағы неше базалық бірліктен тұрады және олар қандай?

9. Жасөспірімдердің сыныптастарымен қарым-қатынасын жақсартуға арналған қандай тренингтер бар?

10. Ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мақсатында қолданылатын ойын түрлерін атаңыз.

8.8 Қиын балаларды тәрбиелеудегі дәстүрлі емес әдістер тақырыбы бойынша


Тест.

1. Қай ғалым тәрбиені зерттеуді отбасы жағдайын зерттеуден бастады?



А) Л.С. Выготский

Б) Хевитта

В) Л.М. Зюбин

Г) Хевитта және Б.Г. Ананьев, Л.И. Божович

Д) В.Сухомлинский+

2. Қиын балалар ұғымы 1920-30 жылдары кімнің еңбектерінде көрініс берді?



А) Г.М. Минковский

Б) Л.М. Зюбин

В) П.П. Блонскийдің+

Г) Г.М. Минковский, Л.М. Зюбин, Д.В. Колесов, В.Н. Кудрявцев

Д)Г.М. Минковский, Л.М. Зюбин, Д.В. Колесов, В.Н. Кудрявцев

3. Мінез-құлқында қиыншылығы бар оқушыларды неше топқа бөліп қарастыруға болады?

А)1

Б)2+


В)3

Г)4


Д)5

4. И.А. Невский қиын баланың пайда болуын қалай түсіндірді?

А)Отбасындағы, мектептегі жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының жеткіліксіздігінен деп түсіндірді

Б)Баланың тәртібінің төмендеуіне себепті болған жағдайларды анықтау.

В)Қиын балаларға мұғалімнің қатынасы арқылы қиын оқушы терминін нақтылауды жөн көреді

Г)Оқу-тәрбие жұмыстарының жеткіліксіздігінен деп түсіндірді

Д) Отбасындағы жұмысты жеткіліксіздігінен деп түсіндірді+

5. «Гайденстің» екінші базалық бөлмі нені қарастыады?

А) еңбек әлемімен толық танысу;

Б) кәсіптік білім беру+

В) жекелей және топтық кеңес беру;

Г) Тәжірибелік жұмыстарды жүргізу.

Д) Қосымша білім бағдарламасын тандау

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Под.ред В.С. Кукушина. Коррекционная педагогика. Москва- Ростов-на –Дону2004. 251-266бет

1. Рабочая книга школьного психолога/ Под ред. И.В. Дубровина. - СПб., 1998.

2. Раттер М. Помощь трудным детям. - М., 1987.

3. Степанов С.С. Психология трудных школьников: Учебное пособие. М., 1996.

4. Ахметжанова Н. Мінез-құлқы қиын балалар / Н. Ахметжанова //Ұлағат № 1, 2001.

5. Хухлаева О.В. Основы психологического консультирования и психологической коррекции. - М.: Издателский центр «Академия», 2001




15-дәріс.Тақырыбы: Дамуында ауытқулар бар балаларға психологиялық-педагогикалық жетекшілік ету жүйесіндегі психологиялық кеңес берудің мазмұны мен ұйымдастырылуы

Жоспар:

1. «Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» және «психологиялық кеңес беру» ұғымдарының мәні.

2. Даму ауытқуы бар балаға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жүйесінде психологиялық кеңес берудің бағыттары.

3. Психологиялық-педагогикалық диагностика мен кеңес берудің әдіснамалық негіздері.

4.Психодиагностикалық тексерудің қағидалары, міндеттері және әдістері.
Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мекмелер мен үкіметтік емес ұйымдар.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының мүмкінділігі шектеулі балаларды әлеуметтік беимдеумен айналысатын тәжірибеден өткен коптеген мекемелер үшін « ерекше балаларды» қоғамға біріктіру жүйесінің ары қарай дамуының ғылыми іргетасының қалануы өзекті мәселенің бірі болып табылады.Бұл жерде мүмкүншілігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік беймдеудің алғашқы сатыларының аспектілері қызығушылық тудырады.

Қазіргі таңда мүмкүншілігі шектеулі тұлғаларға деген қоғамның көз қарасы өзгерген сайын оларды әлеуметке беймдеудің көптеген түрлері қарастырылуда.Кейінгі он жылдықта бүкүл әлемде сонымен қатар тәуелсіздік алған біздің елімізде де мүмкүншілігі шектеулі балаларға деген көмек корсету жүйесі түбегейлі өзгеріске ұшырап деинституализация жағына қарай бет бұрды. Мұндай ілгерілеу процестері мүгедек балаларды қоғамға және білім ордасына біріктіру, яғни интеграциялау қажеттілігімен сипатталады. Бұл процестер төңірегінде интернат жүйесінің, жұмысы арнайы білім беру жүйесінің өзгеруінің тиімділігін қамтамасыз ететин заңнамалық база қалыптастырады.

ҚР «Білім туралы» Заңындағы 6 бапқа сәйкес: «Білім беру саласындағы жергілікті өкілді атқарушы органдардың құзіреті – мүмкүншілігі шектеулі тұлғаларда оңалтуды және әлеуметтік беймдеуді қамтамасыз ету» туралы айтылады.

Арнайы педагогикада жаңа тенденциялардың дамуын мүмкіншілігі шектеулі тұлғалар медициналық, педагогикалық және әлеуметтік сипаттағы кешенді көмек алатын мекемелердің көбеюімен байланыстыруға болады.

Мұндай балалардың ұзақ уақыт бойы оңалту орталықтарында болуы күнделікті өмірде өз- өзіне қызмет етуде қолданылатын әлеуметтік беймдеудің ең қарапайым және күрделірек дағдыларын меңгеруіне әсерін тигізеді.

Мүгедек балаларды қоғамға қосудың екі жолы бар екенин атап өтуге болады. Алғашқысы, мүгедек балаларды қоғамға қосуды және қоғамның мүгедек балаларды өздеріне қабылдауға деген дайындығын қарастырады.Біздің мемлекетімізде бұл жағдай енді қолға алынып келеді.Ал екіншісі,мүмкіншілігі шектеулі  тұлғалардың қоршаған ортаға бейімделуін қарастырады.Басқа сөзбен айтқанда  мүмкіншілігі шектеулі тұлға қоғамға қосылудың обьектісіне айналады,яағни олардың әлеуметке үйлесімді түрде ену мүмкіншіліктерін шектейді.Қоғмға қосудың бұл екі  жолы мүмкіншілігі тұлғаларға көмек көрсету жүйесінің дам тарихымен тікелей  байланысып ө көрінісін табады.Шетелде мысалы,Ресейде мүмкіншілігі шектеулі тұлғалардың дамуын бағалау үшін  неміс педагогы және психологы Х.С.Гюнсбург ұсынған «социограмма» әдістемесін қолданады.Ол әдістеме бақылау картасынан және сауалнамадан тұрады,оған 181 сұрақ кіреді.

Бұл әдістеменің күрделілігі бойынша 2 түрі бар.

Бірінші түрі баланың ең қарапайым дағдыларының дамуын бағалауға бағыталған.Екінші түрі мүмкіншілігі шектеулі тұлғаның күрделірек дағдыларының дамуын бағалауға бағытталған.

Әдістеме дағдылардың дамуын бақыаудың 4 негізгі сферасын қарстырады.Өз-өзіне қымет ету, қабылдау және сөйлеу тілі, әлеуметік бейімделу және моторика. Осы «социогрмма» әдістемес арқылы мамандарда, ата- аналарда баланың даму деңгейі туралы жан – жақты мәлімет алады.



2.Нашар естититін балаларды қазақ тіліне оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымдар құрамына кіреді. Бұл ғылымдар бір обьектіні – оқыту тәрбиелеу процесінің заңдылықтарын зерттейді. Арнайы мектетегі қазақ тілін оқыту әдітемесі белгілі бір мағынада жалпы мектептегі қазақ тіліне оқыту әдістемесіне жақын келеді.

Нашар еститін мектебінде тілге оқыту оқушыларды ойлау және сөйлеу тілінің дамуы, коррекциямен тығыз байланыста және нақты тәжірибелік бағытты иеленеді.

Нашар еститін балалардың сөйлеу тілін дамыту қазақ тілі бойынша бағдарламаның өтуіне байланысты тек арнайы сабақтарда ғана емес мектептегі басқа да оқыту, тәрбиелеу процестерінде, оқу жоспарының әр түрлі пәндер бойынша сабақтарда, сабақтан тыс уақытта іске асырылу керек.

Аталған мәселені зерттеу үшін, оның аналитикалық тұрғыда қарау керек. Ол үшін педагогикалық жұмыстың екі бағытын бөліп қарастырайық.

Олардың біреуіне тілдік қарым- қатынас, ойлау құралы ретінде тәжірибелі меңгеруді шешетін міндет  кіреді. Олардың сипатына сөйлеу тілін түсіну және қолдана білуге үйрету кіреді.

Нашар еститін балалардың өдеріне бағытталған сөзіді түсінуін дамыту мұғалімнің оқушыларға және қарапайым нұсқаулар беруден басталады. Ол қарапайым синтаксистік конструкциядағы қабылданатын фазаларды саралауға, түсінуге көмектеседі. Басында балалардан жауапты реакция талап етілмеиді. Кейіннен балалар түсінгендерін өдерінің белсенди сөйлеу тілдерінде қолдана бастайды. Нашар еститін балаларды тілге оқыту негізіде дефекталогиядағы маңыды міндеттердің бірі мүмкіндіктер шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға енгізу жүйелі жүзеге асырылады. 

Әр түрлі деңгейдегі ПМПК іс-әрекетін ұйымдастыру. ПМПК мамандарының қызметтік міндеттері. ПМПК іс-әрекетін реттейтін нормативтік құжаттар. ПМПК-дағы тексеру рәсімі (процедурасы). ПМПК құжаттамасы. ПМПК-дағы клиникалық тексеру. ПМПК-дағы психологиялық тексеру. ПМПК-дағы педагогикалық тексеру. ПМПК-дағы логопедиялық тексеру. Негізгі әдістер және әдістемелік материал. ПМПК-дағы сурдопедагогикалық тексеру. ПМПК-дағы тифлопедагогикалық тексеру. ПМПК-дағы әлеуметтік-педагогикалық тексеру. Балаларға ерте көмек көрсету жүйесінің даму тарихы және қазіргі жағдайы. Мүмкіндігі шектеулі ерте және мектеп жасына дейінгі баланың дамуы: заңдылықтары және болуы мүмкін ауытқулары. Арнайы мектепке дейінгі мекемелерде ерте және мектепке дейінгі балаларға психолого-педагогикалық көмекті ұйымдастыру. Ерте және мектепке дейінгі жастағы балаларға психолого-педагогикалық көмекті диагностикалық қамтамасыздандыру. Ерте және мектепке дейінгі жастағы балаларға психолого-педагогикалық көмектің технологиялары. Ерте және мектепке дейінгі жастағы балаларға психолого-педагогикалық көмектің жеке және топтық бағдарламаларын құрастыру. Кеңес берудің негізгі принциптері мен стратегиялары. Арнайы және инклюзивті білім беру жүйесінде мұғалімдерге кеңес беру.

Семинар сабақтардың тақырыптар тізімі

1 Бөлім. Арнайы педагогиканың тарихы

1 Тақырып. Арнайы педагогика тарихы және арнайы білім беру жүйесін зерттеу. Дамуында ауытқуы бар тұлғаларға батыс еуропалық қоғам мен мемлекеттердің қатынасының даму тарихы. (Н.Н.Малофеев бойынша). Дамудың бірінші-үшінші кезеңі: агрессия мен жеккөрушіліктен оқу қажеттілігін түсінуге дейін.

2 Тақырып. Арнайы педагогика тарихы және арнайы білім беру жүйесін зерттеу. Дамуында ауытқуы бар тұлғаларға батыс еуропалық қоғам мен мемлекеттердің қатынасының даму тарихы. (Н.Н.Малофеев бойынша). Дамудың төртінші кезеңі: аномальды балаларды жеке оқытудан жіктеп арнайы оқыту жүйесіне дейін. Дамудың бесінші кезеңі: оқшаулаудан біріктіруге дейін.

3 Тақырып. Қазақстан Республикасында арнайы білім беру жүйесінің даму тарихы.

4 Тақырып. Арнайы педагогиканың ғылым ретінде дамуы.

 

2 Бөлім. Арнайы педагогиканың ғылыми­-теориялық негіздері

1 Тақырып. Арнайы білім берудің теориясы мен практикасының жалпы сұрақтары.

2 Тақырып. Арнайы педагогиканың ғылыми негіздері.

3 Тақырып. Мүмкіншілігі шектелі тұлғаларға арнайы білім беру.

4 Тақырып. ҚР мүмкіншілігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық­педагогикалық түзете қолдау көрсету жүйесі.

5 Тақырып. Арнайы білім беру жүйесінде оқыту.

6 Тақырып. Арнайы білім беру жүйесінде тәрбиелеу.

7 Тақырып. Арнайы білім беру жүйесіндегі педагог.

 

3 Бөлім . Арнайы білім берудің педагогикалық жүйелері

1 Тақырып. Ақыл-ойы кемтар тұлғалардың арнайы білім алуы.

2 Тақырып. Тіл кемістігі бар балаларға педагогикалық көмек беру жүйесі.

3 Тақырып. Есту қабілеті зақымдалған тұлғаларға арнайы білім беру жүйесі.

4 Тақырып. Аутизм жағдайдағы тұлғаларға арнайы білім беру жүйесі.

5 Тақырып. Көру қабілеті зақымдалған тұлғаларға арнайы білім беру жүйесі.

6 Тақырып. Тірек-қимыл қозғалыс аппараты зақымдалған тұлғаларға арнайы білім беру жүйесі.

7 Тақырып. Күрделі кемістігі бар тұлғаларға арнайы білім беру жүйесі.

 

Студенттердің оқытушының басшылығымен және өздері орындайтын өздік жұмыстарға арналған тақырыптар тізімі

1. Арнайы педагогика және оның тарихының ғылыми негізделуі.

2. Арнайы білім беру жүйесіндегі педагог.

3. Арнайы педагогика және оның тарихының дидактикасы.

4. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу.

5. Арнайы білім беру жүйесі.

6. Мектеп жасына дейінгі мүмкіндіктері шектеулі балаларға арнайы білім беру.

7. Арнайы мектеп жүйесі.

8. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету.

9. Зият ауытқулары бар тұлғаларға арнайы білім беру жүйесі.

10. Сөйлеуінде ауытқулары бар тұлғалардың педагогикалық жүйесі;

11. Тіл кемістігі бар балаларға түзету, көмек көрсету.

12. Психикалық дамуы тежелген балаларға түзету, көмек көрсету.

13. Көруінде ауытқулары бар тұлғалардың педагогикалық жүйесі;

14. Естуінде ауытқулары бар тұлғалардың педагогикалық жүйесі;

15. Естімейтін тұлғаларға арналған техникалық құралдар.

16. Қозғалыс мүшелерінде кемістігі бар тұлғалардың педагогикалық жүйесі;

17. Аутистикалық синдромы бар тұлғалардың педагогикалық жүйесі;

18. Күрделі кемістігі бар тұлғалардың педагогикалық жүйесі

19. Арнайы білім беру: интеграция және дифференциация жолдары.

20. Арнайы педагогика және оның тарихы және гуманистік технологиялар.

21. Арнайы педагогика және оның тарихы педагогикалық білімнің саласы. Негізгі ұғымдар мен терминдер.

22. Арнайы педагогикадағы педагогикалық жіктеулер.

23. Арнайы педагогика және оның тарихының ғылыми негізделуі.

24. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың білім алуының құқықтық негіздері.



Ұсынылған әдебиеттер тізімі

Негізгі тізім

1. http://www.edu.gov.kz/ru/ - официальный сайт Министерства образования и науки РК.

2. http://www.special-edu.kz/ - сайт Национального научно-практического центра коррекционной педагогики (ННПЦ КП).

3. Артпедагогика и арттерапия в специальном образовании. - М., 2001.

4. Выготский Л.С. Основы дефектологии. – М., 2003.

5. Дефектологический словарь. В 2 т. – М., 2007.

6. Закон Республики Казахстан «О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями» от 11 июля 2003 г., № 343 - II ЗРК.

7. Замский Х.С.. История олигофренопедагогики. - М., 1974.

8. Кесарев Е.Д. Специальное образование за рубежом и международные программы помощи и поддержки детям с проблемами в развитии // Проблемы реабилитации детей с отклонениями в развитии. Спб.,1995.- С.26-40.

9. Коржова Г.М. Теория и тенденции развития трудового обучения аномальных детей в Казахстане. Диссерт.канд пед.наук, Алма-Ата, 1989г., 169с.

10. Коржова Г.М., Байтурсынова А.А. История специального образования в Республике Казахстан. - Учебное пособие. - Алматы: КазНПУ им. Абая, 2003.

11.Коррекционная педагогика и специальная психология: словарь. – М., 2006.

12.Кукушкина. О.И. Информационные технологии в контексте отечественной традиции специального образования. — М.: Полиграф Сервис, 2005.

13. Левченко И.Ю., Приходько О.Г. Технологии обучения и воспитания детей с нарушениями опорно-двигательного аппарата. – М.: Академия, 2001.

14. Луцкина Р.К. Обучение и воспитание аномальных детей в Казахстане. Алма-Ата, 1987, 84с.

15. Малофеев Н.Н. Специальное образование в России и за рубежом. — М., 1996.—Ч. 1.

16. Малофеев Н.Н. Стратегия и тактика переходного периода в развитии отечественной системы специального образования и государственной системы помощи детям с особыми проблемами // Дефектология.-1997.-№6.-С.3-10.

17. Мастюкова Е.М., Московкина А.Г. Семейное воспитание детей с отклонениями в развитии./Под ред. В.И.Селиверстова. – М.: Владос, 2003.

18. Назарова Н.М. О подготовке дефектологов за рубежом // Дефектология.- 1993.- №3.- С 3-11.

19. Назарова П.М. Развитие теории и практики дефектологического образования. Сурдопедагог: история, современные проблемы, перспективы профессиональной подготовки. — М., 1992.

20. Обучение детей с проблемами в развитии в разных странах мира: Хрестоматия// Состав. Л.М. Шипицина.-Спб.-«Турусел».-1997.-256с.

21. Обучение детей с проблемами в развитии в разных странах мира: Хрестоматия / Сост. Л.М. Щипицина. —СП6., 1997.

22. Рейсвейк К. Специальное образование в Нидерландах. — 1993.
12. Уорд АЛ. Новый взгляд. Задержка в психическом развитии: правовое регулирование. — Тарту, 1995.

23. Сатова А.К. Общепедагогические проблемы подготовки и повышения квалификации кадров учебно-воспитательных учреждений для аномальных детей в Казахстане. Диссерт.канд.пед.наук Алма-Ата, 1990-161с.

24. Семаго, М. М. Организация и содержание деятельности психолога специального образования: методическое пособие. – М. , 2007.

25. Специальная педагогика / Под ред. Н.М.Назаровой. - В 3 т. - М.: Академия, 2008.

26. Специальное образование в Казахстане. Информационно–методический бюллетень. - Алматы.

27. Сулейменова Р.А. Система ранней коррекционной помощи детям с ограниченными возможностями в Казахстане: проблемы создания и развития. - Алматы, 2000. 1. Басова А.Г. Егоров С.Ф. История сурдопедагогики. — М., 1984.

28. Сулейменова Р.А., Хакимжанова Г.Д. Зарубежный и отечественный опыт включения детей с ограниченными возможностями в общеобразовательный процесс. Проблемы и пути решения. - Алматы, ИД «КАПринт»,-2001.- С.114-117, С.141-149.

29. Феоктистова В.А. Очерки истории зарубежной тифлопедагогики и практики обучения слепых и слабовидящих детей. — Л., 1973.

30. Хрестоматия по истории тифлопедагогики. — М., 1987.

31. Гайдукевич С.Е. Организация образовательной среды для детей с особенностями психофизического развития в условиях интегрированного обучения: учеб.-метод. пособие. – Минск: БГПУ, 2006.

32. Завражин С.А., Фортова Л.К. Адаптация детей с ограниченными возможностями: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. – М., 2005.

33. Выгодская Г.Л., Лифанова Т.М. Лев Семенович Выготский. Жизнь. Деятельность. Штрихи к портрету. – М., 1996.

34. Из истории дефектологии. Переписка Л.С.Выготского с А.М.Щербиной //Дефектология. – 1992, №1.

35. Коррекционная педагогика. Под ред. Б.П.Пузанова. – М.,1998.

36. Назарова Н.М. Коррекция дефектологии: пятнадцать лет спустя.//Коррекционная педагогика. – 2007, №5.

37. Ярошевский М.Г. Л.С.Выготский: поиск принципов построения общей психологии (к 90-летию со дня рождения). // Вопросы психологии. – 1986, №6.

Құрастырғандар:

Аутаева А.Н. –к.психол.н., доцент

Жалмухамедова А.К. - п.ғ.к., аға оқытушы;

Бутабаева Л.А. - магистр, аға оқытушы




11.ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

ЖАЗБАША БАҚЫЛАУ

1.7 Бекітуге арналған сұрақтары:

1. Коррекциялық педагогика дегеніміз не?

2. Коррекциялық педагогика пәні мен міндеттері?

3. В.П. Кащенконың коррекциялық педагогика пәнінің дамуына қосқан үлесі қандай?

4. О.Н. Усанова ұсынған ауытқушылығы бар балалар классификациясын атаңыз?

5. Бала дамуының бұзылуына қандай факторлар әсер етеді?

6. Ауытқушылығы бар балаларға қолданылатын қандай жаттығу тренингтер бар?

7. Баланың агрессивті іс- әрекетін қай кезде байқауға болады?

8. Балада қай уақытта жағымсыз агрессивті жағдай туады?


  1. Зиянсыз агрессия дегеніміз не?

  2. Зиянды агрессия дегеніміз не?

  3. З. Фрейд үрейдің неше түрін бөліп көрсеткен?

  4. Бала тәрбиесіндегі басты тұлға кім?

  5. Қазіргі уақытта балаға тәрбие беруде қандай қиыншылықтар кездеседі?

  6. Балалар көп жағдайда не үшін агрессивті қылық көрсетеді?

15. М.Монтессори идеясы бойынша психикалық дамуында ауытқушылығы бар балалардың даму жүйесінің негізі неде?

16. Монтессоридің әдістемесін қазіргі кездегі балалардың қабылдауы мен сезгіштігін дамытуға қолдануға бола ма?

17. Монтессори балалардың еркіндік пен тәуелсіз болуды дамытуға қандай тәсілдер қолданылады?

18. М.Монтессори бөлген жас ерекшеліктер неше кезеңнен тұрады?

19. М.Монтессоридің еңбектері қалай аталады?

20. Түйсікті дамытуда балалардың іс-әрекеті қалай сипатталады?

21. Мектепте оқуға даярлық деген не?

22. Мектеп табалдырығын енді аттаған балаларда қандай қиындықтар болады?

23. Баланың мектепке даярлығын қалай тексереміз?

24. Бастауыш сыныпта педагогикалық тәрбиеден босаңсуға қандай факторлар әсет етеді?

25. Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балаға сипаттама беріңіз.

26. Психологиялық-педагогикалық алдын алу және психологиялық-педагогикалық коррекция ұғымдарына анықтама беріңіз.

27. Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балаларға алдын алу және коррекциялық жұмыстар жүргізудің жалпы принциптері қандай?

28. Баланың жасына байланысты алдын алу әдістері қандай топтарға бөлінеді?

29. Қорқыныш пен үрейдің айырмашылығы неде?

30. Жас ерешелігіне байланысты қорқыныштар дегеніміз не?

31. Невротикалық қорқыныштарға сипаттама беріңіз.

32. Бастауыш сынып оқушыларындағы мектептік үрейді жеңу үшін қандай жұмыстар атқаруға болады?

33. Педагогикалық тәрбиеден босаңсудың алдын алу мақсатында қандай іс-шаралар жүргізіледі?

34. Педагогикалық тәрбиеден босаңсудың алдын алу жұмыстар қандай бағыттар бойынша жүргізіледі?

35. Орта мектеп буынында оқуға дайындықты қандай түсініктер арқылы көрсетуге болады?

36. Бастауыш мектеп оқушылары орта буынға ауысуында қандай қиыншылықтар кездеседі?

37. Орта буынға бейімделдің қандай ерекшеліктері бар?

38. 5-сынып оқушыларына ата-аналар мен мұғалімдер қандай көмек көрсете алады?

39. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін қандай ұсыныстар беріледі?

40. 5-сынып оқушыларына қандай тренинг жаттығулар жүргізуге болады?

41. Педагогикалық қолдаудың маңыздылығы қандай?

42. Жеткіншектерді тәрбие мен оқытудың кері жақтары?

43. Жеткіншектермен жасөспірімдерге қандай түзету жұмыстары жүргізіледі?

44. Жеткіншектерді қайта тәрбиелеудің ерекшеліктері?

45. Жеткіншектердің қауіпті әрекеттерін ата?

46. Интеллектуалдық дамудың көрсеткіші сөйлеу жағдайына байланысты деп кім есептеген?

47. Ақыл-ой қабылдауының басты көрсеткіші адамның сенсорлық қызметінің жағдайы деп айтқан және алғаш тестілеуді жүргізген ағылшын биологы?

48. Т. Симон және А. Бине қандай тесттің нақты жүйесін құрды?

49. «Өлшемдік жартас» тестінің кемшілігі неде?

50. АҚШ-та ақыл-ойы кем балаларды іріктеуге арналған комиссия құрамына қандай мамандар кіреді?


51. «Қиын бала» дегеніміз кім?

52. «Қиын балалар» және «мінез-құлықтағы қиындық» ұғымдары 1920-30 жылдары кімнің еңбегінде көрініс берді?

53. Қиын бала мәселесі бойынша ең алғаш зерттеу жүргізген П.П. Бельский қандай мәселелерді қарастырды?

54. Жасөспірімдердің мінез-құлқының бұзылуына қандай себебптер әсер етеді?

55. Ағылшын психологы Хевитта және Дженкинс қиын балаларды қандай категорияларға бөліп қарастырды?

56. Балалардың тәртіптерінің нашарлауының үш тобын атап беріңіз.

57. Қиын балалармен жұмыс істеудің негізгі шарттары қандай?

58. «Гайденстің» экспериментінің аумағы неше базалық бірліктен тұрады және олар қандай?

59. Жасөспірімдердің сыныптастарымен қарым-қатынасын жақсартуға арналған қандай тренингтер бар?

60. Ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мақсатында қолданылатын ойын түрлерін атаңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет